Отбасын құру және оның проблемалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 19:14, реферат

Краткое описание

Әлеуметтік институт ретінде отбасы анализінде нақты отбасы қарастырылмайды белгілі мәдениетке тән отбасылық мінез-құлық үлгілері қарастырылады. Жас отбасы дегеніміз- жастары 29- дан аспаған және неке тұрғандарына 3 жылдан артық уақыт тұрмаған отбасын айтамыз. Неке ұғымның астарында ересек индивид арасындағы қоғам мен реттелетін қарым-қатынастарының тарихи шапталған формасын айтамыз. Қазіргі атаумызға болады. Ең көп таралған түрі нуклеарлы отбасы. Екінші орында толық емес отбасы.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Отбасын құру және оның проблемалары
1.2.Жас отбасының келіспеушілігі: себептері мен алдын алу
1.3.Мемлекет тарапынан жас отбасыларына қолдау көрсету
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жас отбасылардың келіспеушіктері.doc

— 105.50 Кб (Скачать документ)

Ерлі-зайыптылардың үйлесімі немесе үйлеспеуі келесі факторлардың өзара әрекеті болып табылады:

Еңбекке деген көзқарас. Қызметтік міндеттерін атқаруға жауапкершілікпен қарайтын адамдар  ерлі-зайыпты өмірде үйлесімге оңай қол жеткізе алады. Қызықты жұмыс, жұмысына қанағаттану ерлі-зайыптылық өмірге оң әсер етеді, ал, керісінше, үйдегі жайлы жағдай еңбек қабілеттілігіне, жұмысқа қанағаттанушылығына жақсы әсер тигізеді.

Еңбек ұжымына қанағаттану. Ұжымдағы қарым-қатынас жұмыскердің отбасындағы  ахуалға әсер етеді, сондай-ақ отбасылық  және басқа жеке мәселелероның жұмыстағы мінез-құлқы мен көңіл- күйіне теріс әсер теуі мүмкін;

Ерлі-зайыптылардың адалдыққа  деген көқарас. Ерлі-зайыптылық адалдықты  сақтаушы адамдардың некесі көбінесе бұл ұстынды бұзатындарға қарағанда  неғұрлым үйлесімді.

 

 

 

 

1.3.Мемлекет  тарапынан  жас отбасыларына қолдау көрсету

Қазақстанда  жасы 29 жасқа толмаған ерлі-зайыптылар жұбы жас отбасы болып саналады.Сонымен қатар 29 жасқа толмаған оның ішінде айырылысқан не жесір қалған баланы ата-аналардың біреуі жалғыз тәрбиелейтін толық емес отбасы болып саналады.   
Әдетте берік материалдық іргетассыз отбасын құрайын деп жатқан жас адамдарға  көп дәйекті ескертулерді тыңдауға тура келеді.  Бірақ бұған қарамастан,  жас жұбайлардың материалдық  жағынан қамтамасыз етілгендігін міндетті деп санайтындарға қарағанда, жас отбасын құруда   рационалды дәйектер басым болады  Мұндай мақұлдаудың дәлелі ретінде жастардың бір-біріне деген махаббаты мен шын, адал сезімдерін келтіруге болады. 
Тұрмыс құруға мотивациялық даярлық дегенге мыналар: отбасын құрудың басты себебі ретінде махаббат, дербестікке даярлық, құрылайын деп жатқан отбасына жауапкершілік сезімі және баланы тууға және тәрбиелеуге даярлық кіреді. 
Көптеген отбасылар махаббат негізінде құрылатынын естен шығармауымыз тиіс. Социологтардың мәліметтеріне сүйенсек мұндай отбасылардың саны шамамен 70-75% құрайды.  Шын, құштарлық сезімсіз «ақыл бойынша» 15-20% отбасылар жастар арасында құрылады. Шамамен  5-10% отбасылар  әл-ауқатты құндылықтар бойынша құрылады. ( яғни болашақ ерлі-зайыптылардың біреуі әл-ауқатты – жақсы жабдықталған пәтер, жоғары еңбек ақы, автомобиль және т.б. ие болғанда ).

 

 

 

 

Студенттік отбасылар

Студенттік отбасы деп  ерлі-зайыптылардың екеуі де студент  болып табылатын отбасын айтамыз.  Мұндай жас отбасында ерлі-зайыптылардың жасы 25- тен, ал отбасылық  стажы 5 жылдан аспайды. 
         Жастардың жалпы көзқарастарының байланыстылығына, қызығушылықтарына, жалпы мақсаттары мен дүниеге деген көзқарастарына қарамастан, олардың көпшілігі отбасылық өмірдің алғашқы сәттерінен бастап  ажырасуға әкеп соқтыратын мәселелерімен қақтығысады.  Әл-ауқаттың жағдайсыздығы, тұрақсыз табыс, бөлек баспананың болмауы - мұның бәрі жас отбасылардың ішінде арақатынастардың бұзылуын тудыратын себептер. Бірақ жас студенттік отбасылардағы ең маңызды мәселе - баланың тууы  болып табылады.Себебі оқуды  баланы тәрбиелеу, тұрмыс және отбасын құру  мәселелерін шешумен бірге қиыстыру үлкен өмірлік тәжірибе мен шыдамдылықты қажет етеді.  Жас отбасының барлық қиындықтарды жеңудегі жетістігі мен бұдан былайғы тіршілігі негізінен мемлекеттің демеуі мен ықыласына байланысты болады.  

Жас отбасылардың мемлекет тарапынан қолдауы

Жас отбасыларды мемлекеттік  қолдау аймақтық  және  салааралық  бағдарламалармен айналысатын жерлердегі меморгандары арқылы жүзеге асады 
Қолдаудың шаралары жас отбасылардың әлеуметтік мұқтаждықтарына сараптама жасау негізінде белгіленеді 
 Қазіргі кезде жас отбасыларының  қолдауын қамтамасыз етуде, сонымен қатар жастардың арасында некелерін сақтау үшін қолайлы жағдайлар туғызу  мақсатында мемлекет тарапынан келесі іс-шараларды өткізу жоспарлануда: 
Жас отбасыларына жеңілдік несиелерін беру;

  • Студент не оқушы болып табылатын ата-аналарға оқу орны әкімшілігінің   келісімі бойынша жаттықпа сабақтарына еркін қатысуға, бала бір жарым жасқа толу мерзіміне дейін академиялық демалыс алуына құқық беру.  
  • Отбасы өмірінің мәселелері бойынша, жас отбасылардың психологиялық, педагогикалық және құқықытық мәселелері бойынша тегін кеңес беру көмегінің тәжірибесі;
  • Жас отбасылардың мәселелерімен айналысатын және оларға әлеуметтік қызмет және қолдау көрсететін коммерциялық емес ұйымдар жүйесін жетілдіру (НПО);
  • Жастар мен балалардың сауығу  мен   ұйымдастырылған жазғы демалыс жүйесін дамыту және сақтау;
  • әл-ауқаты төмен жас студенттік отбасыларына оқу орындарына қатысты жатақханалардан баспана беру;

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарды дамыту.  

Өз мақсатында әр адам  өзінің түсінігі мен түйсігінде жердің бай және құнарлы аралшығы ретінде біртума және жеке, сүйікті отбасын құруға талпынады. Мұндай берекелі жерде ұрық өсіп, балалар дүниеге келеді.  Адамдарды қалай бақытты қылуға болады,  және сол адамдар сенімен бірге өмір сүретін  өз отбасын, аралшығын қалай табуға болады? Бұл сұраққа жауап әр адамға жеке болып табылады.  Психологтармен сарапталған және жылдар бойы жиналған дені сау отбасын құруының жалпы беталыстары бұл қиын мәселені түсінуде көмек көрсетеді.  

Дені сау отбасы –  бұл жақындықтың, махаббаттың, сонымен  қатар таластардың және өшпенділіктің  ашық көрініс мекені.  Дені сау отбасының мүшелері  осы отбасына қатысты барлық үдерістерге еркін қатыса алады.  Ұрпақтар арасындағы айқын аралық – бұл жақсы берік отбасы құрылымының негізгі құрауыштардың бірі (мұны отбасы ішіндегі қатал иерархиялық қатынастарымен алмастыруға болмайды). Ата-аналар мен балалардың «билік» және «жауапкершілік» сияқты түсінік көзқарасы жағынан бірдей емес екені анық байқалады. Өзара ынтымақтас ата-аналар балаларға қауіпсіздік сезімін қамтамасыз ететін отбасының омыртқа бағанасы ретінде  көрінеді.  Бірақ дені сау отбасы, ата-аналардың балаларға деген басымдылығына негізделмейді керісінше, біріншілердің  екінші тұлғаларға қамқорлығын қамтамасыз етуге негізделеді. Себебі бұл күш айқын зерделеді де, ешбір күмән келтірмейді сондықтан ата-аналарға әрдайым мұны балаларға не өздеріне  ашық көрсетіп, дәлелдеудің қажеті жоқ.   Олар ойынға деген жайдарылық қатынасын, ролдік сараптау- қарым-қатынас шығармашылығын мадақтайды.

Азаматтық хал-ахуалды таңдау Қазіргі қоғам өз азаматтарына өмірдің кез-келген саласынан еркін таңдау жасауды ұсынады.   Ер адамдар мен әйелдер өз отбасылық  жағдайын таңдауда АХАЖ органдарында ресми тіркелмеген неке қазіргі қоғамда кең таралып келеді. Ер адам мен әйелдің арасындағы мұндай қарым-қатынастардың түрі ашық болып, ешқандай материалдық және моральдық міндеттемелер жүктелмейтіні туралы көзқарас қалыптасты.  
           Ресми неке  – адамдардың өз азаматтық жағдайының еркін таңдауының нәтижесі, толыққанды отбасын құрудың классикалық үлгісі болып қалатын  ер адам мен әйел арасындағы заңды жолмен тіркелген қарым-қатынастар.  Қатынастардың бұл түрін таңдаған кезде ерлі-зайыптылар өздеріне өзара моральдық және материалдық міндеттемелерін артады. Толыққанды отбасында туған балалардың әлеуметтік жағынан толық қорғанысының  айқын кепілдіктеріне ие.  Некеге тұрғаннан кейін әдетте, әйел жұбайының тегін алады.  
            Соңғы жылдары ерлі-зайыптылардың міндеттемелері мен құқықтары сонымен қатар, қарым-қатынастардың материалдық жағы сөз етілетін  некелік  келісім шартын жасау тәжірибесі кең таралып келеді.   Бұл құжат әділет органдарында тіркеледі және оның заңды күші бар. Ажырасу жағдайында ерлі-зайыптылардың қатынастары осы құжаттың негізінде реттеліп, осыған байланысты көптеген мәселелерден құтылуға көмектеседі.  (мүлік бөлінісі, балалармен қарым-қатынас, материалдық көмек) және т.б.

            1. Жас отбасыларды мемлекеттiк қолдау мақсатында орталық және  жергілікті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен салалық және өңірлік бағдарламаларды әзiрлейдi, бекiтедi, icкe асырады. 
      Жас отбасыларын мемлекеттік қолдау саласындағы салалық және өңiрлік бағдарламаларды қалыптастыру мен iске асыру жас отбасыларына қатысты мемлекеттiк қолдау шаралары белгiленетiн олардың әлеуметтiк қажеттіліктерін талдау негiзiнде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес жүзеге асырылады. 
      Аталған шаралар жас отбасыларына әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуде материалдық және өзге де көмек көрсетуге, тиiстi бiлiм бepу, медициналық, құқықтық, психологиялық-педагогикалық, ақпараттық, консультациялық, соның iшiнде балалардың денсаулығын сақтауды, оларды тәрбиелеудi және дамытуды, жастарды әлеуметтiк қорғауды, бейiмдеудi және оңалтуды қамтамасыз ету жөнiндегi басқа да қызметтер көрсетуге бағытталған. 
      2. Жас отбасыларын дамытуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында мемлекеттiк қолдау: 
      1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жас отбасыларына жеңiлдiктi кредиттер беру; 
      2) оқу орнының әкiмшiлігімен келiсiм бойынша студенттер мен оқушылар болып табылатын жастар арасындағы ата-аналар үшiн оқу сабақтарына еркiн қатысуға, баланың бiр жарым жасқа толуы кезеңiне академиялық демалыс алуға құқық беру; 
      3) отбасылық өмiрдiң проблемалары, жас отбасылардың психологиялық-педагогикалық, құқықтық және басқа да мәселелерi бойынша консультация беру жүйесiн дамыту; 
      4) әлеуметтiк қызмет көрсетулер, әлеуметтік көмек ұсынатын коммерциялық емес ұйымдардың жүйесiн дамыту; 
      5) балалар мен жастардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру жүйесiн сақтау және дамыту; 
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жас отбасыларына жоғары оқу орындары мен орта кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында оқу кезеңiнде бiлiм беру ұйымының жатақханасында бөлмелік үлгiдегi тұрғын үй-жай беру; 
      7) мемлекеттiк мектепке дейiнгi ұйымдардың жүйесiн дамыту арқылы жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

          Ертеректе ажырасу деген өте сирек кездесетін жағдай-тын. Тіпті ілуде біреу десек те болады. 1950 жылдары Қазақстанда некеге тұрған 100 жұптың арасында бір шаңырақ иелері ғана түсініспеушілікпен екіге бөлініп, өз өмір жолдарын қайта бастайды екен. Дегенмен сол мезгілден бері ажырасу қарқыны жыл санап артып келеді. Бұған дәлел мынау: егер әрбір онжылдықты бөліп алып қарайтын болсақ, 60-жылдары 30 отбасыдан біреуінің, 1970 жылдары – алты, 1980 жылдары – төрт, ал 1990 жылдары үш отбасының бірі ажырасып тынған екен. Қазір тіпті бұл көрсеткіш деңгейі бұрынғыдан да көтеріле түскенін аңғаруға болады. 
«Ажырасудың басты себебі не?» деген сұраққа жауап іздеп көргендер спирттік ішімдікке құмарлық, тұрғын үй мәселесінің шешілмеуі, жұмыссыздық және отбасылық өмір сүруге деген жауапкершіліктің аздығы деген «сылтау» айтқан. Республикамызда ер мен әйелдің дәм-тұзы жараспай, ажырасу жайы, әсіресе, алматылықтарға тән.  
           Ел арасында 22 жасқа дейін отбасын құрмаған бойжеткендер тұрмысқа не тым кеш шығады, не мүлдем жалғыз қалады деген түсінік бар. Неге? Мамандар мұның себебін былай түсіндіреді: 22 жасқа дейінгі бойжеткендер психологиясында эмоцияға берілу жайы жиі кездеседі екен. Махаббатқа, өз сезіміне сенеді. Және таңдаған жұбының өзіне адал серік екендігіне күмәнданбайды. Ал бұл жастан өткен бойжеткендердің көбі ақыл тоқтатып үлгереді. Олардың болашақ жарына деген талабы күшейе түседі. Олар сымбатты, ақылды, табысы мол қызмет істейтін т.б. жігіттерді іздей бастайды. Оның үстіне қазіргі кезде жоғары білім алу, одан табысы жақсы қызметке тұру, баспаналы болу деген мәселелер негізгі табиғи міндетті кейінге ысыра береді. Мұндай табыстарға қол жеткізгенше қыздар жағы тағы да есейе, тәжірибелі бола түседі. Бұл кезде сезімнен гөрі, ақылға «құлақ» түреді.

 
             «Әлеуметтік-экономикалық ахуалдың нашарлығы ажырасу процесін жиілетіп жіберді» деген бос сөз» деп қарсы пікір білдіретіндер де бар. Олардың айтар уәжі, келтіретін мысалы – Батыс Еуропа. Алдыңғы қатардағы дамыған мемлекеттердің сапында тұрған оларда да бұл мәселе өте көңіл қуантатындай дәрежеде емес. Тіпті бұл жағынан бізді басып озады деуге негіз бар. Сондықтан «ажырасу ауруының» диагнозы басқа. Ал оны дәл тауып, соған лайықты «ем» қабылдау жөніндегі әңгіме бөлек. Осы жерде бізде бұрын бәрі де болды ғой деген ой туады. Ең бірінші отбасылық өмірдің өзіндік қалыптасқан механизмі болды. Бұл талай ғасырлар бойы іріктеліп алынған тәжірибе еді. Халқымыздың отбасылық өмірдегі әркімнің өз орны, міндеті жайлы жазылған және жазылмаған заңдылықтары болды. Арыға барсақ Құранда, беріге келсек, Тәуке ханның «Жеті жарғысында» бұл мәселе жайына кеңінен тоқталған. Соған қарағанда, бұл мәселе адамзат баласын тек бүгінгі күні емес, сан ғасырлар бұрын да мазалаған. Тәуке ханның «Жеті жарғысында» отбасы мүшелерінің құқы мен міндеті, оның орындалуының қатаң тәртібі белгіленген.  
            «Баланы жастан, әйелді бастан» деген қағиданы ұстаған да біздің ата-бабаларымыз. Тым ерте жасынан-ақ баланың отбасы алдындағы жауапкершілігін түсіндіре білген. Сондықтан да болар, «Он үште отау иесі» болып және оның шырқын бұзбай ұл-қыз тәрбиелеп, адамзат дамуы көшін жалғастырғаны. Ата-бабамыз бұл мәселеде ұл-қызын арнайы дайындықтан өткізген жоқ, күнделікті тіршіліктің арасында-ақ қайтсе қалай болатынын ұқтырған. Ата-ананың өздері үлгі бола отырып берген тәрбиесі баланың жасөспірім шағында-ақ барлық ғұмырына жеткілікті білім алып, тәжірибе жинақтауына жеткілікті.  
              Ертедегі данышпандардың өзі ең басты және күрделі мамандық иелері – ата-аналар деген тоқтамға келген екен. Бұған ата-ана мамандығы ең кең тараған және өте қажет екендігін қосуға болады. Бұл мамандықты еш жерде оқытып, дайындамайды. Біздің ата-аналар мен мектеп балаларды болашақ отбасылық өмірге емес, жоғары оқу орнына түсіп, мамандық алып шығу және жақсы қызметке тұруға бағыттап тәрбие береді. Болашақ ата-аналарды мақсатты түрде бағдарлама жасап дайындау не орта мектепте, не жоғары оқу орындарында жоқ. Сондықтан да жастарға «отбасылық өмірге бейім емес» деп кінә артып жатамыз. Ал мұның салдары жас жұбайларды көп уақыт өтпей жатып түсініспеушілікке ұрынтып, ажырасуға алып келетіні ащы да болса шындық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Аберкромби Н., Хилл С., Тернер Б. Социологический словарь / Пер. с англ. под ред. С.А. Ерофеева. – Казань: Изд-во Казан. ун-та, 1997.-420с.
  2. Авсиевич М.Т., Мельник Л.И. Супружеские конфликты и пути их преодоления. – М.: Материал в помощь лектору, 1988.-22с.
  3. Андреева И.С., Гулыга А.В. – Семья: Книга для чтения. Кн. 2. – М: Политиздат, 1991.-527с.
  4. Аргайл М. Психология счастья. / Пер. с англ. / Общ. ред. М.В. Кларина. – М.: Прогресс, 1990.-336с.
  5. Афанасьева Т.М. Семья: учебное пособие для 9-10 кл. сред. шк. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Просвещение, 1988.-285с.
  6. Богданов Г.Т., Богданович Л.А., Полеев А.М. и др. Супружеская жизнь: гармония и конфликты / сост. Л.А. Богданович. – 2-е изд. – М.: Профиздат, 1991.-175с.
  7. Витек К. Проблемы супружеского благополучия. / Пер. с чеш. / Общ. ред. и предисл. М.С. Мацковского. – М.: Прогресс, 1988.-138с.
  8. Говако Б.И. Студуенческая семья. / Редкол.: Э.К. Васильева (пред.) и др. – М.: Мысль, 1988.-158с.
  9. Гребенников И.В. Основы семейной жизни: Учеб. пособие для пед. ин-тов. – М.: Просвещение, 1991.-157с.
  10. Гребенников И.В., Ковинько Л.В. Семейное воспитание: Краткий словарь. – М.: Политиздат, 1990.-319с.
  11. Еникеева Д. Несчастливый брак. – М.: “РИПОЛ КЛАССИК”, 1998.-224с.
  12. Каблуков В.А. Проблемы студенческих семей. – К.: О-во “Знание” УССР, 1989.- 48.-(Сер. 7 “Педагогическая”, №4)
  13. Каменский Я.А. Избранные педагогические сочинения. в 2 т., М., 1982, т.1.
  14. Карнеги Д. Как быть счастливым в семье. / Пер. с англ. П. Петрова. – Мн.: Попури, Г.К.М., 1996.-431с.
  15. Ковалев С.В. Психология современной семьи: Информ.-метод. Материалы к курсу “Этика и психология семейной жизни”: Кн. Для учителя. – М.: Просвещение, 1988.-208с.



Информация о работе Отбасын құру және оның проблемалары