Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 11:27, реферат
1. Жас ерекшелік психологиясы
2. Даму психологиясы.
3. Қазіргі заманғы мәселелер.
4. Әр жастың ерекшеліктері.
5. Әдебиеттер тізімі.
Жас ерекшелік және дему психологиясының қазіргі заманғы мәселелері.
Жоспар:
Жас – бұл заңды физиологиялық
және психикалық өзгерістердің жиынтығымен
сипатталатын, индивидтің психикалық
дамуының және оның тұлға ретінде
дамуының уақытпен шектелген нақты
сатысы.
Жаңа құрылым –берілген жаста ең алғаш
пайда болатын және оны басқа жас кезеңдерінен
ерекшелендіретін тұлға мен психологиялық
процестердегі сапалық өзгерістер.
Жетекші іс-әрекет – бұл берілген жас
кезеңіндегі психикалық жаңа құрылымдардың
пайда болуы мен қалыптасуын анықтайтын
іс-әрекет.
Дамудың әлеуметтік жағдайы - әр жас сатысына
тән және әр кезеңде психиканың дамуына
әсер ететін сыртқы жағдайлар.
Дағдарыс- бұл бір жас кезеңінен екіншісіне
өту сатысы, осы сатыда қысқа уақыт аралығында
түрлі психикалық қозғалыстар жүреді,
даму секіріс түрінде болады, осының салдарынан
мінез-құлықтың теріс қырлары мен тәрбиедегі
қиындықтар байқалады.
Жас ерекшелік
психологиясының бөлімдері:
1. Балалар психологиясы (мектепке дейінгі):
а) сәбилік кезең (дүниеге келгеннен 1 жасқа
дейін);
ә) ерте балалық шақ (1 жастан 3 жасқа дейін);
б) мектепке дейінгі жас (3 жастан 7 жасқа
дейін).
2. Кіші мектеп жасы (7-10 жас).
3. Жеткіншек жас (10-11 – 14-15 жас);
4. Жас өспірім шақ: а) ерте жас өспірім
шақ (15-18 ж.);
ә) кеш жастық шақ (18-21 ж.).
5. Кемел жас психологиясы: а) 21-35
ә) 35-60 жас.
6. Кәрілік жас психологиясы (геронтопсихология):
а) егде жас (60-75 ж.);
ә) кәрілік шақ (75-90 ж.); б) ұзақ өмір сүретіндер
(90-нан жоғары).
Нәрестелік кезең.
Нәрестелік кезеңдегі негізгі қозғалыстар
баланың талпынуы немесе жүруі 5 айында
– баланың дамуында бір үзіліс пайда болады.
Ол талпыну актісімен байланысты. Бұл
оның алғашқы қозғалысының бастауы. Талпыныс
– көруімен іске асады. Бұл кезде бала
өз қолындағы затқа, заттарға жақындауын
қарап отырады.
Талпыну актісі – баланың психикалық
дамуына әсер етеді. Мұнда қабылдау белсенді
дамиды. 4 тен 7 айына дейін соңғы қозғалыстың
нәтижесінен заттың қарапайым ғана орын
ауыстыруы, жылжуы, адам дыбыстардың шығуы
туындайды 7-10 айында қозғалысты қимылдар
қалыптасады. Бала бұл кезде бір уақытта
2 объектілерімен Манипулироватыь ете
алады. Өзінің алыс арақашықты өзара байланыстыра
алады. Нәрестелік кезеңінің соңында (10-11
ден 14 айға шейін) функциональдық қызымет
деңгейі қалыптасады. Бұл нақты қызыметтер
ашу, қою, осы қозғалыстың барлығын бала
әрбір затпен жасағысы келеді. Заттарға
талпыну баланың отыруын тудырады – бала
отырған кезде, оның алдында жаңа дүние
есігі ашылады. Бұл жерде ұстауға болмайтын
заттар пайда болды. Қолы жетпейтін көрсет
заттарды қолымен көрсету заттарды қолымен
көрсету арқылы неістісі пайда болады.
Бала 9 айында аяғына баса бастайды және
жүреді.
Д.Б. Эльконин, баланың жүруі оның айналасындағы
кеңістікті көру ғана емес, ал өзін үлкендерден
бөлек екенін сезеді жүру - нәрестелік
жастағы ең бір негізгі жетістіктердің
бірі. Бұндағы тағы бір жетістіктерінің
бірі – бірінші рет сөйлеуі. Бұл кезде
олар ымдап, ұғынықсыз дыбыстармен заттарды
көрсетеді. Бұл сөздер – тек нәрестенің
жақындарына ғана түсінікті болады.
Сәбилік кезеңде балада мазұны мен тілі жағынан түсінікті өлеңдерді, тақпақтарды, жаңылтпаштарды тез ұғып есінде сақтайды. Баламен сөйлескеннен бастап, қоршағае ортамен құбылыстарды қабылдай бастайды. Заттардың арасындағы қарапайым байланыстарды байқап, сол байланыстарды өзінің іс - әрекетінде қолданатын болады. Баланың дамуы сәбилік кезеңде үлкендермен қарым – қатынаста анық байқалады. Баланың сөздік қоры осы кезде жақсы дамиды. Бір жарым жасында балада 30-40 – тан 100 – ге дейін сөздік қолданады. Біржарым жасында балада белсенділігі артып «Мынау не?» деген сұрақтар артады. Екі жасының соңында 300 сөз, 3 жасының соңында 500 – 1000 дейін сөздік қоры болады.
Мектепке дейінгі жастағы балалар.
Мектепке дейінгі жастағы
балалардың зейінінің дамуы тікелей
қабылдаудың дамуына байланысты
болады. Бұл кезде зейіннің көрінуі
тек әдемі заттармен, адамдармен
байланыс жасаған кезде ғана көрінеді.
Мектепке дейінгі жастағы бала өз
зейінін тұрақтандырыла алады. Себебі
бұл кезде зейін тұрақсыздан
тұрақтыға айнала бастайды. Тұрақты
зейіннің дамуына сырттай мәселелерді
шешу көмектеседі.
Кіші мектепке дейінгі жастағы балалар
өзінің зейінін көрнекті суреттерге 6
– 8 секундқа дейін ғана тұрақты ұстай
алады. Ал жоғары мектепке дейінгі жастағы
балалар бұл кезде өздерінің зейіндерін
дәл осы суретке 12 – 20 секундқа дейін тұрақтандыра
алады.
Ал жүйке жүйе ауруларына шалдыққан балалар
өздерінің зейіндерін басқа балаларға
қарағанда аз мөлшерде тұрақты ұстай алады.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың
негізгі іс - әрекеті ойын болып табылғандықтан
олардың зейіндері ылғи да ойынға, ойын
барысына шоғырланып тұрады. Сол себепті
де 5 жасқа келген балалардың зейіндерін
біртіндеп ойыннан оқуға ауыстыру керек.
Мектепке дейінгі
шақ.
Баланың психологиялық даму кезеңінде мектепке дейінгі жастарда өзінің белгілі шаттары болады-ол 3-тен 7 жасқа дейін. Біз соған сүйенеміз.7 жастағы кризис өтпелі кезең болып есептеледі және де ол мектепке дейінгі балалық шақпен кішкентай мектептік жасты бөліп тұрады. Балалар мектепке түседі және де олар оқу іс-әрекетіне 7 жастан емес ,6 жастан қосылады.Осыған байланысты көптеген сұрақтар туындайды және де оларға әдейі талқылау қажет етіледі.
Жеткіншек шақ.
Көптеген жеткіншек мінезі
акцентуирленген болады- норманың шекті
варианты.
Гипертимділік . Күй-жағдайы көтерінкі
оптимистер, бір нәрседен екіншісінетез
ауысып кететін ,бастаған ісін аяғына
дейін жеткізбейтін ,тәрбиесіз жаман компанияның
ықпалына тез түсетін адамдар жатады.
Жеткіншектер романтикаға және оқиғаларға
ұшырағыш болып келеді
Тірелгіштік . тірелу аффектісіне бейім
болады. Кекшіл реніші көпке созылатын,
ренжігіш, өкпешіл адамдар жатады .Бір
райынан қайтпайтын, өте ұмтылған, қадалған
жерден қан алатын болып келеді
Эмоциялы . Лабильді аффектілі. Басқаға
байқалмайтын нәрсеге бола ,көңіл күйі
тез түсіп ауысатын адамдар жатады .Көңіл
күйіне –жұмысқа деген ынтасы жағдайы
т.б өзгеруіне байланысты эмоциялық сферасы
нәзік ұиымдасқан ,терең уайымшыл және
сезімтал болады
Педантивтік . Регидті олар бір күйден
,екінші күйге ауысуы өте қиын өзіне сенбейтін
адамдар .Әр нәрсенің өз орынында болғанын,
адамдар өз ойларын нық орындауларын қалайды.Ызалы-
қайғыру күйде ,бір нәрсеге ашуланшақ
болатын периодтар болады.
Алаңдаушылық. Меланхолик және конститутционды
алаңдаушылығы өте жоғары, өзіне сенімсіз
адамдар. Өзін бағаламайтын, өз мүмкіншілігін
төмендетеді, жауапкершіліктен қорқады,
ұялшақ болып келеді.
Циклотимділік. Көңіл- күйінің тез түсуі,
жақсы көңіл-күйі өте қысқа , жаман көңіл
күйіұзаққа созылады. Депрессия кезінде.
Балғын жастық психологиясы.
Бала кезіндегі қайтару
кезеңдерінің шекарасы белгіленген. Бала
кезі өткен шақта қалғанда, барлық
психикалық функциялары негізінен
құралған және жеке тұлғаның қалыптасуына
орнығады, жеке жас шекаралары барлық
шарттарға жету болып қалыптасады.
Бірақ 17 жас дағдарысы үйреншекті
мектептік және ересек өмірдің қиылысу
кезіңде пайда болады.
Соңғы жылдары белгіленгенінен бастап,
барлық жасөспірімдер мектеп қабырғасын
тастап 9 – сыныптан кейін кетеді.Оқығысының
келмегендігінен және төмен үлгерімдегілердің
барлығы талпынбайды содан кейін техникалық
колледждерге барады (бұрынғы ПТУ) ал кейбіреулері
конкурстан өте алмай қалады. Белгілі
бөлігі жұмысқа орналасады, ал жақсы жағдайда
түнгі мектептерге барады. Егер жасөспірім
өзіне сондай жолды таңдап алса, өтпелі
кезеңі (15 жас) айқын көрсетілген дағдарысқа
айналады, және 17 жас дағдарысы уақытынан
бұрын пайда болады.
11- сыныпты көбінесе жақсы балалар бітіреді.
Бірақ 17 жастағы дағдарыс 15 жастағы дағдарыстан
жеңілдеу болмайды. Эльконин белгілегендей,
бұл дағдарыс 3 және 11 жастағы дағдарысқа
қарағанда әлде қайда қиын.
17 жастағы оқушылардың көбі оқуын жалғастыруға
үміттенеді, қалғаны жұмыс іздейді (соңғылары
9 сыныптан кейін баруға ерте шешілген
жоқ). Біздің эксперименттік берілгені
бойынша жоғарғы оқу орындарына түсетін
мектеп түлектері орташа деңгейде оқыса
да өздерін құрбыларынан жоғары санасада
өзінің әлеуметтік орнын бағалайды. Әсіресе
бұл сол мектептің оқушыларына қатысты
болады, қай мектепте үлкен іріктеулер
өткізіледі, мысалы: үшінші сыныптан тоғызыншы
сыныпқа дейін бір оныншы сынып құрылады.
Жоғарғы білім оларға мамандық алып жақсы
өмір сүру, көп табыс алу, өзін және өзінің
отбасын қаржыландыру қажет. Біреулер
кіршіксіз, күшті жұмыс істеуге үміттенеді.
(“Менің арманым – Ақ үй”) Олардың пікірлері
15 жаста мектептен кетіп қалған жасөспірімдердің
пікірлерінен бөлек болады. (Жоғары білім
табыс бермейді. Интеллегенттер басқалардан
нашар тұрады). Білімнің құндылығы – үлкен
жақсылық, сонымен қатар қойылған мақсатқа
жету өте қиын болады. Сондықтан 11 сыныптың
аяғында эмоциональдық қысым көбейіп
кетуі мүмкін.
Мектеп түлектері, өздерінің жақын болашақтарын
жоғарғы оқу орындарымен байланыстыратын
болса, олар өздерін кейде екі дәрежеге
бөледі: біріншісі ата – ананың көмегіне
үміттенеді, яғни ақылы оқуына, сондықтан
өздерінің рухтық тепе – теңдігін жоғалтпайды,
екіншісі тек өздерінің күштеріне үміттенеді.
Нақты кімде - кім өмірге ұмытылғысы келсе,
мектеп бағдарламасын және қосымша материалды
бәрінен көп еңбектену арқылы дайындық
курстарына қатысу керек. Өмірде барлығына
өздері қол жеткізгісі келіп мектептегі
бағдарламаларды игеріп қосымша материалдармен
шұғылданып жүрген оқушылар оқуға түсу
кезінде стреске жиі түседі.
Жасөспірімдер мен қызметкерлер – рухани
бағыттағы тұлғалар олардың бір бөлігі,
өзі қойған мақсат үшін күресуге даяр.
Екіншілері беделге ұмтылатын тұлғалар,
қандай жолмен болса да өзі қалаған жоғарғы
оқу орнына түсуге барын салады.
17 жас дағдарысын қатты уайымдағандарға
өзіндік әртүрлі қорқыныштар тән. Өзінің
және туыстарының алдындағы жауапты таңдау,
осы уақыттағы маңызды жетістік – енді
үлкен салмақ.
Бозбалаларды әскер алдындағы, жоғарғы
оқуға түсер алдындағы сәтсіздігі, қателесу
мүмкіндігі, жаңа өмір алдындағы қорқынышы
артады. Бітіру, оқуға түсу, эмтиханын
тапсыру алдында кейбіреуде үрей – қорқыныш
пайда болады. Олардың ыстығы көтеріліп
бастары ауырып тіпті асқазан ауруы асқынып
т. б. созымалы ауыруларға шалдығуы мүмкін.
Ұлы 17 жас дағдарысында жеке айырмашылыққа
мазасыздау. Бәрі- бір, егер мектеп бітірушілер
аз мазаланса олар үшін барлығы оңай шешіледі.
Және тез өмірдің ауысу бейнесің жұмыстын
жаңа түріне қосылу, жаңа адамдармен әңгімелесу
едәуір шиеленіскен қарым – қатынасқа
шақырады.
Жаңа өмірлік жағдай оған бейімделуді
қажет етеді: маңызды 2 факторға бейімделуге
көмектеседі. Отбасының қолдауы, өзіне-өзі
және сана-сезіміне сенуі.
2. Даму дегеніміз өзгерілудің бір түрі. Бірақ өзгерілудің бәрі даму болып есептелінбейді. Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді. Даму тек алға қарай өсу (прогрессивтік түрде өсу) ғана емес. Даму кейде регресшіл (кері кету мағынада да) кездесуі ықтимал. Психика дегеніміз тіршілікті қамтамасыз етуге арналған қасиеттің бір түрі болып табылады. Әсіресе, тіршілік дүниесінде даму прогрессивтік түрде өріс алады. Кейбір зерттеушілер адам психикасының прогрессивтік дамуын бірбеткей түсініп, оның осы қасиетінің өзгерістерге ұшырауының шегі жоқ, өзгерілгенде ешқандай қалдықсыз, түгі қалмай өзгереді дейді. Психика дамуы үшін жаңамен қатар, көне, ескіден қалған қалдықтар болуы шарт. Психиканың дамуында көнеден қалған қалдықты «инвариант» (лат. тілінен «өзгерілмейтін») деп аталады, осыған тіректелетін жаңаны «өзгерілгіш» деп аталады. Психиканың дамуын дәлелдеуге енгізген осы ерекшеліктің мәнін түсіну үшін мына мысалға жүгінейік: біз баспалдақпен жоғары шығу үшін, әуелі бір аяғымызды көтереміз де, сол кезде екінші аяғымызбен табалдырыққа тіренеміз, егер біз бір аяғымызбен табалдырыққа тіренбесек, екінші аяғымызды көтере алуымыз мүмкін емес. Психиканың дамуы да осы сияқты. Егер психиканың дамуында болып тұратын өзгерістер болмаса, яғни ол өзгеріп жарымайтын психиканың инварианттық қасиетіне сүйенбесе, онда ол алға қарай жылжи алмайды.
Инварианттық қасиеттің қалыптасуы тарихи
дәуірлерде психика дамуының шарты болды.
Инварианттық, яғни тұрақты қасиеттер,
соның ішінде шартсыз рефлекстер, не өмір
үстінде ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік
ортасында берілетін адамның кейбір мінез-құлықтары
жатады. Осы тұрақты қасиеттер үнемі өзгерістерге
ұшырап отырады. Сонымен психика түгелдей
өзгеріске ұшырайды деуге болмайды. Баланың
бір жаста ие болған психикалық қасиеттерді,
екінші жас кезеңіне көшкенде, біржолата
жоқ болып кетпейді, бір-бірінің үстіне
үйіліп, қосылып жатады.
Даму психологиясы – психология
ғылымының саласы. Оның зерттейтін
пәні – адам психикасының жас ерекшелік
динамикасы, даму үстіндегі адамның
психикалық процестері мен психологиялық
қасиеттерінің онтогенезі. Балалар
психологиясы, төменгі сынып оқушылары
психологиясы, жеткіншектер психологиясы,
балаң жасөспірімдер
Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше
сапалы кезеңі болып табылады және бала
дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының
өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын
көптеген өзгерістермен сипатталады.
Л. С. Выготский жас шағы дамудың белгілі
бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі,
біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның
маңызы дамудың жалпы циклінде алатын
орнымен және дамудың жалпы заңдарының
одан әр кез өзіндік көрініс табуымен
анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне
өтуде бұрынғы кезеңдерде болмаған жаңа
құрылымдар пайда болады және даму барысының
өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.
XX ғасырдың бас кезінде индус
психологы Рид Сингх Амаланның ойынша,
бала кішкентайынан адамға тән қасиетке
ие болып психикасын ойдағыдай дамыту
үшін, оның қоғамдық ортада өсуі, тәрбиеленуі
қажет дейді. Әйтпесе, бала адам қатарына
айнала алмайды. Сонымен, биологиялық
және әлеуметтік факторлардың дамуына
тигізетін әсері өте үлкен. Егер биологиялық
фактордың ықпалы баланың жас кезінде
(нәресте кезінде) үлкен рөл атқарса, енді
әлеуметтік факторлар күннен-күнге өріс
ала бастайды.
Адамның жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың
жиынтығымен анықталады. Бұл – әр балаға
оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын
талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен
қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін
білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді
игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді
анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың
дене дамуының түрлі жақтарының (мысалы,
сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық
құрылымдардың жетілуі, жеткіншек шақтағы
организм өзгерістерінің ерекшелігі т.
б.) ерекшеліктері де енеді.
Даму ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы
жағдайлар балаға тікелей әсер етпейді.
Ортаның қайсы бір элементтерінің қандай
да бір бұрын дамыған қандай да бір психологиялық
қасиеттер арқылы өтетініне байланысты
әр балаға объективті түрліше әсер етеді.
Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы
жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды
да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас
өзгерісі келесі жас кезеңдеріне көшудің
қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас
келеді.
Даму психологиясының
мынадай салалалары бар:
– балалар психологиясы;
– жасөспірім психологиясы;
– балаң жас психологиясы;
– акмеология (кемелдік);
– геронтопсихология (кәрілік).
Даму психологиясы педагогикалық психологиямен
тығыз байланысты. Педагогикалық психологияның
пәні – оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық
заңдылықтарын зерттеу.
Педагогикалық және даму психологиясының
бір тұтастығы зерттелу объектісі – бала,
жеткіншек, жасөспірім ортақтығымен түсіндіріледі;
олар егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы
тұрғысында зерттелсе, даму психолоиясыың
зерттеу объектілері, ал егер педагогтың
мақсатты ықпалдары қарастырылсы, педагогикалық
психологияның объектілері болып табылады.
Мектепке дейінгі балалар психологиясы,
төменгі сынып оқушылар психологиясы,
жеткіншектер, жасөспірімдер психологиясы
даму психологиясының бөлімдері, ал оқыту
психологиясы, тәрбиелеу психологиясы,
мұғалімдер психологиясы – педагогикалық
психологиясының бөлімдері болып табылады.
Даму психологиясы психологияның басқа
да салаларымен (еңбек психологиясымен,
әлеуметтік психологиямен, және т. б.) тығыз
байланысты. Тек қана психология емес,
сондай-ақ жас ерекшелік физиологиясымен,
гигиенасымен, анатомиямен және т. б. байланысты.
Даму психологиясының өмірге келуі 19 ғасырдың
екінші жартысына жатады, яғни психологияға
генетикалық идеяның енуімен байданысты.
Даму психологиясының одан әрі өрлеуіне
Ч. Дарвиннің эволюциялық идеялары айтарлықтай
әсер етті. Ол психикалық дамудың қайнар
көздері мәселесіне зейін аудартты.
19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында
психологиялық экспериментті даму психологиясында
қолданудың арнаы жолдары табыла қоймады.
Эксперименттің психологиядағы едәуір
жетістіктері (Вебер мен Фехнердің психофизикалық
заңды ашуы, Эббингауездің ес процесін
зерттеуі, Гельмгольцтің сезім мүшелерінің
психофизиологиясын талдауы, Вундтың
түйсік пен қимыл-қозғалыстың психофизиологиялық
ерекшеліктерін зерттегендері, және т.б.)
осындай зерттеу жетістіктеріне сүйене
отырып, даму психологиясы өрістей бастады.
Адамның өзіндік даму жолындағы ерекшеліктерді
ескере отырып, әсіресе өмірдің алғашқы
кезеңдеріне аса көңіл аудару қажет. Осындай
пікірді қолдайтын психологтар, бала өмірінің
ерекшеліктеріне, әсіресе оқыту мен тәрбиелеу
жүйесіне көңіл аударды. Мәселен, Ж. Ж.
Руссо «Бала – кішкентай ересек адам»
– деген жалпы қорытынды жасады. Кейіннен,
Кеңес елдерінде, АҚШ-та өрістеген көптеген
зерттеулер балалардың қабілеттері, олардың
байқаулары, есте сақтауы, пайымдаулары,
күйзелістері осыған сәйкес үлкен адамдардың
көріністерінен сан жағынан біраз айырмашылығы
болса, сонша сапалық ерекшеліктері болатыны
анық.
Информация о работе Жас ерекшелі және даму психологиясының мәселелері