Жоспар
- Зейін туралы жалпы ұғым
- Зейін түрлері
- Зейіннің негізгі қасиеттері
Зейін
туралы жалпы ұғым
Зейін деп — адам сапасының белгілі
бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін
құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін
дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен
керектісін бөліп алып, соған психикалық
әрекетімізді турақтата алу. Мысал келтірейік.
Оқушы математикалық есептер шығарып
отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы
психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала
козін қадайды, шұқшия үңіледі. демін ішіне
тартады т. б.). Оқушы ссептің шығару жоспарын
ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін
шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай
үзіліетен кейін тарихты одан соң географияны
оқуға көшеді. Сабағын окып болганан кейн,
түрлі нәрселермен айналысады. Осы коріністердің
бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне
өз зсйінін ұйымдастырып, басқа объектілерден
ойын бөліп отырады.
Осындай түрлі кезеңдері
бала психикасының белгілі бір объектіге
бағыт алып және сонда азды-көпті түрақтап
отырғанын көруге болады.
Адамға тән әрекеттің кез келген
түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі
болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы
К. Д. Ушииский (1824-1870) зейіннің маңызын
былайша көрсеткен еді. "Зейін адам
санасынан қорытылып өтетін барлық ойды
аңғартатын, адам жанының жалғыз гана
есігі болып табылады, демск, бұл есікке
ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды,
егерде ол соқпай өтсе, онда баланың сапасында
ештеңе де қалмайды"
Зейінді психикалық
процестердің тобына жатқызу
дұрыс болмас еді, Өйткені адам
өз өмірінің әрбір кезеңдерінде
бір нәрсені қабылдайды не
есіне түсіреді, бірер нәрсені
қиялдайды, бір нәрсе жөнінде
ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына
бұлардай дербес кездеспейтін, қайта
солармен бірлесіп келетін психикалық
әрекеттің айрықша бір жағы, сананың
ерекше сипаты болып табылады.
Психикалық құбылыстар зейінге
түрліше әсер етеді. Сезім зсйінді
күшейтс түсуге ие оны боліп
жіберуге себепші болады. Мәселен
бір объект жағымды сезім туғызып
зейінді күшейтеді де, ал керші
кластан естілген ән-күй сабақ
тындап отырған баланың зсйінін
төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері
де зейінге түрліше әсер етіп
отырады.
Зейіннің физиологиялық
нсгіздерін И. П. Павлов ашқан
жүйке процестерінің өзара индукция
зақына байланысты түсінуге болады,
И. П. Павлов, егер ми
қабыгының бір алабында қозу
процесі пайда болса, осымен байланысты
қалган алапаттарында тежелу
процестері пайда болатындығын
айтқан. Мәселен, адам бар ойымен
іске қызу берілсе, басқа нәрселер
туралы жөнді ойлай алмайды, Осы
кездс мидың бір алабында күшті
процесі болып жатады да, айналасындағы
алаптарда тежелу болады (теріс
индукция заңы).
Зейіннің физиологиялық
негіздерін орыс физиологы, академик
А. А. Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта 26 теориясы
бойынша да жақсы түсінуге
болады.
Сыртқы дүниенің көптеген
тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі
миға көбірек әсер етеді де,
мидың бір алабын қаттырақ, күштірек
қоздырады, осындай алапты доминанта
деп атаған. Мидың осы күшті
қозғыш алабы қалған алаптардағы
әлсіз қозу процестерін өзіне
тартып алып отырады. Осыдан мидың
күшті қозған алабы онан бетер
күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа
берілс оқығанда адамға кейбір
бөгде тітіркендіргіштердің бөгет
жасамайтыны, қайта олардың .біздің
ойымыздың күшеюіне жөрдемдесетіні
байқалады. Сондықтан адам бар
зейінін қойып кітап оқыған
кезде қасындағы бегде тітіркендіргіштерден
(мысалы, сағат маятнигінің соғуы
секілді) қашпауы керек. Бұл біздің
басқа нәрсеге көңіл аудармай,
үңіліп отырған әрекетімізге
мейлінше берілстүсугс жәрдәмдәсәді.
Ойткені, жоғарыда айтылғандай, мидағы
басыңқы қозу әлсіз тітіркендіргіштердің
болған қозулардың есебінен тартып
алып, солардың есебінен күшейіп
отырады. А. А. Ухтомскийдің доминанта
теориясының мәніи И. П. Павловтың
"Қозудың оптимальдық алабы"
дейтін теориясы онан сайын
толықтыра түссді.
И. П. Павловтың оптимальдық
қозу алабы тсориясы ырықты
зейіинің табиғатын физиологиялық
тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді.
Қозу процесі ешқашан
да ми қабығына біркелкі тегіс
тараманды, өйткені онда әр уақытта
қозу пайда болатындай жағымды
"оптимальдық жағдай" жасалып
отырады. Оптимальдық козуы бар
осы алап — ми қабығының
творчестволық бөлімі, ырықты зейіннің
физиологиялық негізі. Бұл жоніиде
И. П. Павлов былай дейді: "Бас
сүйегінің сыртыпан біз іштегі
миды байқай алатын болсақ, онда
ми сыңарларының оптимальдық
қозу пайда болатын жері жарқылдам
коріпсе, біз ойлап отырған саналы
адамның ми сыңарларында формасы
және шамасы өне бойы өзгеретін
тамаша турлаусыз жарқылдаған
соуледағын көрер едік, бұлар
ми сыңарларының барлық жерлерін
алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің
ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар
еді". Ұлы физиолог оптимальдык, қозу
үиемі қозгалыста болатындығын айта келіп,
оның мида ауысып отыруының өзі зейін
бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді.
Мидағы тежелулердің бірінен екінші сапқа
түсуі, біреулерініц күшейіп, алдыңғы
сапқа шығуы осы оптимальдық қозу алабының
жұмысы болады. Олтимальдық қозуы бар
алап (өзара индукция заңы) мидың басқа
бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді.
Мұндай жағдайда адам
зейіні бір жерге күшті шоғырланады
да, ол қалған объектілерді байқамайтын
болады. Оптимальдық қозу алабын
екінші сигнал жүйесінен шыққан
сигналдар қуаттап отыратындығын,
сөздік сигналдар ми қабыгындағы
осындай алаптардың бір-біріне
ауысуын тездетіп отыратындығын,
сайып келгенде, психикалық әрекеттің
талғамалы сипатта болатынын
жақсы көрсетеді.
Бір нәрсегс зейін
аудару адамның сыртқы кейпінен
де (дененің, бастың, көздің түрлі
қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақтігу
т. б.) жақсы корінеді. Бірақ бір
қарағанда зейін анық байқала
да қоймайды. Өйткені осы айтылғанға
біршама ұқсас сыртқы көріністерді
өмірде жиі кездестіруге болады.
Сондықтан да, кейбір мұғалімдер
сыныптағы оқушылардың кескініне
қарап, бір дегеннен баланың сабаққа
қаншалықты зейінді, не зейінсіз
отырғанын ажырата алмайды. Бұл,
әсіресе, тәжірибесі аз жас мұгалімдерде
жиі кездеседі, Түрлі тәсілдер
арқылы оқушы зейінінің қасиеіттерін
тәрбиелсй отыру — мектептегі
барша мұғалімнің ат салысатын
нсгізгі педагогикалық істерінің
бірі. Іске шын мәнісінде зсйін
қойып кіріскемде ғана әрекетті
нәтижелі етіп орындауға болатындығы
мүгалім үшін аксиомалық қағида
болуы қажет.
Зейін
түрлері
Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз
және үйреншікті болып үшке бөлінеді.
Сыртқы дүниенің кез
келген объектілері кейде ырықсыз-ақ
біздің назарымызды өзіне тартады.
Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан
адамның бояулы афишаға көзі
түссе, оған мойнын бұрады не
милиционердің ысқырығына жалт
қарайды т. б. Адам омірінде ырықсыз
зейін елеулі орын алады. Зейіннің
бұл түрі әсіресе жас балаларда
жиі кездеседі. Ойткені балалық
дөуірде адамның күрделі іс-әрекеттері
(оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге
келе қоймайды да, осының нәтижесінде
оның психикасы ете нәзік, түрлі
сыртқы әсерге берілгіш келеді.
Әрине, бұдан бала есейген соң,
ояың ырықсыз зейіні маңызын
жояды деген қорытынды тумау
қажет. Адам өмірінің барлық кезендерінде
ырықсыз зейін тиісінше орын
алып отырады. Қызыгу — ырықсыз
зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты
іске көңіліміз тез ауады. Мәселен,
қызықты кітап оқуға ырықсыз
зейін жеткілікті. Ал қызықсыз
кітапты оқу — ырықты зейінді
керек етеді. Ырықты зейінде де
қызығу орын алуы тиіс. Бірақ
ырықты зсйін де жанама, дәнекерлі
қызығуды керек етеді. Мұнда адам
өз ісінен шығатын нотижеге
қызытады, оны орындау үшін күш
жұмсайды, өйтпесе іс онбейді, күткен
нәтижеге қол жеткізе алмайды.
Ырықсыз зейін физиологиялык,
тұрғыдан барлау (ориентировочный)
рефлексінің жемісі болып табылады.
Зейіннің бұл түрі жануарлар
мен адамдардың сыртқы ортамен
байланысында үлкен роль атқарады.
Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш
арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз
зейіннің корінуіне төмендегі
жағдайлар себеп болады:
а) күшті тітіркендіргіштер
(көзді аштырмайтын жарық, қанық
бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын
жаратын иіс т. б.), заттар мен
құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы
(мәселен, адамның үстіндегі кийімінің
өзгеруі, дыбыстың жарықтың артуы
не кемуі т. б.);
ә) адамның сыртқы дүниедегі
объектілерге қатынас жасаушың
дәрежесі (қызығу, қажетсыну, көңіл
күйінің, хош болуы) ырықсыз зейіннің
тууына жақсы әсер стеді.
Адамның ырықты зейіні
әрекетті саналы түрде белгілі
ерік кушін жұмсау арқылы орындалуынан
көрінеді. Ырықты зейінде белгілі
бір мақсат қойып, объектіге ерекше
сер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың
басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа
жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай
ерекшеліктермен сипатталады;
1) Қандай болмасын бір өрекеттің
талабына сай зейінді бағындыра алу үшін
іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.
2) Үйреншікті жұмыс жағдайын
жасап алып, аландататын нәрселерден бойды
аулақтатқан жөн.
3) Орындалатын істің мәнісін,
маңызын түсіну үшін білімге
шын ықыласпен берілген дұрыс.
4) Түрлі қолайсыз жағдайларда
да жүмыс істеуге машықтану. Мәселен, коңілді
алаң қылатын богде тітіркендіргіштердің
(айқай-шу, тарсыл гүрсілдерде де) әсеріне
берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді
шынықтырудың, оны мықты және шыдамды
етіп тербиелеудің ең жақсы жолы болып
табылады.
5) Зейінді болуды өзіңе
үнемі ескертіп отыру керек. Бір
сөзбен айтқанда, ырықты зейін
деп іс-әрекетті жоспарлы түрде
ұйымдастыруды айтады.
Зейіннің, екі түрі
де бір-бірінен ешқашан қалмай
ілесіп отырады. Ырықты зейін
ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға
қарай жиі алмасады. Шындығында,
адамның үнемі ырықты зейін
жағдайында болуы мүмкін де
емес. Оқушы алғашқыда жай қызыққан
нәрсесіне тікелей зейінін аударады,
ал содан кейін сабақтың мақсатына
қарай тікелей қызық емес басқа
материалдарға да зейін қояды.
Алғашқы уакытта қызықсыз болып
көрінген сабақ кейін балаға
түсінікті бола бастайды. Бұл
кезде оның ырықсыз зейіні
сыртқа теуіп, ырықты зейінінің
пайда бола бастағаны.
Зейіннің үйреншікті
деп аталатын түрі де бар. Үйреншікті
зейін – адамға табиғи сіңісіп
кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ
орындалатын зейін. Мәселен, бала
оқуға төселсе, бұл оның тұрақты
өдетіне айналса, оның зейіні
де үйреншікті бола бастайды.
Қандай нәрсеге болса да үйреніп,
жаттығып алған соң адамның
іс-әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті
зейіннің де табиғаты осыған
ұқсас. Өйткені үйреншікті зейін
ырықты зейіннен дамып қалыптасады.
Зейіннің қай түрі болмасын
іс-әрекеттен нәтиже шығаруға
бағытталады. Егер адам жұмысқа
өздігінен беріліп істесе, ырықсыз
зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты
тікелей қызығып істей беру
де оңай емес. Мұндай жағдайда
ырықты зейінге орын беріледі.
Ылғи ырықты зейінмен жұмыс
істеу де адамды қажытып шаршатады.
Сондықтан адам жұмысты зейіннің
осы екі түрін қатынастыра отырып,
үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы
қажет.
Зейіннің
негізгі қасиеттері
Зейін жөнінде әнгіме болғанда
оның мына төмендегі қасиеттерін еске
алады:
А. Зейіннің тұрақтылығы
және жинақтылығы
Адамның зейіні бір
объектіге немесе бір жұмысқа
ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің
тұрақтылығы дейді. Мысалы, өндіріс
озатының не хирург дәрігердің
жұмыс үстіндегі зейініп осыған
(жатқызуға болады.
Зейінді бір жерге
тұрақтатып, жинақтап алу арқасында
адам істей отырған ісін тереңінсн
түсініп, оның әр түрлі байланыстарын
анықтайды. Зейінді түрақтата алушылық
саналы әрекетке озінді жеге алудың басты
бір белгісі болып табылады.
Зейіннің осы қасиетінің
оқу процесінде маңызы зор. Сабақ
үстінде баланың назарын көп
нәрсеге аудармай, басты бір нәрсеге
не белгілі бір әрекетке ғана
аударып, оғағ тұрақтатып әдеттендіру
керек. Сонда ғана бала есейген
кезде үлкендердің көмегінсіз-ақ
зейінін тиісті объектіге жинактай
алатын болады.
Ересек адамдар жұмыс
үстіндс зейініи 40 минуттай бір
объектіге тұрақтата алады. Осындай
10—20 минуттық зейін коюшылықтан
кейінгі бірнеше секундта көңілдің
бір нәрсеге болінуі сол жүмыстың
одан ары ұйымдастырылуына ешбір
нүқсан келтірмейді. Қайта бұл
секілді тынығу, жұмысты бірнеше
сағат бойы жақсы, тұрақтап істсуге
мумкіндік береді. Адам соншалық
ерік-жігермеи зейім салып жұмыс
істеген жағдайда да оқтын-октын
ойы болініп, басқа бір затқа
ауып отырады. Осылайша зейіннің
бірде әлсіздене, бірде күшейіп
тұруын зейіпнің толқуы дейді.
Толқу — зейіннің табиғи қасисттерінің
бірі. Мәселен, бар ілтипатпен кітап оқыған
адам да анда-санда бөтен ойға түседі,
басын көтеріп жан-жағына қарайды. Зейіннің
мұндай толқуы, әрине, адамның коңіл аударған
нәрсесіне ойының бөлінуіне, зейінін тұрақтатуына
бөгет болмайды. Кейбір адамдардың зейіні
толқымалы келеді. Бұған қатты тітіркендіргіштер,
күшті эмоциялық әсерлер, сондай-ақ адамның
өз еркін жөндеп билей алмауы себеп болады.