Психодиагностиканың тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 21:54, реферат

Краткое описание

Психодиагностиканың тарихы ІІІ- ғасырдан басталады.
Ежелгі Мысыр, Қытайда, кейіннен ежелгі Грецияда, Вьетнамда мемлекеттік қызметке үміткерлерді, дінге қызмет етем деушілерді бірнеше сындардан өткізетін еді. Психодиагностиканың тарихы ғылыми негізделген компакттық әдістердің, нұсқаулардың методологиясы ретінде ХХ ғасырдың басында психологиядан бөлек дами бастады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

«жалпы психология» кафедрасы «бекітемін».doc

— 119.00 Кб (Скачать документ)

 

3. Қазіргі заманғы  психодиагностиканың тарихы XIX ғасырдың  алғашқы ширегіне яғни психологиялық  білімдердің дамуындағы клиникалық  кезең дегеннің басталуымен басталады. Бұл кезеңнің сипаты ерекшелігі мынада: адам жайындағы эмпирикалық, психологиялық білімдерді алу мен оны талдаудағы басты рөль дәрігерлерге тиесілі болды.( бұларға дейін мұнымен негізінен философтар мен жазушылар айналысты). Дәрігерлерді сол кезде дамыған елдерде тараған емделуі қиын психикалық аурулар мен невроздардың пайда болу себептері қызықтырды. Психиатор- дәрігерлер Еуропа емханаларында өз бақылауларының нәтижелерін жазып талдай отырып,науқастарға жүйелі бақылау орнатты. Осы уақытта психодиагностиканың бақылау,сауалнама,жан қуаттарын талдау секілді әдістері пайда болды.

 

Алайда бұл кездегі психодиагностика қатаң емес,еркін сипатта болды. Бұл әсіресе бір науқастарда  бақылауға алған және оларды бірдей әдістердің көмегімен зерттеген, дәрігерлердің келген қорытындыларынан көрінеді. Бұл сол кездегі психодиагностиканың әлі де болса сапалық сипатқа ие болғандығынан болды.

 

Психодиагностиканың сандық әдістерінің  басталуын XIX ғасырдың екінші жартысы  деуге болады. Бұл кезде көрнекті неміс психологы В.Вунттың басшылығымен дүние жүзіндегі ең алғашқы тәжірибелік психологиялық зертхана құрылған болатын. Мұнда психодиагностика мақсатында техникалық құрылғылар мен құралдар қолданыла бастады. Сондай-ақ осы уақытқа физикалық(денелік) және психологиялық құбылыстарының құрылуын жеделдеткен негізгі психофизикалық заңның ашылуы жатады. Негізгі психофизикалық заң психологиялық құбылыстарды өлшеудің мүмкіндіктерін ашты және де осы жаңалық сезімдікпайымдарды өлшеуге арналған субьективті шкалалар дегеннің пайда болуына алпы келді. Осы заңға сәйкес өлшемнің негізгі обьектіс адамның сезімдік пайымдары болды және де ұзақ ұақыт бойы XIX ғасырдың соңына дейін психодиагностика сезімдік пайымдарды өлшеумен ғана шектелді.

 

Адамның негізгі психологиялық  процестеріне, қасиеттеріне және жағдайларына қатысты психодиагностиканыңқазігі заманғы әдістерінің қалыптасуынң бастапқы кезеңі ретінде XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы деп есептеуге болады. Бұл уақытта белсенді түрде әрі маман психологтардың қатысуымен ықтималдар теориясы мен математикалық статистиканың кейінірек сандық психодиагностиканың ғылыми әдістері арқа сүйей бастаған салалары дами бастады. Тәжірибелік мәліметтерді статистикалық өңдеудің алғашқы және екінші әдістері дәл сол жылдары пайда болды. Алайда бастапқыда математикалық статистиканы психологияда емес, биология, экономика, медицина секілді ғылым салаларында қолдана бастады.

 

Алғашқы психометриялық мекемені Англияда көрнекті ағылшын  психологы Гальтон ашқан болатын. 1884 жылы ол Антропометриялық зертхананы ашты.Бұл зертхананың мақсаттарының бірі- адамның қабілеттері жайлы статистикалық мәліметтерді алу болды. Бұл зертханаға келушілердің өз қабілеттерін өлшеуіне мүмкіндіктері болды және де осы психометриялық тәжірибеден 10000 адам өтті. Гальтон психологияда статистиканы қолданудың бастамашысы болды және де ол статистикалық әдістерді жасап шығуда көп еңбек сіңірді. Гальтон 1877 жылы психологияда корреляция әдісін қолдануды ұсынды. Гальтон, Пирсон және Фишер секілді математик ғалымдарды бірлесе жұмыс істеу үшін өз жағына тартты,сондықтан олардың математикалық статистикадағы атақтары психолоктармен бірге жұмыс істегендіктерінің арқасында шықты.Фишер дисперсионды анализді ойлап тапса, ал өзге ағылшын ғалымы Гальтонның замандасы Спирмен - факторлы талдауды ойлап тапты. Бұл екеуі де өздерін психологияда математикадағыдан кем емес дәрежеде көрсете білді. Психология тарихына Спирмен өзінің 1904 жылы жарыққа шыққан «Жалпы интеллект, обьективті айқындалған және өлшенген» деген классикалық еңбегінің арқасында енді. Г.Айзенг пен Р.Кеттель кейінірек факторлы талдауды тұлғаның өзіне тән ерекшеліктерін психологиялық диагностикадан өткізу үшін қолданды. Интеллектінің статистикалық тұрғыдан негізделген тесттерін француз ғалымы А.Бине 1905-1907 жылдары құрастырып жариялады. Кейінірек өзге француз ғалымы Т.Симонмен бірге ол осы тестті жетілдіре түскен. Бұл тест психодиагностика тарихына Бине – Симон тесті деген атпен енді.

 

Өткен ғасырдың 20-шы жылдарының екінші жартысында адамның алуан түрлі үрдістері мен қасиеттерін психодиагностикадан өткізуге мүмкіндік беретін жаңа психологиялық, соның ішінде интеллектуалдық және жеке адамдық тесттер пайда бола бастады. Сандық сипаттағы психодиагностикалық амалдардың ішіндегі тарихы еңсоңғы пайда болып практикаға енгендері әлеуметтік психалогиялық байланыстылары енді. Бұл американ психолыгы Я.Мореноның құрған социометриялық тесті және фашизм жылдары АҚШ - қа қоныс аударған неміс психологы К.Левиннің шәкірттері мен ізбасарлары – бір топ американ әлеуметтік психологтарының құрған көптеген өлшем әдістемелері еді.

 

XX ғасырдың 50-60-шы жылдарында  алуан түрлі психодиагностикалық  әдістемелердің негізгі көпшілігі  пайда болды. Бұл психолог ғалымдардың  ең көп психометриялық белсенді  жылдары еді.

 

Психодиагностиканың пайда болып оның жасақталуына XIX ғасыр мен XX ғасырдың шегінде психологиялық ғылымда пайда болған жалпы дағдарыстың әсер еткенін ескеруіміз қажет. Ол бірінші кезекте әсіресе қабілеттер, интеллект және тұлға (жеке адам) секілді күрделі құбылыстардың дәл психодиагностикасы ғылыми тұрғыдан негізделген амал-тәсілдердің жоқтығы мен байланысты интроспективті психологияның кемшіліктерін айқын аңғартты. Осы тектес әдістердің жасалуы психологияның процестер, қасиеттер және жағдайлар жөнінде ішкі ойдан туындаған және субьективті емес, дәл айқын және обьективті білімдерді алуға мүмкіндік берді.

 

Мұндай ілімдер антроспекцияға толық негізделген ой қорытындысына  қарағанда, теориялық жалпылау мен  практикалық ұсыныс үшін мықты негіздеме  юола алды. Нәтижеде психология лезде жаңа әрі мықты теориялармен түсіп, тек академиялық тұрғыдан лайық қана емес, практикалық тұрғыдан пайдалы ғылымға айналды. Психодиагностикаға негізделген қолданбалы білім салаларының соның ішінде еңбек психологиясының, психофизиологияның, инженерлік және медициналық психологияның, педагогикалық психологияның дамуы үшін кең мүмкіндіктер ашылды.

 

 

 

 

 

ПСИХОДИАГНОСТИКА

 

050905 - Әлеуметтік жұмыс  мамандығы бойынша оқитын жоғары  оқу орындарының студенттері  үшін арналған «Психодиагностика»  пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен оқу жоспары мен оқыту формасына сәйкес берілген дисциплинаның негізгі бөлімдерінен тұрады. Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша оқитын студенттер үшін, мәні бар бөлімдерге ерекше көңіл бөлінген .

 

Пререквизиттер:

Бұл пәнді оқуға дейін  студенттер тұлға психологиясы және тұлғаралық қатынастар психологиясы бойынша теоретикалық бағыттар мен концепциялармен таныс болу керек. Сонымен бірге алынған нәтижелерді сандық өңдеу барысында қажет болып келетін статистикалық өңдеу әдістемрімен танысып өткендері жөн.

 

Постреквизиттер:

«Психодиагностика» пәнін  оқытып болғаннан кейін студенттердің  бойында психодиагностика ғылым  және практикалық іс әрекет ретінде  екендігі туралы түсініктер қалыптасу  керек және психодиагностикалық  инструментарийді қолдануға қатысты кәсіби позиция дамдаму үшін ықпал ету керек.

Пәнге қысқаша сипаттама:

Психодиагностика –  негізгі пәндік мазмұны психологиялық  диагноз қою болып келетін  психологиялық ғылым саласы мен  психологиялық практиканың түрі. Сөйтіп, психодиагностика тұлғаның индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерін бағалайтын және өлшейтін теорияны, принциптерді және құралдарды құрастырумен айналысады, бұл адам психологиясы туралы академиялық түсініктер мен оны зерттеу шынайылығы арасындағы айырмашылықты жеңуді қамтамасыз етеді.

Психодиагностика негіздері  бойынша білімдер психологиямен  іргелес саладағы мамандарға, соның  ішінде әлеуметтік жұмыскерге салыстырмалы түрде аз уақыт аралығында тұлғаны, тұлғаралық қатынастарды, қандай да бір  іс әрекет тиімділігін толықмәнді және сенімді зерттеу үшін, олардың дамуын болжау мен реттеу үшін қажет болып келетін жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың психологиялық ерекшеліктері, процесстері мен қалыптары туралы мәліметер алуға мүмкіндік береді.

«Психодиагностика» курсының бағдарламасын меңгеру нәтижесінде студенттер психодиагностикалық жағдайдың табиғатын түсінумен, белгілі бір әдістердің және әдістемелердің сапалы ерекшеліктерімен және беретін мүмкіндіктерімен, психодиагностиканың этикалық нормаларын ұстанумен байланысты сұрақтарда сенімді түрде бағдар жасай алу керек.

Берліген курс тыңдалған  соң студент келесі жайларды меңгереді: - психодиагностиканың негізгі ұғымдары туралы, принциптері туралы, психометрикалық  талаптар туралы, әдістер мен әдістемелер  туралы білімдерді, оларды қолдану  ережелерін;

- дайын психодиагностикалық  әдістемелерді қолдана білу ептіліктерін;

- психодиагностикалық  әдістемелермен жұмыс жасау дағдыларын.

 

Психологиялық ілім-білімдердің  ілкі бастау, түп-төркіні ерте замандардан  бастау алатыны белгілі. Жан туралы ілім есте жоқ ерте дәуірлерде, ежелгі дүние елдерінде (Үндістан, Қытай, Мысыр, Вавилон, Грекия т.б. ) пайда болып, тіршілік, өмір, жан мен тән, оқыту, тәрбие, т.б. негізгі мәселелер ретінде күн тәртібіне қойылып келген.

Жан мәселесіне қазақ  халқы да ерекше мән берген. Мәселен, жанға байланысты ой-пікірлер фольклорда, әсіресе мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Халқымыз жанның заттық қасиеті жоқ болғандықтан, оны танып білу шектеулі екендігін де жақсы аңғарған. Қазіргі психология ғылымында жанды көбіне психика ұғымының синонимі ретінде қарастыратынын да ескеруіміз қажет.

Жан дүниесінің сан қилы теорияларын баяндау – сөз  болғалы отырған 10 томдықтың басты  мәселесі.

Мәселен, мұндағы бірінші  томға кеңестік психологияның іргетасын  қалаушылардың бірі, маркстік психологияның Моцарты атанған Л.С.Выготскийдің (1896-1934) жан мәселелерін баяндайтын мәдени-тарихи теориясы беріліп отыр. Бұл ілімнің түрлі аспектілері 1982-1984 жылдары Мәскеудің “Педагогика” баспасынан шыққан автордың 6 томдығында жарияланған. Мұнда көтерілген негізгі мәселелер: 1.Жоғары психикалық функциялардың даму тарихы; 2. Жасөспірім педологиясы; 3. Жалпы психологияның проблемалары. Жоғары психикалық функциялардың даму тарихында – оның проблемалары, талдауы, құрылымы, генезисі, сонымен бірге тілдің қалыптасуы (ауызекі тіл және жазбаша тіл), көптілділік мәселелері қарастырылған.

Тәуелсіз еліміздегі тіл мәселесі, оның ішінде қазақ  тілінің даму проблемалары күні бүгінге  дейін шешімін таппай отырғаны белгілі. Осы орайда, психология ғылымында  қарастырылған тіл мәселелері, көптілділіктің, соның ішінде қостілділіктің балалық шақта қалыптасуы бүгінгі күннің аса өзекті проблемаларының бірі болғандықтан, оқырман қауымға пайдалы болады деп сенеміз. Сонымен қатар Л.С.Выготскийдің “Сөйлеу мен ойлау” проблемаларының түп-тамыры, оның дамуын, қалыптасуын, ара қатынастарын қалыптастыратын еңбектерінің қазақ тіліне аударылуының да өзіндік маңызы бар.

Екінші томға психология ғылымындағы іс-әрекет теориясы, әйгілі кеңес психологтары С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.Б. Ананьев және т.б. еңбектерінен үзінділер аударылған.

Іс-әрекет психологиясының  теориясы ХХ ғасырдағы кеңестік психология ғылымында басты орында болды. Ол психологияны индивидтердің іс-әрекеті  барысында психикалық бейнелердің  пайда болуы, қызмет етуі мен құрылымы туралы ғылым ретінде қарастырды. Осы томда А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, К.А. Абульханова-Славская, А.Н. Ждан, В.В.Давыдов, А.А. Леонтьев, О.К. Тихомиров шәкірттерімен, В.И. Иванников, А.Б. Брушлинский, Б.С. Братусь, Т.В. Габай, Г.А. Суворова сияқты әйгілі психологтардың, сондай-ақ философтар И.Т. Касавин, Г.С. Батишев, В.Н. Сагатовскийдің осы теорияға байланысты идеялары көрініс тапқан.

Үшінші томға З.Фрейдтің психоаналитикалық тұжырымдамасынан үзінділер енген. Осы томға Фрейд  ілімін ары қарай дамытқан неофрейдистер Э.Эриксон, Ф.Фромм, К.Хорни, т.б. еңбектері де енген. З.Фрейдтің “Психоанализге кіріспе түріндегі лекциялары”, “Психоанализ очерктері”, “Мен және ол”, “Түс көрулер”, т.б. еңбектері аударылған.

Төртінші томда ақыл-ой әрекетін кезеңдеп қалыптастырудың  теориясын жасаған кеңестік ғалымдар П.Я. Гальперин, Н.Ф.Талызина, т.б. еңбектерінен үзінділер аударылған.

Ақыл-ой әрекетін кезеңдеп қалыптастыру теориясының негізін  кеңес психологиясының көрнекті өкілдерінің бірі П.Я.Гальперин жасады. Ақыл-ой әрекетін қалыптастыру теориясы психикалық үдерістер жайлы түсініктерді, теориялық, эксперименттік және қолданбалы аспектілерді талдап саралайды.

П.Я.Гальперин өзінің “Бағдарлаушы іс-әрекет психологиясының  пәні” деген еңбегінде психикалық бейнелеудің формаларын және олардың  физиологиялық негізін кеңес физиологы И.П. Павловтың бағдарлаушы рефлекс идеясына сүйеніп, әр түрлі негіздегі тұжырымдарымен түсіндіреді.

Бесінші томда гуманистік психологияның ХХ ғасырдағы көрнекті өкілдері К.Роджерс, А.Маслоу, Г.Олпорт, Г.Айзенктің көзқарастары баяндалған. Бұл томда К.Роджерстің “Кеңес беру өнері мен терапия” деген еңбегінен жеке тұлғаны зерттеу тәжірибесінен үзінділер келтірілген.

Алтыншы том “Дамытып оқытудың мәселелері: теория және практика”  деген атаумен беріліп отыр. Бұл  томда жас және педагогикалық психологияның негізгі мәселелерінің бірі, бала психикасының дамуы, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық байланыстары қарастырылады. Осы мәселе баланың тұлғалық және интеллектілік қабілеті дамуының білім жүйесіндегі негізгі мақсаттары және міндеттерімен байланысып жатады.

Томда В.В. Давыдовтың “Оқытудағы жалпылаудың түрлері” атты еңбегі мен А.М. Матюшкиннің “Ойлау мен  оқытудағы ситуациялық жағдай ”  атты кітабынан үзінділер алынған.

Жетінші том “Қазіргі кездегі когнитивті психология”  деп аталады. Психологияның бұл саласында когнитивті психологияның зерттеу пәні болып табылатын танымдық үрдістерді зерттеу ерекше орын алады. “Когнитивті” ұғымы қазақ тіліне аударғанда “танымдық” деген мағынаны білдіреді.

Осы томға қазіргі  кездегі батыстық когнитивті психологияның өкілдері Д.Брунер, У.Найссер, Ж.Пиаже, Р.Солсо, Дж.Р.Андерсон, Л.Фестингердің еңбектерінен жеке тараулар мен фрагменттер, сонымен қатар ресейлік авторлардың жұмыстарынан жекелеген еңбектер енгізілген.

Сегізінші том “Жеке  тұлғаның қазіргі теориялары” деген атпен беріліп, онда А.Адлердің “Балаларды тәрбиелеу” және “Жеке-даралық психологияның тәжірибесі мен теориясы” – баланың жеке тұлғасы, оны тәрбиелеу мәселелері, балалар психикасындағы невроздар, оларды емдеу мәселелеріне арналған еңбектерінен үзінділер алынған. Сонымен қатар жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған сұрақнама мен өз тәжірибесінен мысалдар және бұған түсініктемелер беріліп отыр. Осы томға З.Фрейдтен кейін психоанализді әрмен қарай дамыта түскен, архетип, ұжымдық бейсана ұғымдарын ғылымға енгізген К.Г.Юнгтің “Санадан тысқарының мәселесі” деген еңбегінен де үзінділер аударылған.

Информация о работе Психодиагностиканың тарихы