Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 11:31, доклад

Краткое описание

Психология ғылым ретінде. Психология гуманитарлы ғылым ретінде. Тұрмыстық және ғылыми психологиялық білімдер. ңПсихологияң терминінің мағынасы. Психология психика және психикалық құбылыстар жөніндегі ғылым ретінде. Психология пәні. Психикалық процестер, психикалық күйлер, психикалық қасиеттерден тұратын психикалық құбылыстарды жіктеу. Психикалық процесстер: танымдық, эмоционалды, ерікті. Психикалық күй психиканың жалпы күйін сипаттау ретінде.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯГА КИРИСПЕ.doc

— 1.18 Мб (Скачать документ)

 

Іс-әрекет құрылымының  суреті


 

 

 


 


 


 


 



 

                                                           (Интериоризация)




                                                       (Экстериоризация)

 



                             


 



 

 


                                  


Үшіншіден, іс-әрекеттің  психологиялық теориясы әрекет түсінігі арқылы реакативтік принципті қарсы қойып, белсенділік принципін енгізеді. “Белсенділік” пен “реактивтік” ұғымдарының айырмашылығы неде? “Реактивтік” ұғымы жауап әрекеті мен белгілі ынталандыруға(стимулға) әсер етуді білдіреді.

Төртіншіден, “әрекет” ұғымы адамның іс-әрекетін заттық және әлеуметтік әлемге шығарады. Іс-әрекеттің мақсаты тамақ табу сияқты тек қана биологиялық мағынаға ғана ие болып қоймай, биологиялық мәнмен байланысы жоқ әлеуметтік қарым-қатынас орнатуға да бағытталуы мүмкін.

Талдаудың негізгі элементі ретіндегі “әрекет” ұғымының сипаттамаларына сүйене отырып, іс-әрекеттің психологиялық теориясының негізгі принциптері қалыптасады:

  1. Сана –өз-өзінде тұйықталған құбылыс ретінде қарастырыла алмайды: сана іс-әрекетте көріну керек.
  2. Жүріс-тұрысты адам санасынан бөліп қарастыруға болмайды.
  3. Іс-әрекет – бұл белсенді, белгілі мақсатқа бағытталған процесс. (сана мен жүріс-тұрвс арасындағы байланыс принципі)
  4. Адам іс-әрекеті заттық болып келеді; олардың мақсаты әлеуметтік сипатқа ие. (адам іс-әрекетінің заттылығы және оның әлеуметтік негіздемесінің принципі)

Әрекет – бұл өте ұсақ құрамалардан тұратын күрделі элемент. Осындай жағдай әрбір әрекет мақсатқа негізделетінімен түсіндіріледі. Адамның мақсаты әрқырлы ғана емес, сонымен қатар көп масштабты болып келеді. Ірі мақсаттар бар, олар –өз алдына ұсақ мақсаттарға бөлінеді.

Енді  әрбір әрекет әртүрлі жолдармен  орындалатынына көңіл аудару керек, яғни әртүрлі тәсілдермен орындалады. Әрекетті орындау тәсілі операция деп  аталады. Әрекетті орындау тәсілі жағдайларға  байланысты болады. Әр түрлі жағдайларда бір мақсатқа жету үшін әртүрлі операциялар қолданылуы мүмкін. Жағдайларға сыртқы шарттар мен әрекет етуші субъекттің мүмкіндіктерін жатқызамыз. Сондықтан іс-әрекет теориясында мақсат міндет деп аталады.

Міндетке байланысты операция әр түрлі әрекеттерден тұруы мүмкін. Бұл әрекеттер өз алдына ұсақ әрекеттерге бөліне алады.Осылайша, операциялар – іс-әрекеттің ірірек бірліктері.

Операцияның басты қасиеті  олар аз сезіледі немесе тіпті сезілмейді. Әрекеттен операцияның айырмашылығы сонда. Жалпы айтқанда, операция деңгейі – ол автоматтық әрекеттер мен дағды деңгейі. Дағды түсінігіне  орындау барысында пайда болатын саналы іс-әрекеттің автоматтандырылған компоненттерін жатқызамыз. Басынан бастап автоматтандырылған әрекеттерге қарағанда (мысалы рефлекторлық қимылдар) ұзақ жаттығулар арқасында дағды автоматтандырылған болады. Сондықтан операциялардың екі түрі болады:  бірінші түріне адаптация мен бейімделу арқылы пайда болған операцияны жатқызамыз. Ал екінші түріне – автоматизацияның арқасында дағдыға айналып, санасыз әрекеттер процестеріне өтіп кеткен саналы әрекеттерді жатқызуға болады. Бірінші түр айтарлықтай сезілмейді, ал екіншілері сана шекарасында тұрады.

Жоғары айтылғаннан  мынадай қорытынды жасауға болады: операция мен әрекеттер арасында айқын шекараны бөлу қиынға соғады.

Енді іс-әрекет құрылымындағы  үшінші, ең төменгі деңгейге өтелік – ол психофизиологиялық функциялар деңгейі. Іс-әрекет теориясында психофизиологиялық функциялар деп – психикалық процестерді  қамтамасыз ететін физиологиялық механизмдерді айтамыз. Адам биоәлеуметтік организм болғандықтан, біз психикалық процестердің өтуін психикалық процестердің іске асу мүмкіндігімен қамтамасыз ететін физиологиялық процесс деңгейлерінен бөліп қарастыра алмаймыз. Психикалық функциялардың көпшілігі организмнің бірнеше мүмкіндіктерінсіз жүзеге аспайды. Осындай мүмкіндіктерге түйсікке қабілеттілікті, қозғалғыштық қабілеттілігін, өткен әсерлер мен іздерді бекіту мүмкіндігін жатқыза аламыз. Осы категорияға жүйке жүйесінің морфологиясында бекітілген және өмірдің алғашқы айларында туа пайда болған механизмдерді айта кету керек. Осы қабілеттер мен механизмдердің барлығы адамға туылған сәттен бастап беріледі, яғни олардың генетикалық шарттылығы бар.

Психофизиологиялық функциялар психикалық функциялардың іске асуына қажетті алғышартты да, іс-әрекет құралын қамтамасыз етеді. Мысалы, біз керекті ақпаратты еске сақтағымыз келсе, онда тез және сапалы еске сақтап алудың арнаулы тәсілдерді қолданамыз. Бірақ егер біздің есте сақтау қабілетін қамтамасыз ететін мнемикалық функциямыз болмаса, онда біз ақпаратты есте сақтай алмас едік. Мнемикалық функция туа пайда болатын функция болып табылады. Туылған сәттен бастап бала көп мөлшердегі ақпаратты есте сақтай бастайды. Сонымен қатар есте сақтау мүлдем мүмкін болмайтын естің ауруы болады (корсаковский синдром). Бұл ауру мнемикалық функцияның бұзылуының нәтижесінде пайда болады. Бұндай ауруға шалдыққан адам тіпті бірнеші минут бұрын болған оқиғаны есіне түсіре алмайды. Сондықтан да психофизиологиялық функциялар іс-әрекет процестерінің органикалық фундаментін құрайды. Оларсыз нақты әрекеттер ғана емес, міндеттің іске асуы да мүмкін болмайды.

 

 

§ 3.  Іс-әрекет теориясы және психология пәні

     Іс-әрекеттің оперецаялық-техникалық аспектілерін қарастырғаннан кейін біз келесі сұрақтарға жауап іздеуіміз керек: неге белгілі әрекет жүзеге асады, мақсат қайдан пайда болады? Осы сұрақтарға жауап беру үшін қажеттілік және мотив түсініктеріне жүгінуіміз керек.

Қажетілік – тірі организмдердің белсенділігініің алғашқы формасы. Қажеттілікті тірі организмдердің денесінде әрдайым пайда болатын шиеленіскен күй деп сипаттауға болады. Адамда аталмыш күйдің пайда болуы организмде бір заттың жетіспеушілігімен немесе индивидке керекті нәрсенің жоқтығымен түсіндіріледі.

     Адам қажеттіліктерін биологиялық,органикалық(суға, оттегіге, тамаққа деген қажеттілік) және әлеуметтік деп бөлуге болады. Әлеуметтік қажеттіліктерге ең әуелі адамдармен қарым-қатынасқа, танымдылыққа және сыртқы әсерлерге деген қажеттіліктерді жатқызамыз. Бұл қажеттіліктер адамның бойында жастайынан пайда бола бастайды да, бүкіл өмір барысында сақталып келеді.

Қажеттілік пен іс-әрекеттің  арасында қандай байланыс бар? Бұл сұраққа  жауап беру үшін әрбір қажеттіліктің  даму процесінде екі кезеңді бөлу қарастыру керек. Бірінші кезең – затпен бірінші кездесуге дейінгі кезең. Екінші кезең – осы кездесуден кейінгі кезең.

Әдетте бірінші кезеңде  субъект үшін қажеттілік жасырын  болады. Адам қысылып-қымтырыла тұра бұл күй немен байланысты екененіне  өз-өзіне есеп бере алмауы мүмкін.

Мотив қажеттіліктің пәні болып айқындалады. Мотив арқылы қажеттілік нақтылана түседі, субъектке түсінікті болады. Қажеттілік пен мотивтің пайда болысымен адамның жүріс-тұрысы шұғыл өзгереді. Егер бұрын жүріс-тұрыс бағытталмаған болса, онда мотивтің пайда болысымен ол өзінің белгілі бағытын алады. Өйткені мотив - әрекеттің пайда болу себепшісі. Әдетте бір мақсат үшін адам бірнеше әрекеттер жасайды. Бір мотивке негізделген осы әрекеттердің жиынтығы іс-әрекет деп аталады, дәлірек айтсақ, ерекше іс-әрекет немесе іс-әрекеттің ерекше түрі. Осылайша, мотивтің арқасында біз А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теория құрылымындағы жоғарғы деңгейге келіп жеттік – ол ерекше іс-әрекет деңгейі.

Іс-әрекет тек бір ғана мотив үшін іске аспайтынын айта кету керек. Кез-келген ерекше іс-әрекет мотивтердің жиынтығына негізделуі мүмкін. Мотивтердің бірісі әрдайым жетекші, ал екіншісі –тұрлаусыз болады. Осы тұрлаусыз мотивтер ынталандыру-мотиві болып келеді.

Мотивтер мақсаттың  қалыптасуымен әрекеттерді түғызады. Біз атап кеткендей, мақсат әрқашанда саналы болады, ал мотивтің өзі екі үлкен классқа бөлуге болады: іс-әрекеттің саналы және санасыз мотивтері. Мысалы, саналы мотивтерге өмір мақсаттарын жатқызуға болады. Бұл мақсат-мотивтер. Бұндай мотивтердің болуы үлкен адамдардың көпшілігіне тән. Келесі классқа мотивтердің көпшілігі жатады. Белгілі жасқа дейін кез-келген мотивтер санасыз болып келетін айта кету керек.

Санасыз (бейсаналы) мотивтер санада ерекше формада көрінеді. Олардың  формасы екеу: эмоциялар және тұлғалық мағына.

Іс-әрекет теориясында эмоциялар іс-әрекет нәтижесінің мотивке деген қатынасының бейнесі ретінде сипатталады. Мотив жағынан алғанда іс-әрекет сәтті өтіп жатса, оң эмоциялар пайда болады, ал егер сәтсіз өтіп жатса – теріс болады. Адам күйін басқаратын эмоциялар туралы А.Н.Леонтьев ғана зерттеп қоймай, сонымен қатар бұл туралы З.Фрейд, У.Кэннон, У.Джемс, Г.Ланге тәрізді ғалымдар жазған болатын.

Тұлғалық мағына –  мотивтердің санада көрінуінің басқа  формасы. Дәл осы жетекші мотивте  мағына құраушы функция бар екенін айта кету керек. Ынталандыру-мотиві мағына құраушы функция қызметін атқармайды, тек қана қосымша қоздырушы қызметін атқарып, эмоцияны тудырады.

Іс-әрекеттің мотивация  проблемасымен кем дегенде екі  маңызды мәселе байланысты. Ол, біріншіден, мотив пен тұлға байланысы, екіншіден, мотивтердің даму механизмдері туралы мәселе. Бірінші мәселеге тоқтала кетейік.

Тұлға туралы оның іс-әрекеті  бойынша және жүріс-тұрысы бойынша  қорытынды жасай алатынымыз бізге  мәлім. Бірақ біз айқындағанымыздай, адам іс-әрекеті мотивтерге тәуелді. Адамның мотивтер жүйесінің иерархиялық құрылымы бар. Әр түрлі адамдарда бұл құрылым әр түрлі болып келеді. Бір жағдайда адамда тек бір ғана жетекші, маңызды мотив болады. Басқа жағдайда бір, екі немесе одан да көп жетекші мотивтер болуы ықтимал. Жетекші мотивтер негізі бойынша айырылып қоймай, сонымен қатар олардың әр түрлі күші болады. Мотивтер жүйесінде  қандай мотивтер ірге ретінде қолданылатыны тұлғаның сипаттамасы үшін аса маңызды. Ол тек қана бір өзімшілдік мотив немесе альтруистік бағыт алған мотивтердің жүйесі т.б. болуы мүмкін.

Енді жаңа мотивтер қалай  пайда болатынына тоқтала кетейік. Іс-әрекетті талдау кезінде жалғыз жол – қажеттіліктен мотивке  қарай, содан соң мақсатқа және іс-әрекетке. Шынай өмірде әрдайым кері процесс  жүреді, іс-әрекет барысында жаңа мотивтер мен қажеттіліктер қалыптасады. Іс-әрекет іске асқан кезде қажеттіліктер шеңбері  ұлғаяды. Қазіргі психологиялық ғылымда мотивтердің қалыптасу механизмдері толық зерттелмеген. Іс-әрекеттің психологиялық теориясында бір механизм жете зерттелген – ол мотивтің мақсатқа жылжу механизмі (мақсаттың мотивке айналу механизмі).

Жоғарыда айтылғандардан мотивтердің қалыптасу механизмінің сипаттамасынан психиканың дамуы жөнінде  аса маңызды қорытынды шығаруға болады. Мотив тұлғаның жекелігін  қылптастырады, өйткені адам туралы пікір айту үшін оның іс-әрекетінің нәтижесіне көңіл аударуы қажет. Осыдан біз іс-әрекет тұлғаның қалыптсауына әсер етеді деген қорытындыға келеміз. Осылайша, адам айналысатын іс-әрекет түрі оның болашақ дамуын болжайды. Бұл жерде біз диалектикалық материализмге тірелеміз.

Іс-әрекеттің тағы да бір аспектісі бар, іс-әрекеттің  психологиялық теориясы ондаған  жылдар бойы Кеңес психологиясында  жетекші болғанының себепшісі дәл  осы аспект. Осы уақытқа дейін  біз тек қана сыртқы бақылаушыға көрінетін практикалық іс-әрекетті сөз етіп келдік. Бірақ іс-әрекеттің басқа түрі бар, ол – ішкі іс-әрекет. Ішкі іс-әрекеттің функциялары неден тұрады? Ішкі әрекеттер сыртқы әрекеттерді дайындайды. Олар адам әрекеттерін үнемдеуге көмектеседі.  Бәрінен бұрын олар қателіктер жасамауға мүмкіндік туғызады.

Ішкі іс-әрекет екі  негізгі қасиеттермен сипатталады. Біріншіден, ішкі іс-әрекеттің құрылымы сыртқы іс-әрекет құрылымымен бірдей. Олардың айырмашылығы тек өту  формасында ғана. Ішкі іс-әрекет пен  сыртқы іс-әрекет арасындағы айырмашылық – ішкі іс-әрекет қимылдары шынайы заттармен емес, олардың бейнелерімен жүзеге асады.

Екіншіден, ішкі іс-әрекет сыртқыдан интериоризация процесі  жолымен пайда болды.

Іс-әрекет теориясының  авторлары ішкі іс-әрекет арқылы сана проблемасы мен психикалық процестердің талдауы деген мәселелерге тоұталды. Іс-әрекет теориясының авторларының ойы бойынша психикалық процестерді іс-әрекет позициясынан талдауға болады, өйткені кез-келген психикалық процесс белгілі мақсатпен жүзеге асып, өзінің операциялық-техникалық жүйесі болады.

Қорытынды ретінде іс-әрекеттің  психологиялық теориясының методологиялық маңызына тоқтала кетейік. Кеңес  психологтардың ғылыми жұмыстары мен  зерттеулерінің көпшілігі іс-әрекеттің  подход

принципіне негізделеді. Мұнда адамның психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып адам іс-әрекетінің психикалық аспектілері немесе іс-әрекеттің заңдылықтары зерттеледі.

Осылайша, біз бірнеше  қорытынды жасай аламыз. Біріншіден, адамның психикасы мен іс-әрекеті  өзара байланысты, сондықтан психиканы зерттеу  және оның заңдылықтарын тұжырымдау іс-әрекет принциптеріне негізделеді. Екіншіден, адам айналысатын іс-әрекет оның өмірлік құндылықтары мен мотивтерінің дамуын және субъектің жалпы бағыттылығын анықтайды. Сондықтан да іс-әрекеттің еркше түрлері адамның психикалық дамуының заңдылықтарына әсер етеді.

 

 

§ 4. Әрекет физиологиясы және белсенділік физиологиясы

Психомоторика туралы жалпы түсінік Осы бөлімде біз Кеңес психологиясының орталық түсінігімен таныстық – ол іс-әрекет. Іс-әрекет – бұл өте күрделі және көп аспектілі құбылыс. Бұл құбылыс психикалық және физиологиялық процестердің бірлігінің арқасында пайда болады. Кеңес ғалымдарының ішінде өміріміздің керекті шарты ретінде әрекетке ең алғаш болып көңіл аударған И.М.Сеченов. Бұл мәлелені ол “Бас мидың рефлекстері” деген кітапты дамытқан.

Информация о работе Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері