Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2013 в 13:50, реферат
Мектепке дейінгі жас 3-6 жас аралығы. Үш жас бала тілінің қарқынды даму кезеңі: бала тілінің сөздік қоры 200-400 сөзге дейін жетеді. Тілдің грамматикалық құрылымы белгілене бастайды. Төрт жаста сөздің құрамының баюы және тілдің грамматикалық құрылымының жетілуі одан әрі жалғасады. Төрт жастан алты жасқа дейін сезім эмоцияларды айыра алады, сыртқы және ішкі әсерлерден болатын эмоциялар мен сезімдерді, қанағаттану және қанағаттанбау сезімдерін өте дәл айыра алады.
Мектепке дейінгі жас 3-6 жас аралығы. Үш жас бала тілінің қарқынды даму кезеңі: бала тілінің сөздік қоры 200-400 сөзге дейін жетеді. Тілдің грамматикалық құрылымы белгілене бастайды. Төрт жаста сөздің құрамының баюы және тілдің грамматикалық құрылымының жетілуі одан әрі жалғасады. Төрт жастан алты жасқа дейін сезім эмоцияларды айыра алады, сыртқы және ішкі әсерлерден болатын эмоциялар мен сезімдерді, қанағаттану және қанағаттанбау сезімдерін өте дәл айыра алады. Бес жасқа дейін қалыпты дұрыс даму жағдайында бала ана тілінде еркін сөйлей алады. Бес, алты жаста баланың шығармашылық іс - әрекеті күшейеді және оның басты бағыттары көріне бастайды. Жоғары жүйке іс - әрекетінің типі ойлау, көркем өнер, т.б. түрлері анықталады. Мектепке қабылдауда балаларда танымдық процестердің дамуының өте маңызды ерекшеліктеріне мыналар жатады:
Тіл. Мектепке барар алдында баланың сөздік қоры үлкен кісілермен кәдімгі өмірдің өзіне қатысты кез - келген мәселесі бойынша түсінесе алатындай дәрежеге жетеді. Алты жасар бала түсінікті тілмен қатынас жасай алады, яғни не туралы айтылу керектігін жеткілікті түрде толық сипаттап бере алатын тіл деңгейінде, сондықтан да оның әрбір сөзі толық, түсінікті болады.
Сенсорлық даму. Бала заттардың түрін, түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оған ұсынылған заттардың да түрін, пішінін дұрыс атай алады, заттарды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп, анықтай алады. Және олар қарапайым пішіндерді бейнелеп, оларды берілген түстермен бояй алады.
Әсерленушілік пен білуге құмарлық қаншалықта басым болғанымен, бұл жаста қабылдау әлі ұйымдаспаған. Әлі де мақсатты түрде қарау және көру, тыңдау, есту, т.б. қажетті біліктері қалыптаспаған.
Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты, өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Ерік күшін талап ететін ырықты зейін әлі де болса нашар дамыған. Балаларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс - әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізуге және іс - әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады.
Ес. Мектепке дейінгі жас - естің қарқынды даму жасы. Ес жетекші танымдық процесс болып саналады. Ес бұл жастағы балалар үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жадында қалдырады және сақтайды. Мектепке дейінгі балалық шақ адамның барлық қалған өміріне көп естелік қалдырады. Алты жасар бала енді еркін есте сақтай алады, еске сақтау тәсілдерімен саналы қолдана алады.
Ойлау тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі танымдық белсенділігі. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл - қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау алты жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине ол жекелеген жағдайларда логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымдырақ болады.
Қиял. Алты жасар бала өз қиялында алуан түрлі жағдайлар құра алады және баланың өзі сонда әртүрлі жағынан көрінеді. Ойын барысында қалыптаса отырып, қиял басқа да іс - әрекет түрлеріне өте алады. Тілі және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжет ойлап шығарып айтып бере алады, тез арада өз жанынан ойлап шығара алады, өз шығармасына басқа адамдарды да қатыстыра алады. Қиял бала өмірінде үлкен роль атқарады, анағұрлым жиі байқалады.
Баланы диагностикалық зерттеуге арналған мүмкіндігінше қысқа әдістемелік тәсілдер экспрес әдістеме түрінде, бала тұлғасының белгілі бір сферасын тез зерттеуге ыңғайлы болғаны дұрыс.
Баланы диагностикалық зерттеу алдында онымен алғашқы байланысты орнату үшін кез - келген тақырыпқа диагностикалық интервью жүргізу ұсынылады. Психолог оны жүргізу әдісін жақсы білуі қажет. Әдетте, мұндай интервьюлер төмендегідей құрылыммен ерекшеленеді:
Диагностикалық интервью ұзаққа созылмауы және жалықтырмауы керек. Баланың жасына және диагностика міндеттеріне сай әртүрлі модификациялар қолдану қажет. Осы мақсатпен ойыншықтар, қағаздар, қарындаштар, фломастерлер қолданған дұрыс, өйткені балалар өз сезімін сөзбен сипаттай алмайды, оларға оны суретте көрсету оңай. Сол әдістердің бірқатары зейін көлемін анықтауға арналған «Нүктелерді көшіру әдістемесі», зейін тұрақтылығын бағалуға бағытталған «Шатасқан сызықтар әдістемесі», көрнекі әрекеттік ойлауды бағалауға арналған «Фигураларды қос» әдістемесі, т.б.
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың көрнекі - әрекеттік ойлау деңгейін анықтау.
Нұсқауы: Суреттері бар қағаз парақтары беріледі. Суреттің жоғарғы жағында көрсетілгендей, төменгі жағындағы фигураларды түзу сызықпен қосу ұсынылады. Барлық сызықтардың түзу болуы және фигуралардың бұрыштары дәл қосылуы қажет.
Қорытынды: Жұмыстың ұқыптылығы, дәлдігі және жылдамдығы бағаланады. Егер бала барлық жұмысты орындауға 100 секундтан кем уақыт жіберсе, егер барлық сызықтар дәл берілген нұсқалармен сәйкес келсе, олар түзу және фигуралардың бұрыштарын дәл қосқан болса, яғни тапсырма өте жақсы орындалған, баланың көрнекі - әрекеттік ойлау деңгейі жоғары бағаланады.
Мақсаты: Бейнелі - логикалық ойлау талдау және жинақтау ақыл - ой амалдарын бағалау.
Нұсқауы: Балаларға төрт - төрттен әртүрлі заттар бейнеленген алты карточка беріледі. Балаға біріншісі көрсетіледі, төрт заттың біреуі артық екенін түсіндіріледі. Соны анықтап, өз шешімін түсіндіру қажет. Бұдан кейін балаға ойланып, қалған үш затты бір сөзбен қалай айтуға болатынын айту тапсырылады.
Қорытынды: Егер 6-7 жасар бала артық затты дұрыс тауып және кемінде төрт карточкадан жалпылаушы сөзді дұрыс тапса, онда көрнекі ойлау деңгейі жақсы болғаны.
Мақсаты: Зейіннің көлемін, оның бөлінушілік және аударылу жылдамдығын анықтау.
Нұсқауы: Балаға 1-ден 25-ке дейінгі еркін орналасқан сандар жиынтығынан тұратын кесте көрсетіңіз. Бала осы цифрларды білетіндігіне көз жеткізіңіз. 1-ден 25-ке дейінгі сандарды тауып, көрсетіп және дауыстап атап шығыңдар.
Қорытынды: Егер балалар бұл тапсырманы 1,5 – 2 минут ішінде және қатесіз орындаса, онда баланың зейіннің көлемі, оның бөлінушілік және аударылу жылдамдығы жоғары деңгейде болғаны.
Мақсаты: Бейнелі - логикалық ойлау деңгейін анықтау.
Нұсқауы: Балаға әртүрлі қисынсыздықтар бейнеленген суретті көрсетіңіз. Одан суретті мұқият қарап, ненің дұрыс салынбағанын, неліктен және қалай дұрыс болу керектігін айтуын сұраңыз. Тапсырма орындауға 2 минут уақыт беріледі.
Қорытынды: Егер бала 8-ден артық қисынсыздық байқаса бұл жақсы нәтиже.
Жоспар
Батыс Қазақстан Инженерлік - гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
«Педагогика және психология» кафедрасы
Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған диагностика»
Орындаған: 1442-топ студенті Дүйсенбаева А.М.
Орал, 2013ж
Пайдаланылған әдебиеттер:
Батыс Қазақстан Инженерлік - гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
«Педагогика және психология» кафедрасы
Тақырыбы: «Психологиялық кеңес беру»
Орындаған: 1442-топ студенті Дүйсенбаева А.М.
Тексерген: оқытушы Амангелдиева Б.Н.
Орал, 2013ж
Психологиялық кеңес беру- бұл психологтың профессионалдық іс-әрекетінің бір түрі. Психологиялық кеңес беру- адамға, яғни клиентке өзінің өмірлік қиындығына сырт көзбен қарауға, өзінің жағымсыз қылығы мен іс-әрекетін сырт көзбен көруге жағдай туғызады. Ол клиенттің жеке өмірін дұрыстауға, өзінше шешім қабылдауға, өз тағдырына жауап беретіндей сенімділік туғызады.атын, өз өміріне жауапты тұлға ретінде қалыптастыру. Психологиялық кеңес берудің негізгі әрекеті тек клиентпен ғана. Ол ең біріншіден, оның яғни клиенттің сенімінен шыға білу. Ал, екіншіден оны түсінуі керек. Оның қиын проблемаларынын көңілді әрі оңай түрде шығуына көмектесіп, кеңестер, бағыттар беріп отыруы керек. Кеңес беру психологиясы клиентпен жұмыс кезінде клиенттің проблемаларының күрделілігіне қарай бірнеше сенастарға созылуы мүмкін.
Психологиялық кеңес беру практик- психологтың кәсіби іс-әрекетіндегі негізгі бағыт: адамға танымдық деңгейі жоғары, өзіндік таңдалған өмірлік стратегиясын жүзеге асыра алатын, өз өміріне жауапты тұлға ретінде қалыптастыру.
Кеңес беру психологиясы
практикалық психологияның түрі
ретінде мынадай мақсаттар
1. Клиентке пайда
болған проблемаларды
2. Психолог-консультант
өзінің жоғары психологиялық
білімінің негізінде клиентте
пайда болған сұрақтарына толық
3. Клиентке көмек
беру кезінде психолог-
4. Клиентте өзінің
прблемасына деген дұрыс
5. Клиентпен
жұмыс кезінде психолог тек
кеңес берудің ғана қажеттілігімен
шектелмей,психокоррекциялық
Кеңес беру
психологиясының
1. Туындаған
проблемада клиентке
2. Белгілі бір
жағдайд ғана берілетін
3. Уақытша көмек көрсету ( яғни депрессиялық жағдайға түскен клиенпен жұмыс).
4. Егер, тіпті
психологтың беретін нақты
Психолог-кеңес берушінің міндеті:
1. Клиенттің
проблемасын анықтау, яғни