Әуенмен емдеу – денсаулыққа пайдалы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2013 в 15:02, реферат

Краткое описание

Адам денсаулығының сырқатын емдеудің әдіс-тәсілдері әртүрлі болады. Соның бірегейі әуен терапиясының жаңа технологиясы. Бұл емдеу әдісі жан мен тәнді дәрі-дәрмексіз емдеуде емшілікте басты бағытқа айналуда, бұл бағыт адамға дәстүрлі халық медицинасының ең озық үлгілерін үгіттеуге мүмкіндік бере алады.

Ағза өмірлік күшінің генетикалық қорын табиғи түрде жұмсап бітірген кезде, денсаулығы мықты әрі бақытты болуға тырысатын адамдардың бәрі бірдей қартайғанға дейін жақсы көңіл-күйін сақтағанымен, содан кейін жеңіл әрі тыныш жеке өмір жолын аяқтай алмайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әуенмен емдеу.doc

— 119.00 Кб (Скачать документ)

 

 Биоөрістің құрылымында энергетикалық  конус болады. Конустың бұрышы  анағұрлым сүйір болса, адамның  зейіні соғұрлым жоғары болады және керісінше. Қандай да бір адамға теріс әсер ететін адамның биоөрісінен басқа адамның бауырына немесе көк бауырына қарай қара «шланг» тартылады.

 

 Ал вампирліктің энергетикасы  туралы не айтуға болады? Вампирлік  вампирлер мен донорлардың биоөрістеріне әсер етеді ме? Әрине әсер етеді, бірінші кезекте биоөріс пен оның аурасына (адамның физикалық тәнінен тыс өмір сүретін биоөрістің бір бөлі-гі), соның ішінде биоөрістің өлшемдеріне, пішініне, тығыздығы мен құрылымына әсер етеді. Адамның энергетикалық деңгейі де оның санасы мен адамдармен өзара қарым-қатынасына айтарлықтай әсер етеді. Вампирлік пен донорлықтың арақатынасында «беру керек пе әлде алу керек пе?» деген сұрақ қоюға болады.

 

 Вампирлер мен донорлардың  арасындағы «бөліну» сызығы «алу - беру» шекарасынан өтеді. Вампирлер үнемі басқа адамдарды жеңуге, кез келген жақсы нәрсені алып қалуға және тегін алып қалуға тырысады. Басқа адамдар жоғалтып алған затты немесе ақшаны тауып алған вампир оған «бұл енді менікі» деп қуанады, ал донор болса, уайымдап қалады, кімнің жоғалтқанын білгісі келеді.

 

 Әдетте вампир болып туылмайды,  жүре келе вампир болады. Әр  түрлі энергетикалық деңгейлердегі  адамдардан бірінші деңгейден  жиі, екінші және үшінші деңгейлерден  сирек вампир адамдар шығады. Иә, эстрасенстер де вампир бола алады, тек энергетикалық деңгей ғана вампирлікті немесе донорлықты анықтамайды. Бәрі адамның биоэнергетикалық өрісінің қаншалықты үйлесімді дамығанына, оның қаншалықты дұрыс жұмыс істеуіне байланысты болады.

 

 Адамның биоөрісінің өзіне тән анатомиясы мен физиологиясы болады. Биоөрістің негізгі энергетикалық органдары энергетикалық орталықтар болып табылады, олардың кеңінен тараған атауы «чакралар». Басты энергетикалық орталықтар немесе чакралар адамда жетеу, олардың негізгі міндеті – адам ағзасының қоршаған ортамен белгілі бір діріл жиіліктерінде жұмыс істейтін арнайы каналдар арқылы энергия алмасуын қолдау. Әр чакраның діріл жиілігін адамдардың көпшілігі сезім органдарымен сезе алмайды, бірақ дәл осы каналдар арқылы және дәл осы чакралар арқылы адамның ғаламдардағы барша тіршілікпен негізгі байланысы орнатылады. Негізгі чакраларға бағынатын, көмекші, жеке жұмыстарды атқаратын көмекші чакралар да болады. Сондықтан да егер негізгі чакралар қалыпты жұмыс істейтін болса, адам ағзасының қалыпты екеніне сенімді болу керек.

 

 Негізгі жеті чакраның орталықтары  омыртқалар арқылы өтетін тәннің  өстік сызығының бойында орналасқан, тек шеткі екі – бірінші  және жетінші чакра ғана тәннің  алдыңғы және соңғы бөліктерінде  шоғырланады. Әрбір чакраның өзінің белгіленген орны мен өзіне тән сипаттамалары: діріл жиілігі, мантрасы (дыбысталуы чакраның дамуына әсер ететін буын),  дыбысталу нотасы, түсі болады. Белгілі бір түстің әсері адам денсаулығына оң әсер береді.

 

 Қызыл түс жүйке жүйесін  қоздырып, сезімдерді оятады, қан айналысы жүйесінің жұмысын белсенді етіп, жұқпалы ауруларды, радиациялық сәуленің зардаптары мен ультракүлгін күйіктерді емдеуге көмектеседі.

 

 Фуксин немесе қызыл анилин  бояуы өзінің түсімен эмоцияларды  сабасына түсіріп, қан қысымын  қалпына келтіреді, бүйректер мен бүйрек бездерінің жұмыстарын жақсартады.

 

 Алқызыл түс те бүйректер  мен бүйрек бездерінің жұмыстарын  жақсартады. Ол адамның эмоционалдық  деңгейін көтеріп, жыныстық органдардың  жұмысын белсенді етеді, қан  қысымын көтереді.

 

 Қызғылт сары түс өкпе мен бронхылардың сауығуына көмектеседі, қалқанша безі мен асқазанның жұмыстарын жақсартады, тамырлардың тарылуы мен бұлшық еттердің тартылып қалуынан арылтады, сүйектердің өсуіне көмектеседі.

 

 Сары түс лимфа тамырларының, қозғалыс және сезім жүйкелерінің, ас қорыту жұмыстарын жақсартады, гармондардың түзілуін күшейтеді.

 

 Көк түс антиканцерогендік  қасиеттерге ие.

 

 Әрбір чакра ағзаның белгілі  бір органдары мен жүйелерінің,  психикалық сезімдер жұмысына  бақылау жасайды, әр чакраға  сәйкес келетін ағза жұмысын қамтамасыз етеді. Чакралардың жұмысының бұзылуын ағзаның қандай да бір ауруларынан білуге болады. Энергетикалық чакралардың негізгі сипаттамалары кестеде берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Әуенмен емдеу – денсаулыққа пайдалы