Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 19:10, реферат
Психика (гр. psychikos — ішкі сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі. Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И.М.Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін жаңа құрылымның — сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік зандылығы қалыптасады.
Ішкі тежелудің бір түрі - ажырату (дифференциациялық) тежелуі. Бұл
организмнің түрлі заттар мен құбылыстардың арасындағы ұқсастықтарды
айыра білу қабілетін көрсетеді. Мысалы, итке шартты рефлекс жасауда
метроном арқылы 96 peт тамақ бермей, әр 100 соққанда ғана тамақ беріп отырса, кейіннен сілекей тек метроном 100 рет соққаңда ғана шыға бастайтын болады. Тежелудің осы түрінің организмнің тіршілігі үшін маңызы айтарлықтай. Осындай тежелулердің жәрдемімен организм бір -біріне өте ұқсас тітіркендіргіштерді де тез ажырата алады.
Сана туралы ұғым.Сананың негізгі қасиеттері.
Психика жануарларға да, адамдарға да бірдей тән әрекет болғанымен
олардың психикалық әрекеттерінің арасында жалғыз сан жағынан да ғана емес, сапа жағынан да көп айырмашылықтар да бар. Адамның психи касының айрықша өзгешелігі адамда сананың болуымен байланысты. Жануарларда сана жоқ, олардың өздерінің биологиялық мұқтаждықтарымен байланысты соқыр сезім әрекеттері және туысынан кейін тіршілік ету үшін күресінде пайда болатын санасыз дағдылану әрекеттері ғана бар.
Сана психиканың дамуында ең жоғары сатыға шыққан, сапа жағынан
айрықша өзгешеліктері бар, адамға ғана тән нәрсе. Сана деп – еңбек арқылы пайда болып, адамның жаратылысқа және басқа адамдарға мақсатты түрде бет алып қатысуында орын алатын психикалық әрекетті айтамыз. Адамның санасы тек қана тұрмыстың нәтижесі болып қоймай, сол тұрмыстың өзін қайта құрып өзгерте алады. Адам белгілі, нақты тарихи қоғамдық жағдайларда өмір сүріп, тіршілік ететіндіктен, оның санасы қоғамның тұрмысының ықпалын да болып , сол тұрмысты сәулелендіріп отырады. Сондықтан таптық қоғамда адамдардың санасы таптық сана болады. Қоғамдық эксперименттің өзгеруімен бірге адамның санасы да өзгеріп отырады.
Сананың негізгі қасиеттері. Сана психика дамуының жоғары сатысы
ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да аласыз. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И.П.Павловтың сөзімен айтқанда, "болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруге жоғары бағдарлылықты" қалыптастырады. Ғылым, өнер, мәдениет (сөздің кең мағынасында) қоғамдық сананы құрайды. Тұлғаның санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады. Тұлға санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана тұлғалар мен бұқара көпшіліктің шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады. Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-ақ сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да кӛрініп отырады. Демек, адам өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі дәрежеде бағалай отырып, оқиғаларға байқастап жанасады. Адам қатынастарды
интеллектуалды (бағалау арқылы) және эмоционалды (сүю, ұнату, өшпенділік, жеккөру, жирену түрінде көрінеді) сипатта болуы мүмкін. Көп жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды-эмоционалды сипатта, екеуі аралас келеді. Сана адамның шығармашылық қабілеттілігінен көрінеді. "Адамның санасы объективті дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды". Хайуан еш нәрсені де орната алмайды. Егер ол өзі мекендеген жердің жағдайын өзгертсе оны саналы түрде түсініп істемейді, оның тіршілік етуі соған жеткізеді. Адам дүниені саналы түрде өзгертуге тала птанады, оны өз қажетіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементттерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Шығармашылық адамның бүкіл Жерді мекендеуіне және ғарышқа да жол табуына мүмкіндік береді. Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзін білуді де қамтамасыз етеді, яғни сана өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс табады. Адам есеп беруінің ар қасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады. Білім негізінде тұлғаның. іс-әрекетіндегі және мінез-құлқындағы саналылық мөлшерін анықтауға болады. Тұлға мінезі мен іс-әрекетінде білімге сүйенеді, ол өткендегіні ескеріп және болашақты болжай отырып, неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады. Бұл ретте адам өзін-өзі бақылайды және өз күшін
жоспарына қарай реттеп отырады. Адамның жануарлардан айырмашылығы - ол өзін танитын және білетін, өзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі. Өзіндік сана-сезім - сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі.
Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнелеуінен біртіндеп қалыптасады.
Жануарлар психикасының даму жолдары.
Психиканың қарапайым түрі - нерв жүйесінің болмашы қасиеті бар
тіршілік иелері, мәселен, құрт тағы басқа насекомдар дүниесінде кездеседі. Бұл жәндіктерге тек сыртқы ортаны шамалау, бағдарлау ғана тән. Олар тек биологиялық мәнді зат пен әсер етуші объектінің жеке қасиеттері арасындағы байланыстарды бейнелеуге қабілетті. Психиканың бұл сатысы сенсорлық (сезімдік) деп аталады. Мұнда тікелей әсер етуші, оның үстіне, түгелдей зат емес, оның кейбір қасиеті ғана бейнеленеді. Мәселен, өрмекші өрмек пен тамақтың (өрмекке түскен шыбын) арасындағы байланысты бейнелендіреді, бақа жейтін қоректік затын түсі мен формасына қарап ажыратады, ара тағамның түсі мең иісіне, ал жылан болса, тек формасы емес, сонымен қатар өз жемтігінің денесінің температурасына реакция жасайды т. б.Тіршілік иесінің, әсіресе нерв жүйесінің құрылысы неғұрлым күрделіленіп әр түрлі органдардың атқаратын қызметі мейлінше ажыратыла, сондай-ақ организмдердің интеграциясы (организмдер қызметінің бірігуі) белсенді бола түскен сайын, психиканың бейнелеу функциясы да күрделілене түседі және оның басқару әрекеті кемелдене береді. Бұл, әсіресе нерв жүйесінің жоғары бөлігінің қалыптасуы кезінде анық байқалады. Осыдан психикалық іс-әрекеттің перцептивтік деп аталатын екінші сатысы басталады. Барлық сүтқоректілердің әрекеті осы екінші сатыдағы ерекшеліктермен сипатталады, олардың бәрінің де миы жақсы дамыған. Бұл саты үшін, бір объектінің кей кездері тіпті күрделі объектінің де әр түрлі қасиеттерін синтетикалық тұрғыдан бейнелей алу қабілеті тән. Осы жерде енді заттық бейнелей алу туралы айтуға болады. Мәселен, ит өз иесін даусы, киімі, иісі тағы басқа көптеген белгілері арқылы тани алады. Алайда, арнайы жүргізілген зерттеулердің көрсеткеніндей объектілерде қайсы бір қасиеттері жануар үшін өте маңызды болса, (сигнал ретінде), ал екінші біреулерінің маңызы аз болуы мүмкін. Жануарлардың бір белгілерді түсіне қоюы, оны дұрыс ажырата алуы, ал екінші бір белгілерді ажырата алмай, қателесуі осыдан. Инстинкт, көбінесе, дамудың төменгі сатысында тұрған жануарларда кездесетін мінез-құлықтың қарапайым нәсілдік формасы. Мұны қазақша "соқыр сезім" деп атайды. Инстинкттер табиғи сұрыпталу жолымен жасалады. Жануарларда болатын инстинкт - организмнің белгілі тіршілік жағдайына, өскен ортасына әбден көніккенін көрсететін мінез құлықтың түрі. Мысалы, араның омартасы, құстың ұясы, көртышқанның іні, т.б. өте "шеберлікпен", "ептілікпен" жасалынады. Бірақ, осы мысалға қарап, бұл айтылған жәндіктер
мен құстарда сананың саңылауы бар деуге болмайды, өйткені, инстинктік амалдардын бәрі - тұқым қуалау жолымен жасалынады. Жануарлардың биологиялық дамуы мен нерв жүйесінің түрліше
құрылымына қарай оларда мінез-құлықтың әр түрлі түрлері байқалып
отырады. Осы арқылы жануар сыртқы ортамен байланыс жасайды, табиғи қажетін өтеу жолында тіршілік етеді, материалдық дүниенің құбылмалы өзгерістеріне тиісінше жауап қайтарып бейімделіп отырады.
Жоғары сатыдағы сүт қоректілерге
қарапайым тұрғыда ойлау
Бұлардың ішінен, әсіресе маймылдар, бәрінен бұрын антропоидтар немесе адам тәріздес маймылдарды айту керек. Олардың миы мейлінше дамыған, өзінің құрылысы жағынан адам миына өте ұқсас, әрі басқа жануарларға қарағанда, олардың психикалық іс-әрекеті анағұрлым бай және күрделі. Психиканың бұл сатысын интеллект сатысы деп атайды. Маймылдар тек қана заттың белгілі бір қасиеттерін, не бүтіндей өзін, синтездеу арқылы бейнелеп қоймайды, сонымен қатар заттардың арасындағы байланысты да бейнелей алады. Жоғары сатыдағы жануарлардан (маймыл, делфиндер) "ақылды" деп айтуға тұрарлықтай мінез-құлық көріністерін байқауға болады. Мінез -құлықтың осындай түрі маймылдарға жасаған эксперименттен сан peт байқалған. Мәселен, маймылдың сүйікті тағамы банан жемісін оның қолы жетпейтін жерге іліп қойса, маймыл жемісті алғысы келіп секіреді, бірақ оған қолы жетпейді. Бір кезде оның көзі қасында жатқан жәшікке түседі. Енді ол жәшіктің біреуін әкеліп, үстіне шығып көреді де, әліде де қолы жетпейтіндігін
байқайды. Сонан соң бірнеше жәшікті әкеліп, бірінің үстіне бірін қойып
биіктеткеннен кейін, бананды алуға шамасы келеді. Маймылдың осы
қылығында қандай да болмасын бір мәселені шешуге ұқсас көрініс бар.
Маймыл интеллектісінің өрісі тар, олардың интеллектісі, көбінесе, көзге
көрінетін нәрселерге байланысты ғана туып отырады. Мәселен, қасында жатқан таяқты "құрал" есебінде кездейсоқ пайдаланады, оны кейіннен керек болып қалар деген "мақсатпен" сақтап қоюды да білмейді. Майылдарда кездесетін осындай интеллект оның мандай бөлігінің жақсы дамуына байланысты. Егер маймыл миының осы бөлігін алып тастаса, бұрын білгенінен асып ештеңе істей алмайды. Сонымен, жануарлар психикасының қандай түрі болмасын сыртқы ортаның жағдайына бейімделуді қамтамасыз етеді. Бұлардың бәрі биологиялық сипатта болады.
Пайдаланған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Шәкәрім атындағы Семей
СӨЖ
Тақырыбы: Психиканың болмысы және көрініс беру механизмі
Информация о работе Психиканың болмысы және көрініс беру механизмі