Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 17:58, реферат
Әлеуметтік психология-адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады.Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-қатынастағы психологиялық құбылыстардың сырын зерттейді [1].Қазіргі кезде әлеуметтік психология шеңберінде үш түрлі мәселе қамтылды:
А)Үлкен,ірі топтардағы психологиялық-әлеуметтік жағдайлар.Бұл проблеманың құрамына жалпы бұқаралық байланыстар : радио , теледидар, баспасөз,т.б .кіреді.Әр түрлі топқа жататын адамдарға осы құралдар арқылы алуан түрлі хабарлар,көпшілікке тән талғамдар,әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер,иланулар мен сенімдер,қоғамдық көңіл-күйлер жайлы әсер етудің психологиялық астарлары жеткізіледі.Бұған таптық психологияға қатысты мәселелерін,этностық және ұлттық психология сипаттарын,дін психологиясының өзекті мәселелерін зерттеу де жатады.