Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 19:14, реферат
Әлеуметтік институт ретінде отбасы анализінде нақты отбасы қарастырылмайды белгілі мәдениетке тән отбасылық мінез-құлық үлгілері қарастырылады. Жас отбасы дегеніміз- жастары 29- дан аспаған және неке тұрғандарына 3 жылдан артық уақыт тұрмаған отбасын айтамыз. Неке ұғымның астарында ересек индивид арасындағы қоғам мен реттелетін қарым-қатынастарының тарихи шапталған формасын айтамыз. Қазіргі атаумызға болады. Ең көп таралған түрі нуклеарлы отбасы. Екінші орында толық емес отбасы.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Отбасын құру және оның проблемалары
1.2.Жас отбасының келіспеушілігі: себептері мен алдын алу
1.3.Мемлекет тарапынан жас отбасыларына қолдау көрсету
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.2.Жас отбасының
1.3.Мемлекет тарапынан
жас отбасыларына қолдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Отбасы дегеніміз- некеге қарағанда күрделірек қарым-қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, онымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды да біріктіреді. Отбасы- бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жқбайлардың, ата-аналардың, балалар мен басқа туыстардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметік нормалардың, санкциялардың және міңез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы- некеге немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысының ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысады.Отбасының әлеуметтік функциялары оның әлеуметтік институт ретіндегі қоғамдық қажеттіліктері мен өмір сүру сипатын, сондай-ақ отбасы тобының жеке қажеттерінің сипатын көрсетеді. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің әсерімен отбасының әлеуметтік функциялары мен иерархиясының сипаты өзгереді. Алайда барлық уақытта да бала өсіру, тәрбиелеу отбасының маңызды функциясы болып қалады, басқа жекелеген функциялардың маңыздылығы өзгеріп отырады.
Отбасы дегеніміз- қоғамның нақты тарихи типінде өз ерекшеліктері, дәстүрлері бекітілімдері бар әлеуметтік құрылым. Отбасы екі позициядан сарапталады:
Әлеуметтік институт ретінде отбасы анализінде нақты отбасы қарастырылмайды белгілі мәдениетке тән отбасылық мінез-құлық үлгілері қарастырылады. Жас отбасы дегеніміз- жастары 29- дан аспаған және неке тұрғандарына 3 жылдан артық уақыт тұрмаған отбасын айтамыз. Неке ұғымның астарында ересек индивид арасындағы қоғам мен реттелетін қарым-қатынастарының тарихи шапталған формасын айтамыз. Қазіргі атаумызға болады. Ең көп таралған түрі нуклеарлы отбасы. Екінші орында толық емес отбасы.
Отбасының құрылымы былайша анықталады:1)оның мүшелері арысндағы қарым-қатынастар жиынтығы; 2)рухани, ізгіліктілік қарым-қатынастар жүйесі; Туыстық құрылым бойынша отбасы былайша бөлінеді:1) нуклеарлы отбасы (балалары бар ерлі-зайыпты жұп); 2) кеңейтілген отбасы (балалары бар отбасы және отбасымен бірге күйеуінің не әйеленің туысы тұрады). Жұбайлар арасында билікті бөлу құрылымы бойынша келесі отбасыларды бөлуге болады: 1) эгалитарлы –тең құқықтылыққа негізделген; 2) авторитарлы- басты шешімді күйеуі (әйелі) қабылдайды. Балалар саны бойынша – көп балалы, балалар саны орташа, аз балалы, баласы жоқ отбасы болып бөлінеді.Үй міндеттерін бөлу сипаты бойынша- дәстүрлі отбасы (міндеттерді көбінесе әйелі атқарады) және ұжымдық отбасы (міндеттер бірлесіп не кезекпен атқарылады) болып бөлінеді.Бос уақытты өткізу сияқты бойынша ашық отбасы (араласуға және мәдениет индустриясына бағдар алған) және жабық отбасы (бос уақытты үй ішінде өткізуге бағдарланған) болып бөлінеді.
Еуропалық отбасы әйелдің жұмыс бастылық деңгейінің жоғары болуымен, ажырасу деңгейінің жоғары және бала туу деңгейінің төмендігімен сипатталады. Ортаазиялық отбасыға, керісенше, әйелдердің жұмысбастылық деңгейінің төменірек болуы, балатуу деңгейінің жоғарылығы және ажырасу санының төмен деңгейде болуы тән. ТМД-ның бірқатар елдерінде- Қазақстанда, Закавказъезде отбасының аралас түрлері кездеседі.
Неке- әйел мен еркектің арасындағы қарым-қатынасқа рұқсат беретін әлеуметтік нормалар жиынтығы, сондай-ақ олардың отбасы мен отбасы тобының өмір сүруі үшін қажет өзара құқықтары мен міндеттерінің жүйесі түріндегі әлеуметтік институт. Кейбір нормалар, құқықтар мен міндеттер заңды сипатта болады және заңнамамен реттеледі. Заңмен бекітілген нормаларға мүлікті иелену жөніндегі мәселелер, некені бұзумен байланысты бірқатар құқықтық проблемалар жатады. Некеге отырудың ең төменгі жасы мен неке бұзудың заңды негіздерінің тізімі де құқықтық реттеулуге жатады. Олардың қатарында:
Некеге отырудың нақты жас шамасы да, ажырасу барысында, ажырасқаннан кейінгі кезеңдегі қарым-қатынас сипаты да моральдық реттеулеге жатады.
Азия мен Африканың көптеген елдерінде ата- анасымен келісіп некеге отыру, келін үшін қалыңмал беру және т.б. дәстүрлер сақталған.
Неке қию салтанатын өткізу шаралары бойынша азаматтық және шіркеулік неке қию болып бөлінеді.Кейде некеге нақты некені немесе бірге тұрады жатқызады (яғни, заңда қаралған тәртіпте ресімделмейтін ерлі-зайыптылар қарым-қатынасы). Бірқатар елде кейбір әлеуметтік топтардың, негізінен жастар мен қала тұрғындарының нақты некеде болуы көбейіп келе жатқаны байқалады.
Өз құрылымы бойынша некелер Еуропа мен Америка елдеріне тән моногамды және Азия мен Африка елдеріне тән полтгамды болып бөлінеді. Бірлескен өмірлерінің алғашқы жылдарында некені бұзу деңгейінің жоғары болуы мазасыздық тудырып отыр; ажырасудың шамамен 40% - ы жұбайлардың бірлескен өмірінің алғашқы 4 жылында болады.
Қазіргі ғылымда отбасының көптеген типологиясы бар. Әлеуметік қолдаудың объектісі кез келген типтегі отбасы болуы мүмкін. Алайда, әлеуметтік қолдаудағы қажеттілік дәрежесі оның нақы мазмұны, отбасының қажет ететін немесе қажет етуі мүмкін әр түрге жататын көмек түрлері сияқты әр түрлі болады. Өзара әрекеттестік жүйесі осалдау, өздеренің сезімдері мен тілектерін еркін көрсете алатын, өздерінің пайда болған проблемаларын қарым-қатынастың жаңа бір жолын тауып беретіндей бірлесе отырып талқылайтын отбасы өзінің отбасылық құрылымын бара-бара өзгертеді. Мұндай типтегі отбасылары жүйкеге нормативті емес жүк түскен жағдайда, аса қауіпті табиғи қайғылы оқиға, қатерлі ауру, дене немесе ақыл-ой кемістігі, сыртқы факторлардың әсерінен пайда болған мезгілсіз қаза, қайғы сияқты табиғи оқиға тап болғанда әлеуметтік қолдауды қажет етеді. Сонымен бірге мұндай отбасылар тіпті отбасыларына көмек көрсететін әлеуметтік қызметке ерікті түрде көмекші де бола алады.
Негізгі күштері ерік пен ықыласы бір ғана ерік пен ықыласқа бағыну (басшы, бастаушыға және т.б.) арқылы қол жеткізілген, сондықтан кез келген жеке алып- қашпа сөздер тудырмайтын сыртқы дүниемен келісімді және бірлікті қолдаудырмайтын сыртқы дүниемен келісімді және бірлікті қолдауға бағытталған отбасылары азды-көпті қолдау мен қорғауды қажет етеді, бірақ сыртқы дүниемен араласуға олар үшін «жол жабық» болғандықтан, белгілі бір шекке жетіп, белгілі болғаннынша мүмкіндікке қол жеткізе алмайды. Мұндалар психикалық ауруы барлар, отбасы мүшелерінің үстінен күш көрсету және т.б. болуы мүмкін.
Өзара әрекеттестіктері былыққан және дағдарысқа жетелейтін ұдайы дау мен жанжалдан арылмайтын, сонымен бірге өмірлік тәжірибелері алдағы уақытта лайықты мінез-құлық қалыптастыруға бағыт-бағдар бола алмайтын отбасылары былық-шылық құрылымға ие болады, ұйымшылдығы төмен, жанжалды және дағдарысты жағдайда шешуде отбасылары жоғарырақ дәрежедегі әлеуметтік қолдауды қажет етеді.
Отбасыларды шартты түрде қызметтік қисынды және қызметтік қисынды емес (тәуекел ету тобы) деп бөлуге болады. Қызметтік қисынды отбасылары арасынан 50-ден 60-қа дейінгі пайызын ерлі-зайыптылардың қарым-қатынастары үнемі шиеленіскен ерлі-зайыптылардың қарым-қатынастары үнемі шиеленіскес және психологиялық жағынан қисыны келмейтін ата-налар, бала-ата-ана қарым-қатынастарының жолы теріс, жанжалдыдеп аталатын, қолайсыз әлеуметтік-психологиялық факторлармен сипатталатын отбасылар құрайды.
Адам барлық жақсы мен жаманды отбасында алады. Отбасы жеке тұлғанын қалыптасуының маңызды саласы әрі халықтың әлеуметтік қайта жандауына және белгілі бір өмір салтын жасауға жауап беретін тәрбиелеудің басты институты басты болды және болып қала бермек.
Отбасында баланың
тұлғасына әсер ететін
Отбасылық қарым-қатынасты келесі салаларға бөлуге болады:
Отбасы мүшесін тәрбиелеуде бұл салалардың әрқайсысының мәні зор әрі даусыз, алайда біз көбінесе ізгілікті- психологиялық қарым-қатынастың мәнін елемейтінімізді атап өту керек. Мұның себебі олардың материалдық түрде көрінбейтіндігі мен жас жігіттер мен қыздардың болашақ отбасылық өміріне олардың әсері әлсіз деп білуімізде болар. Бұл көзқарас дұрыс емес. Отбасылық өмірге қажетті қасиетерді тәрбиелеу ( түсіну, кішіпейілдік, эмоционалдық бөлісу) қарым-қатынастар педагогикасыныңкөзге көрінбейтін, алайда өте әсерлі саласында жүзеге асырылады.
Ата-ана болып табылатын жұбайлар мен отбасының басқа ересектері арасындағы «көлденең»қарым-қатынастар –отбасындағы моральдық- психологиялық климаттың ерекшеліктерін анықтайтын ізгілікті –психологиялық қарым-қатынастың маңызды саласы болып табылады.
1.2.Жас отбасының келіспеушілігі: себептері мен алдын алу
Жас отбасылардың қатынастарын бұзушы факторлар
Қазіргі еуропалық отбасында
психологиялық ажырасу-бұл
Ажырасудың өсу себептері:
Осылардың салдарынан «ерте», асығыс некелердің көп болуы осыдан болады. Ажырасудың себептері тек қана үрейлілік қарым-қатынас емес, сондай-ақ жанама немесе түзу проблемалар жатады.
Жас отбасының қарым-қатынасының бұзылуына мынадай негативтік фактор жатады:
1.Артық жүк тиеу және физикалық арықтау
Бұл жерде парасаттық қауіп-қатер жатыр. Оларға жастардың кәсіпшілік немесе академиялық карьерді енді бастағандар жатады. Мысалы: институтта оқу, толық жұмысаптаны істеу кезде нәресте балаларды- бір бағу, пәтерді жөндеу және кәсіпкерлікпен шұғылдану. Барлығын бірге алып жүру өте қиын. Жастар дәл осылай істейді, содан кейін отбасының бұзылғанына таң қалады.
Эмоционалдық қарым-қатынастың ыдырау кезеңдері:
Алайда аталған өзгерістер әр аймақта әр түрлі жүріп жатыр. Мысалы, біздің еліміздің тарихи- мәдени ерекшелігі-туыстық –достық, көршілік байланыстардың өте тығыз болып қала беретіндігінде. Ажырасу алдындағы жағдайдың дамуының бас ерлі-зайыптылардың (немесе олардың бірінің) қарым-қатынасқа және жалпы некеге көңілі толмауынан басталады. Бұл жағдай бірнеше сәттен тұрады:
Ажырасу себептері: сотта талқылау барысында 1-ші орында мінез-құлқының сәйкессіздігі;2- орында- жұбайының адалсыздығы тұр. Тағы бір себеп-ішкілікке салыну. Жиі кездесетін себептер: отбасын құруға мүдделі болмау; жыныстық өмірге қанағаттанбаушылық, бір-біріне нашар қарау, қаржы мәселесі бойынша келіспеушілік, қызғану, балалы болмау, аурулар. Өте сирек кездесетін себептер: ерлі-зайыптылыардың саяси немесе діни көзқарастарының келіспеуі.