Өмір - шексіз керуен

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2013 в 18:00, творческая работа

Краткое описание

Адам өмірі уақытпен өлшенеді. Сол уақыт ішінде жақсылыққа да, жамандыққа да кездесіп жатады. Уақыт емші дейді халқымыз. Кейде кездеске қиындықтарды уақыт өтуіне қарай ұмытып жатамыз. Адам баласы қанша жасасада өмірге тоймайды. Сондықтан да халқымыз «өлген арыстаннан тірі мысықтың күні артық» дейтін шығар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Өмір - шексіз керуен.doc

— 69.00 Кб (Скачать документ)

Адасу. Еңбектен, махаббаттан, табиғаттың сұлулығынан немесе достар арасындағы толық түсіністікті сыр шертісулерден тыс қалған адам бақытты өзге жақтан іздейді. Адасу осыдан басталады. Алдымен шылым шегуден, спирттік ішімдіктен жанға сая табу кейін есірткі қабылдауға ұласуы әбден мүмкін. Уландырғыш заттар бастағы бар ауыртпалықгы белгілі бір мезетке ысырып тастағандай әсер етіп, көнілдің хошын келтіретіні рас. Есірткі қабылдаған адамда іштей қанағаттанғандық сезім пайда болып, қайғы мен мұң ұмытыльш, көңілі көтеріліп, айналасы қызылды-жасылды түске енеді. Бірақ жасанды бақыт ұзаққа бармайды. Есірткі денеге жайылып, оның уыты тарқағаннан кейін адам қайтадан бейжай күйге түседі. Ол бұрынғыдан да қатты қиналады: іштей құлазу, жалғыздық сезімі пайда болады. Бұдан құтылудың жолы біреу-ақ — қайтадан қажетті мөлшерін қабылдаса, бәрі сонымен шешілетіндей көрінеді. Адам қайтадан есірткі іздейді. Осылай жалғаса береді. Адамның өзін-өзі іштей ірітіп-шірітуі осылай басталады.

Адамның өзін-өзі өлтіру қүбылысын  суицид дейді. Кейбір психолог ғалымдардың  жорамалдауынша, жасөтарды суицидке итермелейтін факторлардың бірі — бұқаралық сипат алған әділетсіздік. Жеке адамның әділетсіздігі — қоғам әділетсіздігінің құрамдас бөлігі. Қоғамда демократиялылық пен жариялылықтың болмауы оның кейбір мүшесін еріксіз әділетсіз жолдарға түсуге итермелейді.

Бірінші дүниежүзілік немесе азамат соғыстары жылдарында тұтқында болған, фашистік жөне коммунистік тоталитарлық режімдердің концентрациялық лагерьлерінде  болғандардың адам төзгісіз ауыр жағдайлары туралы көркем әдебиеттерден оқып, кинофильмдерден көріп жүрміз. Олардың басым көпшілігі соңғы демі үзілгенше жарық дүние үшін күресті. Өмірге деген құлшыныс, тіршілікті сүю ауыр минуттарда олардың санасына сәуле, бойына қуат берді. Олардың бірқатары жеңіс күніне де жетіп, содан кейін де бұл жарық дүниенің дәмін татты, қызық көрді, бала тәрбиелеп, немерелер сүйіп, қуанышқа кенелді.

Адамның төзімділігінде шек жоқ. Адам ақылдың, ойдың, сезімнің ғана емес, сонымен  қоса ол төзімнің де кеніші. Адамның  бойында керемет тәни күш пен  қуат та бар. Адам рухани қиындықпен қатар, тәни ауыртпалықтың қандайына да төтеп бере алады. Адамның бірегейлігінің өзі осыдан көрініс тапса керек. Өмірге құштарлығымен бірнеше ұрпақтың назарын аудара білген орыс жазушысы Николай Островский: "Төзуге мүмкін болмайтын жағдайда да өмір сүре білу керек" деп жазған еді.

Басқаны былай қойғанда, адамның  ауасы таза, суы мөлдір, аспаны ашық, айы мен күні орнында, гүлінің  хош иісі бұрқыраған жер бетінде  аяқ басып жүруінің өзі бақыт. Әрине, адам тек табиғат берген сыймен шектеліп қала алмайды. Адамға еркіндік, демократия, материалдық және рухани байлық керек. Бірақ оларды жасау әркімнің өз қолында.


Информация о работе Өмір - шексіз керуен