Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 11:31, доклад

Краткое описание

Психология ғылым ретінде. Психология гуманитарлы ғылым ретінде. Тұрмыстық және ғылыми психологиялық білімдер. ңПсихологияң терминінің мағынасы. Психология психика және психикалық құбылыстар жөніндегі ғылым ретінде. Психология пәні. Психикалық процестер, психикалық күйлер, психикалық қасиеттерден тұратын психикалық құбылыстарды жіктеу. Психикалық процесстер: танымдық, эмоционалды, ерікті. Психикалық күй психиканың жалпы күйін сипаттау ретінде.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯГА КИРИСПЕ.doc

— 1.18 Мб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

V ТАРАУ.    МОТИВАЦИЯ

 

§ 1. Мотив және мотивацияның өзектi  мәселелерi.

§ 2. Мотивацияның психологиялық теорияларына шолу

§ 3. Мотивация және iс-әрекет

§ 4. Мотивация және жеке адам

§ 1. Мотив және мотивацияның өзектi  мәселелерi

Мотивация ұғымы-адамның  нақты бiр  мақсатқа жетуге бағытталған талаптану жүйесiмен түсiндiрiледi. Мотивациялық жүрiс-тұрыс “Адам ненi қалайды?ң Ол неге ұмтылады?” сұрақтарына жауап бередi. Адамның талабы әрқашан басым қажеттiлiктердiң жүзеге асуымен байланысты болады. Адамдар жүрiс-тұрысының негiзiнде белгiлi бiр қажеттiлiктер болады. Қажеттiлiк бұл адам бастан кешiретiн мұқтаждық қанағаттануы, адам тiршiлiгi, оның жеке адамдық тұтастығын сақтау  үшiн өмiрлiк маңызды болып табылады. Адам өзiнiң тiршiлiк етуi, дамуы және жетiлдiруi үшiн өзiнiң қажеттiлiктерiн қанағаттандыруы үшiн құралдар мен белсендiлiктердi қажет етедi. Адам қажеттiлiктерi әртүрлi болады.

Қазiргi кезде қажеттiлiктiң материалдық (тамақ, киiм, тұрғын үй, жылылық т.б.) және рухани (қоғамдық өмiрге, еңбекке, қарым-қатынасқа,бiлiм алуға, творчество т.б.) түрлерiн бөлiп шығарады. Мұндағы қажеттiлiктердiң кез-келген жiктелуi де шартты болады. Қажеттiлiктер-адамның барлық психологиялық iс-әрекетi, оның ақыл-ойы, сезiмi еркi құрылатын ең басты негiз болып табылады.

Адам қажеттiлiктерiнiң  негiзi оның күшi, пайда болу кезеңдерi мен қанағаттандырылу  тәсiлдерiмен  сипатталынады.

Қажеттiлiк мотивация құрылымында ерекше орын алады. Қажеттiлiк кез-келген iс-әрекет белсендiлiгiнiң бастау көзi болып табылады. Iс-әрекет сәйкес қажеттiлiктi қанағаттандыру құралы болып табылады. Осылайша, қажеттiлiк iс-әрекет субъектiсiнiң белсендiлiгiнiң жалпы бағыттылығын көрсетедi.

Қажеттiлiктiң заттану  процесi дегенiмiздiң өзi оның мотивке  көшуi (трансформациясы). Субъект белсендiлiгiнiң  бағыттылығы нәтижеге жетуi және жекелеген  әрекеттiң қасиетi, оның алдында тұрған мақсатқа қалай тәуелдiгiне байланысты, мотив iс-әрекеттi толық себептендiредi.

Iс-әрекет субъектiсiнiң  осындай тәуелсiздiгi, iс-әрекеттiң  сыртқы себептерi субъектiге ылғи  әрқашан iшкi шарттар арқылы әсер  етуiнен көрiнедi. (Рубинштейн С.Л.).

Мотивтер қажеттiлiктермен  затталына отырып, бұл қажеттiлiктер мотивтiң бағыттылығын анықтайды. Бiр адамның бойында сансыз көп қажеттiлiктердiң болуы мүмкiн емес, бiрақ мотивациялық сфераның байлығы олардың  әртүрлiлiгi және өзара толықтырулардан  байқалып отырады. Мотив сферасындағы қажеттiлiктердiң өзара әрекеттесуi бiр-бiрiн күшейтедi немесе әлсiретедi, ал олардың өзара қарама-қайшылыққа түсуiнiң нәтижесi-аморальдық жүрiс-тұрысқа әкеп соғауы мүмкiн.

Жеке адамның мотивациясының анықтайтын шешушi фактор-ол өмiрлiк  мақсатқа, мағынасына байланысты танымдық белсендiлiгi. Мақсат, саналы түрде анықталады, яғни, болашақ нәтиженi сөз арқылы алдын-ала мақтау, әрекеттiң бейнеленуi, оның мүмкiн болар салдарының, жалғасуының, бейнесi, аралық және соңғы нәтижелер бейнесi. Мақсат мотивацияның детерминалы ретiнде шығады, адамның тiкелей сыртқы әсерден қатысты түрде тәуелсiз бола алу қабiлеттiлiгiн көсетедi.

Мотив-бұл адамның  белгiлi бiр әрекет үшiн саналы меңгерiлген талаптануы. Ол адамның өзiнiң қоршаған жағдайын және алдына қойған мақсатын бағалау, ақылға салу, есептеу деңгейiне байланысты мазмұны анықталып қалыптасады.

Мотивация механизмiнiң  дамуын талдағанда адам мотивациясының ерекшелiктерiн алдын-ала анықтау  мәселесiнiң маңызы зор. Адам мотивациясының төмендегiдей бiрнеше ерекшелiктерi бар:

  • адам мотивациясының шығу тегi әлеуметтiк сипатта болады.Оның қажеттiлiктерiнiң заттылығы қоғамдық өндiрiстiң нәтижесi болып табылады. (А.Н.Леонтьев, Мильман);
  • адам мотивациясының биологиялық мотивациядан айырмашылығы-қоғам қажетiне жауап бередi.
  • адам мотивациясына онтогенез барысында арнаулы бағытталған негiзгi мазмұнын тәрбие процесi белгiлейтiн қалыптастырушы ықпалдың әсерi зор.(Иванчук, Симонов);
  • адам мотивациясы-интеллект, сөйлеу, санамен тiкелей байланысты. (Ковалев, Хекхаузен);
  • адам мотивациясы ерiк процестерi көмегiмен жүзеге асырылады.
  • адам мотивациясының тұрақтылығы, ситуациялылығы, функционалдық дербестiгi организм қалпына байланысты болады.
  • адам мотивациясының өмiрлiк алыс мақсаттарға бағытталынуы. (Баранидзе, Обуховский);
  • iс-әрекеттiң полимотивациялық сипаты мотивтердiң қажеттiлiктерге поливеленттi қатынасы (Додонов, Имедадзе );
  • икемдiлiгi, өзара ауыспалылығы (Дилитекский)

Осы айтылған негiзгi белгiлердiң  арасында маңызды сипатқа ие жеке адамның мотивациялық сферасында маңызды  орын алатын, оның жүрiс-тұрысының полимотивациялық феномендiлiгi болып есептеледi.

Полимотивация феноменi. Бұл ұғым негiзiнде адам жүрiс-тұрысындағы бiрнеше қажеттiлiктердiң анықтау тенденциясы жатыр. Л.И Божович пiкiрiнше, түрлi обьектiге бiр ғана қажеттiлiк емес, сол обьектiге әртүрлi өзара әрекеттесушi, шиеленiсушi көп жағдайда бiр-бiрiне қарама-қарсы қажеттiлiктердi; мұғалiмнiң қостауына, өзiндiк бағалауының жоғарылауына, жолдастарының назарына iлiгу, болашақ жұмысында творчестволық жоғары жетiстiкке жету нақтылы iске асыра алады.

АН. Леонтьев концепциясы бойынша: мотивтердiң қалыптасу процесi бiрқатар қажеттiлiктердiң затталынуы анықтамасын бередi. А.Н Леонтьевтiң ңқажеттiлiктердiң дамуы олардың обьектiлерiнiң дамуы арқылы өтедi” деген пiкiрi қажеттiлiктердiң бөлек түрi ғана емес, бүкiл  системасын сипаттайды. Бiрқатар қажеттiлiктер өз шығу тегi жағынан-экзогендi болып табылады.

Полимотивация түрлерi: Жүрiс-тұрысты  анықтайтын түрлi талаптану күштерiнiң  өзара әрекеттестiгi мен жиынтығы бiрқатар түрлер мен формаларға бөлiнiп  кетедi. Белсендiлiктiң полимотивациясы кем дегенде екi түрлi жағдайды қамтиды. Бiрiншiден, нәтижесiнде тiркелген тұрақты полимотивациялық және поливаленттi қажеттiлiктердiң онтогентикалық  орталықтандырылуы және олардың негiзiнде тiкелей дамитын жаңа мотивациялық құрылымындағы мотвациялық қатынас болады. (В.С.Магул). Екiншi, нақты ситуациялық жағдайда адамның бiр мезгiлдiк өзара әрекеттесуiнен немесе қарама-қарсы қажеттiлiктердi бастан кешiруi немесе оларды бiрден-бiр мәмiлеге келтiруде қалыптасатын полимотивация.

Полимотивацияның екi жағдайы да өзара тығыз байланысты. Бұл онтогенезде қалыптасқан поливаленттi мотивациялық қатынас, ситуативтi өзара әрекеттестiк нәтижесi болып табылады. Бұдан басқа iс-әрекеттiң күрделi түрлерiндегi мотивтер арақатынасының толығырақ сызбасын Б.И.Додонов (1978) ұсынды. Бүл схема бойын ша: iс-әрекет мотивтердiң келесi “шектi” құрамымен жүзеге асады.

  • iс-әрекет процесiнiң өзiнен қанағат алу,
  • iс-әрекеттiң тiкелей нәтижесi,
  • iс-әрекет үшiн сыйлық беру (еңбек ақы, атақ-даңқ),
  • iс-әрекет дұрыс орындалмаған жағдайларда жазаланудан қорқу-депривация.

Бұл мотивтердiң әрқайсысы iс-әрекет мотивациясының жиынына өздерiнiң  үлес салмағын( жағымды, жағымсыз) қосады. Осыған сәйкес полимотивация феноменологиялық сипатқа ие болады.

Сонымен, мотивация–бұл iс-әрекеттiң бiрнеше түрлерiнде жүзеге асатын, адамның қажеттiлiктерiн анықтайтын мотивтердiң жиынтығы ретiнде қарастырылатын күрделi психологиялық құбылыс. Адамның iс-әрекетiнiң әрбiр түрi көп мағыналы мотивтерден тұрады. Мотивтердiң пайда болуы, өзара қатынасқа түсуi, құрылымдық деңгейi нақты адамның түлғалық ерекшелiктерiне және iс-әрекеттiң өзiндiк ерекшелiгiне байланысты болады.

Жеке адамның мотивациялық сферасын оның дамушылық табиғаты тұрғысынан бiрқатар өлшемдермен бағалауға  болады.

  • Жеке адам мотивациялық сферасының кеңдiгi. Бұл мотивациялық факторлардың (қажеттiлiк, мақсат, мотив) әр түрлi сапалылығы, яғни адам да әр  түрлi қажеттiлiк, мақсат, мотивтер неғұрлым көп болса, оның мотивациялық сферасы соғұрлым кең болады.
  • Жеке адам мотивациялық сферасының икемдiлiгi. Бұл қандай да бiр қажеттiлiктi қанағаттандыру барысында түрлi мотивациялық талпыныстарды пайдалана алумен сипатталады.
  • Жеке адам мотивациялық сферасының иерархиялылығы. Бұл жеке адам бойында болатын қажеттiлiк, мақсат, мотивтердiң әрқайсысы өз алдына мотивациялық диспозиция ретiнде өмiр сүрмейтiнiн, керiсiнше олардың бiр-бiрiне бағыныштылығы немесе басымдылық белсендiлiгiмен сипатталынады.

 

§ 2. Мотивацияның психологиялық теориялары

Мотивтi адамның белсендiлiгiнiң  себептерi ретiнде түсiндiрудiң алғашқы  талпыныстары антикалық дәуiрден басталады. Аристотель өзiнiң “Жан туралы” трактатында  жан функцияларының iшiнен “бiр нәрсеге” деген немесе “бiр нәрседен” адамның ұмтылысын бөлiп көрсетедi. Платон мотивтердiң шиеленiсiн жанның ақылды бөлiгi  мен ашкөз бөлiгi арасындағы күрес ретiнде қарастырады.

Мотивация туралы теориялар  ежелгi грек философтары мен теологтары iлiмдерiндегi рационализм және ирррационализм бағыттарымен бiрге дамыды. ХIХ ғасырдың ортасына дейiн ықпалы басым болған рационалистiк позициясы бойынша, адам жануарларға еш қатысы жоқ ерекше жаратылыс ретiнде қарастырылды. Тек адам ғана сана, ақыл-ой, ерiк-жiгерге ие бола алады. Бұл бағыт бойынша мотивацияның қозғаушы күшi- адамның ақыл-ойы мен санасы және еркiмен  байланысты. Иррационализм негiзiнен жануарлар әлемi туралы iлiм болды. Мұнда жануардың адамнан ерекшелiгi оның жүрiс -тұрысы ерiксiз, санасыз, биологиялық жоспарда жүзеге асып, органикалық қажеттiлiктерге сүйенедi.

Мотивация туралы психологиялық  теориялардың дамуында  ХVII-ХVIII ғасырда  жоғарыдағы аталған идеялар (рационалистiк, иррационалистiк) негiзiнде құрылған екi теорияның маңызы зор болды. Бiрiншi, адам iс-әрекетi мен жүрiс-тұрысын рационалистiк тұрғыда түсiндiрушi “Шешiм қабылдау” теориясы-экономика саласына математикалық бiлiмдердiң енгiзiлуiне байланысты адамның экономикалық жүрiс- тұрыстық шешiм қабылдауы. Кейiннен, бұл адам iс-әрекетiнiң барлық сферасына қатыстырылды.

Екiншiсi- адам iс-әрекетi мен жүрiс-тұрысын иррационалдық тұрғыда түсiндiрушi “Автоматизм” теориясы- осы ғасырдағы механика жетiстiктерi нәтижесiнде пайда болып, кейiннен тiрi организмнiң сыртқы әсерге тума, автоматты, механикалық жауабын қарастыратын рефлекс идеясымен жалғасты. Бұл теориялардың бiрi-адам, екiншiсi-жануар жүрiс-тұрысын түсiндiруге бағытталған, бiр-бiрiне тәуелсiз, жеке және философиялық iлiмдердiң екi үлкен лагерiне негiзделген, жеке адамның мотивациясының қозғаушы күшi туралы бұл теориялар ХIХ ғ. аяғына дейiн өмiр сүрдi.

ХIХғ. екiншi жартысы барлық ғылымдар саласы үшiн күрделi жаңалықтарға толы болды. Соның бiрi-×.Дарвиннiң “эволюциялық теориясы”. ×.Дарвин өз iлiмi арқылы осы уақытқа дейiн адам мен жануарды анатомиялық, физиологиялық, психологиялық тұрғыда өзара сиыспайтын екi үлкен топқа бөлiп қарастырып келген бағыттар арасында ғылыми негiзделген көпiр орнатты. Ол алғаш рет осы екi тiрi жаратылысты жүрiс-тұрыстық және мотивациялық тұрғыдан бiр-бiрiне жақындастырып, әсiресе, қажеттiлiктер мен инстинктердiң эмоционалды-экспрессивтi түрде көрiнуiнде екеуiне де ортақ формалар болатынын анықтады. Осы теория ықпалымен адам және жануар жүрiс-тұрысының формаларын зерттеу қарқыны өсе түстi.

Жануарлардың жүрiс-тұрысын  зерттеуде В.Келер, Э.Торндайк, адамдардағы  инстинкттi зерттеуде З.Фрейд, У.Макдауголл, И.Павловтың теорияларын айтуға болады. Бұл теорияларда бұрын қажеттiлiктердi тек жануар жүрiс-тұрысына тән деп есептесе, ендi оны адам жүрiс-тұрысынан қарастырып, адамға тән қажеттiлiктер түрiн анықтау басты орын алды. Адамның мотивациялық қозғаушы факторы ретiнде органикалық қажеттiлiктер мен инстинктерiн сипаттады.

Бiздiң ғасырымыздың 20-шы жылдарында шетел психологиясында “инстинкт” түсiнiгi неғұрлым әйгiлi түсiнiк болды. Осындай мәнi бойынша, биологиялық иррационалдық теориялардың бiрi-З.Фрейд пен У.Макдоуголл негiзiн салған “Инстинкттер теориясы” болды. Олар адам жүрiс-тұрысының қозғаушы күштерiнiң себебiн тума инстинктерден iздеуге батыл қадам жасады. З.Фрейд бойынша мұндай инстинкттер саны үшеу; өмiр сүру, өлiм, агрессивтiлiк инстинктерi.

У.Макдауголл инстинктiнiң  негiзгi санына қатысты ретпен белгiленген ұғымды кеңейтiп және он инстинктiден тұратын жиынтықты ұсынды: өнертапқыштық, құрылыс, әуес, қашу, кезең, төбелесу, ата-аналық, жек көрушiлiк, өзiн кем тұту, өз-өзiн сендiру инстинктiсi. У.Макдауголл өзiнiң кейiнгi жұмысында негiзiнен органикалық қажеттiлiкке тиiстi тағы 8-инстинктiнi қосты. өсынылған инстинктер санының көбеюiне қарамастан, оның теориясының негiзi жануарлардың жүрiс-тұрысымен ұқсастықта қолданылды.

З.Фрейд бойынша, мотивация биоэнергетика  емес, психоэнергетиканы көрсетедi, бұл жүрiс-тұрыстың психикалық  себептiлiгiн бейнелейтiн оның динамикалық сипаттамасы. Ол құрастырған мотивацияның бастапқы  3 компонентi бар: “Мен”- жеке адамның өзiндiк санасы. “Оно”- санадан тыс құмарлық. “Жоғарғы-Мен”  өмiр әрекетi барысында жеке адам санадан тыс игерген моральдық стандарттары, тыйымдары, ынталандырулары. Жеке адамның бағыттанған белсендiлiгi болып жоғарыда аталған компоненттердiң арасындағы қарама- қайшылықтардың нәтижесi табылады.

Мотивация механизмдерiн зерттеу  бихевиористiк мектепте орталық  орын алған. Мотивация мазмұнын анықтау үшiн бихевиоризм iлiмiнде  “драйв” деген арнайы түсiнiк енгiзiледi, яғни ол- адамды немесе жануарды белсендi болуға мәжбүр ететiн стимул немесе  қозғаушы. Өзiнiң психологиялық мазмұны бойынша, инстинкт түсiнiгiмен сай келедi.

Осы проблеманы необихевиористер К.Халл, Э.Толмен, Б.Скиннер және басқалары шешуге тырысады. Олар ұсынған S—R формуласының моделi аралық элементтер қатарымен толықтырылған. Бүл жерде сана жүрiс-тұрысты итермелеушi және реттеушi элемент ретiнде көрiнедi. Стимул тек сыртқы қозғаушы  ғана емес, сонымен қатар, iшкi “қажеттiлiк” ретiнде қарастырылады.

Мотивациялық теориялардың дамуының келесi күрделi кезеңi- ХХғ. 30-шы жылдарынан басталды. Бұл тек адам мотивациясының қозғаушы күшiн түсiндiруге бағытталған мотивацияның арнайы психологиялық теориялары. Бұл  сол кездегi психология ғылымындағы  негiзгi  психологиялық бағыттар немесе мектептердiң ғылыми зерттеу жұмыстарымен тiкелей байланыста дамыды.

Информация о работе Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері