Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 17:58, реферат
Әлеуметтік психология-адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады.Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-қатынастағы психологиялық құбылыстардың сырын зерттейді [1].Қазіргі кезде әлеуметтік психология шеңберінде үш түрлі мәселе қамтылды:
А)Үлкен,ірі топтардағы психологиялық-әлеуметтік жағдайлар.Бұл проблеманың құрамына жалпы бұқаралық байланыстар : радио , теледидар, баспасөз,т.б .кіреді.Әр түрлі топқа жататын адамдарға осы құралдар арқылы алуан түрлі хабарлар,көпшілікке тән талғамдар,әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер,иланулар мен сенімдер,қоғамдық көңіл-күйлер жайлы әсер етудің психологиялық астарлары жеткізіледі.Бұған таптық психологияға қатысты мәселелерін,этностық және ұлттық психология сипаттарын,дін психологиясының өзекті мәселелерін зерттеу де жатады.
Психология ғылымының негізгі саласы-әлеуметтік психология.
Қазіргі таңда психология ғылымы –көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп,ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми пән.Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен қалыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс-әрекеттерін қамтитын әр қилы сатыда тұр.Адамдардың нақты іс-әрекеттеріне сүйене отырып,оның психикасының дамуын төмендегідей жіктейміз.
Тәлім-тәрбие психологиясы,жас ерекшелік психологиясы,арнаулы психология,еңбек психологиясы,әлеуметтік психология,спорт психологиясы, медициналық психология,ғарышкерлік психология, салыстырмалы психология және т.б.Осы салалардың ішіндегі әлеуметтік психологияға тоқталып өтсем:
Әлеуметтік психология-адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады.Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-қатынастағы психологиялық құбылыстардың сырын зерттейді [1].Қазіргі кезде әлеуметтік психология шеңберінде үш түрлі мәселе қамтылды:
А)Үлкен,ірі топтардағы
психологиялық-әлеуметтік
Ә)Кіші топтардағы
психологиялық-әлеуметтік
Б)Қоғамдағы адамның
қасиеті мен әлеуметтік-
Әлеуметтік психологияның философия құрамында ұзаққа созылған даму тарихы бар; Батыста XVIII ғасырдағы ағартушылық кезеңде оған көбірек көңіл бөліне бастады.XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында әлеуметтік психология жеке ғылым саласы ретінде орнықты.XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап әлеуметтік психология АҚШ, Англия, Германия, Франция, Жапония сияқты дамыған елдердегі психология ғылымының жетекші бағытына айналды.Әлеуметтік психология бұрынғы Кеңес Одағында да көп көңіл бөлінген. Кеңес билігі тұсында бұл ғылым жетекші салаға айналды. Кеңестік әлеуметтік психологтардың зерттеулерінде тұлға және ұжым мәселелері Батыстағыдай топ динамикасы заңдылықтарынан өзгеше бағдарда алынып, ерекше теориялық құрылғыда қарастырылды. Ұлттардың және өзге ірі әлеуметтік топтардың психологиясы зерттелді. Олардың арасында Қазақстандық ғалымдардың да үлесі болды. Ғылым саласы ретіндегі әлеуметтік психологияның зерттеу объектісіне мыналар жатады:адамдар арасындағы ақпарат алмасу және өзара әрекеттесу заңдылықтары, атап айтқанда, қоғамдық және тұлғааралық қатынастар құрылымындағы жүздесудің рөлі, оның құрылымы, атқаратын қызметі, жүздесу үдерісінде әсер ету амалдары;таптар мен ұлттар сияқты ірі және еңбек ұжымы мен отбасы сияқты шағын әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемелері, бұған қоса ұжымшылдық, басқару және жетекшілік, топ болып шешім қабылдау, топ қызметінің тиімділігі сияқты үдерістерді зерттеу;тұлғаның әлеуметтік психологиясы, оның коммуникативтік сапалықтарына талдау жасау, әлеуметтену мәселелері, әлеуметтік мақсаттардың қалыптасуы және ауысуы, т.б. Әлеуметтік психология отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына қарай жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді. Әлеуметтік психология қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік құбылыстардың сырын түсінуге, олардан қорытынды шығарып, қоғамның даму бағытын айқындауға, ірі топтарды және тұтас қоғамды басқаруға, бағыттарды, шараларды айқындай отырып, оны стратегиялы дұрыс жолға салып отыруға көмектеседі. Сондықтан ғалымдар бұл ғылымның болашағы зор, XXI ғасырда жетекші орындарға шығады деп есептейді. Әлеуметтік психологияның дамуының алғышарттары негізінен басқа кез-келген ғылыми пәннің дамуына ұқсас, оның мазмұны, алдымен философия ғылымының қойнауында қалыптаса бастаған,бірте-бірте дербес ғылымға айналды, бірақ ол процесс тікелей емес, басқа екі ғылым арқылы (социология мен психология) іске асырылды.Американ зерттеушісі О. Клейнбергтің көрсетуінше, әлеуметтік психологияның көптеген проблемалары ежелгі философия жүйелерінде пайда болған.Әлеуметтік психологиялық түсініктердің негіздері ертедегі грек еліндегі ғұлама ғалымдар Платонның «Республика» еңбегінде, Аристотельдің «Саясат» және «Этика» еңбектерінде қаланған.Әлемнің екінші ұстазы саналған ежелгі түрік елінен шыққан Әл-Фараби бабамыз өзінің «Қайырымды қала тұрғындары» деген еңбегінде былай деп жазған: «Адам өзінің табиғатына сәйкес өмір сүруі, дамуы және жоғарғы дәрежеге жетуі үшін көптеген заттарды қажет етеді, оларды жалғыз өзі тауып ала алмайды, ол үшін адамдардың қауымдастығы қажет».Жаңа заман философиясында (XY-XYII ғ.ғ.) Гоббс, Локк, Гельвеций, Руссо, Гегельдерді атап кету қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Жалпы психологияға кіріспе,Алматы 2012
2)www.google.kz
Информация о работе Психология ғылымының негізгі саласы-әлеуметтік психология.