Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2013 в 18:00, творческая работа
Адам өмірі уақытпен өлшенеді. Сол уақыт ішінде жақсылыққа да, жамандыққа да кездесіп жатады. Уақыт емші дейді халқымыз. Кейде кездеске қиындықтарды уақыт өтуіне қарай ұмытып жатамыз. Адам баласы қанша жасасада өмірге тоймайды. Сондықтан да халқымыз «өлген арыстаннан тірі мысықтың күні артық» дейтін шығар.
Адам өмірі уақытпен өлшенеді. Сол уақыт ішінде жақсылыққа да, жамандыққа да кездесіп жатады. Уақыт емші дейді халқымыз. Кейде кездеске қиындықтарды уақыт өтуіне қарай ұмытып жатамыз. Адам баласы қанша жасасада өмірге тоймайды. Сондықтан да халқымыз «өлген арыстаннан тірі мысықтың күні артық» дейтін шығар.
Уақыт адам өмірінен тыс
үнемі жылжитын құбылыс екені
жұрттың барлығына мәлім.
Өмір ағып жатқан өзен сияқты, оның жайлы жағалауы да, бұрылыс-бұралаң тіпті жағалауының тік жары сондай-ақ теріс ағыны мен ұймасы да бар. Бұны мен адам өміріне ұқсатамын. Адам мен табиғат бірінен-бірін айыруға болмайтын жаратылыс. Сондықтан тіпті табиғаттағы құбылыстар мен жыл мезгілдерінің ауысуы да адамның мінез-құлқы мен өміріндегі болатын өзгерістеріне ұқсайды.
Дүниеге келген бала көктемдегі көк шөптей қаулап өседі де, жаздай жайраңдап жастық шағын өткізсе, күздей күлімдеп кейде тұнжырап орта жасқа келіп етек жеңін жинап, өзі өсіріп өндірген ұлын ұяға, қызын қияға ұшырып ұрпақ жалғастығын көре бастайды. Сөйтіп жүргенде қыстың қытымыр аязындай сықырлап қарттықта есік қағады.
Осылай адам өмірі кезең-кезеңмен өтсе жақсы ғой. Бірақ өмірде қуаныш пен қайғы, жамандық пен жақсылық алмасып отырады. Жарық жұлдыздай ерте ағып түсіп жатқандар да қаншама!…
Жер бетінде өсетін
өсімдіктер қаншама болса
Ата-ананың табысын шашып, күндіз ұйықтап, түнде көше кезетіндер қанша ма. Ашық-шашылып киініп, аузына темекі салып, тіпті кейде ішімдік ішіп жүрген қыздарды көргенде өзіңді қоярға жер таппайсың.Әсіресе біздің қазақтың қыз- жігіттерінің осылай жеңіл өмір сүруге ұмтылуы мені қатты толғандырады.
Неге, неге бұлай, бұрын қалай болған еді, әлде тарихтан оқығанымыз жалған болғаны ма? Батыр тұлғалы жігіттеріміз бен жібектей есілген қыздарымыз қайда кеткен?
Осы сұрақтарға жауап таба алмай қиналатын сәттерім жиі болатын. Бүгінгі сабақтан алған әсерім менің көкірегімде жүрген көп сұраққа жауап бергендей…
Шын мәнінде адамның еңбекке қабілеті, еңбекқорлығы тәрбиеден яғни ата-анадан балаға берілетін эстафета сияқты. Даладан іздемей- ақ өз ауылымыздағы еңбекқор адамдардың өмірлерінің еңбекпен қаншама жетістіктерге жеткенін көруге болады. Мысалы дүниеден озып кеткен ауыл азаматы Сармолдаев Меңдеш ағайдың жанұясын алайық. Ағай өте еңбекқор, қайырымды, қарапайым азамат болған. Біздің жанұямыз ол кісілермен жақсы қарым-қатынаста болды. Қарабаева Талиға апай ұзақ жыл мектепте мұғалім болды, қазір құрметті зейнеткер. Жанұяда төрт қыз, үш ұл тәрбиелеп өсірген. Балалары түгел жоғары білімді маман, ең кішісі Кенжебек Атырау политехникалық институтында 3 курста оқиды.
Осы жанұя балалары туралы ауыл адамдарының теріс пікірлерін естіген жоқпын. Ағай марқұм денсаулығына байланысты жұмыстан қалған жылдарда шарбағына жеміс ағаштары мен бақша салып өсірді. Ол кісіні ауыл адамдары «Мичурин» деп атағаны есімде, себебі ол кісінің бақшасында өсетін қызанағының біреуі бір килограммға жақындайтын. Ағай өсірген бау-бақшаның өнімін апай қысқа мол азық ретінде жауып алатын. Ата-ананың осындай маңдайын терлетіп еткен еңбегін көріп өскен балалары да өте еңбекқор. Қазір ауылдағы жағдайы жақсы алдыңғы қатарлы, тәрбиелі, өнегелі де, үлгілі жанұялардың бірі. Әрине ауылда басқа да осындай жанұяларды кездестіруге болады. Жақсы өмір сүру дегеніміз уақытты барынша тиімді пайдалану, саналы да сапалы еңбек ету деп білемін.
Ғалымдарымыз дүниеге келгенде адам баласының бәрі бірдей, ештеңені білмей келеді деп жазады. Бірақ мектеп есігін ашқан сәттен бастап әр бала әр түрлі екені байқалып жатады. Біреуіміз сабаққа жақсы, біреуміз өнерге, енді біріміз еңбекке т.б. Өмірде де әр адамның өмірі әр түрлі болып келеді. Біреулердің өмірде жолы болғыш , енді біреулері қиындықтан бас көтере алмай жатады. Сондайда неге осы барлық адамдарға бақытты, қайғысыз өмір сүруге жазбаған деп қиналамыз. Адам баласы неге бір –біріне қол жұмсайды немесе қорлап соққыға жығады тіпті өмірлерін қияды.
Менің ойымша басты себебі адамдардың күншілдігі, мансапқорлығы, бірін-бірі түсінбеуінен әркім өзінікін дұрыс деп өзгені елемеу, көрмеу деп ойлаймын. Егер адам мынадай жаман әрекеттен аулақ болса , оның өмірі ұзақ, әрі мәнді болады.
Әке ұлға, ана қызға өнеге болса, жақсы өмір сүруге болады деп ойлаймын.
Өмірдің мәні. "Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?" деген сұраққа кім болса да: "Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды", — деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.
Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: "Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол" деп өсиет калдырғаны белгілі.
Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің кұқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық.
Дегенмен бұдан туындап жататын сұрақтар да аз болмаса керек. Сонда қалай, кез келген адам бұл дүниеге келгеннен кейін бар өмірін артына жақсы із қалдыруға арнауға міндетті болғаны ғой? Адамдардың бәрі ұлы тұлғалар сияқты еңбек етіп, артына игілікті мұра қалдыра ала ма? Ондайға тырысу қатардағы адамдар үшін қиял, орындалмайтын арман емес пе?
"Менің өмірлік тұрғым басқа, — дейді біреулер, — өмір адамға екі рет келмейді. Сондықтан мынау көк аспан мен жарық күннің астында сайран салып қалу керек. Аузың барда асап қал. Ішіп-же. Киін. Сауық құр. Нәпсіңді қандыр. Ләззат ал". Қайсысы дұрыс?
Мұндай сұраққа сылдырата жауап бере салу қиын емес. Адам өмірінің мәніне қатысты мәселе — ол әр адамның өзінің жеке мәселесі. Мұндайда дайын рецепт беруден онды нәтиже шыға кояр ма екен? Дүние жүзінде қанша адам болса, сонша өмірлік ұстаным бар. Ал талқының, пікір алмасудың ешқашан артықшылығы болмайтыны анық.
Өткен ғасырларда өмір сүрген ғұламалар бұқаралық санадағы түсініктерге талдау жасай отырып, адамның болмысының абстрактілі және өзгермейтінін негізге ала отырып, адамның өмірінің мәні оның іс-әрекеттерінің негізгі мақсаты мен мұратынан тұрады деген қағидаға ден қойып келгені мәлім. Бұдан дүниені рухани құралдармен өзгерту мүмкіндігі туралы ой туады. Көптеген философтар өмірдің мәнін жеке адамның дүниетанымдық жүйесінің көрсеткіші, моральдық нормаларды бейнелейтін реттеуші үғым ретінде қабылдайды. Бұл жерде адам өмірінің мәнін белгілі бір тұтынушылық стандарттар мен жеке бастың қамтамасыз болуына жетумен байланыстырудың да негізсіз емес екендігін айта кету керек.
Өмірдің мәні туралы сауалдарға ғылыми тұрғыдан нақты жауап қайтару мүмкіндігін теріске шығаратын теориялар да жоқ емес. Ондай тұжырымдар өмірдің мәні әр жеке адам үшін өзінше, қайталанбас өзгешелігінен туындаса керек. Егер дүние жүзінде 6 млрд-тан астам адам бар десек, өмірдің мәні туралы сонша пікір бар.
Ал өмірдің мәні туралы философтар пікірлерінің жалпы адамзатқа ортақ, әлдеқалай бір жиынтық тұжырым болып шығып жатуының да өзіндік жөні бар. Адам өмірінің мәні оның өлеуметтік жағдайларымен айқындалады. Адам — белсеңді әрекет иесі. Ол әлеуметтік дамуды жеделдетіп немесе тежеп, оған тура ықпал ете алады. Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы — сол адамның өзі. Және ол жеке адамнан, қоғамнан тыс ұғым емес, адамның мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыдан біріктіретін ұғым.
"Бақыт" түсінігі. Өмірдің мөні туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым бар. Ол — бақыт туралы ұғым. "Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде" деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естілетіні содан болса керек.
Бақыт дегеніміз — өзі болмысының шарттары мен адамның кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығын, өзінің адамдық мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана ұғымы. Бақыт мұраттың сезімдік-эмоциялык формасы болып табылады. Бақыт ұғымы белгілі бір нақты объективті жағдайды немесе адамның субъективті күйін сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге адам өмірінің қалай болуы керек екендігі, ол үшін ненің игілікті бола алатыны туралы түсініктерді де саралайды. Осыған байланысты бақыт ұғымы нормативті-бағалық сипат алады. Бақыттың мазмұны әр адамның өз өмірінің мұраты мен мағынасын қалай түсінуіне байланысты.
Бақыт сондай-ақ тарихи жене ұлттық шарттылық сипатта көрініс береді. Моральдық сана тарихында бақыт адамның тумысынан иелік ететін құқығы деп есептелген мезеттер болса да, іс жүзінде қоғамда езілген елдердің бақытты өмір сүруге тырысу әрекеттері аяусыз жанышталып тасталатын жағдайлар, жеке адамның бақытына тосқауыл болатын тарихи оқиғалар да аз болмайды.
Қазір бүкіл прогресшіл адамзат қауымы қабылдаған демократиялық қағидалар біздің өмірімізге де мықтап ене бастады. Тұлғаның мүддесі қоғам мүддесінің астында тапталып қалмайтын болды. Бірақ бұл жағдай жекенің мүддесі үшін қоғам зардап шеге берсін дегенге апарып саймаса керек. Ол екеуінің арасындағы байланыстар табиғи, бірін-бірі толықтырып отыратын болуы керек. Қоғам бақытты болса ғана адам бақытты. Ал қоғамның бақыты оның әр мүшесінің бақытынан құралады.
Қатардағы адамньң түсінігіне салсақ, бақыттьщ белгісі жанына жайлылық, тәніңе ләззат беру болып шығар еді. Бұл да өмірлік тәжірибеден алынған, сонысымен көпшіліктің санасына орныққан жағдай болар. Солай болғанның өзінде оған жетер жол біреу-ақ. Ол — табиғи жол, еңбек жолы. Бұл жолмен көңілдің хошын табу — әр адамның өмірлік нысанасы болуға тиіс.
Өмір жөне оның мәні туралы ой қозғаған ұлылардың бәрі бақытты еңбекпен байланыстырады. Осы ұстанымды қуаттайтын ойшылдарды, ғұламаларды, көркем-өнер кайраткерлерін көптеп кездестіруге болады. Көпке танымал болмаса да, қатардағы салауатты адамдар да осыны мақұлдайды. "Бакыт тек еңбекпен келеді" деген тұжырым әлімсақтан келе жатқан ақиқат, белгілі аксиома ретінде әлі күшін жойған жоқ. Адамның өзі таңдаған кәсіппен айналысуы, ұзақ және қызықты еңбек жолынан өтіп, мол тәжірибе жинап, кәсіпқойлықтың шыңына шығуы, шабытпен еңбек етіп, оның нәтижесін көруі — міне, адамды бақытқа бастап апарар баспалдақтар осы болса керек. Еңбек еткеннен кейін, оның зейнеті болады. Адал еңбек еш кетпейді. Қатардағы қарапайым адамдардың арасында өзі қалаған мамандьны бойынша еңбек етіп, көпшілік алып жүрген жалақысымен орташа күн кешіп жүрсе де, Отанының аясында, достары мен туыстарының арасында, тату-тәтті өмір сүріп жүргенін бақыт санайтындар толып жатыр.
Еңбек еткісі келген адамға еңбектің кез келген түрі құлшыныс тудырады. Мұны саудасы жүріп тұрған кәсіпкер де, машинасы жүріп тұрған жүргізуші де, егіні жайқалып өсіп келе жатқан диқан да, бір жерден кен қорын тапқан геолог та жақсы біледі. Еңбектен бақыт табу үшін әркімнің кәсіпті дұрыс таңдауы, оны сүйе білуі керек. Сондай-ақ еңбек мотивпен істеледі, оның ынтасы болуы керек. Түпкілікті мақсат пен нәтиже айқын болса, адам еңбегінің болашақ жемісін көре алса, кез келген әрекет шығармашылық үрдіске айналады, кез келген адам құлшына еңбек ететін болады.
Көптеген адамдар бақытты махаббатпен байланыстырады. Махаббат жолында бүкіл өмірін, байлығын, мансабын сарп еткендер де аз емес.
Осы жерде қазақтың батырлық жырлары
мен лиро-эпостарының
Махаббат үшін аңызға татитын ерліктер мен адамды таңғалдыратын әрекеттерге баратындар барлық кезеңдерде де, барлық елдерде де аз болмаған. Шын ғашық адамдар үшін құйылып жатқан байлығың да, асып тұрған мансабың да қажетсіз болып қалуы әбден мүмкін. Қарсы жыныс өкіліне деген алабұртқан құлшыныс, жұптасып өмір сүруге ұмтылу құбылыстары о бастан тек адамдарға ғана тән, табиғи, сонысымен де заңды құбылыс. Сондықтан да махаббатпен өмір сүру бақыттылықтың басты белгілерінің бірі болып келді және бұдан былай да бола береді. "Кейде есер көңіл құрғырың, махаббат іздеп талпынар" немесе "Махаббат — өмір көркі" дегенде, ұлы Абай бақытты өмір сүрудің осы факторына сүйеніп айтса керек.
Махаббат туралы сөз қозғағанда, біздің ойымызға А.Дюманың де Монсоро ханымы, Л. Толстойдың Анна Каренинасы, М.Әуезовтің Қаракөзі, Ш.Айтматовтың Жәмиласы еріксіз оралады. Байқап отырсақ, ғашықтықтың ғажап хикаяларын бастарынан өткерген осы әйелдердің бәріне ортақ бір факторды аңғару қиын емес. Ол аталған перизаттардың барған (немесе баратын) жерлерінің бәрі ауқатты әулеттерден шыққан, әлеуметтік мәртебесі жоғары адамдар екендігі, ал соларды тастап кеткенде, жүректері қалағандары ауқаты жағынан да, мәртебесі жағынан да төмен адамдар болғандығында, сонысымен олардың махаббатты байлық пен мәртебеден жоғары қоюында жатса керек.
Шын махаббат екі жақтың психологиялық және тәни үйлесуінен, олардың бірін-бірі үнемі аңсап тұруынан, түптеп келгенде, өмірге ұрпақ келтіруге бастап апаратын жұптасқан тұрмыс құруынан көрініс береді. Махаббат — адам өмірінің тым шетін, аса нәзік, оның бақытына тура қатысы бар маңызды қыры.
Бақыт деген — адамға оның өзінен жоғары тұрған, белгісіз бір күштердің сыйы емес. Бакытты болу немесе бола алмау — адамның маңдайына бұйырған үлес немесе тағдырына алдын ала жазылып койылған бағдарлама да емес. Бақытты болу әр адамның өз еркі, демек, бақытты бола білу әр адамның өз қолында.