Зейін туралы жалпы ұғым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2015 в 13:52, реферат

Краткое описание

Зейін деп — адам сапасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді турақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр.

Содержание

Зейін туралы жалпы ұғым
Зейін түрлері
Зейіннің негізгі қасиеттері

Прикрепленные файлы: 1 файл

Зейін.docx

— 33.52 Кб (Скачать документ)

 Зейінді ұзақ уақыт  бойы іс-әрекетке жеткілікті жұмылдыру  үшін, әсіресе, оның бөтен нәрсеге  көңілі ауып кетпеуін ойластыру  керек Бұл кеп күш жұмсауды  қажет етеді. Зейінді алаңдататын  әр түрлі тітіркендіргіштерге  қарсы күресу — қажетті шаралардың  бастысы. Мәселен, ысқырған дауыс, коңыраудың  сылдыры, сырнай-керней т. б. адамның  тынышын көтереді. Зейінін жақсы  ұйымдастыра алатын адамдар осындай жағдайда да жұмысты тез және сапалы орындайтыны байқалады. Адамды алаңдататын нәрселер көп болғанмен, олардың барлығы да кесел тигізе бермейді. Мәселен, машинаның дүрілі, музыканың әуені зейінді аударатын тітіркендіргіш болғанмен, оларға шыдап отыра беруге болады. Ал қасындағы адамның айқай-шуы, реніш т.б. адамды күштірек алаңдатып, жұмыс істетпейді. Әрине, бұларды жоюдың мүмкіндігі болмаса, оған көңіл аудармай, сабырлылықпен жұмыс істей беруге болады. Әрине, бұған ерік-жігер қажет. Осындай ыңғайсыз жерлерде жұмыс істсй алушылық — адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Мәселен, орыстың атақты жазушысы А.П. Чехов жас кезіндс көп әңгімелерін ойын-күлкі, той-думан үстінде жазса, ал Мусоргский мен Бородин өздерінің опералық шығармаларын қонақта отырып-ақ жаза беретін болған. Қандай жағдайда да адам зейінге кедергі келтіретін нәрселсрді жеңе алатын болуға тиіс. Тіпті тыныш жерде отырып жұмыс істеуді ұнататын адамдар да өзін ыңғайсыз жагдайларға төселттіріп, кез-келген жағдайда жұмыс істей алатындай қабілетке ие болуы тиіс.

Ә. Зепінніц аударылуы         

 Зейіннің аударылуы  деп бір объектіден екінші  объектіге назарымызды кешіруді  айтады. Физиологиялық тұрғыдан  мидағы оптималдык, қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті  кобінесе жүйке процестерінің  өзгермелілігіне байланысты. Кейбір  адамдар бір жұмыстың түрінен  екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді, зейіи қойып жаңа жұмысты тез  меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы  зейіннің көрінісі. Екінші біреудің  зейіні, керісінше, басқа объектіге  қиындықпеп ауысады. Зейінді тез  аудара білу көлденеңінен кез  келген әсерлерге кідірусіз жауап  беруде аса қажет. Мәселен, машинистерде  зейінді тез аудара білу қасисті  жөнді жетілмсген болса, олардың  жұмыста түрлі сотсіздіктерге  үшырауы мүмкін. Мектеп жағдайында  балалардың зейінін бір пәннен  екінші пәнге, бағдарламаның бір  бөлімінен екінші бөліміне, жұмыстың  бір түрінен (үй тапсырмаларын  сүрау) екінші түріне (жаңа сабақты  тыңдау кезі) үнемі аударып отыруға  тура келеді. Зсйінді аудара алу  оқушының ерік сапалары біраз  дамыған кезде, әсіресе оқу материалдарын  түсінген және оларды ұмытпайтындай  етіп менгерген жағдайда ғана  мүмкін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Зейін туралы жалпы ұғым