Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 11:11, реферат
Біздің мемлекетіміздің қазіргі білім жүйесіндегі ең бір приоритетті бағыттың бірі – тәуелсіз Қазақстан азаматтарының жаңа ұрпақтарын тәрбиелеу болып табылады. Жас азаматтарды өз бетінше өмірге дайындау және олардағы белсенді азаматтық позицияларды қалыптастыру. Оның негізгі компоненттері, яғни үйлесімді сай келетін патриоттық, халықаралық сезіммен өнегелі-құқықтық және экономикалық мәдениет, жалпы мемлекетіміздің сондай – ақ еліміздің басқа азаматтарына сену мен оларды сыйлау жатады.
Кіріспе.................................................................................................................. 3
1. Негізгі бөлім.................................................................................................. 4
1.1 Патриоттық құндылықтарды қалыптастыру..................................... 4
1.2 Тұлға болып туылмайды, тұлға болып қалыптасады....................... 5
1.3 Ғылымдағы басты тұлға ғалым........................................................... 7
1.4 Болашақ жас ғалымның моделі........................................................... 9
1.5 Тақырыпқа байланысты ой толғаныстар........................................... 11
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................... 14
XXI ғасырдың бірінші жартысында, мен, қазақстандық студент ең бірінші топырақтану ғылымымен таныстым. Бастапқыда топырақтану саласын ғылыми-практикалық, экспедициялық тәжірибелерге қатыса отырып, менде қызығушылықтың белгілері көріне бастады. Сөйтіп, үшінші курстың екінші жартысынан бастап ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене кірістім. Жалпы биосферада, тіпті педосферада болып жатқан құбылыстар мені қатты қызықтырды. Биосфераның жеке элементтері, су, ауа, т.с.с топырақ арасындағы үйлесімді тепе-теңдік, соның ішінде топырақтың рөлі ерекше екендігі айқын болды. Жердің қойнауында, сондай-ақ литосфераның және оның ішіндегі топырақтағы әртүрлі құбылыстардың механизмдерін эмпирикалық әдістердің көмегімен ашу, құрамын, қасиеттерін, таралу заңдылықтарын, генезисін анықтау, антропогенді әсердің деңгейін түсіну, шындыққа жету менің болашақ мақсатым болмақ.
Шын мәнінде топырақтану ғылымы жеке индивидуалды. Генетикалық топырақтанудың негізін салушы В.В.Докучаев, уақыт, жер бедері, климат, тірі организмдер, аналық тау жыныстарының әсерінің нәтижесінде топырақтың табиғи-тарихи дене идеясын таратты. Сөйтіп, В.В.Докучаев идеясы қазіргі заманда актуалды.
Бірақ, көмекке Томас Кунның «ғылыми революция» атты трактаты көмекке келеді. Осы концепцияның арқасында топырақтанушылардың арасында тығыз қарым-қатынастар кеңейді және әртүрлі концепцияларды жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді.
Әр жердің өзіне тән ерекшеліктері бар, яғни барлық құбылыстарды эмпирикалық әдістер арқылы жеке-жеке түсіндіру қажет. Сөйтіп менің ғылыми-зерттеу обьектіміздегі содалы тұздану құбылысы, яғни топырақтағы әртүрлі химиялық заттардың миграциясы, аккумуляциясы, денудациясын сол топырақтардың генезисін, жасын анықтау және мелиорацияның әртүрлі әдістерін қолдана отырып, оның шындығына жету мүмкіндігі, менің қызығушылығымды үдей түсіреді.
Ғылыми түлға болып қалыптасу үшін, жетекші тұлға орнының ерекше екендігін атап кеткен жөн. Жоғарыда аталып кеткендей ғалым, мұрагер қалдыру мақсатында, осы проблеманы жалғастырушы ретінде тұлға болып қалыптасуыма барын салатыны айқын. Өзінің адалдық, кең – пейілділік, көркем – мінездік, биологиялық іс-әрекеттеріне қарап идеал адамды көз алдыма елестетеді. Ғылыми ұжымның бір мүшесі ретінде осы топырақтану ғылымының жоғары деңгейге шығатынына көзім жетті.
Қазақстан Республикасының территориясы негізінен планетамыздың ең бір ағымсыз тұйық облысында жатыр. Мұнда физикалық-географиялық ерекшеліктеріне байланысты ТМД елдерінің 80% ға жуық тұзданған топырақтар қалыптасқан. Топырақтардың тұздану процесін эмпирикалық әдістер арқылы түсіндіру, бұл проблеманың біздің территорияда «мәңгілік» екендігі бәрімізге мәлім. Сол себепті топырақтану ғылымы әрқашанда актуалды болып қала береді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Журнал «Почвоведение» № 12, 2005г., раздел генезиса и эволюции почв.
2. Т.Г.Лешкевич «Философия науки»., традиций и новаций., учебное пособие для вузов., М: 2001г
3. Журнал «Педагогика» № 1-10, 2009г
4. В.А.Канке «Философия науки»., Омега-Л., 2008г
5. Қ.Б.Жарықбаев «Жантану негіздері»., 2008ж
6. Курс лекций по психологий., 2003г