Психодиагностикалық әдістемелер классификациясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2013 в 19:03, реферат

Краткое описание

Қазіргі кезде жеткілікті түрде психодиагностикалық әдістемелердің классификациясы бар. Біріншіден диагностикалық әдістемелерді тапсырмалардың негізіне қарай классификациялауға болады,, яғни, тапсырмалар жауаптарының дұрыстығына не , керісінше, бұрыстығына қарай топтауға болады. Бірінші топқа көптеген интеллект, арнаулы қабілет тесттерін немесе жеке тұлғалық ерекшеліктер тесттерін жатқызуға болады. (Равен тесті).Әдістемелердің екінші тобын тапсырмалар жауабтарының бағыттылығына қарай ( дұрыс, дұрыс емес) байланысты Диагностикалық классификациялайды. Мұндай тесттерге жеке тұлғалық сауалнамаларды жатқызуға болады. (Кеттелдің 16 факторлық тесті- 16PF).

Содержание

Психодиагностикалық әдістемелер классификациясы.
Әдістерді белгілері бойынша бөлу.
Ғалымдар бойынша әдістердің жіктелуі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

психод манж.docx

— 32.47 Кб (Скачать документ)

 

  1. А.А. Бодалев және В.В. Столин бойынша әдістер жіктелуі

Төмендегі негізге  сүйене отырып, психодиагностикалық  әдістерді жіктейді:

    • Таңдалған амалдың негізінде жатқан әдістемелік принциптер сипаты бойынша:
  • объективті тесттер (дұрыс жауаптардың болуы мүмкін тесттер, тапсырмалардың    дұрыс орындалуы);
  • стандартты өзіндік есептер:
  • тест-сауалнамалар, ашық сауалнамалар;
    • шкалалық техникалар (Ч. Осгудттың семантикалық дифференциалы), субъективті классификация;
    • индивидуалды-бағдарланған техникалар (идеографиялық);
  • проективті техникалар;
  • диалогиялық техникалар (әңгімелесу, интервью, диагностикалық ойындар).
  • Диагностикалық процедураға психодиагносттың өзінің араласу мөлшері мен оның психодиагностиканың нәтижесіне әсер ету деңгейі: объективті және диалогиялық. Біріншісі, психодиагносттың нәтиже интерпретацияларына, процедурасына, өңделуіне аз қатысуы; екіншісі, үлкен деңгейде әсер етуі. Процедураға араласуы, тәжірибесі, кәсіби дағдылары, экспериментатор тұлғасы да әсер етеді. Төмендегі шкалада объективті плюстен диалогты плюске дейінгі психодиагностикалық әдістердің континиумы берілген:

 

Объективті

Диалогиялық

Тесттер

Әңгімелесулер

Көптеген сауалнамалар

Интервью

Шкалалық техникалар

Диагностикалық ойындар

 

Патопсихологиялық эксперимент

 

Кейбір проективті әдістемелер


 

Кесте 2 А.А. Бодалев және В.В. Столин бойынша  әдістер жіктелуі

Күнделікті  практикада өте кең қолданылатын әдіс – бақылау. Бақылау – ғылыми-мақсатқа бағдарланған, зерттелінетін объектінің образын анықтайтын әдіс. Артықшылығы  – табиғилық, кемшілігі – белсенсіз, субъективизм элементтерінің кездесуі, психиканың кейбір жасырын бейнелерінің жетіспеушілігі (уайым, ой, мотив).

  Қазіргі  кезде жеке тұлғаны барлық  жағынан қарастыру, зерттеу жұмыстары  диагностикалық әдістермен байланысты болып келеді. Психодиагностиканың басты әдістерінің бірі- бұл тест әдісі болып табылады. Осы жерде біздің көзқарасымыз жеке тұлғаны зерттеу әдісінің  теориялық мәнін З. Фрейдтің анализінен көре аламыз. Жеке тұлға механизмдерінің  негізгі категориялары классикалық психоанализде және неофрейдистерде келесідей: шығарып тастау, қорғаныс, фрустрациялармен күрес және т.б.түсіндіріледі. Динамикалық көрсетілім, соның ішінде психоаналитикалық концепцияларда  негізделген, сонымен бірге жеке адамды диагностикалауда әртүрлі әдістер себепші болды. Соның ішінде көбірек мәнге ие болған жобалау әдістері еді. Солардың ішінен кең ауқымда қарастырылған Роршах және ТАТ (тематикалық апперцепционды тест) әдістерін бөліп, атап айтуымызға болады. Олар жеке тұлғаны диагностикалауда көптеген көрсеткіштерге қол жеткізуге мол мүмкіндік береді.

   Толықтай  жобалау әдістері, тіпті кейде  тұлғаның жеткілікті ауқымды  бейнесін береді( соның ішінде  Роршах тесті).

        Тұлғалық жобалау әдістері алғаш  рет клиникалық психологтарда  аурудың эмоционалды, күрделі  бұзылыстарына және мінез диагнозына  арналған көмек көрсету кезінде  қолданылады. Жобалау тесттерінің  негізгі пайда болуы Фрейдтің  психопатологияның маңызды санасыз  поцестерінің түсінушілігімен негізделінетін  теориясының шығуымен байланысты. Жобалау әдісінің бағалы мақсаты  тұлғаның санасыз дау- жанжалдарының  және оның қорқыныштары мен  мазасыздықтарының себептерін ашып, қорытындылаудың айнар көзі болып  табылады. Жобалау әдісі терминін 1939ж. Франк  белгісіз стимулдарды  сынау ретінде берілетін мазмұнды, мәдени жауаптар болып табылатын  бағалау әдісін көрсету үшін  еңгізген болатын. Тұлғаның өзіне  тұрақсыз бағалау амалдарын көрсететін  сәйкес әдістері, адамдарға өзіндік  сезімін, ішкі қажеттіліктерін,  өмірге деген қарым- қатынасы  мен қалыптасуы туралы белгісіз  материалдарды анықтауға итермелейді.  Тесттік стимулдарға жауап беру  кезінде жіберілген импульстардың  белгілері және тұлғаның ішкі  аспектілері мен қорғаныс механизмдері  айқындалынады. Барлық жобалау  тесттері маңызды қатарлардың  құндылықтарымен ерекшеленеді. Олардың  барлығы айқынсыз немесе құрылымсыз  тесттік стимулдармен мазмұндалынады. Зерттеуші ешқашан қолданып отырған  тесттің мақсатын хабарламауы  керек, және де оның жауаптарының  сыналуы мен бағалануы туралы  айтпауы керек. Бұл тесттілеу  кезінде дұрыс не бұрыс жауаптар  болмауы керек, және де зерттелуші  ойына қандай ой келеді, соны  дәл солай анық күйінде жауап  бере отырып, нұсқауды белгілеуі  тиіс. Осыдан кейін зерттелушінің  жауаптары саналып, сараланып,  зерттеушінің өзіндік клиникалық  тәжірибесіндегі субъективті пікірі  бойынша нақтыланып, мағыналы түрде  негізделуі тиіс. Жобалау әдістерінің  көптеген әртүрлі типтері бар.  Линдсей оларды бес категорияларға  бөліп қарастырды:

1. Ассоциативті әдістер- бұл ең бірінші рет ойына не келеді және де сезімдердің пайда болу стимулдарына жауап беруді қажет етеді. Мысалы: « Миннингердің ауызша қоғамдастық тесті» және  « Роршахтың қара дақтар тесті».

2. Конструктивті әдістер, бір нәрсені ойлап табуды немесе жасауды қажет етеді. Мысалы: « Тақырыптық апперцепция тесті» сынаушы сурет туындылары немесе жай сахнадағы ертегі көрсетілімдерінің қойылуын ұсынуы мүмкін. Содан соң ол осы сахнағы қойылымдардағы кейіпкердің қандай сезімде екенін сынайды.

3. Аяқтау әдістері, сыналушының бастапқы стимулды материалдан қандай ой мазмұндағанын аяқтауы тиіс. Сонғысының сапасы аяқталмаған әрекетке түсуі мүмкін. ( Мысалы, « Мені қашан тітіркендіреді...»). Аяқтау әдісіне «Розенцвейгтің суретті фрустрациялық тесті» және «Роттердің аяқталмаған ұсыныс тесті» жатады.

4. Экспрессивті әдістер, психодрамма немесе картина суреттері секілді әрекеттер кезінде өзіндік сезіміңді білдіруді ұсынады. Мысалы, К. Маховердің « адам тұлғасын бейнеле» тестінде, сыналушыға адам тұлғасын суреттеуге, одн соң қарама- қайшы жынысты адамды бейнелеуді талап етеді.

5. Таңдау әдістері немесе рет-ретімен реттеу, сынаушыға стимулдық жауаптарды таңдап немесе рет-ретімен орналастыруды талап етеді. Мысалы, Сонди тасті нұсқау бойынша адамдардың ұсынылған қойылымдардың ішінен ең жақсы ұнағанын, немесе ең жаман ұнатпағанын таңдау ұсынылады. Қазіргі кезде осындай әдістер жиі қолданылады. Жобалау әдістерінің осы бес категориялары өзіндік анықтау болып табылмайды, барлық тесттердің ішінде екі немесе одан да көбі қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. А.А.Бодалев, В.В.Столин. «Общая психодиагностика» 

Санкт-Петербург  – 2006.

  1. Л. Ф. Бурлачук   «Психодиагностика» - М.,2006.
  2. И.  Н. Носс  « Руководство по психодиагностике»-М.,2005.
  3. Н. И. Непомнящая « Психодиагностика личности».
  4. Практическая психодиагностика: методики и тесты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспары:

 

  1. Психодиагностикалық әдістемелер классификациясы.
  2. Әдістерді белгілері бойынша бөлу.
  3. Ғалымдар бойынша әдістердің жіктелуі.

 


Информация о работе Психодиагностикалық әдістемелер классификациясы