Психиканың болмысы және көрініс беру механизмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 19:10, реферат

Краткое описание

Психика (гр. psychikos — ішкі сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі. Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И.М.Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін жаңа құрылымның — сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік зандылығы қалыптасады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Психиканың болмысы.docx

— 35.59 Кб (Скачать документ)

Психиканың болмысы  және көрініс беру механизмі

Психика (гр. psychikos — ішкі сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі. Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И.М.Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін жаңа құрылымның — сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік зандылығы қалыптасады.

Психика —

1) объективті шындықты түйсік, қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті;

2) адамның жан-дүниесінің  сапалық күйі мен сипатын жинақтайтын рухани бірлестігі.

Психиканың екінші сатысында адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін өзінше ұйымдастыратын және оқиғаның өткенін, бүгінін және болашақ күйін реттей алатын қабілет қалыптасады. Адам өткен оқиғаны есінде сақтайды, бүгінгі күйін қобалжу актісімен, ал болашақтағы мүмкін жайын үміті, мақсаты, арманы, түс көру арқылы жеткізе алады. Психика — биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Организм осы фактор арқылы әр нәрсенің ерекшелігіне сай қимыл-әрекет жасауға және ортаға бейімделуге мол мүмкіндік алады. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Адам психикасы іс-әрекеті нәтижесін әрдайым ортаның жағдайымен салыстыра отырып, индивид ахуалын қайтарымды байланыста ұстауға мүмкіндік алады, оның түсінік сезімін ықшамдайды. Психика жүйке жүйесін тітіркендіретін әсерді заттың бейнесіне түрлендіреді, мінез-құлыққа ынта-ықылас дарытады. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И.М Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін және құрылымдық-сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік заңдылықтары қалыптасады.

           Ми мен психиканың байланысы туралы түсінік.

Адамның  психикалық  әрекеттерінің,  ақыл-ой  санасының  ағымдарының

даму  жолдарын  білу  үшін,  олардың  нерв  жүйесінің,  мидың  құрылысын  білу қажет.  Психика  –  ерекше  ұйымдасқан  материя  –  мидың  қасиеті  есебінде психика пайда болады.  Жоғары  сатыда тұрған материяда  ғана психика болады. Жоғары  материя  дегеніміз  ми,  нерв  жүйесі.  Нерв  жүйесі  психиканың  негізі болғандықтан,  оның  құрылысын,  әрекеттерін,  ӛсіп  дамуын  білмейінше, психиканың қалайша өсіп-дамып отыратынын да жақсы біле алмаймыз. Нерв  жүйесі  психикалық  әрекеттердің  негізі.  Нерв  жүйесі  адамның денесіндегі  түрлі  химиялық  заттарды  шығатын  бездермен  бірге  адамның психика қуаттарын меңгеріп, басқарып отырады. Ол сондай-ақ адаммен сыртқы дүниенің  арасындағы  қатысты  да  басқарады.  Егер  нерв  жүйесі  болмаса, адамның  барлық  әрекеттері  бір -біріне  байланыспай,  үйлеспей  бір  орталыққа бағынбай  әрекет  етер  еді.  Нерв  жүйесі  болмаса,  оның  сыртқы  дүние  мен қатынасы  дұрыс  болмай  оны  тануға,  ӛзгертуге,  түрлі-түрлі  бейнелер  туғызуға мүмкіндік  болмас  еді.  Нерв  жүйесіның  құрылысы,  әрекеті,  өте  күрделі.  Оны зерттеу  оңай  емес.  Нервті  зерттеу  үшін  ғылымда   сан  алуан  әдістер қолданылады. Соның кейбіреуі – мына төмендегілер:

1)Салыстырмалы физиология  ғылымының фактілерін зерттеу.

2)Эксперименттік физиологияның  фактілерін зерттеу. 

3)Медициналық клиника  фактілерін зерттеу.

4)Құрсақтағы ұрықтың нерв  жүйесінің ӛсіп-дамуын зерттеу. 

Міне,  осы  жоғары  да  айтылған  әдістермен  адамның  нерв  жүйесі  қалайша өсіп, дамып отыратындығын,  мұның психикаға қандай әсері бар екендігін, яғни ми мен психиканың қандай байланысы бар дейтін мәселелерді шешуге болады. Адамның  психикалық  әрекетінің  қызметінің  заңдылықтары,  оны  жүзеге асыру ерекшеліктері мен құрылысын түсіну үшін, адамның психикалық әрекет жасаушы негізгі мүшесі  -  адам миы қалай құрылғанын және адамның әр түрлі көріністегі психикалық ӛмірімен қандай қатынаста екенін білу керек. Нерв  жүйесі  нейрон  деп  аталатын  жеке  клеткалардан  құралған.  Бұл нейронның әрқайсысының 2 тармағы болады: 1- ұзын тармақты -  нейрит  немесе аксон.  2-шісі  қысқа тармақты  дендрит деп аталады.  Нейронның тармақтала келіп, өзара түйінделіп бітетін жері нерв орталығы деп аталады. Бұлар орталық, перифериялық  (шеткі)  және вегатативтік  (ішкі)  нерв  жүйелерінің  өнебойына орналасқан.  Орталық  нерв  жүйесіне  жұлын  мен  ми,  ал    перифериялық  нерв жүйесіне ми м ен жұлыннан тарайтын әр түрлі шеткі нервтер жатады. Жұлын жуандығы  1см,  омыртқа  қуысының  ішіне  орналасқан,  ересек  адамдарда ұзындығы  45  см   ге  дейін  жетеді.  Жұлыннан  жан-жаққа  31  жұп  нерв талшықтары тарайды. Олардың 1 тобы ортаға тебетін, 2 -ші тобы шетке тебетін нерв  деп  аталады.  Жұлын  біздің  әрекетіміздің  орталығы  емес,  ол  қарапайым қозғалыстардың  (аяқ  қолды  керіп  созу  т.б.)  жұмысын  басқаратын орталық болып  табылады.  Орталық  нерв  жүйесінің  2-ші  бӛлігі   ми.  Оның  орташа салмағы  ересек  адамдарда  шамамен  1400гр.  болады.  Мұндағы  сопақша, ортаңғы және аралық ми – бәрі қосылып ми бағанасын құрайды.

Сопақша ми  -  жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек  қызметінің, қан 

айналысы  мен  ас  қорытудың  нерв  орталықтары  бap.  Сопақша  мидың  сырт жағында,  формасы  ағаштың  жапырағына  ұқсас  мишық  орналасқан.  Мишық организмнің  қозғалысын, оның бірқалыпты жүріс -тұрысын  басқарып отырады. Адам  өмірінде  ми  қабығы  негізгі  қызметті  атқарады.  Ол  бейне қабылдағыш аспап тәрізді, көптеген анализаторлардан тұрады. Мида көру, есту, қозғалыс,  иіс,  дәм  анализаторларының  нерв  орталықтары  бар.  Егер,  ми салаларына  зақым  келсе  психикаға  да  зақым  келеді.  Адамда  мидың  маңдай бөлігі  жақсы  дамыған.  Маңдай  миға  зақым  келсе  адамның  ақыл-ой  процесіне зақым  келеді.   Үлкен  мидың сол жақ жарты шарларының  төменгі  маңдай  иір қыртысының  артқы  жағында  «Брока  кіндігі»  орналасқан.  Бұл  кіндік  адамның сөйлеу  орталығын  басқарады.  Егер  бұған  зақым  келсе  адам  дауыстап  сөйлей алмайды.  Қаншама    сөйлейін  десе  де  тілі  икемге  келмейді.  Орта  маңдай ирегінің жоғары жағында жазу кіндігі орналасқан. Оған зақым келсе, адам жаза алмайды. Мұндай ауруды  аграфия  дейді. Ал адамдардың тілі кұрмеліп сөйлей алмай  қалса,  оны  афазия  деп аталады.Мидың төбе  бөлігі  адамның  қимыл әрекетімен  байланысты  (кеңістікті,  уақытты  ажырату).  Егер,  осыған  зақым келсе, адам үйреншікті әрекетін қайтадан жасай алмайды. Мұны  апракция деп атайды. Мидың желке бөлігі көрумен, самай бөлігі естумен байланысты. Егер жоғары самай ирегінің алдыңғы жағына зақым  келсе, адам музыканы есінде қалдыра алмайды, естіген сөзін ұқпайды.

         

      Психика мен нерв жүйесінің рефлекстік табиғаты.

Адам  анатомиясын  зерттейтін  шынайылықты  сынаушылар  мен 

дәрігерлер  ертеде-ақ  психикалық  құбылыстардың  ми  қызметімен  байланыста болатыны туралы болжам айтқан және психикалық ауруларды  -  ми қызметінің бұзылуының  нәтижесі  деп  қарастырған.  Зақымдалу,  жаралану  немесе  аурулар салдарынан болатан бас миындағы өзгерістері бар ауру адамдарды бақылау бұл көзқарастар  сүйенетін  тіректер  болды.  Мұндай  ауру  адамдарда  көру,  есту, ойлау,  еске  сақтау,  және  сөйлеу қабілеттерінің  зақымдалып,  қозғалысының   бұзылуы  және  т.б.  сияқты  психикалық  әрекеттің  кенеттен  ауытқуы байқалатыны мәлім. Алайда, психикалық әрекет пен ми қызметінің байланысын анықтау  -  психиканың  ғылыми  зерттеуі  жолындағы  алғашқы  қадамы  ғана болды.  Бұл  айғақтар  психикалық  әрекет  негізіне  жататын  физиологиялық механизмдерге әлі де түсінік бермейді. Ағзаға  әсер  етуші  тітіркендіргіштер  мен  ағзаның  жауап  қайтару реакцияларының  арасыңда  уақытша  байланыстар  пайда  болады.  Бұлардың пайда болуы  -  бас миы қабығының басты қызметі болып табылады. Ми әрекеті түріндегі  кез  келген  психикалық   әрекет  үшін  нервінің  уақытша  байланысы болып  –  негізгі   физиологиялық  механизм  саналады.  Кез  келген  психикалық процес миға тітіркендіргіштер әсер етпесе өздігінен пайда болуы мүмкін емес. Кез келген психикалық процестің және кез келген уақытша байланыстың соңғы нәтижесі  -  сыртқы  әсерге  жауап  ретінде  іштен  шығатын  әрекет.  Бұл жағдайлардың  барлығы  объективтік  ақиқаттың  бейнеленуінің  механизмін айқындайды.  Сонымен  жоғарғы  нерв  әрекеті  туралы  ілім  психикалық құбылыстарды  материалдық  тұрғыдан  түсінудің  табиғи-ғылыми  іргетасы болды. Ағзаның психикалық  әрекеті көптеген  арнайы  дене  құрылымдарының көмегімен  жүзеге  асырылады.  Олардың  біреулері  -  әсерлерді  қабылдайды,  ал екіншілері  -  оларды  сигналдарға  түрлендіреді,  Мінез-құлықтың  жобаларын жасап  және  оларды  қадағалайды,  үшіншілері  -  бұлшық  еттерді  қозғалысқа келтіреді. Бұл барлық күрделі жұмыстар ортада ӛзін  белсенді ұстауға мүмкіндік береді. Барлық  психикалық  әрекеттердің  рефлекторлық  табиғатын  табиғи -ғылыми  жасаудағы  және  негіздеудегі  орыс  физиологтары  -  И.М.Сеченовтың және  И.П.Павловтың  еңбегі  зор.  И.  М.  Сеченов   өзінің  атақты  "Бас  миының рефлекстері"  деген  еңбегінде  рефлекторлық  принципті  бас  миының  барлық қызметіне тарата отырып, осылайша адамның барлық психикалық әрекеттеріне таратты. Ол "саналы және санадан тыс өмірдің барлық актілері өздерінің шығу тегі  бойынша  рефлекстің  мәні"  деп  көрсетті.  Бұл   психиканы  рефлекторлық тұрғыдан  түсінудің  алғашқы  ұмтылысы  болды.  И.М.Сеченов  бас  миының

рефлекстерін толық талдай отырып, олардағы үш басты қатарды атап көрсетті: бастапқы қатар  -  оның сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргішті миға беретін нервні  қоздырғыш  процесіне  айналдыруы;  ортаңғы  қатар  -  мида  қоздырғыш және  тежегіш  процестерінің  және  осының  салдарынан  психикалық  күйлердің (сезімдердің,  ойлардың,  сезінулердің  және  т.б.)  пайда  болуы;  соңғы  қатар  -сыртқы қозғалыс. Осымен бірге И. М. Сеченов рефлекстің    ортаңғы қатары өзінің психикалық  элементтімен бірге оның табиғи бастауы мен соңы болып табылатын  қалған  екі  қатардан  (сыртқы тітіркендіргіш  пен  жауап  қайтару   әрекетінен)  оқшаулануы  мүмкін  емес,  сондықтан  барлық  психикалық құбылыстар  - жалпы рефлекторлық процестің бөлігі,  -  деп санайды. Рефлекстің барлық  қатарлары  арасындағы  үздіксіз  байланыстар  туралы  И.  М.Сеченовтың тұжырымы  психикалық  әрекетті  ғылыми  түсіну  үшін  маңызды.  Психикалық әрекет  сыртқы  ықпалдардан,  адамның  әрекеттерінен  бөлек  қаралуы  мүм кін емес. Ол тек субъективтік уайым ғана бола алмайды: егер бұлай болатын болса, онда  психикалық құбылыстар  ешқандай  шынайы  өмірлік  мағынаға  ие  болмас

еді. И.  М.  Сеченов  психикалық  құбылыстарды  қалыпты  талдай  отырып,

олардың барлығы біртұтас рефлекторлық  актіге, қоршаған ортаның  ықпалына, адамның  бас  миы  басқаратын  ағзаның  біртұтас  реакциясына  енетінін  атап көрсетті.  Психикалық  әрекеттің  рефлекторлық  принципі     И.М.Сеченовқа адамның  барлық  әрекеттері  мен  қылықтары  сыртқы  әсерлер  салдарынан болатыны  жайында,  детерминациялану  жайлы  психология  ғылымы  үшін маңызды  қорытындыны  жасауға  мүмкіндік  берді.  Ол  былай  деп  жазды:  "Кез -келген  қылықтың  бастапқы  себебі  әрқашанда  сыртқы  сезімтал  қоздырғышта болады,  өйткені  онсыз  ешқандай  ойдың  болуы  мүмкін  емес".  Сонымен  бірге И.М.Сеченов  сыртқы  жағдайлардың  әрекеттерін  жай  ғана  түсінуге  қарсы ескертулер  айтты.  Мұнда  сыртқы  әсерлердің  болуы  ғана  емес,  сондай -ақ адамның  басынан  өткен  барлық  әсерлердің  жиынтығы  да,  оның  өткен тәжірибесінің  барлығы  да  маңызды  болатынын  И.М.Сеченов  бірнеше  рет

көрсеткен.  Сонымен,  И.М.Сеченов  рефлекстің  ми  қатарын,  оның  табиғи

бастауы  (сезім  мүшелеріне  әсер  етуден)  мен  соңынан  (жауап  қайтару 

қозғалысынан) оқшаулап қарау дұрыс емес екендігін көрсетті. И.П.Павловтың  еңбектері  мен  оның  мектебінде  әрекеттің  рефлекторлық

принципі  өзінің  дамуына  және  эксперименттік  негізіне  ие  болды.  И.П.Павлов пен И.М.Сеченовтың  психикалық  әрекетті  мидың  рефлекторлық  әрекеті түрінде  түсінуінің  дұрыстығын  дәлелдеді,  оның  негізгі  физиологиялық заңдарын  ашты  ғылымның  жаңа  саласын  -  шартты  рефлекстер  туралы  ілім жоғарғы  нерв  әрекетінің  физиологиясын  қалыптастырды.  Бұл  физиологиялық процестер  ми  қабығындағы  шартты  рефлекстердің  жасалуында,  сондай -ақ мидың  төменгі  бөліктерінде  шартсыз  рефлекстердің  жасалу  кезінде  де  үнемі көрініп отырады.

Қозу  –  әр  түрлі  тітіркендіргіштердің  әсері  нәтижесінде  нерв  жүйесінің 

қызмет  жасап  тұрған  белсенді  күй  болса,  тежелу,  керісінше,  нерв  жүйесін тыныштандыратын  процесс  больш  табылады.  Қозу  және  тежелу  процестері ғылымда  Сеченов  пен  Павловқа  дейін  де  мәлім  болған, оның кейбір зандылықтары  да  зерттелген.  И.М.Сеченовтің  мидың  тежелуі  жөнінде пікірлеріне сүйене отырып, И.П.Павлов онда қозумен қосарласа тежелу процесі болып  отыратындығын,  мида  бірыңғай  қозу  мен  бірыңғай  тежелудің  болуы мүмкін  еместігін,  бұл  нерв  процестерінің  жұмысы  организмнің бүкіл өмірінің барысында үздіксіз болып отыратындығын делелдеді. Мұны мына мысалдан -ақ жақсы  байқауға  болады.  Егер  адам  бір  нәрсеге  қатты  зейін  қойса,  онда айналасындағы  заттарға  қарамайды,  өйткені  кітапқа  қадал ған  кезде  мидың алабы қозу жағдайында болады да, қалған алаптары тежелуге ұшырайды. Қозу мен тежелудің осындай жұмысын көрсететін мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. И.П.Павлов  шартты  рефлекстердің  табиғатын  зерттеу  үстінде тежелулердің бірнеше түрін  анықтады. Ол тежелуді сыртқы  -  шартсыз (яғни, туғаннан пайда болатын) және ішкі  -  шартты  (өмірде жасалып отыратын) деп екі үлкен топқа бөлді. Сыртқы тежелудің өзі бірнешеге бөлінеді. Соның бірі  -жай тежелу. Егер

шартты  рефлекс  жасалып  жаткан  бөлмеге  жаңадан  бір  тітіркендіргіш  қосылса (мәселен, бөлмеге бөтен кісінің кіруі), ит сілекей бөлуді тоқтатады, яғни жаңа тітіркендірііш  шартты  рефлекстің  пайда  болуына  бөгет  жасап,  оны  тежеп тастайды. Тежелудің бір түрі организмнің өмірі үшін аса маңызды. Егер, организм сыртқы дүниедегі сан алуан тітіркендіргіштеді сезе алмаса, ол жауынан қорғана да, тамағын тауып жей де алмас еді. Сырткы  тежелудің  екінші  түрі  -  шектен  тыс  тежелу.  Ми  қабығының жұмыс  істеу  қабілетінің  белгілі  шегі  бар.  Егер  миға  үнемі  күшті тітіркендіргіштер  әсер  ете  беретін  болса,  нерв  клеткаларының  тәртіппен біркелкі жұмыс  істеуіне нұқсан келуі мүмкін. Мидың шаршаған кезінде пайда болып,  оны  апаттан  сақтап  қалатын  тежелудің  осыңдай  түрін  кейде  қорғаныс тежелуі деп те атайды. Ішкі  тежелудің  де  бірнеше  түрі  бар.  Солардың  бірі  -  сөне  тежелу.  Егер шартты тітіркеңдіргіш (мысалы, қоңырау), бірнеше рет беріліп, бірақ шартсыз тітіркендіргішпен  (тамақ)  нығайтылмаса,  онда  шартты  рефлекс  жасалынбай сөне  бастайды,  яғни  байланыс  уақытша  тежеледі.  Біраздан  кейін  тағы  да қоңырау  соғылса,  шартты  рефлекс те  қайтадан  пайда  болады.  Бұл  шартты байланыстың  бұзылмағандығын,  тек  уакытша  тежелгенін  көрсетеді.  Мұндай тежелулердің  пайдасы  организмге  бір  жағдайда  қажетсіз  болған  рефлекстерді уақытша өшіріп отыратындығында.

Информация о работе Психиканың болмысы және көрініс беру механизмі