Психология мен педагогиканың даму кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 12:31, лекция

Краткое описание

Түсу емтихандарының мақсаты: бакалавриатта алған білім деңгейін, қабілеті мен біліктілігін анықтау, сонымен қатар білім алудың екінші деңгейінде нақты пәндерді және жалпы магистрлік бағдарламаны меңгеру қабілетін анықтау болып табылады.
Бағдарлама міндеті: оқу жоспары бойынша меңгерген базалық педагогикалық және психологиялық пәндердің негізін меңгерту, сонымен қатар алған білімдерін педагогикалық теориялық және қолданбалы тапсырмаларын шешуде психологиялық-педагогикалық әдістерді қолдану қабілетін игерту болып табылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

педагогика и псих каз.doc

— 98.00 Кб (Скачать документ)

әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі

 

 

 

 

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми - әдістемелік кеңесінің 

2012 ж. «_____»_____ мәжілісінің

№____ хаттамасымен

 бекітілген 


 

                                                                       

                                                                      

 

 

                                                                                                                           

 

                                                                                                        

 

 

«6М010300 – Педагогика және психология»

мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА  ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША  ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ  2012

 

 

 

 

Бағдарлама ««6М010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар: п.ғ.к., доцент Әлқожаева Н.С., п.ғ.к., доцент Касен Г.А., аға оқытушы Жұмабекова Қ.Б.

 

 

 

Бағдарлама  кафедра мәжілісінде қарастырылған ________________

2012 ж. ____  _________   №  ___ Хаттама

Кафедра меңгерушісі__________________ А.Қ. Мынбаева

 

 

Факультеттің  әдістемелік бюросында мақұлданған 

2012 ж. ____  _________   №  ___ Хаттама 

Әдістемелік бюро төрағасы __________________ Н.А. Саитова

 

 

Ғылыми кеңес  мәжілісінде бекітілген

2012 ж. ____  _________   №  ___ Хаттама 

Ғылыми кеңес төрағасы,

Факультет деканы __________________ А.Р. Масалимова

Ғалым хатшы         __________________ З.Н. Исмагамбетова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

1. Мамандық бойынша  түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері

Түсу емтихандарының мақсаты: бакалавриатта алған білім деңгейін, қабілеті мен біліктілігін анықтау, сонымен қатар білім алудың екінші деңгейінде нақты пәндерді және жалпы магистрлік  бағдарламаны меңгеру қабілетін анықтау болып табылады.

Бағдарлама міндеті:  оқу жоспары бойынша меңгерген базалық педагогикалық және психологиялық пәндердің негізін меңгерту, сонымен қатар алған білімдерін педагогикалық теориялық және қолданбалы тапсырмаларын шешуде психологиялық-педагогикалық әдістерді қолдану қабілетін игерту болып табылады.

Магистратураға түсу емтиханы - жазбаша. Емтихан тапсырушы сұрақтарға өз жауаптарын емтихан парағына жазады, оны шифрленген түрінде емтихан  комиссия мүшелері тексереді.

 

2. Магистратураға түсуші тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар

«6М010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистартуға түсу ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Конкурстық іріктеу  ережесі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  магистартураға қабылдау жөнінідегі типтік ереже мен «6М010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім берудің мемлекеттік стандарты негізінде анықталады. Бағдарлама типтік оқу бағдарламалары және МЖМББС негізінде құрастырылған.

«Педагогика және психология» мамандығына тапсыратын бакалаврдың кәсіби бағытына сай міндеттері: педагогикалық процесстің дамуы туралы заңы жөніндегі толық түсінік; білім берудегі жалпы заңдылықтар және өзіндік ерекшеліктерді; даму және тәрбие, білім берудің ғылыми-теориялық негіздерін; педагогика мен психологияның категорилы концептуалды аппаратын білуі тиіс. білім беру аймағындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды; Қазақстан тарихының негізгі сатыларын, саясатын, сонымен қатар алдыңғы қатарлы мемлекеттер мен әлемдік өркениет, тарихи сабақтастық механизмін және мағынасын білуі тиіс.

 

3. Білім беру бағдарламасының  пререквизиттері

Психологиялық-педагогикалық мамандыққа кіріспе;

Педагогика 1,2 – бөлім;

Этнопедагогика.

 

4. Емтихан тақырыптарының тізімі 

 

«Психологиялық-педагогикалық  мамандыққа кіріспе» пәні

 

1. Жоғары кәсіби білім берудің заңгамалық негіздері.

ҚР Ата Заңы. ҚР “Білім туралы заңы”. Білім берудің құрылымдық және модернизациялық негізгі бағыттары. 2005-2010 жылдарына арналған білім берудің даму мемлекеттік бағдарламасы. 2011-2020 жылдарына арналған білім берудің даму мемлекеттік бағдарламасы. Мемлекеттік стандарттар.

 

2. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық-педагогикалық қызметтің дамуы мен заманауилығы

Ұлттық білім беру жүйесінде психологиялық қызметтің дамуы: құрылу тарихы және негізгі міндеттері. Психологиялық қолдау көрсету орталығының қызметі мен құрылымы. Қазақстандағы білім берудің психологиялық қызметі.

 

3. Психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттері 

Психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің мәні. Психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттері. Психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің түрлері мен құрылымы. Психологиялық-педагогикалық кеңес беруді ұйымдастырудың жеке және топтық түрлері.

 

4. Педагог-психологтың міндеттері мен құқықтары, білім беру мекемелеріндегі педагог-психологтың қызметі

Педагог-психологтың негізгі міндеттері. Педагог-психологтың құқығы. Білім беру мекемелеріндегі педагог-психологтың қызметі. Психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің субъектілері мен объектілері.

 

5. Педагог-психологтың кәсіби іс-әрекет түрлері

Түзетушілік-дамытушылық  іс-әрекет. Оқытушылық және мәдени-ағартушылық  іс-әрекет. Әлеуметтік-педагогикалық  және тәрбиелеу іс-әрекеті. Ғылыми-әдістемелік  және басқарушылық іс-әрекет.

 

6. Білім беру үдерісін психологиялық қамтамасыз ету

Білім беру үдерісін психологиялық  қамтамасыз ету. Білім беру жүйесіндегі педагог-психологтың немесе тәжірибелік психологтың негізгі бағыттары. Психологиялық білім беру және психопрофилактикалық жұмыс.

 

7. Педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетінің тұрақтылығы, кәсіби құзыреттілігі, кәсіби талаптары, іс-әрекет ұстанымдары

«Кәсіби құзыреттілік»  ұғымының мәні. Педагог-психологтың  кәсіби құзыреттілігінің негізгі ерекшеліктері. Педагог-психолог іс-әрекетінің ұстанымдары. Педагог-психолог – кеңес берушіге қойылатын қазіргі талаптар.

 

8. Педагог-психолог тұлғасына қойылатын талаптар

«Тұлға» ұғымының мәні. Педагог-психолог тұлғасының ерекшеліктері. Педагог-психологтың  тұлғалық және кәсіби сапаларына қойылатын  талаптар. Педагог-психологтың кәсіби біліктілігі маңызды тұлғалық сипаттама ретінде.

 

9. Педагог-психолог іс-әрекетінің этикалық кодексі

Кәсіби этика. Педагог-психолог іс-әрекетінің этикалық кодексінің жалпы сипаты. Педагог-психолог іс-әрекетінің этикалық ұстанымдары. Психологтың ұжыммен және әртүрлі маман өкілдерімен өзара қарым-қатынасы.

 

10. Білім беру жүйесіндегі психологиялық-педагогикалық қызмет

Білім беру жүйесінің  мәні мен ұстанымдары. Республикадағы білім беру жүйесіне талдау жасау. ҚР білім беру жүйесінің құрылымы. Білім беру жүйесінің құрылымындағы психологиялық-педагогикалық қызмет.  

 

11. Білім беру ұйымдарының әлеуметтік орта гармонизациясы білім беру жүйесін психологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеті ретінде

Білім беру мекемесінің әлеуметтік орта гармонизациясының бағыты. Білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтың міндеттері. Тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасын қорғау.

 

12. Психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің негізгі әдістері

«Әдіс» ұғымының мәні. Психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттегі әдіснамалық ұстанымдар. Ақпарат көздері психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің негізгі әдісі ретінде. Әдістердің жіктелуі. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер. Эксперименттік психологиялық-педагогикалық зерттеулер.

 

13. Шығармашылық дарынды және девиантты мінез-құлықты оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету

«Дарынды бала» ұғымы. Дарынды балаларды қолдаудың  негізгі бағыттары. Мінез-құлқының дамуында ауытқушылығы бар балалар  – қиын балалар. Қиын балаларға психологиялық-педагогикалық көмек және қолдау көрсету.

 

14. Педагог-психологтарды даярлау ерекшеліктері

Психологтардың даярлығына қойылатын негізгі талаптар. ТМД  елдерінде педагог-психологтарды  даярлау ерекшеліктері. Қазақстанда  педагог-психологтарды кәсіби даярлаудың мазмұны. Өзін-өзі реттеуге оқыту  болашақ педагог-психологтың кәсіби дамуының басты факторы ретінде.

 

15. Педагогикалық қарым-қатынас шығармашылық үдеріс ретінде

Педагог-психолог іс-әрекет құрылымындағы  педагогикалық қарым-қатынас. Педагогикалық қарым-қатынастың атқаратын қызметі. Педагогикалық қарым-қатынастың түрлері мен құралдары. Педагогикалық қарым-қатынасты жүзеге асыру кезеңдері. Қарым-қатынасқа түсу педагог-психологтың кәсіби-тұлғалық сапасы ретінде.

 

«Педагогика»  пәні

 

1. Педагогиканың адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны.

Педагогика – тәрбие жөніндегі ғылым. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы. Педагогика нысаны, пәні және қызметтері. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогика және басқа ғылымдар жүйесі.

 

2. Педагогика әдіснамасы мен әдістері.

Педагогиканың әдіснамалық негіздері жайлы түсінік. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері мен философиялық негіздемесі. Педагогикалық зерттеулерінің әдіснамалық ұстанымдары және оларды ұйымдастыру. Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі мен қалыптасуы.

 

3. Педагогиканың ғылым ретінде дамуы

Ортағасырдағы педагогикалық ойлар. Қайта өрлеу дәуiрінің ұстаз-гуманистерінің педагогикалық ойлары. Орыс ағартушылары мен педагогтарының педагогикалық теориялары.

әл-Фараби, Абай, Ыбырайдың педагогикалық  ойлары. Қоғам қайраткерлері мен  репрессия ағартушыларының педагогикалық  идеялары (А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев және т.б.). Қазақстанда педагогика ғылымдарының дамуы.

 

4. Білім берудің даму тенденциялары мен перспективалары

Қазіргі кезеңдегі білім берудің  дамуының негізгі тенденциялары: демократияландыру, ізгілендіру, ақпараттандыру, және т.б. білім берудің жаңа парадигмалары. Қазақстан Республикасының білім алу құқығы туралы Конституциясы. ҚР «Білім туралы» Заңы. Бала құқығын қорғау туралы конвенция.

 

5. Педагогиканың аксиологиялық негіздері.

Педагогиканың гуманистік әдіснамасының негіздемесі. Педагогикалық қүбылыстарды оқып үйренуде аксиологиялық түрғыдан қарау. Педагогикалық құндылықтар туралы түсінік. Педагогикалық құндылықтарды топтап бөлу. Білім беру жалпы адамзаттық құбылыс.

 

6. Педагогикадағы мақсатты анықтау.

Білім - жалпы адамзаттық құбылыс. Білім әлеументтік қажеттілік. Білімнің жүйелігі. Білім- педагогикалық процесс . Қазіргі заман білім жүйісін  реформалаудың негізгі бағыттары. Мамандардың кәсіби шыңдалуы білім  беру объектісі ретінде.Нәтижеге бағытталған білім беру: түпкілікті мәдени база- кэсіби біліктілік, әдіснамалық мәдениеті. Шығармашылық бейнесі.

 

7. Оқушы тұлғасы-тәрбиенің объекті және субъекті.

Тұлға түсінігі, оның дамуы мен  қалыптасуы. Тұлға дамуының қазіргі  кездегі теориялары. Тұлға-тәрбие мақсаты. Адам, индивид және оның  тұлғасының  қалыптасуына  әсер ететін факторлар. Адам дамуындағы және оның тұлғасының қалыптасуындағы билогиялық және әлеументтік. Даму және тәрбие. Тұлға дамуының ішкі және сыртқы факторлары. Тұлғаның өзін-өзі дамытуы.

 

8. Дамудың жас және жекелік ерекшілігі.

Педагогикалық жүйе туралы түсінік. Білім  беру саласындағы ҚР-ның мемлекеттік саясатының принціптері. Қазақстандағы білім беру жүйесіне жалпы сипатама ҚР-дағы оқу-тәрбие мекемелері. Мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беретін мекемелер. Жалпы білім берудің мазмұнын дамытудың болашағы.

 

9. Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесі.

Педагогикалық жүйе туралы түсінік. Білім  беру саласындағы ҚР-ның мемлекеттік  білім беру саясаты. Қазақстан Республикасындағы білім беру принциптері. Үздіксіз білім беру жүйесі.

 

10. Білім берудің жаһандануы

«Білім берудің жаһандануы» түсінігі. Білім берудің жаһандануының мәні. Қазіргі қоғамда білім берудің жаһандану перспективалары.

 

11. Тәрбиенің мәні.

Тәрбие теориясының мәні. Тәрбиесінің міндеттері мен қызметтері. Тәрбиенің мәні мен ерекшіліктері. Тәрбие түрлері.

 

12. Тәрбиесінің заңдылықтары мен принциптері.

Тәрбиесінің заңдылықтары мен принциптері туралы түсінік. Тәрбие процесінің негізгі заңдылықтарына шолу. Тәрбие принциптеріне сипаттама.

Информация о работе Психология мен педагогиканың даму кезеңдері