Әуенмен емдеу – денсаулыққа пайдалы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2013 в 15:02, реферат

Краткое описание

Адам денсаулығының сырқатын емдеудің әдіс-тәсілдері әртүрлі болады. Соның бірегейі әуен терапиясының жаңа технологиясы. Бұл емдеу әдісі жан мен тәнді дәрі-дәрмексіз емдеуде емшілікте басты бағытқа айналуда, бұл бағыт адамға дәстүрлі халық медицинасының ең озық үлгілерін үгіттеуге мүмкіндік бере алады.

Ағза өмірлік күшінің генетикалық қорын табиғи түрде жұмсап бітірген кезде, денсаулығы мықты әрі бақытты болуға тырысатын адамдардың бәрі бірдей қартайғанға дейін жақсы көңіл-күйін сақтағанымен, содан кейін жеңіл әрі тыныш жеке өмір жолын аяқтай алмайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Әуенмен емдеу.doc

— 119.00 Кб (Скачать документ)

 

 Свадхистанның ерекше қуатының  жастық және ересектік кезеңдегі  денсаулықты сақтауды қамтамасыз  ететіндігі аса маңызды. Адамдарда Свадхистананың толық жұмыс істеуі эмоционалдық өрістің тепе-теңдігін сақтайды. Ал адамдарды семіруге алып келетін тамақ ішуге патологиялық тәуелділіктің пайда болуына кедергі келтіреді.

 

 «Түймедағы эфир майының  әуені» хош иісті әуенмен емдеу  бағдарламасы екінші энергетикалық орталық Свадхистананың үйлесіміне арналған. Оның көмегімен зәр шығару-жыныс жүйесінің психосоматикалық қобалжуы, ерлердің белсіздігі мен әйелдерде тілектің төмендеуі кезінде тұрақты емдеп сақтандыруға болады.

 

 «Түймедағы  эфир майының әуені» сондай-ақ, түнде кіші дәретке жиі баратын адамдар үшін де пайдалы, бұның органикалық ауытқуларға, жұқпалы ауруларға және қуық пен бездердің (ерлерде) қабыну ауруларына байланысы жоқ.

 

 

 

 Жалбыз  эфир майының әуені

 

  Үшінші  энергетикалық орталық (Манипура) – жүйкелердің шоғырлануы деңгейінде орналасқан. Энергетикалық қатысы жағынан Манипура жүйке плексусын, құрсақ үсті жүйкелерді тоғысқан жерін және кіндік аймағын қамтамасыз етеді.

 

 Жүйкелердің  шоғырлануы дененің осы бөлігінде  орналасқан барлық ішкі органдардың – асқазанның, ұйқы бездерінің, бауырдың, өт қабының, көк бауырдың, ұлтабардың тіршілігін бақылайды. Сондықтан жүйкелердің шоғырлануын энергетикалық жағынан қамтамасыз ету аса маңызды.

 

 Манипура  үшінші энергетикалық орталығының  тепе-теңдігін ұстап тұру үшін, яғни абдоминалдық қуыс органдарының психосоматикалық ауруларын емдеу үшін және олардың алдын алу үшін хош иісті әуенмен емдеу бағдарламасына «Жалбыз эфир майының әуені» енгізілген.

 

 Бұл  әуенді әсіресе сырқат адамдар  үшін тыңдау емдік-сақтандыру әсері күшті. Үйде жасалатын әуен сеанстары оларда ішпен демалу түрін дамытады, бұл оларға психоэмоционалдық өрісін сауықтыруға қажет. Сеанс барысында тыныс алуға, демді ішке тарту мен сыртқа шығаруға басты назар мен ішпен демалуға тырысу керек.

 

 

 

 

 

 

 

Герань  эфир майының әуені

 

 

Төртінші  энергетикалық орталық (Анахата) –  жүректі, өкпені, қабырға мен төсті, иммунитеттің бір түріне жауапты  айыр безін (тимус) энергиялармен қамтамасыз етеді.

 

 Анахата энергиясының жетіспеуі төменгі тыныс алу жолдарының ауруларына және өкпе қабынуына алып келеді, бұл аурулар иммунитет жұмысының төмендеуінен және иммунитет жетіспеушілігінен туындайды.

 

 «Герань эфир майының әуені»  кардиологиялық ауруларды емдеуде  дәрілік әдістермен бірге  де жақсы қолданылады, соның нәтижесінде уақыт өте келе дәрілердің мөлшері азайтылып (дәрігердің бақылауымен) немесе тіпті тоқтатылады. Ол әсіресе ми және сүйек-бұлшық ет типті  (соңғысы – 35 жастан асқаннан кейін) адамдар үшін және жүректің ишемиялық ауруларының туу қаупі болатын 50-55 жастағы әйелдер үшін қолданылады.

 

 Бұдан басқа «Герань эфир  майының әуені» энергиялық-ақпараттық  паразитизмнен зардап шегетін  адамдармен қарым-қатынас жасағаннан  кейін қайта қалпына келу үшін  де көмектеседі.

 

 

 

 Жусан эфир майының әуені

 

 

 Бесінші энергетикалық орталық  (Вишудха) – қалқанша безі мен  қалқанша жанындағы безді, жоғарғы  тыныс алу жолдарын, көмекей, дауыс  байламдарын энергиямен қамтамасыз  етеді.

 

 Қалқанша безінің жұмысы  ағза мен психиканық қалыпты  жұмыс істеуі үшін аса маңызды. Тамақта және ауыз суда йод жетіспеушілігінен қалқанша безі дұрыс жұмыс істемейді. Бірақ йод жеткілікті болған күнде де егер Вишудха энергиямен қамтамасыз етпеген жағдайда қалқанша безінің қызметі бұзылуы мүмкін. Бұндай жағдайларда адамдар бас ауруларынан, күйзелістерден зардап шегеді. Иммунитет төмендеп, жүрек ырғағының бұзылуы, дене салмағының артуы байқалады. Сонымен қатар Вишудхада энергияның жетіспеушілігі ашуланшақтық, иық пен желкедегі бұлшықеттердің ширығуы сияқты құбылыстарды тудырады. Әйелдерде етеккір циклі бұзылып, етеккір алдындағы синдром күшейеді. Адам ағзасы жылдам тозып, қартаяды.

 

«Жусан эфир майының әуені» –  осы аурулар мен құбылыстарды емдеуге арналған.

 

 

 

 Шалфей эфир майының әуені

 

  Алтыншы энергетикалық орталық  (Аджна) – қастың арасында орналасқан. Ол мидың лимфалық жүйесін, сопақша ми, домалақ безді (эпифиз) – ағзаның гармоналдық тепе-теңдігіне жауапты ішкі секреция бездерін энергиямен қамтамасыз етеді.

 

 Энергетикалық деңгейде Аджна  көру, есту, иіскеу, дәм сезу, сипап сезу қабілеттерін, бақылайды. Үндінің дәстүрлі дәрігерлері бұл энергетикалық орталықтың адам ағзасындағы Ай фазаларымен байланысты ғарыштық-биологиялық кезеңдері үшін жауап береді.

 

 Алтыншы энергетикалық орталықтың  үйлесімділігі көптеген аурулар  мен эндокриндік аурулардың алдын алып, едмеуде үлкен роль атқарады. Бұл міндетті «Шалфей эфир майының әуені» орындайды. Ұстама аурумен ауыратын адамдарға оны өз бетінше пайдаланудан аулақ болған жөн.

 

 

 

 Лаванда эфир майының әуені

 

   Жетінші энергетикалық орталық (Сахасрара) – бастың төбесімен церебралды жүйке өрімімен байланысты. Үндінің дәстүрлі медицинасында және ортағасырлық йога жүйелерінде оны ғарыштық энергияны «қабылдаушы» деп санайды. Сахасрару арқылы адамның энергиялық-ақпараттық жүйесіне кіріп, ғарыштық энергия омыртқаның оң жағынан өтетін канал арқылы түседі. Одан кейін төменгі орталықтардың әрқайсысында омыртқаның сол жағында орналасқан канал бойымен көтерілетін Жер энергиясымен кездеседі.

 

 Сахасрара энергетикамен ми  қыртысын қамтамасыз етеді, бұл ауызша және жазбаша тіл, ойлау, жады сияқты қызметтерді қамтиды.

 

 «Лаванда эфир майының әуені»  сеансын тыңдау – ғарыш энергиясын  үзбей алуға мүмкіндік береді, сөйтіп адам жайнап, өмірге құштарлығы  артады.

 

 Жеті эфир майының әуені  сауықтыруға кең жол ашады. Ауруды емдеу мен оның алдын алудың дәрі-дәрмексіз түрі бола отырып, әуенмен емдеу теріс әсерлерден ада және аллергиялық реакция бермейді. Оны үйде қолдану отбасының барлық мүшелеріне жағымды минуттар сыйлайды.

 

 

 

 Арнайы әуен жазылған үнтаспаны

 

 немен алмастыруға болады?

 

  Адамдардың барлығы бірдей  Әуенмен емдеуде дәстүрлі халық  медицинасының ғылыми-зерттеу институты  әзірлеген хош иістер әуені  бағдарламасын сатып ала алмайды.  Бұларды классикалық әуендермен  алмастыруға болады. Бұндай жағдайда  төмендегідей кеңестер беріледі:

 

 

 • симфониялық шығармаларды  немесе оркестрмен орындалатын  фортепиано, ішекті немесе үрмелі  аспаптар концертерін таңдау  керек;

 

 • шығармалардың үндестілігі  (тональность) әдетте кассетада  көрсетіледі, раушан хош иісі  үшін до-мажор немесе до-минор әуенін, түймедағы хош иісі үшін ре-мажор немесе ре-минор үндестілігін, жалбыз үшін ми-мажор немесе ми-минор әуенін және күйлер мен әндерді таңдаңыз. Герань, жусан, шалфей және лаванда үшін жетілік ретте тәртіп бойынша басқа ноталар – «фа»-дан «си»-ге дейінгілер жарамды.

 

 • мажорлық немесе минорлық  шығармаларды таңдау сіздің эмоционалдық-психикалық  күйіңізге байланысты: егер жабырқау  күйден, қайғы, уайым сезімдерінен  шыққыңыз келсе, минорлық шығармаларды  таңдаңыз, содан кейін мажорлық  әуенге көшіңіз. Егер күйзеліс және теріс эмоционалдық жағдай болмаса, бірден мажорлық шығармаларды таңдауыңызға болады;

 

 • әуенді тыңдауды ұйғарған  бөлмеде жылытқыш радиатордың  жанына жаңіл қыш ыдыс қойып,  оған бөлме температурасындағы 50 мл қайнаған су құйып, 3-4 тамшы табиғи эфир майын тамызыңыз, ол сіз таңдап алған шығарманың үндестілігіне сәйке келуі тиіс.

 

 • өткізілетін емдік сеансты  тиісті түстерге қарап отырып, одан алынатын әсерді күшейтуге  болады: раушан үшін – қызыл  түс, түймедағы үшін – қызғылт  сары, жалбыз үшін – сары, герань үшін – жасыл, жаусан үшін – аспан көк, шалфей үшін – көк, лаванда үшін – күлгін.

 

 Классикалық әуенді түсінбеймін  деп уайымдамаңыз. Әуеннің бізді  Табиғат анамен біріктіретін  сиқырлы күшінен рахат алыңыз.

 

 

 

 Арнайы әуенмен өз бетінше

 

 қалай жұмыс істеу керек?

 

 

 

 Хош иісті әуендермен емдеу  бағдарламасымен сіз үйде өз  бетіңізше жұмыс істей аласыз. Егер сіз әуенмен емдеуге хош  иістерді қосқыңыз келсе, онда  алдын ала ол иістердің өзіңізге  әсерін тексеріп алғаныңыз жөн.  Ол үшін хош иіс көзін мұрыныңызға 15-20 см арақашықтықта әкеліп, алақаныңызбен тербеп, иісті өзіңізге қарай бағыттаңыз. Егер оның иісін ішке тарту жағымды болса, жүрек соғысын, самайдың бүлкілін, тершеңдікті күшейтпесе, онда хош иіс көзіне жақын тұруды 20-25 минутқа ұзартуға болады, сөйтіп оның төменгі ноталар әсерін тексере аласыз.

 

 Ешқандай жағымсыз сезім  болмағанына көз жеткізгеннен  кейін сол эфир майын тиісті  емдік әуенді тыңдау үшін пайдалануыңызға  болады.

 

 Түсті қосымша емдік фактор  ретінде қолдануға болады, тек түстер сізге жағымсыз болмауы тиіс.

 

 Бұндай сеанстарды өткізу  үшін ыңғайлы уақыт таңдап  алу керек. Өзіңізге демалып,  Табиғаттың сауықтырғыш әлеміне  толығымен енуге мүмкіндік беріңіз.

 

 

 

 Астрологиялық әуен

 

 

 

 Қазіргі таңда денсаулық  мәселелерімен және адамның мүмкіндіктерін зерттеумен айналысып жүрген көптеген мамандарды толғандырып жүрген мәселе – жеке адамның туған күні мен ауруларға бейімділігінің арасындағы байланыс. Бүгінде бұл мәселемен медициналық астрология саласын дамытып жүрген зерттеушілер айналысуда.

 

 Медициналық астрология адам  өмірінің ырғақтарын анықтайтын  ғарыштық-биологиялық кезеңдердің  ежелгі сипаттамалары мен статикалық  зерттеулердің қазіргі заманғы  әдістеріне, космобиолог ғалымдар  мен экологтар әзірлеп, жүзеге  асырған теориялық білімдер мен тәжірибелерге негізделеді.

 

 Әуенмен емдеуде адам денсаулығының  оның дүниеге келу кезіне байланыстылығы  ерте заманда қытайдың дәстүрлі  медицинасы мен әуен терапиясында  бірінші рет қозғалған.

 

 

 

 Астрологиялық әуен ұстанымдары

 

 

 

 Емдік-сақтандыру мақсаттарында астрологиялық әуен жазбаларымен өз бетінше жұмыс істеу мәнін түсіну үшін ежелгі қытай медицинасына тән әдіспен танысу керек. Бұл ағзаның өміршеңдігінің ырғақтары мен сіздің жеке тұлғалығыңызды нығайту үйлесімділігі ретінде астрологиялық әуеннің мәнін жете түсіну үшін өте маңызды, сол арқылы сіз сәттілік пен өмірден рахат алуға жол саласыз.

 

 

 

Биоэнергетикадағы вампирлік

 

 

 

 Кез келген адам өзінің  ағзасының қалыпты өмір сүруі  үшін қоршаған әлемнен энергия  алуы керек. Мамандардың айтуынша, адам ағзасының судан, ауадан, тағамнан алатын энергиясы оның қоршаған ортадан алатын энергиясының бір ширегіне де жетпейді. Адамның энергетикалық тепе-теңдігінің басым бөлігі – бұл ғарыштық энергия. Дәл осы энергияны тұтынудан тыныс алу органдарының, қан айналысының, асқазан-ішек жолдарының, эндокриндік жүйенің және басқа жүйелер мен органдардың қалыпты жұмыс істеуі қалыптасады. Ғарыштық энергия ойлау процестері мен психика қызметі үшін энергияның негізгі күші болып табылады. Аз жеп, аз ішіп те тән мен жанның саулығын сақтауға болады. Бірақ ағзаға рухани энергияның қалыпты түсуі бұзылса, оның барлық жұмысы бұзылады, өйткені дәл осы энергия адамның энергетикалық деңгейінің күйін анықтайды. Сондықтан осы деңгейге қарай адамдар бірнеше дәрежеге бөлінеді.

 

 Бірінші дәрежеге  ауру, денсаулықтары  жоқ адамдар жатады, олардың биоөрісі  айтарлықтай әлсіз болады.

 

 Екінші дәрежеге адамдардың  көпшілігі жатады, олар қандай  да бір аурулардан зардап шекпесе  де, өзінің биоөрісін де, басқа  адамдардың, жан-жануарлардың, жалпы айтқанда, қоршаған ортаның түрлі заттарының биоөрістерін сезе алмайды.

 

 Үшінші дәрежедегі адамдар  өздерінің, басқа адамдар мен  жан-жануарлардың, сондай-ақ қоршаған  ортаның түрлі заттарының биоөрістерін  сезе алады. Бұндай адамдарды  экстрасенстер деп атайды.

 

 Төртінші дәрежеге өздерінің  биоэнергиясын шоғырландырып, оны  кез келген нысанға бағыттай  алатын адамдар жатады. Бұл деңгейге  емшілер (хилерлер), шамандар, сиқыр  иелері жатады.

 

 Бесінші энергетикалық деңгейдің  дәрежесіндегі адамдар өз ағзаларындағы клеткалардың (жыныстықтан басқасын) көбеюін басқара алады. Бесінші дәрежеге өзінің энергетикасын күшейту жолында саналы түрде жұмыс істеген адамдар ғана жете алады.

 

 Алтыншы энергетикалық дәреже  күрделі клеткалардың (жұмыртқа  клеткалары мен сперматозоидтардың) көбеюі мен құрылымын басқару мүмкіндігін береді. Бұндай дәрежеге жататын биоэнергетиктер мен жоғарғы дәрежелі емшілер көп емес.

 

 Жетінші энергетикалық деңгейдің  дәрежесіне жеткен адамдар өздерінен  төмен энергетикалық деңгейде  тұрған басқа адамдардың психикасын бақылай алады. Бұндай адамдарға жоғарғы дәрежелі емшілердің көпшілігі жатады.

 

 Сегізінші дәрежеде күшті  жасампаз немесе күйреткіш күшке  ие адамдар болады, олар бұл  күшті өздерінің қалауы бойынша  алдына қойған мақсаттарын шешу  үшін бақылап, қолданады. Бұл дәреженің міндеті мен мәнін әр адам өзінің энергетикалық дамуының осы дәрежесіне жақындауына қарай өзінше түсінеді. Сегізінші дәрежедегі адамдар уақыт аралығында (көріпкелдік бұдан төмен энергетикалық дәрежедегі адамдарға да тән) және кеңістікте көше алады, түрлі аудандардағы ауа райы мен экологияны өзгертіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің түсімі мен мал басын арттыра алады.

 

 Адамның энергетикалық деңгейдің  төменгі дәрежесінен анағұрлым  жоғарғысына өтуі, оның өзінің  энергетикалық деңгейін мақсатты түрде арттыру процесінде секіріс түрінде жүреді.

 

 Әрбір адамның биоөрісінің  өз өлшемі, тығыздығы мен құрылымы  болады. Өзінің, басқа адамдардың, тірі  және өлі табиғаттағы заттардың  биоөрісін сезуге және көруге  қабілетті адамдар нысандардың  биоөрістерінен тиісті ақпараттарды оқи алады. Мысалы, «оның ойы өткір», «ол менің басымды ауыртты» деген сөздер және т.б. биоөріс ақпаратынан алынған.

Информация о работе Әуенмен емдеу – денсаулыққа пайдалы