Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2014 в 21:14, реферат
Адамдарды бір-бірінен тек туа біткен жеке даралық қасиеттері ғана емес, сонымен қатар, олардың өмір ағысымен байланысқан дамуындағы өзгешеліктер де ажыратады. Адамның мінез құлқы, жүріс- тұрысы, оның қандай отбасында өскеніне, қандай мектепте оқығанына, мамандығына, қарым-қатынас жасайтын ортасына тікелей байланысты. Алғашқыда шынайы, бір-бірімен ұқсас екі адам кейін келе бір-бірімен байланысы мүлдем болмаған адамдарға айналуы мүмкін, ал екінші жағынан ӛмір жағдайларының ұқсастығы, түбінде әртүрлі адамдар арасында ұқсас қырларын тудыру мүмкін. Адамдардың бір-бірінен ерекшеленуі мұндай өзгешеліктердің пайда болуы жолдарына қатысты емес. Бір адам екіншісінен сыртқы келбеті жағынан қалай ерекшеленсе, сол сияқты әр адамның психикасы да басқалардыкінен дәл солай ерекшеленеді.
Кіріспе.
Мінез күрделі психикалық қасиет............................................................
Мінездің акцентуациясы............................................................................
Мінез акцентуацияның маңызды типтері................................................
К. Леонгардтың мінез акцентуациясының классификациясы...............
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Адамдарды бір-бірінен тек туа біткен жеке даралық қасиеттері ғана емес, сонымен қатар, олардың өмір ағысымен байланысқан дамуындағы өзгешеліктер де ажыратады. Адамның мінез құлқы, жүріс- тұрысы, оның қандай отбасында өскеніне, қандай мектепте оқығанына, мамандығына, қарым-қатынас жасайтын ортасына тікелей байланысты. Алғашқыда шынайы, бір-бірімен ұқсас екі адам кейін келе бір-бірімен байланысы мүлдем болмаған адамдарға айналуы мүмкін, ал екінші жағынан ӛмір жағдайларының ұқсастығы, түбінде әртүрлі адамдар арасында ұқсас қырларын тудыру мүмкін. Адамдардың бір-бірінен ерекшеленуі мұндай өзгешеліктердің пайда болуы жолдарына қатысты емес. Бір адам екіншісінен сыртқы келбеті жағынан қалай ерекшеленсе, сол сияқты әр адамның психикасы да басқалардыкінен дәл солай ерекшеленеді.
Мінез өзі өте күрделі психикалық қасиет.
Мінез –әр адамның жеке басына тән өзіндік
психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктер
жиынтығы.Мінез-адамның негізгі өмірлік
бет алысын және оның өзіндік әрекетінің
айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік.Ол
көп қасиеттердің бірлігі,түрлі ерекшеліктердің
қосындысы,жеке тұлғаны әр қырынан көрсететін
қасиет. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелігі
, бірқалыптылығы , толықтылығы , күші мен
айқындығы , салмақтығы – оның негізгі
сапалары болып есептеледі . Адам мінезінің
көріністері әрбір жеке жағдайда оның
оқиғаларға қатысуынан аңғарылады . Адамның
іс - әрекеті сол іске деген қатынасымен
қатар ерік - жігеріне , көңіл - күйіне ,
зеректігіне , ақыл - ойына да байланысты
болады .
Мінез өзі өте күрделі психикалық қасиет. Ол бірнеше көрсеткіштермен сипатталады. Сондықтан жеке тұлғаға мінездеме бергенде оның ерекшеліктерін басқалармен салыстыра отырып қарама-қарсы көрсеткіштермен сипаттайды: кеңпейілді - іші тар; жеңілтек - байсалды; адал - арам; сыйысымды - сыйысымсыз; қорқақ - батыл, сезімтал - қатыгез т.с.с. Бұл жеке көрсеткіштер мінездің құрамды бөліктері, оның көрсеткіштері болып табылады. Осы көрсеткіштердің ішінде біреуі жетекші, доминанта болады. Адамды бағалағанда сол доминантасы бойынша мінездеме береді.
Мінез адамның барлық басқа жеке қасиеттерімен тікелей байланысты.
Адам мінезінің көрсеткіштері
көп түрлі. Дегенмен әр ортада мінез ерекшеліктеріне,
тәртіп сақтауға, үлкен-кішілерге қарым-қатынас
жасау ерекшеліктеріне қойылатын талаптар
бар. Мінездің әр құрамды бөлігі адам өмір
сүретін ортада қалыптасқан салт-дәстүр,
әдет-ғұрыпқа сай болуы керек. Дәстүрлі
қалыптасқан нормалардың бұзылуы адамдар
ортасында басқаша бағаланады және норма
шегінен асып немесе одан төмен көрсеткішке
ие болған тұлға мінезінің акцентуациясы
анық байқалады.
Акцентуацияның пайда
болуына себебін тигізетін жағдайлар-
жеткіншектер мен ересектер арасында
кездесетін тартыс-таластар, түсінбеушіліктер.
Олар ересек адамның жеткіншектерге әлі
бала деп қарайтын көзқарастың сақталуы,
өз мәселелерін өзбетімен шешуге үлкендердің
мүмкіншілік бермеуі, жолдастарымен қарым-қатынас
жасауға себепсіз тыйым салуы т.б. Жеткіншек
өзін ересекпін деп санайтын түсінігі
мен үлкендердің балаға қойған талабы
олардың қарым-қатынасындағы талас-тартыстар
мен қайшылықтардың көзі болып, акцентуацияның
және агрессияның әр түріне әкеліп соғуы
мүмкін. Олар баланың қырсық мінез көрсетуі,
үлкендердің талабына қарсы шығуы, дөрекілік
көрсетуі арқылы белгі береді.
Мінездің акцентуациясы
Мінездің акцентуациялануы - адамның әрекеті мен істеріңде көрініс беретін мінез ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері. Мінездің акцентуацияланған типтері — әртүрлі жағдайлардағы адамның қылығын анықтайтын, мінездердің басқа қасиеттеріне қарағанда жетекші орын алатын және басқалардың жәрдемімен ерекше дамитын мінездің типтік қиылысқан көрсеткіші. Мінез акцентуациясы — психопатиялармен шектесіп, норманың шеткі варианттарын көрсететін белгілі бір мінез бітістері мен олардың үйлесімдерінің ерекше көрінісін білдіретін, К. Леонгардпен ұғым.
Егер мінез өзгеріп, оның қандай да бір сипаты айқын көрінсе, адам аса сезімтал болуы мүмкін. Бұл жағдай, адамда мінез акцентуациясының бар екенін көрсетеді. Акцентуация- кейбір мінез сипаттарында аса күшейтілген норма варианттары. Соның салдарынан басқаларға тұрақтылық кезіндегі, психогендік әсердің негізгі түрі қатынасында таңдамалы осалы табылады(А.Е.Личко). Айқын акцентуация – “аз қарсыласу орнына” бағытталған фактордың әрекеті жағдайында тұлғаның бейімделе алмаушылығына әкелетін шеткі норма нұсқасы. Жасырын акцентуация бұл қарапайым нұсқаның көрінуі.
Мінез акцентуациясы А.Е.Личко зерттеуі бойынша:жасөспірімдерді бақылауға негізделген нақты бір мінез күшейуін қарастырады,ол сыртқы жағдайларына байланысты. 1) Гипертимді тип-қозғалмалыққа, қарым-қатынасқа бейім жасөспірім. Шуды жақсы көреді,тынымсыз ортада болуды қалайды. Үлкен адамдармен қақтығыстарға жиі түседі. Өздерінің қабілеттеріне тым сенгіш. Елдің алдында өзін көрсеткенді ұнатады,мақтаншақ болып келеді. 2) Циклоидты тип-апатияға бейім, тез қозады,көбіне өзімен-өзі қалғанды ұнатады. Екі-үш апта сайын көтеріңкі көңіл-күйден тұйық қалыпқа ауысады. Барлық нәрсені жүрегіне жақын алады. 3) Лабильді тип-көңіл-күйі ауа-райы секілді тез өзгереді. Қазіргісі мен болашағы өзінің көңіліне ұқсас болады. Кейде сәтсіздіктер мен қиыншылықтар болмаса да көңіл-күйі төмен болады, көп әуреленеді, сондай кездерде оның жақын адамдармен болғаны жөн. Олар өзіне деген қарым-қатынасты ерекше сезінеді.
Акцентуацияны зерттеумен П.Б.Ганнушкин, К.Леонгард, А.Е.Личко, Э.Фромм, Э.Шелдон, А.Шострем және т.б айналысты.
Жеткіншектер және жасөспірімдердің суицидуалды қауіптілігінің аса маңызды факторы болып мінез бітісінің акцентуациясы және жоғарғы мазасыздық табылады. Шет ел (Оtto) және кеңес психологы (А.Е.Личко) акцентуацияланған типтердің кейбіреуінің басым көрсеткішті болуы және жасөспірімдердігі тұлғалық және жағдайлық мазасызданулар суицидті әрекетке баруда жоғары қауіптілікті көрсететінін айтады. Адам болмысын түсіну үшін көрсетілген орталардың, адамға тән әртүрлі қырларына мұқият көз салуқажет. Акцентуацияланған тұлғаны қалыптастыратын қырлармен адам жеке даралығының нұсқасын анықтайтын қырлары расын бөлетін нақты сызықты көрсету оңай емес.
«Акцентуация» - түсінігін алғаш рет неміс психиатры және атақты психологы, Берлин университетінінің неврологиялық клиникасының профессоры Карл Леонгард енгізген болатын. Оның еңбектерінде «акцентуацияланған тұлға» және «мінез-құлықтың акцентуацияланған қырлары» деген тіркестер қолданады. К.Леонгард « психопат» терминін «акцентуацияланған тұлға» терминімен алмастырған. К.Леонгард бойынша мінез-құлық акцентуациясы психопатия мен норма арасындағы бір жағдай, оның пікірі бойынша «акцентуацияланған тұлға» ауру адамдар емес, бұл өздерінің жеке дара ерекшеліктері бар сау адамдар. Ендеше біріншіден «акцентуанттарды» психопаттардан, екіншеден акцентуанттарды елестерден айыру шекарасы қандай деген сұраққа К.Леонгард нақты жауап бере алмады. Акцентуацияланған мінез-құлықтар табиғи биологиялық қасиеттерге емес, белгілі бір адамның өмір салтына із қалдыратын сыртқы ортаның ықпалына байланысты. «Акцентуация» жалпы алғанда белгілі бір мінез қыры деңгейінің күшейуін білдіреді. Акцентуация – бұл сол бір индивидуалды патологиялық жағдайға өту тенденциясы бар қырлар. Айқын көрінген жағдайда олар тұлғаның құрылымын бұзып патологиялық апатқа ие болады.
Кеңес әдебиеттерінде акцентуацияны жіктеудің басқа түрі таралған, оны әйгілі балалар психиатры, профессор А.Е. Личко ұсынды. Оның ойынша, акцентуациялык сипаттағы аурулармен психопатия арасында ұқсастық бар. Олардың психопатиядан бас айырмашылығы әлеуметтік дезадаптация (бейімделе алмау) белгісінің болмауында. Олар патологиялық тұлғаның құрылуының негізгі себебі болып табылмайды, бірақ шектеулі жай-күйдің дамуының негізгі ықпалдарының бірі болуы мүмкін.
Барлық акцентуацияларды Личко – адам өсе келе дұрысталып кететін мінездің уақытша өзгерістері ретінде қарастырырады. Бірақ сонда да олардың көбісі психикалық ауруларға айналып кетеді, немесе өмір бойы сақталып қалады. Акцентуация бұл аурудың шегі болса да нормалар варианты болып саналады. Сондықтан мінез акцентуациясы психиатриялық диагноз болуы мүмкін емес. А.Е.Личко зерттеулері бойынша патомінездемелік реакциялар акцентуация негізінде туатын болса да, уақыт өте келе оның 80%-ке жуығы дұрысталады, жұмсарады, және қанағаттанарлық деңгейдегі әлеуметтік бейімделуді байқауға болады. Болжамның жақсы немесе нашар болуы, акцентуация түріне және деңгейіне қатысты жабық немесе айқын, сонымен бірге әлеуметтік жағдайға байланысты.
К.Леонгардтың жұмыстарында арнайы атап кӛрсетілгендей, актуациялы сипаттағы адамдар психикалық ауру болып табылмайды. Кері жағдайда норма ретінде орташа деңгейді айтады, ал одан кез-келген ауытқу паталогия ретінде қарастырылмайды. К.Леонгардтың болжамы бойынша, ешқандай акцентуациялы сипаттағы ауру байқалмаған адам, жайсыз жаққа қарай дамып, ауытқуы мүмкін емес, бірақ жайлы жақтан қандай да бір ерекшелігімен көрінетінінің ықтималдығы төмен.
Акцентуациялық мінез типінің екі негізгі жіктеуі бар. Біріншісі Карл Леонгардтың (1968) және екіншісі Александр Евгеньевич Личконың (1977) ұсынысы болды. В.В.Юстицкий осы жіктеулерді салыстырып көрсетті. (1977)
К. Леонгардтың мінез акцентуациясының классификациясы
К. Леонгард мінез акцентуациясының классификациясын
құрды, оны шеткі норма нұсқасы деп түсінді.
Сондықтан адамның күшті жағына қарағанда,
оның кемшіліктерін тізбелеуді ұсынды.
Әдістің ерекшелігі осында, бірақ әрине,
бұл медициналық диагноз қою үшін жеткіліксіз.
К.Леонгард жаңа ұғымды енгізе отырып,
4 мінез акцентуациясын және 6 темперамент
акцентуациясын бөліп көрсетті. Бұл акцентуацияларды
төменде М және Т әріптерімен көрсетеміз:
1. Демонстративті
(истероидты) (М) — бұл тип адамның зейін
ортасында болғысы келгенде көрінеді,
бұл кезде ол не істеп, қалай істеп отырғанын
ұмытады. Демонстративті типке жоғары
ығыстыру қабілеті және әлеуметтік ортаға
тәуелділік, өзін-өзі сендірушілік тән.
К. Леонгард мінездің кейбір өмірге қиындық
туғызатын сипаттарын ғана көрсетті. К.
Леонгард еңбегін Санкт – Петербург зерттеушісі
А.Е. Личко толықтырды. Ол акцентуацияның
12 түрін көрсетті. Көбіне К.Леонгард классификациясын
мінезі әлі қалыптаспаған жеткіншектермен
жұмыс жасағанда қолданады.
Мінез – динамикалық құбылыс, өзін әртүрләі көрсетеді. Әсіресе, жас өспірімдерде.
Біріншіден, акцентуация аффекттік реакцияларда көрінуі мүмкін. Оның бірнеше түрелері бар: