Өзіңді де, өзгені де бағалай біл

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 15:26, реферат

Краткое описание

Студенттердің өзін -өзі құрметтеу, өзі туралы ойын дамыту:
Өзгенің даралығын бағалау, коммуникациялық дағдыны дамыту;
Әрбір қатысушының адам бойындағы бағалайтын қасиетін айқындау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Өзіңді де, өзгені де бағалай біл 4.03.2013ж.doc

— 79.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі

Қызылорда облыстық білім басқармасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Өзіңді де, өзгені де бағалай біл»

 

танымдық кеш  бағдарламасы

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші: Г.Е.Жанықұлова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2012-2013 оқу жылы

 

                                                                                                               «Бекітемін»

                      Директордың оқу-тәрбие жұмыстары

  жөніндегі  орынбасары:

_________________Г.Күзембаева

 

 

 

 

        Тақырыбы: «Өзіңді де, өзгені де бағалай біл»

 

         Мақсаты:        

      • Студенттердің  өзін -өзі құрметтеу, өзі туралы ойын дамыту:
      • Өзгенің даралығын бағалау, коммуникациялық дағдыны дамыту;
      • Әрбір қатысушының адам бойындағы бағалайтын қасиетін айқындау.

 

         Түрі:   Танымдық сабақ

 

 

         Дүниедегі ең құпия да күрделі құбылыс- адам. Өкінішке орай, біз бұған, өз табиғатымызға пәлендей мән бермейміз. Небір ғылым салаларын түбегейлі зерттейміз, техниканың таңдай қақтырарлық жаңалықтарын жасаймыз, аспан әлеміне үңілеміз. Ал мұның ар жағында жасырынған адам баласының құдіретіне бойламаймыз. Әрбір жан иесі қайталанбас тұлға. Байқап қарасақ, жер бетіндегі әрбір адам өзінше бөлек әлем. Адам жанының байлығы, рухани пәрменділігінің күші шексіз. Көзге көрінбейтін қазбалардай оны шығару оңай емес.

         Адамтану ғылымымен айналысатын ғалымдардың пайымдауынша, адамның мінезін, ой-өрісін, сана-сезімін қалыптастыратын үш жағдай бар екен: тұқымға тартушылық, қоршаған, өскен ортасы және өзін-өзі тәрбиелеу. Адамның өзін-өзі тәрбиелеуі оңайлықпен қолға түспейді. Жеткіншек санасының оянуы, оның өзіндік «менін» сезіне бастауы Абай тілімен айтқанда, кісінің өзіне-өзі ұдайы есеп беруінен, өзін-өзі аңғара, байқай алу қабілетінен көрінеді. Адамның өзін-өзі тәрбиелеуі жан мен тәнді үнемі шынықтырып, жаттықтырып отыруды тілейді. Өзіңнің жан дүниеңе терең үңіліп, дұрыс-бұрыстың аражігін ажыратудың өзі, меніңше, үлкен өнер. Сол өнерді игеріп, ерекше табандылық, шыдамдылық пен төзімділік таныта білген адамдар тарихта да көптеп кездеседі: ескі заманның аты шулы шешені Демосфен, америкалық соқыр, мылқау, керең Эллен Келлер, француз суретшісі Анри Ренуар, атақты композитор Бетховен, украин жазушысы Леся Украинка, керең, соқыр, мылқау ғалым Олеся Скороходова..тізе берсең мұндай тұлғалар жетерлік.

 

     І бөлім.  Адам – құпия.

       Тренинг: «Сәлем, бұл – менмін»

        Мақсаты: Өзін-өзі таныстыру дағдысын дамыту, тілдесу үшін жағымды байланыс  орнату.

         Тапсырма: Өзі туралы айту, өзінің қайталанбас дара тұлға екендігін, тренингке қатысушылармен бірге жұмыс жасап, тілдесуге  дайын екендігін  көрсету.

          Нұсқау: Өзіңді көрсет, өзің туралы айтып бер. Өзіңді өзің таныстыру үшін әртүрлі әдістерді пайдалануға болады. Мысалы: жарнама, газеттегі хабарландыру, өзі туралы әңгіме, өлең, ән, афоризм.

            Жаттығуды талдау:

  1. Қай қатысушының өзін-өзі таныстыруы сізге көбірек ұнады, неліктен?
  2. Тренингке қатысушы туралы қандай жаңа мәлімет алдыңыз?
  3. Шығып сөйлеу барысында сіз адамның ашық, тілектестік қарым-қатынасқа бет бұрғандығын сезіндіңіз бе?

 

      Жаттығу «Футболкадағы қолтаңба»

      Мақсаты: Өзін өзі құрметтеу, өзі туралы ойын дамыту

       Қатысушыларға  парақ таратылады, оған өз футболкаларына қандай жазу жазатындары туралы жазу керектігі айтылады. Ол жазу адамның бір нәрсеге бейімділігі  туралы айтылатындай – олардың  немен айналысатынын, ойындарын, әлемге қатысын және т.с.с білдіруі керек. Бірнеше қол таңба ойлауға да болады. Жұмысқа 5-10 минут беріледі. Осыдан кейін қатысушылар өздерінің қол таңбалары туралы әңгімелейді.

       Жаттығуды талдау. Осы қол таңбалар не туралы айтады. Өзіміз туралы өзге адамдарға не айтқымыз келеді? Бәрінен де ұнайтын қолтаңба қандай? Өзіңнің қол таңбаң ұнай ма? Оны өзгерткің келе ме? Әр түрлі қатысуға қандацй қол таңба ойлауға болады?

       Сухомлинский: «Өзіңді-өзің бағындыруға, өзіңе-өзің билік көрсетуге кішкентайыңнан үйрен. Құлқың соқпаған, бірақ қажетті істі атқаруға өзіңді көндіре біл. Тиістіні тындыру – ерік, қайраттың бірінші қайнар бұлағы», – деген екен. Ал біз қазіргі қоғамда сол бұлақтың тамшысынан қаншалықты нәр алудамыз?!

 

        Сұрақтар:

  1. Кімнің қателігінен сабақ аласың?
  2. Әрбір қасиетті өз орнында қолданбаған жағдайда не өзгермек? Мысалы, әкім қызмет орнында көрсеткен салмақтылығын отбасында көрсетсе, тәкаппарлыққа айналады.
  3. Адам қарама-қарсы екі көркем қасиетті бір-біріне араластырса  не болмақ? Мысалы, Бір адам жомарт болса, бұл жомарттығын асырып, ысырапшылдыққа апаруы мүмкін, немесе қолындағысын үнемдеймін деп жүріп сараңдыққа бой алдыруы мүмкін.

Пайғамбарымыз (с.а.у) ержүрек, батыр және онымен қоса құмырсқаны  байқамай

басып кетсе, жүрегі елжіреп, діріл қағатындай аса мейірімді, рақымды еді. Бүкіл ғаламға ұстаздық еткен Пайғамбарымыз (с.а.у) кішкентай  бүлдіршіндермен құмда отырып ойыншық  ойнайтындай қарапайым әрі кішіпейіл  еді. Әр қасиетті өз мөлшерінен асырып екінші бір жаман қаиетке айналуына жол бермеген. Яғни, таразының басын тең ұстап, тепе-теңдікті сақтай білген.

 

            Әр адамның жан дүниесі – ерекше сырлы, жұмбақ әлем. Біздің рухани байлығымызды жетілдіріп, бойымыздағы кемшіліктерден арылтатын ең күшті қару да тек адамның өз ерік-жігері екені сөзсіз. Әдетте, өзін-өзі тәрбиелеуді көбіне ұнамсыз жайды сезініп, сонымен күресуден бастайды. Біреуі – бойындағы берекесіздіктен, екіншісі – дөрекіліктен, үшіншілер – бойындағы тұйықтықтан, ұялшақтықтан арылғысы келеді. Бұл тізімді жалғастыра берсек, шегіне жетуіміз екіталай сияқты. Өзіңді тәрбиелеу үшін алдымен мақсат қойып, күш-жігер жұмсап, өзіңді-өзің бақылап, өз ісімізге талдау жасап отырғанымыз абзал. Ал психолог мамандар өз кезегінде өзін-өзі тәрбиелеудің бірнеше әдістерін көрсеткен. Олар – өзін-өзі сендіру, тексеру, жазалау. Осы мәселе төңірегінде М.Жұмабаев: «Адамның өзін-өзі тексеруі оның жан тұрмысының өркендеуіне, түзу жолға түсуіне бірінші шарт», – деп те айтып өткен екен. Ғылым әдіс-тәсілдерді зерттеп көрсеткенімен, әр адам өз ыңғайына қарай жүгінеді. Тіпті, көре білген, түсіне білген адамға кез-келген оқиға сабақ болып, тәрбие беретініне ешкім күман келтіре қоймас.

        Сергіту сәті:  «Жаңбыр»

 

        ІІ бөлім. Жаныңда жүр жақсы адам.

 

        Қатысушыларға ортасында нүкте белгіленген ақ парақ  көрсетіледі.  Қатысушылар не көріп тұрғанын айтады. Бұдан шығатын қорытынды: өмірде кемшіліксіз адам жоқ! Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Алайда, өз кем-кетігіне басқаларды кәналап, алдында таңдау тұрса да, «тағдырға» өкпе артатындар баршылық. Қадыр Мырза Али «Берерің болмаса да, беделің болсын»» деген екен. Ал оған талпыну да, жету де өзіміздің қолымызда. өзің жақсы болсаң, жалғыз бола қоймассың. Құдай бізді «жақсы», «жаман» қылып емес, «адам» қылып жаратқанын ұмытпағанымыз абзал! Адамның таңдаған жолы ұлы болмайды, оны ұлы ету де тек адамның өз қолында екенін естен шығармай, жақсы-жаман қасиеттерімізді таразылай білгеніміз жөн.

 

        Тренинг: Менің адам бойындағы бағалайтын қасиетім

         Мақсаты:  Тілдесу барысында бірін-бірі жақынырақ қабылдау үшін жағдай жасау, шығармашылық қиялын дамыту.

         Тапсырма:  Әрбір қатысушының адам бойындағы бағалайтын қасиетін айқындау.

          Нұсқау:  Адам бойындағы қандай қасиетті бәрінен жоғары бағалайтыныңызды ойланып көріңіз. Осы қасиет көрініс беретін әңгіме, хикая, аңыз, ертегі, өлең немесе әнді еске түсіріңіз не ойдан шығарыңыз. Өз қалауымен шығып сөйлеушілер әңгімелерін айтқанда, қалғандары қандай қасиет туралы айтылғанын табу керек.

           Талдау:

  1. Қандай қасиет жайлы әңгімеленді?
  2. Сіз оны қандай белгілері бойынша таптыңыз?
  3. Әңгімелеушінің пікірі сіздің пікіріңізбен сәйкес келе ме?
  4. Қасиетті баяндау түрі әңгімелеушінің айтқысы келгенін тереңірек түсінуге көмектесті ме?      

 

           Жаттығу «Ассоциациялар»

Мақсаты:Өзгенің даралығын бағалау, коммуникациялық дағдыны дамыту.

Қатысушылардың  бірі-жүргізуші-есік сыртына шығып  тұрады. Топ өзара келісіп, қалған қатысушылардың  ішінен бір адамды таңдап алады, ал жүргізуші оны табу керек. Жүргізуші топ мүшелеріне сұрақтар қояды және олардың  жауаптары бойынша адамды табуға тырысады. Жұмбақ адамға байланысты, сұрақтар  ассоциаацияға беріледі: Бұл адам қандай аңмен ассоциацияланады?

Қандай ауа-райымен? Өсімдікпен? Түспен? Музыкамен? Т.с.с.

Әдетте 5 сұрақ  қойылады, жүргізуші  жұмбақ Адамды табу керек. Дұрыс жауап берілсе, табылған адам жүргізуші болады, жауап  дұрыс болмаса- жүргізуші осы  жаттығуды орындайды.

Талдау: Жұмбақ адамды табуда не көмектесті? Қандай қиындықтарға тап болдыңыздар? Қандай әсер алдыңыздар? Енді өздеріңізді қалай сезінесіздер?

            Ролдік ойын:   «Отбасы мүсіні», «Ата-аналар мен балалар»

 Ролдік ойындар   аяқталғаннан кейін  талқыланады. 

            Сұрақтар:

  1. «Өзгені мойындай білген өзін де өмірге дайындай біледі» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіз?
  2. Сіз өзіңізге ұнайтын жақын адамыңызды (дос, туыс, т.б) бір күні жек көріп қалдыңыз, ол адамның бір қылығы себеп болды, немесе сіз өзіңізге ұнамайтын бір адамды жақсы көріп қалдыңыз, мысалы, ол сізге қиын сәтте көмегін берді. Ал енді осы айтылған жағдаяттар жайында өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер?

Қатысушыларға видеоролик көрсетіледі: «Тәубеңе кел!».

            «Кім боламын» деп ерте ойланған бала, өзінің кім екендігін ерте анықтайды деген жақсы сөз бар. Сіздердің әрқайсыңызда  мақсат-мұраттарыңыз, арман-тілектеріңіз болады. Ендеше, алдарыңыздағы түрлі-түсті қағаздарға сол армандарыңызды  жазсаңыздар. (Баяу музыка ойнайды)

             Қорытынды.

             Видеоролик: «Сәттілік»

             «Бақыт деген не?» деп сұраған екен бірде баласы әкесінен. Сонда акесі былай жауап берген екен: «Балам, адам екеніңнің өзі бақыт» деп. Құдай бізді «жақсы», «жаман» қылып емес, «адам» қылып жаратқанын ұмытпағанымыз абзал!

              Сабаққа белсене қатысып, объективтілік танытқандарыңызға көп рахмет!

 

                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          Нақыл сөздер

 

☺ Өткенде болғанға мән бермеу арқылы шыдамдылық пен махаббатты көрсетіңіз. Біреудің қатесін өткеннен мысал келтіре көрсете отырып, айыптауға бейімділіктен қашыңыз, жеңіс ниетіне еркіндік беріп, қарым-қатынас жасау ниетін дамытыңыз.

☺ Бірдеңеге берекеңіз кетсе, дауыстап, мені мазалаған нәрседен мен жоғарымын- деңіз.

Осы бір қарапайым  сөйлем сіздің ол мәселелермен жоғары екендігіңізді көрсетеді әрі күнделікті проблемалардан қашуға мүмкіндік береді.

☺ Сабырлы болыңыз. Бұл сөзден сіздің өткендегі барлық талпыныстарыңыздан басым түсіп, бүгінгі тұрмыстың барлық рахатын сезінуге көмектесетінін біліңіз. Сабырлы да тіл алғыш болсаңыз, күнделікті ұмтылыстарыңыз бен әр нәрсенің соңынан жүгіруіңіз бекершілік екенін түсінесіз.

☺ Айыптамаңыз. Егер сіз өзіңізден сырт келбеті, жасы немесе экономикалық жағдайы жағынан артық біреуді көрсеңіз, айыптаудың орнына өз ақылыңызды оны жақсы көруге жұмсаңыз.

 

              Достарды қалай табу керек және адамдарға

қалай әсер ету  керек?

Д. Карнеги

 

«Бал  жинағың келсе, бал арасының ұясына тиіспе»

Адамдармен қарым-қатынас  жасау барысында өзгелерге сын  айту – адамның кеудесінен жұдырығыңмен ұрғанмен бірдей, сын айту кей жағдайларда- адам өліміне апарып соқтыруы мүмкін. 

Біреуге сын айтып, күнә тағу кез-келген ақылсыздау адамның  да қолынан келеді.

Бірақ, адамдардың басындағы  жағдайға түсіністікпен қарау үшін адам бойында мықты мінез бен  өзін-өзі басқара алу қасиеттері болу шарт.

«Ұлы адамдардың ұлылығы  оның қарапайым адамдармен қарым-қатынасынан  байқалады»- дейді Карлейль.

Адамдарды күнәлаудың орнына, оларға түсіністікпен қарауға тырысып, неге олардың басқаша емес, дәл  өзі ойлағандай шешім қабылдауының астарына үңіліп көрелік. Бұл сын айтудан гөрі пайдалы және қызықтырақ, адам бойында айналасындағыларға деген аяушылық сезімін оятуға көмектеседі. Барлығын түсіне білу- барлығын кешіру деген сөз.

Информация о работе Өзіңді де, өзгені де бағалай біл