Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2014 в 18:22, практическая работа
Жасөспірім жасының дағдарысы мәселесін шетел және кеңес психологиясында зерттеу. Жасөспірім жасына өтудің анатомиялық-физиологиялық және психологиялық алғы шарттары. Жас өспірімдердің физикалық, ақыл-ой, әлеуметтік дамуындағы индивидуалды және жыныстық айырмашылықтар. ”Есею сезімі” жасөспірім жасының негізгі психологиялық құрылымы, оның түрлері.
Жасөспірім жасындағы жетекші іс әрекет. Құрбылар ұжымы және ондағы өзара әрекет қоғамның ересек мүшелерінің қатынастарын модельдеуі ретінде. Жасөспірімнің оқу іс-әрекеті. Танымдық, қоғамдық қызығулардың, мінез құлық мотивінің қалыптасуы. Оқу әрекетіне таңдамалы қатынас. Кәсіби бағдарлану мәселесі. Еңбек іс-әрекеті, оның жас өспірімнің жеке басының қалыптасуындағы ролі.
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Философия және саясаттану факультеті
Жалпы және этникалық психология кафедрасы
Келісілген: Факультет деканы ______________ Масалимова А.Р. "29" 08 2013 ж.
|
Университеттің ғылыми-әдістемелік кеңесінде бекітілдіХаттама № 1 «29» 08 2013 ж. Оқу жұмысы жөніндегі проректор ___________________ Ахмед-Заки Д. |
Мамандық 5В050300 «Психология»
Оқу түрі - күндізгі
Алматы 2013 ж.
5В050300 «Психология» мамандығы бойынша негізгі оқу жоспары мен элективті пәндер модулінің катологы негізінде әзірленді.
Жалпы және этникалық психология кафедрасының
мәжілісінде қаралып ұсынылды.
«28» тамыз 2013 ж., хаттама №1
Кафедра меңгерушісі _________________ Қалымбетова Э.К.
«29» тамыз 2013 ж., хаттама №1
Төрайымы ________________________ Саитова Н.А.
АЛҒЫ СӨЗ
Курстың қысқаша мазмұны. «Жас ерекшелік психологиясы» курсын оқытуда алынған білімдері әрбір жас кезеңдерінің ерекшеліктерін, психологиялық, физиологиялық алғышарттарын білуге көмек береді. Осы пәндi нақты оқу барысында алынған бiлiмдер психология ғылымының негiзiн меңгеруге көмегiн тигiзедi. Бұл курс болашақ жоғары кәсiби мамандығына қажетті іргелі курс болып табылады. Сонымен қатар педагогикалық практикадан табысты өту үшін қажет.
Курстың мақсаты - студенттерде мынадай бiлiмдердi қалыптастырудан тұрады:
Курстың міндеттері:
Бакалавр біліктілігінің негізгі формалары:
“ Жас ерекшелік психологиясы ” курсын оқытуда студенттер білуі керек:
Бакалавр жасай білу керек:
меңгеруі керек:
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Модуль – 1 Жасерекшелік психологиясы ғылымының пәні және міндеттері, зерттеу әдістері (6 сағат).
1 лекция (2 сағат). Қазіргі жас ерекшелік психологиясының пәні, міндеттері, зерттеу әдістері.
Жас ерекшелік психологиясының теориялық және практикалық міндеттері. Жас ерекшелік психологиясының пайда болу тарихы. Жас ерекшелік психологиясының басқа ғылымдармен байланысы. Қазіргі жас ерекшелік психологиясының мәселелері.
Жас ерекшелік психологиясының әдістері және олардың мінездемесі (бақылау, эксперимент, диагностикалық әдіс, егіздер әдісі, лонгитюдтік әдіс, көлденең кесу). Жас ерекшелік психологиясының негізгі категориялары (жас, периодизация, даму және т.б.) Жас ерекшелік психологиясының бөлімдері.
2 лекция (2 сағат). Тұлғаның даму теориялары. Психикалық дамудың заңдылықтары.
Психикалық дамудың жылжымалы күштері және қайнар көздері. Дамудың табиғи алғышарттары. Психикалық дамуда тәрбиелеу мен оқытудың басты рөлі. Сензитивтік кезеңнің және жетекші іс-әрекеттің әлеуметтік жағдайының даму түсінігі. Бала психологиясының дамуындағы негізгі бағыттар
Бала психологиясының дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар. Генетикалық және конвергенция теориясы. Л.С.Выготскийдің жоғарғы психикалық функцияларды дамыту теориясы.
3 лекция (2 сағат). Психологиядағы жас периодизациясы мәселесі
Әртүрлі бағыттар мен кезеңдер критерилері (Д.Б.Эльконин, А.Н.Леонтьев, Л.И.Божович, Д.И. Фельдштейн). Л.С.Выготскийдің жұмыстарындағы периодизация мәселесі. ”Жас дамуының әлеуметтік жағдайы” ұғымдары. Баланың психикалық дамуындағы дағдарыстардың мәнін түсіну. Жетекші іс-әрекет түсінігі. Жетекші іс -әрекет және жастағы негізгі психологиялық жаңа құрылулар. Онтогенездегі жетекші іс -әрекеттердің ауысуы. Жас кезеңдері және бала дамуының дәуірлері. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау (А.Гезелл, С.Холл, К.Бюлер, Ш.Бюлер, А.Валлон, Ж.Пиаже). Қазақстан халықтарындағы ересек адамның индивидуалды даму периодизациясының өзіндік мәселелері.
Периодизация мәселесінің қазіргі күйі, дамудың жаңа теориялары, жалпы психикалық дамудың интегралды периодизациясы.
2 МОДУЛЬ. Тұлғаның онтогенездегі психикалық дамуы мен қалыптасуы (12 сағат).
4-5 лекция (4 сағат). Нәрестелік кезең ( 0-1 жас). Нәрестелердің қабылдау мен ес, сөйлеу және ойлау процестерінің дамуы.
Психика мен мінез-құлықтың туа берілетін формалары. Нәрестенің рефлекторлы, генетикалық шарттанған қимылдары. Өмірге келгеннен кейінгі негізгі сезім органдарының – көру, есту, сипап сезу, қозғалыс анализаторларының, дәм рецепторларының автоматты түрде қосылуы. Нәрестелік кезеңдегі бала миының қызмет етуінің анатомиялық-физиологиялық сипаты.
Баланың қозғалыс белсенділігі. Нәрестелік шақтағы қабылдау мен есту процестерінің ерекшеліктері. Нәрестелік шақтағы сөйлеу мен ойлау ерекшеліктері.
6 лекция (2 сағат). Ерте балалық шақ (1-3 жас).
1-3 жас аралығындағы бала дамуының жалпы сипаты. Ерте балалық шақтағы заттық іс-әрекеттің мақсаты, оның даму сатылары. Ерте балалық шақтағы заттық іс-әрекеттің қалыптасу механизмі. Сөйлеудің қалыптасуы. Пассивті және активті сөйлеу. Сөйлеудің фазалық (сөз) және семантикалық (сөйлем) жақтарының дамуы. Ерте балалық шақтағы тұлғалық қырлардың көрінуі. Ерте балалық шақтағы танымдық процестердің дамуы. 3 жастық дағдарыс, оның мәні, симптомдары. Л.С. Выготский бойынша 3 жас дағдарысының сипаттамасы.
7 лекция (2 сағат). Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы
Мектепке дейінгі кезеңдегі психикалық дамудың жалпы сипаттамасы. Іс -әрекеттің әртүрлі формаларының және мектепке дейінгілердің ересектермен, құрбыларымен қарым- қатынас формаларының даму ерекшеліктері.
Ойын функциясының, генезисінің, құрылымының, шығуының әлеуметтік-тарихи сипаты. Шетел психологиясындағы ойын теорияларын сынды талдау (К.Гросс, Г.Спенсер, К.Бюлер, С.Холл, В.Штерн).
Мектепке дейінгілердегі психикалық процестері дамуының негізгі заңдылықтары. Баланың психикалық дамуы үшін сенсорлық процестерді мақсатты қалыптастырудың мәні (А.В.Запорожец, В.П.Зинченко, Л.А.Венгер). Сөздік және грамматикалық сөздің дамуы; сөз функцияларының дамуы. Эмоция-ерік сферасының дамуы. Мінездің, қабылеттердің қалыптасуы.
Баланы мектептегі жүйелі оқытуға дайындау (Е.Е.Кравцова). Дайындық түрлері, олардың сипаттамалары. Жеті жастағы дағдарыс ұғымы.
8 лекция (2 сағат). Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы
Сезімдердің қалыптасуы. Баланың жаңа іс-әрекетке қосылуы. (тазалық, оқу мен еңбектің элементтері). Бала дамуындағы ойынның рөлі (Штерн, Адлер, Д.Эльконин) Ойынның басқа іс-әрекеттерден ерекшелігі. Баланың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.
Мектепке дейінгі кезеңнің соңындағы балалардың анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Алты жасар баланың жеті жасар баладан айырмашылығы. Мектепке дейінгі баланың мектепке оқуға дайындығын анықтайтын психологиялық және мінез-құлықтық ерекшеліктер.
9 лекция (2 сағат). Бастауыш мектеп жасындағы баланың ақыл-ойы мен мінез-құлқының дамуы
Бастауыш мектеп жасындағылардың дамуының жалпы шарты. Оқу іс- әрекеті кіші мектептегілердің жетекші іс-әрекеті ретінде. Оқу іс-әрекетінің жалпы құрылымы, қалыптасу заңдылықтары. Мектептегі алғашқы теориялық ойлаудың қалыптасуы (Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов). Ақыл -ой әрекеті мен ұғымдарды сатылап қалыптастыру (П.Я.Гальперин). Бастауыш мектеп жасындағы баланың психикалық процестерінің дамуының негізгі заңдылықтары. Кіші мектептегілердің сөзінің дамуы. Сөзді ұғыну мәселесі,оның элементтері, формалары, оқытудың әртүрлі вариантындағы функциялары (Д.Б.Эльконин, А.К.Маркова, С.Н.Карпова).
Эмоция-ерік сферасының дамуы (Г.Г.Кравцова). Бастауыш мектеп жасындағы баланың мінезінің дамуы. Рефлексияның алғашқы формалары. Құрбыларымен қарым- қатынасы.
3 Модуль. ЖасӨспірімдік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері
10 лекция (2 сағат). Жасөспірімдік кезеңнің сипаттамасы
Жасөспірім жасының дағдарысы мәселесін шетел және кеңес психологиясында зерттеу. Жасөспірім жасына өтудің анатомиялық-физиологиялық және психологиялық алғы шарттары. Жас өспірімдердің физикалық, ақыл-ой, әлеуметтік дамуындағы индивидуалды және жыныстық айырмашылықтар. ”Есею сезімі” жасөспірім жасының негізгі психологиялық құрылымы, оның түрлері.
Жасөспірім жасындағы жетекші іс әрекет. Құрбылар ұжымы және ондағы өзара әрекет қоғамның ересек мүшелерінің қатынастарын модельдеуі ретінде. Жасөспірімнің оқу іс-әрекеті. Танымдық, қоғамдық қызығулардың, мінез құлық мотивінің қалыптасуы. Оқу әрекетіне таңдамалы қатынас. Кәсіби бағдарлану мәселесі. Еңбек іс-әрекеті, оның жас өспірімнің жеке басының қалыптасуындағы ролі.
Аффектті-қажеттіліктер сферасының дамуы. Мінездің даму сипаты. Еріктің дамуы, өзін тәбиелеуге, өзін жетілдіруге ұмтылуы. Сезімдердің дамуы. Мотивациялық сфералардың құрылымдарының қалыптасуы.
Жасөспірімдердің жеке басының қалыптасуы. Негативті ішкі ыңғайлану, оның пайда болу себептері. Сана сезімдердің дамуының басталуы,оның негізгі заңдылықтары. Жасөспірімдердің талпыну деңгейі. Ерте жастық шақ жасына өтудің негізгі алғышарттары.
11 лекция (2 сағат). Жасөспірімдік кезеңдегі темперамент типтері мен нерв жүйесінің ерекшеліктері.
И.П. Павлов пен Гиппократ бойынша темперамент және нерв жүйесінің типтері. Н.И. Красногорский бойынша темперамент сипаттамалары. Меланхолиг, сангвиник, флегматик, холерик типтерінің сипаттамалары. Бала темпераментін іс-әрекеті мен мінез-құлқына қарап анықтау. Жасөспірім кезеңдегі мінездің акцентуациясы. Гипертимді, циклоидты, лабилді, астено-невротикалық, сензитивті, психоастеникалық, шизоидты, эпилептоидты, истероидты, тұрақсыз, конформды типтердің сипаттамасы, оларды анықтау.
12 лекция (2 сағат). Ерте жастық шақ психологиясы
Жасөспірім кезеңнен ерте жастық шаққа өту, оны шетел және кеңес психологиясында зерттеу. Жетекші іс-әрекет мәселесі. Акселерация мәселесі. Кәсіби бағдарлану ерте жастық шақтың жетекші жаңа құрылымдары ретінде. Мамандық таңдаудың психологиялық ерекшеліктері.
Ерте жастық шақтағы оқу іс-әрекет. Қоғамдық өмірдегі қажеттіліктердің дамуы, жасөспірімдердің қоғамдық ұйымдарға қатысу формалары. Физикалық, ақыл-ой, әлеуметтік дамудағы индивидуалды айырмашылықтар. Ерте жастық шақтың психологиялық жалпы және басқа да қырлары. Ерте жастық шақтағы махаббат. Эмоциялық ерекшеліктері. Мотивтері мен құнды бағдарланулары. Творчестволық белсенділіктің дамуы өзін көрсету қажеттілігі ретінде. Ғылыми көзқарастардың даму жолдары.
13 лекция (2 сағат). Тұлғааралық қарым-қатынастың жастық ерекшеліктері.
Нәрестелік шақ пен ерте балалық шақтағы балалардың айналадағы адамдармен қарым-қатынасы. Балалар мен ересектердің алғашқы эмоциялық қарым-қатынастары, оның механизмдері. Топтық тәрбиелеудің қарым-қатынасты дамыту үшін дұрыс жақтары.
Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың тұлғааралық қарым-қатынастары. Ойын негізгі іс-әрекет ретінде. Баланың адамдармен оң қарым-қатынас орнатуға деген қажеттілігі. Мектепке бару – қарым-қатынастың жаңа сатысының дамуы ретінде.