Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 20:26, реферат
Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғары жетістігі – ойлай білетін адамның дүниеге келуі. Адам санасының қалайша пайда болғандығын ғылыми тұрғыдан бірден-бір дұрыс түсіндірген марксизм-ленинизм классиктері болды.Маркс пен Энгельс адамның санасы еңбек ету процесінде пайда болған , адам қоғам мүшесі , сондықтан оның санасы да әлеуметтік – тарихи құбылыс деп түсіндірді.
САНАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯСЫ
Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғары жетістігі – ойлай білетін адамның дүниеге келуі. Адам санасының қалайша пайда болғандығын ғылыми тұрғыдан бірден-бір дұрыс түсіндірген марксизм-ленинизм классиктері болды.Маркс пен Энгельс адамның санасы еңбек ету процесінде пайда болған , адам қоғам мүшесі , сондықтан оның санасы да әлеуметтік – тарихи құбылыс деп түсіндірді. Адамның еңбек етуі ,еңбек құралдарын жасап , оны пайдалануы оның санасының дамуына зор ықпал жасады.Адамды жаратқан да осы өндіруші еңбек. Еңбек ету арқылы ол өзінің түрлі тіршілік қажеттерін қанағаттандырып қоймай, айналасындағы дүниені тани түсуге де мүмкіндік алады. Еңбек ету арқылы адам тек материалдық игіліктерді өндіріп қана қоймай, өзінің ой-санасын ,психологиясын да қалыптастырады. Ф.Энгельс «маймылдан адамға айналу процесіндегі еңбектің ролі» (1875) деп аталатын кітапшасында адамның дүниеге келу жолын сөз етеді. Ағылшынның ұлы ғалымы Ч.Дарвин (1809-1889) біздің арғы тегіміз адам тектес маймылдардан пайда болғанын дәлелдегенімен , мұндағы еңбек процесінің шешуші ролін көрсете алмады. Энгельстің айтуынша, адамның дене және ойлау қабілеттерін жетілдіруде , оның миын дамытуда еңбек пен дыбысты тіл зор роль атқарған. Маймылдың адамға айналу процесінің өзі де өте күрделі нәрсе болған. Мәселен ,олар алғашқыда ағаштың басында секіріп жүріп күн көруден жер бетіне түсіп тіршілік етуге ,төрт аяқтап жүрудің орнына екі аяқтап жүруге мәжбүр болған.Мұның барлығы тіршілік талаптарынан туған ірекет еді. Бұл жөнінде Ф.Энгельс былай дейді: «Ең алдымен өздерінің бір нәрсеге өрмелеп шыққанда қолдың аяққа қарағанда өзге міндеттер атқаруын керек ететін тіршілік қалпының әсерінен болу керек , бұл маймылдар жермен жүргенде қолдың көмегін ұмыта бастап, барған сайын тік жүруді үйрене бастаған. Осы арқылы маймылдан адамға айналу үшін шешуші қадам жасалған ».
Сөйтіп күнделікті өмірдің жағдайлары адамның арғы тегін төрт аяқтап жүруден еқі аяқтап жүруге , алдыңғы екі аяғының бірте-бірте қолдың қызметін атқаруына ,өз қолымен қарапайым құралдар жасауына алып келеді. Адамның арғы тегі осы құралдарды күн көру үшін аң аулау және жауыннан қорғану үшін пайдаланатын болды. Құрал жасаумен бірге шын мәнісіндегі еңбек ету басталды.Қол еңбек операциясын жасайтын арнаулы мүше ғана емес ,сонымен бірге еңбектің жемісі болып та табылады. Алғашқы адамдар топтасып өмір сүрді.Кейін келе олар еңбек құралдарын бірлесіп істеп , оны бірлесіп пайдалана бастады.Еңбек адамзат қоғамының тууына , еңбектегі ұжымдық байланыстың тууына жағдай жасады.
Еңбек құралдарын жасау , онымен пайдалану адам организмінің анатомиялық құрылысына үлкен өзгерістер енгізді.Мысалы,біртіндеп омыртқа жотасы өзгеріске түсті,мойын омыртқалары ерекше жетілді,бас сүйегінің формасы мен көлемінің өзгеруі ми қабығы клеткеларының күрделенуіне мүмкіншілік туғызды.Сондай-ақ , олардың бет әлпеті күрделі өзгеріске түсті.Сөйтіп ,адам еңбек ету процесінде сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынас жасай отырып, бірте – бірте өз табиғатын да өзгертті , біртіндеп оның сана сезімі өсе бастады. Еңбекпен айналысу психиканың материалдық негізі мидың ,ми сыңарларының ерекше дамуына жағдай жасады.Бұл өз тарапынан сезім мүшелерінің дамуына , дыбысты тілдің пайда болуына ықпал етті, мұның өзі тіршілік қажетіне байланысты шықты. Сөйлеу әрекетінсіз адамдардың бірлесіп еңбек ету мүмкін болмас еді. Осы айтылғандардың нәтижесінде біртіндеп адамға тән психикалық процестердің мазмұны кеңейіп , қалыптаса бастады. Адамның бес сезім мүшесінің пайда болуы Маркс айтқандай,бүкіл дүние жүзілік тарихтың жемісі болды. Қоғамдық-тарихи тәжірибе негізінде адамның музыкашыл қылығы,табиғаттың көркемдігін көре білетін көздері,сезімтал талғамы және басқа сезім органдары дамып жетілді. Бұл жағдай адамның өзіне , табиғат және өзін қоршаған басқа адамдарға қатынасын сезінуге , алдына мақсат қоя білуге мүмкіндік жасады. Осы факторлардың бәрі жиналып келіп мидың онан сайын дамуына әсер ете берді.Сөйтіп,еңбек процесінде дамып қалыптасқан адам санасы жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның (мидың) ерекше қасиеті, яғни мидың жемісі болып шықты.
Ғылыми психология сондай-ақ сананың бақылауынан тысқары тұратын психологиялық құбылыстар болатындығын жоққа шығармайды. Орыс «безсознательное» және «подсознательное» деген сөзбен бейнеленетін осы ұғым философия, психология, психопотология, психиатрия, юриспруденция, өнер тану ,тарих тағы басқа ғылымдарда жиі қолданылады. Мұны психологияға тұнғыш енгізген австрия психологы З.Фрейд (1856-1939). Осы мәселенің табиғатын түсіндіруде ғалымдар түрліше пікір айтады. Мәселен, ғалымдардың бір тобы осы құбылыстардың санаға ешқандай қатысы жоқ феномен десе (Лейбниц,Бенске,Лотце,Фехнер т.б.), олардың енді біреулері мұны патологиялық құбылыс деп қарастырады. Материалистік философия мен психология осы құбылыстардың мәнін диалектикалық тұрғыдан түсіну қажет дейді. Біз саналы процестермен қатар санадан тыс құбылыстардың да болатынын , бұған түрлі инстинктік амалдар,соқыр сезімдер, ырықсыз қозғалыстар жататындығын білеміз.Санадан тыс құбылыстар жөнінде тәжірибеге негізделген материалистік пікір айтқан ғалымның бірі – И.М.Сеченев. Осындай кездегі мидағы қозу , тежелу процестерінің жұмысы баяу болып келетіндігін И.П.Павлов зерттеулерде де дәлелдеген. Әйтсе де осы құбылыстардың мән-мәнісі ғылымда әлі де жете зерттелген жоқ . Ал творчестволық іске әрдайым сананының қатысуы, оның айқын жұмысының қажет екендігі даусыз.
«Сана дегеніміз ,- деп жазды Маркс – ең таяу ортаны тану және өзін түсіне бастаған индивидтен тыс басқа адамдармен және заттармен арадағы шектеулі байланысты тану болып табылады ».Сана жеке адамға тәе дара қасиет. Адамда жеке санамен қатар өмір сүрген ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады.Бұл екеуі бір –бірімен тығыз байланысты. Жеке адам санасының мазмұнына қоғамдық сана ықпал жасап отырады. Идеялық мазмұны жағынан жеке адамның санасы қоғамдық санасының көрінісі болып табылады. Адам санасының осы екі түрін де қоғамдық болмыс белгілейді. Экономикалық (өндірістік) қатынастарының өзгеруіне ілесе, адамның санасы да өзгереді. Сананың дамуы сытрқы ортадан тәуелді болып отырады дейтін түсінікті ғылымда детерминистік принцип деп атайды. Детерминизм тек сана құбылыстарының пайда болу,даму жолдарын ғана түсіндірмейді, ол табиғаттағы заттардаң барлығының шығу тегі объективті себептіліктің зандылықтарына бағынады деп үйретеді. Себептілік дүниенің заттары мен құбылыстарының өзара байланыстарының шексіз тізбегін, жан-жақты өзара әрекетті сипаттайды.
Мінез-құлық психологияның өзіне қарама қайшы объектісі ретінде сананы қойған болатын. Бұл қарама-қайшылық сәйкес фактілерді табу әдісімен қатарлас жүрген. Сана кезінде-бұл субъективті әдіс, ал мінез-құлық кезінде бұл объективті әдіс. Бірақ санаға қарсы тек мінез-құлықты ғана қоюға болмайды. Сондай-ақ санасыз психологиялық процестерді жатқызамыз. Бұл бағыт сана психологиясына қатты әсер етті. Санасыздық проц. Зерттеуге әр түрлі ғалымдар және әртүрлі кезеңдерде алған.Сондықтан біз оны тарихи емес, жүйелік түрін көреміз. Барлық санасыз процестерді 3-ке бөлуге болады:
Біріншісі өз ішнде 3-топқа бөлінеді.
Кейбір әрекеттер мен актілер "өз-өзімен" жасалынады. Яғни сананың қатысуынсыз. Оларды санасыз автоматизмдер деп атайды. Мұндай жағдайларда "басымыз бос болады " деп атайды. Олар 2-топқа бөлінеді.
Біріншісіне туа біткен сәбидің бір жасына дейінгі пайда болған актілер жатады. Мысалы, жүру, заттарды қолмен алу, сору қимылдары, көз конвергенциясы және т,б жатады.
Ал автоматты қабілеттер өте кең қызықты. Мұндай әрететтер тез нақты орындалады.Саналы бағыттар күрделі әрекеттер жасауға ұмтылады.
Ендігі 1-процес санасыз ұстанымдардың құбылыстары.
"Кеңес" психологияда үлкен бағыт- грузин психологтар мектебі олар ұстаным мәселелерін өте кең масштабта қарастырады. Грузин психологтарының ішіндегі әйгілі кеңес психологы Дмитри Николаевич Узнадзенің (1886-1950) шәкірттері, ол ұстаным теориясын ашқан болатын.
Ұстаным-бұл организмнің немесе субьективтінің белгілі бір әрекет жасауға немесе белгілі бір бағытта жауап беруге дайын тұруы.
Санасыз автоматизмдер: фортопиано, гимнастика.
Саналы әрекеттердің санасызды жетелеуі:қайшымен қию, билярд, студент экзамен кезінде.
Санасыздық класының келесі бір сатысы санасыздық әрекеттерінің саналы түрде сезілмейтін.
Бұл тақырыптың өзі Зигмунд Фрейдтің есімімен өте тығыз байланысты. Енді ол жайында айта кетсек:
Ол 83 жасқа дейін өмір сүрді ( 1856-1939), және сол өмірінің 80 ж Венада өткізді. З. Фрейд Вена қаласында медицина факультетін бітіріп, сол кездегі атақты психиаторт Шарконның Франциядағы клиникасында жұмыс істеді. Содан кейін Венаға қайтіп оралып сонда практика беруші дәрігер болып жұмыс істейді. Өзінің дәрігерлік жұмысын бастағаннан кейін ол психикалық ауытқулары бар тұлғаларға теориялық әдістімелер қарастырды. Фрейт теориясы, сонымен қатар оның емдеу әдісі – психоанализ екеуі де өте белгілі болды. Фрейдтің өзі XXғ атақты психологтардың бірі болып табылады.
Бірақ Фрейттің теориясы мен оның көз қарастары қарама-қайшылыққатолы болды. Оның теориясы бастапқыдан бастап қатал критикаға ұшырады.
Неліктен Фрейттің шығармашылығына кері көз қарас болды?
Негізі З. Фрейдтің өзі қарама-қайшылықтан тұратын болды. Оны оқыған кезде, таңданасың, біріне-бірі қайшы фактілер көп кездеседі.
Бірақ оны ұлы фактист деп атауға болады. Өзінің жұмысында ол батыл түрде теорияларын сол фактілер арқылы дәлелдейді.
Айта кетсек оның әр шығармашылығында көз қарастары өзгеріп отырған.
Еңбектері қаншалықты ерте жазылса, соншалықты дұрыс фактілермен келтірілген, ал кейінгі еңбектерінде-оның теориясы бойынша адам бар шындықты санаға өткізбейді.
Фрейд-В.Вунд,В.Джемс,Э.
Фрейдтің мінезі өте ауыр болады. Ол өзінің бар оқушыларынан айырылады.Психоанализ үлкен бір еңбекпен келеді,ал одан айну сатқындық деп есептеді ол.
Фрейдизм немесе психоанализ мектебі.Бұл психологиялық ағым австралиялық психиатр З.Фрейдтің (1856-1939)есімімен байланыста.Оның концепцияларының қалыптасуы ХХғасырдың басына жатады. Фрейд жеке адам құрылымындағы санасыз әрекеттерге назар аударды және оны зерттеу обьектісіне айналдырды.Өз ілімін жасау барысында Фрейд медициналық практиканың кейбір деректеріне сүйенеді. Мысалы: ашып-күйінгендерді емдейтін дәрігер Бреейрдің тәжірибесіне. Ол ашып-күйінгеннен сырқат болғандарға гипноз жасап, ұйықтатып,олардан өздерінің қорқыныштары,ауыр көңіл-жайлары туралы айтып беруді талап етті.Кейде осындай өзі туралы айтқандары сауығып кетуге себепкер болды. Брейер мұндай ауыртпалық симтомынан босану феноменін ″катарсиз″деген терминмен атады.Бұл терминді бірінші рет қайғы қасыреттен жанды тазарту мағынасында қолданған ертедегі Грецияның әйгілі ғалымы Аристотель болатын.
Фрейдтің теориясы бойынша адамның жеке басы төмендегі терминдермен аталған, үш бөліктен тұрады.
Ид (оно), эго (мен),, және суперэго – (жоғары мен). Ид – инстинктердің ордасы. Ол санасыздыққа бой ұрып, рақаттану принцпіне бағынады. Эго (мен) идтың талабына қызмет жасауға мәжбүр болып сонымен қатар рахаттануды басып шындықпен санасу принцпіне жүгінеді. Яғни ол қоршаған дүниенің көріп – білген ерекшеліктері.
Тұлғаның өзін-өзі бағалау әдістемесі (Будасс)
Стимулдық материал:
Тұлғаның жеке қасиеттерін білдіретін сөздер: ұқыптылық, бейқам, ой ұшқырлығы, көкіректік, дөрекілік, мейірімділік, сауық сүйгіштік, іш-тарлық, қызғаншақтық, еске жамандықты сақтағыштық, ашықтық, кесірлік, армандаушылық, нәзіктік, қамтылғандық, шешім қабылдай білушілік, ұстамсыз, ренжігіштік, қауіптілік, сезгіштік, принциптілік, жоғары ұстаушылық, жаныашу, шешімділік, ұстамдылық, ұялшақтық, шыдамдылық, еңбекқорлық, қорқақтық, айналысушылық, қырсықтық, жол берушілік, бір беткейлік, нақтылық, өмір сүйгіштік, эгоизм.
Нұсқау.
1 этап: «Сіздің көзқарасыңыз бойынша нағыз идеал адамға тән, төмендегі тізімнен 20 сөз таңдап алыңыз. Таңдалған қасиеттердің жанына белгі қойыңыз (2-ші қатарға)».
2 этап: «Таңдалған 20 сөздің ішінен сізге қатты ұнамайтынын таңдаңыз. Осы сөзге қарама-қарсы («идеал» қатарында) 1 санын қойыңыз. Кейін қалған 19 сөздің ішінен жағымсыз қасиеттерді таңдап оған 2 санын қойыңыз. Солай жалғаса береді...».
3 этап: «осы 20 сіздің ішінен сіздің мінезіңізге сай келетін қасиетті таңдаңыз. Осы қасиеттің қарама-қарсы «нағыз мен» қатарына 1 санын қойыңыз. Қалған 19 сөздің ішінен жағымдысын таңдап 2 санын қойыңыз. Солай жалғаса береді...».
Өз-өзін бағалау әдістемесінің нәтижелерін өңдеу.
№ |
1. |
2. |
3. |
4. |
5. |
6. |
7. |
8. |
9. |
10. |
11. |
12. |
13. |
14. |
15. |
16. |
17. |
18. |
19. |
20. |
d |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
d 2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|