Өзіңді де, өзгені де бағалай біл

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 15:26, реферат

Краткое описание

Студенттердің өзін -өзі құрметтеу, өзі туралы ойын дамыту:
Өзгенің даралығын бағалау, коммуникациялық дағдыны дамыту;
Әрбір қатысушының адам бойындағы бағалайтын қасиетін айқындау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Өзіңді де, өзгені де бағалай біл 4.03.2013ж.doc

— 79.00 Кб (Скачать документ)

Тек өзі туралы ғана айтып, өзі туралы ғана ойлайтын адам қай жерде және қанша оқығанына қарамастан, білімсіз адаммен тең.

Адамдармен қарым-қатыас жасаудың зор құпиясы

Белгілі Линкольн өз хатында: «Барлық адам өз атына айтылған жылы сөзді ұнатады»,- деп жазыпты.

Біз басымыз проблемалардан сәл арылып, тыныққан кезімізде, уақытымыздың 95 % өзіміз туралы ойлауға бөлеміз. Егер біз біршама уақытқа өзіміз туралы ойлауды доғара тұрып, қарсы алдымыздағы адамның бойындағы жақсы қасиеттері туралы ойласақ, онда біз жағымпаздық сияқты жаман қылықтарға бармаған болар едік.

Адамдармен қарым-қатынас  жасауда жағымпаздану сияқты жағымсыз қасиеттер де кездесіп жатады. Ондай өтірік жағымпаздану адамдар арасында болмау керек және табсқа жете қою екі талай. Рас, кей адамдар өздерін мақтағанды теріс көрмейді, атына айтылған өтірік сөздің барлығын талғамай қабылдайды.

Адамдардың жақсы қасиеттерін  шын жүректен бағалау мен өтірік жағымпаздану арасында қандай айырмашылықтар бар? Бұл сұраққа жауап беру оңай. Бағалау- шын жүректен шығады да ал, жағымпаздану- өтірік, тек ауызбен ғана айтылады.

Қане, сәл ғана уақыт  өз жетістіктеріміз, өз талап тілектеріміз туралы ойламай, өзге адамдардың жағымды жақтарын бағалап көрейікші. Мұнан кейін біз жағымпаздану туралы мүлде ұмытамыз. Өз пікіріңізді шын жүрекпен, жасырмай айтыңыз. Бағаны бүкпесіз көңілмен айтып, мақтауыңызды аямаңыз, сонда ғана адамдар сіздің сөздеріңізді көптеген жылдар бойы естерінде сақтайтын болады.

                   “Өзіңе сенімділік неден құралады”

Луиза Хейдің кеңесі

(“Как исцелить свою  жизнь” Новосибирск, 1996).

 

Жағымды ойлауға үйрену. Жақсы нәрсе туралы ойлап, соны күту,

соған сену. Өз ойыңда үйлесімділік пен тепе-теңдікті құра отырып, біз  де соны өмірден таба бастаймыз.

 

Өзің  туралы жағымсыз ойлардан құтылу. Сіздің саналы түрдегі

Өзіңізді мейлінше  жақсы емеспін деген сеніміңіз, сіздің іс-әрекетіңіз бен қылықтарыңызды басқарады да, әрдайым ол өмірде көрініс береді.

 

Өзіңді  сүй. Біз өзімізді бар жанымызбен сүйіп және өзімізді құрметтесек, сонда өз іс-әрекеттеріміз бен қылықтарымызды қоштаймыз, біз адамдармен ең ғажап қарым-қатынас тудыра алатындай, жаңа қызықты жұмыс табуға мүмкіндік беретіндей, дене салмағымызды тұратандыра алатындай, денсаулығымызды нығайта алатындай етіп  ақылымызды нақты ұйымдастыруды құрамыз. Өзіңді қабылдау және өзіңді қоштау- бұл жағымды өмірлік өзгерістер жасаудың кілті.

 

Өзіңді неғұрлым азырақ сынауға тырыс. Сын біз құтылуға тырысып жатқан сол ой бейнелеріне тоқтау сап қояды.

 

Өз жеткен биігіңізді өзіңіз теріске шығармаңыз және басқалардың теріске шығаруына жол бермеңіз. Мұны балалар керемет орындайды. Өмірдегі бар жақсы нәрсе өзіңнің сыртқы “Меннен” айырмашылығы болатын ішкі “Менді” қабылдаудан басталады. Біздің жүрегімізде барлық планетаны емдеп жазарлық махаббат жетерлік екенін  ұмытпаңыздар.

Өз  бойыңыздан жақсы қасиеттерді іздеңіз. Осыдан сіздің өміріңізде айтарлықтай прогресс басталады. “Мен өзімдегінің бәрін қолдаймын” деген жаттығу бар. Сіз мұны неғұрлым көбірек айтсаңыз, соғұрлым жақсы болады.

 

Басқалардың сіз  туралы айтқанына көп көңіл бөлмеңіз. Әр адам –

қайталанбас және ерекше. Біз осы планетаға біреуге ұқсау үшін емес, өзімізді көрсету, жеткізе білу үшін келгенбіз.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Өзіңді де, өзгені де бағалай біл