Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 11:11, реферат
Біздің мемлекетіміздің қазіргі білім жүйесіндегі ең бір приоритетті бағыттың бірі – тәуелсіз Қазақстан азаматтарының жаңа ұрпақтарын тәрбиелеу болып табылады. Жас азаматтарды өз бетінше өмірге дайындау және олардағы белсенді азаматтық позицияларды қалыптастыру. Оның негізгі компоненттері, яғни үйлесімді сай келетін патриоттық, халықаралық сезіммен өнегелі-құқықтық және экономикалық мәдениет, жалпы мемлекетіміздің сондай – ақ еліміздің басқа азаматтарына сену мен оларды сыйлау жатады.
Кіріспе.................................................................................................................. 3
1. Негізгі бөлім.................................................................................................. 4
1.1 Патриоттық құндылықтарды қалыптастыру..................................... 4
1.2 Тұлға болып туылмайды, тұлға болып қалыптасады....................... 5
1.3 Ғылымдағы басты тұлға ғалым........................................................... 7
1.4 Болашақ жас ғалымның моделі........................................................... 9
1.5 Тақырыпқа байланысты ой толғаныстар........................................... 11
Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................... 14
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Кәсіптік оқыту» кафедрасы
Тақырыбы: «Тұлға және оның қалыптасуы»
Қабылдаған: Аманбаева Э.А.
Орындаған:Умиралиева Ж.
6M081100-«Өсімдік қорғау және карантин»
Алматы 2012
МАЗМҰНЫ
Кіріспе....................... |
3 | ||
1. |
Негізгі бөлім......................... |
4 | |
1.1 |
Патриоттық құндылықтарды
қалыптастыру.................. |
4 | |
1.2 |
Тұлға болып туылмайды,
тұлға болып қалыптасады....... |
5 | |
1.3 |
Ғылымдағы басты тұлға
ғалым......................... |
7 | |
1.4 |
Болашақ жас ғалымның
моделі........................ |
9 | |
1.5 |
Тақырыпқа байланысты ой
толғаныстар................... |
11 | |
Қолданылған әдебиеттер
тізімі........................ |
14 |
КІРІСПЕ
Біздің мемлекетіміздің қазіргі білім жүйесіндегі ең бір приоритетті бағыттың бірі – тәуелсіз Қазақстан азаматтарының жаңа ұрпақтарын тәрбиелеу болып табылады. Жас азаматтарды өз бетінше өмірге дайындау және олардағы белсенді азаматтық позицияларды қалыптастыру. Оның негізгі компоненттері, яғни үйлесімді сай келетін патриоттық, халықаралық сезіммен өнегелі-құқықтық және экономикалық мәдениет, жалпы мемлекетіміздің сондай – ақ еліміздің басқа азаматтарына сену мен оларды сыйлау жатады.
Осы бағыт қызметінің даму мен динамикасы уақыт призмасы арқылы қоғамдық қатынастардың даму тарихына барады. Өткенге қызығушылық әрқашанда тарихтың шұғыл бұрылысында жоғарылайды. Тарих – генетикалық еске сақтаумен ерекшеленеді. Ол халық пен мемлекетке тұқымқуалаушылық ауруларды қалдырады. Менің замандастарыма осы ауруларды айыра оқып тануға тура келеді. Бізге ешқашанда қателіктерден қорықпау қажет. Сол қателіктерді қайталамаудан қорқу керек.
Ұмтылу – ол жастардың қалыпты қажеттілігі. Осы кезде жастар қандай да бір салада өздерінің барлық мүмкіндіктерін көрсетуге тырысады. Тек қана әртүрлі ғылыми – практикалық қызметтерге қатысу арқылы тұлғаның жеке тұлғалық және социализациялық процесстері қарқынды жүреді, сондай – ақ өзінің немесе командасының іс – қимылдарына құқықтық жауапкершілікпен саясат бостандығына дайын болады.
1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Патриоттық құндылықтарды қалыптастыру
XXI ғасыр алдындағы мақсат-әлемдік өзгерістерге тез бейімделіп, жастардың кәсіби даярлығын іске асыру. Осыған орай, осы ғасыр мектебі жалпы адамзаттық мәдениет пен өркениетті негізге ала отырып, келешекке ұмтылады. Әлеуметтік қоғамда рухани жетілген, жан дүниесі бай, ар-ұжданы, адамгершілігі мол тұлғаның қалыптасуы үшін тек қана жалпы адамзаттық құндылықтарды ұстанып қана қоймай, жалпы ноосфералық инттелект жасап, адамзаттық, әлеуметтік болмысын қабілетін дамыту мәселесі көзделеді. Болашақ қоғамның капиталы білімділік пен иттелектілік (зерделілік) адам капиталының инвестициясына айналмақ, ал адамның рухани – тән саулығы, оның жан-жақты дамуы, кәсіби даярлығының ауқымдылығы мен икемділігінің артуы шығармашылық қалыптан тысқары міндеттерді шешуге бағытталмақ. Патриоттық тәрбие беру үрдісінде ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара байланыстыра отырып, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастыру. Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық дегеніміз-елі мен туған жерін, Отанын сүю, мемлекеттің тәуелсіздігі мен бейбітшілігін, әлемдік тыныштықты сақтау үшін күресу, өзінің ана тілін, дінін, салт – дәстүрін бүгінгі заман талабына сай ұлттық мүдде негізінде жетілдіру қоғамдағы ізгілік қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейірімділікті, ұлтаралық мәдениетті дамыту.
Тұлғаның бойындағы рухани құндылықтарды қалыптастырудың негізгі көзі-отбасы, әулет, әлеуметтік орта, аймақ, мемлекет, әлеуметтік кеңістік болса, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық-қазақ патриотизмі, ұлттық патриотизм, қазақстандық патриотизм, жалпы адамзаттық патриотизм арқылы көрініс бере отырып, тұлғаның бойында құндылықтың жоғары көрсеткіштері-мемлекет және ұлт алдындағы міндет, парыз намыс, ұлттық рух, ұлттық сана және ұлттық тарихқа салт дәстүрге деген сүйіспеншіліктері қалыптасады. Психологиялық тұрғыда патриоттық құндылықтар сапаға айналып, іс-әрекет тұрғысынан көрініс береді.
1.2 Тұлға болып туылмайды, тұлға болып қалыптасады
Әлеуметтану динамикалық сипаты болғандықтан, тұлға-бұл әрқашан да үдеріс, бұл үнемі қалыптасу. Тұлғаның деградациялануы индивидтің өзге ерікке толығымен бағынып және оның әрекеті алдын-ала бағдарланып қойылған жағдайда, яғни әрекет пен таңдау еркіндігіне орын қалмаған жағдайда да кездеседі. Адамды қоғамнан және қарым-қатынастан бездіру әрдайым ең қатал жазалардың бірі болып саналады, өйткені ұдайы оқшаулану мен жалғыздық тұлғаның өз мәніне қайшы келеді. Тұлғаның тағы бір маңызды сипаттамасы-оның адамгершілік-рухани мәні. Тұлға мазмұнының және бағалауының маңызды компоненті ретінде оның санасының дүниетаным, адамгершілік және жауапкершілік деңгейімен сипатталатын тұлғалық бағдарлары көрінеді. Адамның бойындағы инттелектуалдық – адамгершілік және еріктік қасиеттері неғұрлым айшықты көрінген сайын, оның өмірлік бағдарлары жалпы адамзаттық құндылықтармен сәйкес келеді, тұлғаның өзі де маңызы артып, бұл құндылықтардың орнығуы мен дамуына оң ықпалымен әсер етеді.
Бұл тұрғыда ол өз рухы,
еркіндігі, шығармашылығы мен
Дәл сондай жағдайда ғана, яғни іс нақты қылыққа жеткенде ғана тұлға болудың, еркін болудың, адал, принципиалды болудың және т.б. қиын да ауыр екендігі аңғарылады. Өйткені, егер индивид өзін шын тұлға деп есептеп, соған ұмтылса ол өзінің тек ақыл-ойында ғана емес, ең алдымен қылықтарында да жауапкершілігі болуы тиіс. Тұлғаның еркіндік жағынан сипаттамасы сөзсіз қажет. Еркіндік тұлға атрибуты, бірақ жауапкершіліксіз еркіндік- бұл шектен тыс бейберекетсіздік. Сондықтан жауапкершіліктің тұлға атрибуты ретіндегі маңызы бір де кем емес, кейде ерікті болғаннан жауапкершілікті болған қиынырақ.
Сонымен, тұлға болу қиын. Нағыз тұлға еркіндігі мен жауапкершілігі үнемі шығармашылықты, көңіл-күй сілкінісін, уайым қайғыны талап етеді. Тұлға неғұрлым жоғары және маңызды болған сайын, оның өзі мен өзгелер алдындағы жауапкершілік деңгейі жоғары. Ғылымдағы тұлға ретінде адамның мәні – оның әлем мен тарихтағы орны мәселелеріне тіреледі. Тұлға бұл жерде адамдар әрекеті мен қарым-қатынастарының, қоғамдық қатынастардың, қоғамдық идеалдардың, құндылықтардың индивидуалдық көрінісі және субьекті ретінде қарастырылады.
1.3 Ғылымдағы басты тұлға – ғалым
Жалпы білім қорын ғылымғы дейінгі, яғни күнделікті өмірде туындаған білім және ғылыми деп екіге ажыратуға болады. Ғылымға дейінгі қарапайым білім тіршілік барысында, іс-әрекет үстінде, тәжірибе ауқымында жинақталады. Ол бар болғаны құбылысты сипаттайды, оқиғаның қалай етіп жатқанын пайымдайды. Ал ғылыми білім терең де мазмұнды. Ол құбылысты, оқиғаны жай сипаттаумен ғана шектелмейді. Құбылыс неге мұндай, оқиға неліктен басқаша емес, дәл осылайша өтіп жатыр, себебі бар ма, алда не күтіп тұр деген сұрақтарға дәйекті жауап қайтарады. Басқаша айтқанда, ғылыми білім оқиғаларды, құбылыстар мен фактілерді бейнелеп, сырттай сипаттап қана қоймайды, сонымен қатар оларды түсіндіреді, ішкі табиғатын, мәнді жақтары мен маңызды байланыстарын ашып көрсетеді, яғни даму заңдылықтарын айқындап түйіндейді. Осы негізінде ғылыми білім оқиғалардың, құбылыстардың бұдан былайғы даму бағдарларына болжам жасайды. Ғылыми білім рухани дүниенің құрамдас бөлігі есебінде қашанда жүйелілігімен, логикалық тұрғыдан ұйымдасқандығымен және теориялық сипатымен ерекшеленеді. Ғылыми білім ғылыми қиындықтары мен қайшылықтары мол ізденістен, шығармашылық іс-әрекеттің барысында туындап, жинақталып жүйеленеді. Заттардың құбылыстар мен процесстердің ішкі болмысын, табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын, байланыстарын ашып, даралап тұжырымдайтын шынайы ақиқат, жүйеленген қисынға келтірілген білім және объективтік шындық. Тарихи тұрғыда ғалым адамзат қоғамы дамуының белгілі бір сатысында, өзі туғызатын қажеттіліктерге байланысты, ой еңбегі мен дене еңбегі бөлініп, қауымдық қоғам ыдырап, таптық қоғам қалыптаса бастаған кезеңде пайда болған. Алғашқы ғылыми жүйелі ой – пікірлер мен тұжырымдар ертедегі Шығыста, Египетте, Вавилонда, Грекияда т.б. қарапайым білім негізінде дүниеге келген. Тарихи ең алғашқы ғылыми жүйе философия болғаны белгілі. Одан практиканың сұранымдарына, өндіріс қажеттерін қанағаттандыруға байланысты түрлі ғылымдар философия құрамынан жіктеліп шығып, өз алдына дербестік алды.
Ғылыми таным мен ғылымның пайда болуын өндірістік, әлеуметтік және логикалық факторлар да әсер етті. Практикалық қызмет, қоғамдық қатынастар, қоғамдық еңбек бөлінісінің өндірістік, техникалық талаптары-әлеуметтік ғылымдардың өмірге келуіне түрткі болған факторға, ал ғылыми таным дамуының ішкі логикасының қажеттері-логикалық ғылымдарды талап ететін факторға жатады. Табиғат қоғамның объективті, адам санасынан тәуелсіз заңдарын ашу-ғылымның негізгі мақсаты. Ғылым-тарихи-заттық және рухани дүниенің объективті заңдарын ашу және қарастырылып отырған құбылыстарды, процесстерді солардың негізінде түсіндіріп, жаңа бағыттары мен бағдарларын болжай білу құралы. Ғылымды математикаландыру, ғылым мен техниканың дамуына есептеу техникасы мен информатиканы кеңінен қолдану, адам қызметінің көптеген саласына компьютерлік техниканың еркін енуі – қазіргі ғылым ерекшеліктерінің бірі. Ғылымды техникамен және өндіріспен байланыстарын қажетті буын- қолданбалы зерттеулер мен технологиялық ізденістер. Олардың міндеті-іргелі ғылым ашқан жаңа заңдар мен идеяларды қоғамдық өндірісте қолданудың ең қысқа және ұтымды да тиімді жолдарын іздестіру. Ғылымдағы тұлғаның тұжырымы нақты болуы қажет. Тек сонда ғана ғылым алдына қойған мақсатына жетеді. Әр нәрсенің тек өзіне тән әдісі бар. Ғылым теорияны мүлтіксіз басшылыққа алып отыруға, ғылыми ізденістің методологиясын бірлікпен қолдануға міндетті. Ғылымда, тарихта да негізі өмірінде де өз өзін қалдыратын тек қана нағыз тұлға..
1.4 Жас ғалымның моделі немесе портреті
Патриоттық құндылықтарды және тұлға мәселесін айта келе қазіргі замандағы ғалымның портретіне тоқталған жөн. Қазіргі заманның ғалымы қандай түрде бейнеленеді? Бұл сұрақтың жауабын табу үшін, әйгілі философ Пол Фейерабендтің «Қазіргі заман ғалымы» атты философиялық еңбектеріне тоқтала отырып, қазіргі заман ғалымының бейнелік, психологиялық айырмашылықтарын ұғыну үшін тырыспақпыз. Ол өзінің досы, коллегасы философ Имре Лакатосқа қарап, қазіргі заман ғалымының портретін жасайды.
Демек, қазіргі заман ғалымы, ешқандай ұяттылықсыз қандай жағдай болмасын өзінің ойларын, тұжырымдарын қорғайды. Шын мәнінде, қазіргі замандағы өзгерістерге, идеологияларға байланысты, әртүрлі тұжырымдардың, жалығушылықтың, тәжірибенің өзгеруінен және өзін көрсету немесе тағы басқалардың әсерінен ғалымның алдына қойған мақсаты - өзгермелі немесе тұрақты түрде болады. Ол өз алдына қойған мақсатына жеке дара немесе ұйымдасқан топпен жетуі мүмкін. Сондай-ақ адам ашқан кез-келген құрал арқылы өзінің ақыл - парасатын, эмоцияларын және салмақты қызығушылық позициясын қолдана алады. Ол ашық және үздіксіз түрде универсалды идеяға және универсалды стандарттарға қарсы шығады. Ғылыми адалдықты жігерлікпен қорғау мақсатында ол кез-келген Нобель лауреатын асып түсе алады. Өзінің сезім мүшелері арқылы ашқан ғылыммен салынған әлемнің суретін тек химера деп есептемейді, демек, соңғысы руханы шындылықты терең сипаттайды. Ол процедураларға, феноменге, қайғыруға үлкен қызығушылық сезімін танытады. Фейерабенд мынандай тезисті көпшілікке жариялайды: Өзін табиғат заңдылықтарымен байламаған жағдайда ғана, ғалым жетістікке жетеді. Оның ақылында ақыл-парасатпен антиақыл - парасаттылық, мән мағынамен мағынасыздық, есеп пен жағдай, саналық пен санасыздық, гумандық пен антигуманизм бірігіп қосылған. Кей жағдайда ол өзінің оппоненттерінің психикасын ерекше тура түсінеді, бірақ эмоционалдық, рухани және социалды жолдарға (бағытқа) жеркенуді сезінуі мүмкін. Фейерабендтің талқыланбайтын қорытындысы бар: шын мәнінде, өзінің ісімен айналысып жүрген адам, адамзатқа және ғылымға пайда әкеледі. Ғалымның портретіне оның шындықты басқадан жоғары бағалайтыны және білімді өмірдің ең жақсы сыйы деп есептейтіні белгілі.
Шындықты- ол кез-келген наным - сеніммен, идеологиялардан, қоғамдық ойлардан маңыздырақ қояды, тіпті ғалым шындықты үгіттейді, демек, артынан оқушылармен мұрагерлерін қалдырады. Ғалым өмірінің мағынасы-шындықты іздеу, өзінің шексіз универсумды түсінудің сапасын жоғарлату болып табылады. Шын мәнінде, тіршілік иесі туғаннан бастап түсіну қабілетімен дарыған және одан қайтыс болғаннан кейін айырылады, бірақ оның сапасы мен түсіну сапасы-жинаған білімдер жиынтығымен алған тәжірибесіне және оның өткізген өмірлік жолына байланысты болады. Кез-келген адам, өзінің болмысын түсінумен әлемдік заңдарды тану үшін, оның ұмтылысына бостандық берілген.
«Білім адамдары» өзінің ғылыми еңбектерінің жемісін тек дайындалғандарға ғана бере алады. Ал керісінше дайындалмағандар оларды алып жүре алмайды. «Білім адамдары», яғни ғалымдар бүкіл әлемде таралған және бүкіл адамзаттың меншігі болып есептеледі. Олар бір-бірін іздейді және коммуникативті байланысқа түседі. Ғалымдардың байланыстары мен кездесулері әртурлі конференцияларда, симпозиумдарда, семинарларда және конгресстерде іске асады. Бірақ байланыстың ең бір дұрыс және жалпы қолданысқа ие болған жолы ол ғалымдардың ғылыми еңбектерін баспа арқылы жариялау болып табылады.
Белгілі ұғымда ғалым – ол белгісіздік, абайсыздық және жалған өтірік даласындағы жауынгер. Күрес пікір таласта да жүреді, демек, сонда шындық туындайды. Әлі күнге шейін қолданылып келе жатқан күрес формалары, яғни полемика, дискуссия арқылы өзінің тапқан шындығын қорғаймын деп ғалым - жауынгер күреске шығады. Күрес бірнеше майданда жүреді.
1.5 Тақырыпқа ой – толғаныстар (топырақтану парадигмасы: тану жолдары)
Нақты шындық – бұл
көптеген адамдардың қандай да бір
зат туралы елестетілген түсініктердің
жиынтығы. Біз белгілі бір оқиғалардың,
құбылыстардың әртүрлі
Педосфераның ерекше қиындығы және оның жеке бөліктерін, яғни табиғи кешендерді қабылдау, ұғыну және ойда сақтау арқылы қазіргі бар білімге ұран тастаймыз. Қандай жағдайда гипотеза немесе идея ғалымдармен кең түрде қабылданады және жаңа ғылымның негізі не болмақ. Бастапқыда ол туралы оқу немесе есту керек, содан соң оны өзіңнің тәжірибеңмен ұштастыруды тырысқан жөн. Сондай-ақ идея немесе гипотеза біздің ойымызда сақталған құбылыстар арасындағы байланыстар жайлы елестер үйлесімді түрде енуі керек. Топырақтану ғылымында бұл ерекше қиын. Себебі оның негізгі парадигмасы түпкілікті ерекше сипатта, яғни ол универсалды және терең индивидуалды.