Мен кіммін?

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 09:37, реферат

Краткое описание

Кей кездері алағаш рет егіз баланы көргенде ажырата алмай қаласың. Сырт пішіні, сөйлесі, жүрісі, күлісі, дауысы айнымай тұрады. Киіміне қарап ажырата алмасаң «Сен кімсің?» деп сұрауға тура келеді. Арада апталар, айлар, жылдар өтіп егіздер есейгенде түр-тұрпатта айырмашылық көбейіп, екеуі мүлде екі түрлі адамға айналып, орта жастан асқан соң мінездері тіптен бөлектене береді. Біреуі көңілді, ашық жарқын болса екіншісі томаға тұйық, көп ойланғыш адамға айналады. Аумай туған егіздермен ұзақ уақыт істес болған кісілер келе-келе оларды дауысынан, жүрісінен оп-оңай ажырата береді. Ұзын сөздің қысқасы кез-келген жеке адам өз алдына бөлек жанды жаратылыс.

Прикрепленные файлы: 1 файл

men kimmin.doc

— 81.50 Кб (Скачать документ)

Шындығында да «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап беру оңай емес. Көп адам өзін ұлты, мамандығы, жоғары лауазымы бойынша танып көп уақыт мән бермей қарттық пен өлімге  дайындықсыз жүре береді. Өмірде күтпеген жерден оқыс оқиға болып, пенде ойламаған жерден қиын жағдайда жалғыз қалып қойғанда ғана «Мен осы кіммін?» деген жүректің түбінде шөгіп жатқан ұлы сұрақ  қайта бас көтереді. 

Бала бөпе кезінде анасының жатырынан жаңа  сылынып  шыққандықтан өзін анасының бөлінбес бөлшегі санайды. Қарны ашса ас-ауқаты шешесінің екі омырауында толып тұр. Ұйқысы келсе шешесі ыңылдап, әлдилеп жұбатады. Бірақ сәби өскен сайын  оның өз мүмкіндігі молая береді. Өзінше жүру, ішу, ұйықтау осының бәрі рухтың дараланып анасынан алшақтауына себеп. Адамның не болмаса тұлғаның бірінші дағдарысы 1,5 жаста байқалады дейді ғалымдар. «Өзім істеймін. Өзім істей алам» деген бірінші қарсылықтары осы кезде білінеді.  Оның ең айқын көрінісі баланың кесесіне «қанытты қасықпен өзім салып алам» деп қарсыласуы.  Қасықты  қысып ұстап алған сәби кесеге шекерді  өзі салмай тынбайды. Тәттісін басқа біреу  салып берген шәйді «ішпеймін» деп шалқасынан түсетін шайпаулары де кездеседі. Бұл енді өзге әлемнен келген рухтың «мен өз алдыма бөлек жанмын. Мен әр нәрсені өзім істеп, өзім соған жауап беремін» деген бірінші белгісі.

Адамның өміріндегі ең маңызды екінші сәт - сәбидің өзінің өлетінін білетін кез. «Ерте ме, кеш пе мен де өледі екенмін ғой» деген ой  алғаш рет  4-7 жас аралығында пайда болады.  Ата-анасы әңгіме айтып отырғанда баласы «Сол кезде мен қайда едім?» деп сұрайды. Анасы: «Сен ол кезде әлде туылмағансың, жоқ едің» дейді. Бала: «Бұл кезде болмасам болмаған шығармын. Ең бастысы қазір бармын ғой» деп тынышталады. Бірақ, «ол кезде біз болмаймыз» дегенді  миына сиғыза алмай қатты қиналып,   жаса баланы кәдімгідей  өлім жайлы  үрей билеп алады. Ата-анасы баласына өлім туралы дұрыс түсінік беріп үлгермесе   сәбидің жағдайы қиындауы мүмкін. «Сонда мен өлген соң шынымен де жоқ боп кетемін ба? Мен өлген соң тағы да қайда барам? Өлім деген не өзі?» деген осы сұрақтың жауабы табылғанша адамға тыныштық болмайды. Мұны жігіт кезіңде жастықтың мастығымен ұмытып кетсең де,   шал болғанда алдыңнан  қайта шығады.

Адамның өзін танып, бағалап, тұлға болып қалыптасу жолындағы келесі дағдарысы үлкен өмірге араласып, құрдастарына жолыққан шақта басталады. «Енді басқалармен салыстырғанда мен қандаймын?» деген сұрақ үдейді. Себебі бұған дейін әр бала үйінің еркесі, үйінің озығы, мақтаулысы болып келеді. Енді басқалармен өзін салыстырып, өзінің қандай дарын, нендей қабілетпен жаратылғанын білуге нақты мүмкіндік туады. Мектеп партасына алғаш отырған барлық бала өзін: «Ең озығы, ең күштісі менмін» деп санайды. Осылайша алғаш рет ұстаз алдында  «кішірейіп, сыну» деген ауыр сезімді бастан кешеді. Мұғалім оған  баға қояды. Және оның берген бағасы оның ата-анасының көңіл-күйіне өте қатты әсер ететін болып шығады. Енді бүлдіршін  өзінің нашар жақтарын анық байқай  бастайды. Біреумен салыстырғанда жәй оқиды, екінші біреуден нашар жазады, тағы біреуден жүгіргенде қалып қояды деген секілді. Осы кезде кенжелеп қалған кейбір балада  бірінші сыныптағы дағдарыс деп аталатын келесі бір күйді бастан кеше бастайды. Қала берді «болмайды» деп келетін тыйым талаптар күшей береді. Талаптарды орындау үшін өзіңді бақылау керек екен деген ой туады. Бірақ қанша жақсы оқушы болуға тырасса да тәртіп пен ережені еріксіз бұза береді. Осылайша өзіңді бақылау деген проблема басталады. Бұл асулардың бәрінен сүрініп, жығылып өткен  соң ең ұлы дағдарыс «кризис идентичности яғни тұлғаның тоқырауы» басталады.   Есейген ер азамат «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап таппай тынышы кетеді. Себебі үйден бөлек шығып, өз алдына дербес отбасы құрған азамат барлық жауапгершілікті мойнына алады. Бірақ осы кезде ұлы сұраққа жауап табуға мүмкіндік бермейтін кедергі – пенденің  өзіне  сұрақ пен талаптың дұрыс қойылмауы. Көп адам бұл кезде «Менің қолымнан не келеді, әуелі соны дәлелдеп көрсетейін» деген секілді нәрселермен  жүріп қалады. Әуелі сүйікті күйеу не болмаса жұбай боп бастаған ер азамат   өмірдің  қым-қиғаш, шырғалаң, соқпақтарына түсіп алып, оның  ащысы мен тұщысын түгел көріп шығады. Жолы болғандары біраз мәселені шешіп тастаған секілді көрінеді. Үй, бала-шаға,машина, дача,қызмет,атақ,  бедел қысқасы адамға керектінің бәрі бар. Бірақ осы нығметті қолға түсірем деп жүріп жастық шақтың күш қуатын жоғалтып, қарым қабілетінің мұқала  бастағанын анық сезеді. Бар қызық пен желік артта қалғандай көңіл құлазып,  қурап тұрады. Осы кезде кісінің тұла бойын тағы да «Мен кіммін? Мен қайда бара жатырмын? Осылай кете берсем қай жерге барып тірелем?» деген жауабы жоқ, бірақ өте маңызды, үрейлі сұрақ шарпып өтеді. Өмірдің қақ ортасы қырыққа келгенде жігіт ағасын осы сұрақтар тіптен өлтіруге айналады. Осы дағдарысқа ұрынған адамдарға рухани ұстаздар, жетекшілер дер кезінде көмек қолын созып, жәрдем қылып жібермесе  тұлға толық тоқырап, өмірден біржола түңіліп кетеді.

Бұл кезеңнен әупірімдеп өткен қарт кісіні келесі сұрақтар қыспаққа алды. «Мен мәңгі өмір сүремін ба? Мен бұл дүниеге не үшін келдім? Ана жаққа не  нәрсе арқалап бара жатырмын?»  Себебі қарттың көз алдында өткен күндердің елесі ғана тұрады. Оның бұрынғы қызықтарын, естеліктерін бөлісетін құрадастарының көбісі о дүниелік болып кетеді. Ал оның өмірде жеткен жетістіктерін жаңа буын тез ұмытып, өз қызықтарын қуалап кете береді. 

Енді тұлғаның дағдаруы немесе адамның рухани тоқырап күйреуі деген мәселені тағы да терең тарқатып көрелік.

Сонымен тағы да қайталап нықтаймыз. Кез келген адам 35 пен 40 жастың арасында  рухани тығырыққа тіреліп, көңілі құлазиды. Орта жаста санаға соққы беретін бұл тоқырау сезімін арнайы зерттеп, оны ғылыми айналымға енгізген ғалым Карл Густав Юнг. Бұл ғалым 40 жаста басталатын тоқырауды жамандық емес керісінше Алланың адамға берген сыйы деп бағалаған. Себебі осы тоқыраған кезеңді пайдаланып, рухани ізденіске түсіп, Құдайды табуға мүмкінідік ашылады. 

Адамның  өмірінің екінші жартысы бұл жаздан соңғы күз секілді деп салыстырады.  Сондықтан оған дұрыс қарап жақсылап дайындалу керек. Себебі қырыққа дейінгі кезең үйленумен, бала шаға көбейтумен, пәтер сатып алумен кетеді. Қырықтан асқан адамға бұл проблемаларды шешемін деп талпыну бекершілік. Ендігі міндет - өзіңді танып, кім екніңді шын біліп алу  ғана. Адамның бар күш қуаты мен уақыты, ақылы осы сұрақтың жауабын табуға жұмсалсын   дейді. Юнг мырза мына нәрсені анық байқаған. Әдетте халық нақылы қарттарды даналықтың сандығы деп атайды. Бірақ біз көріп жүрген қарттардың бәрі  жеңіл мінезді жастарға ұқсағысы келеді. Сонда  бұлардың даналығы мен көрегендігі қайда кетті? деп сауал тастайды. Кәрі кісінің кері қарай ұмтылуы  табиғат заңына бағынбай қасарысу ғой. Осының кесірінен адам өмірдің мақсаты мен мәнін таба алмай шатасады. Бірақ қоғамда «кәріліктен  көрі жастық шақ артық» деген қате пікір кең жайылған. Бұл дегеніңіз жылдың төрт маусымының қайсысы ең жақсысы деп таласқанмен бірдей ғой. Әр маусым өзінше жақсы. Қыстың да, жаздың да, көктемінң де өзіне тән артықшылықтары бар.  Дәл сол секілді орта жаса пен егде жастың да өзіне тән жақсы жақтары жетіп артылады. Себебі бұл кезеңде жас кезіңдегідей орны толмас өкінішке ұрынбайсың.

Тоқырау әр түрлі нәрсені сылтау себеп қылып басталып кетеді. Мыс: есейген қыздың тұрмыс құрып алысқа не болмаса шет елге асып кетуі, ұлдың үйленіп бөлек шығуы,  тұрмысыңа тіреу болған   ет жақын туысыңның қаза болуы, ұрысып ажырасу, жұмыстан босау, таланттың сарқылуы, емі жоқ сырқатқа шалдығу, мүгедек болып қалу. Бірақ бұл әлі  жағдай жақсы болса   рухани тоқырау болмай қалады деген сөз емес. Жоғарыдағы оқиғалар тек сылтау ғана. Адамның төрт құбыласы түгел болып тұрса да  рухани тоқырау сезімдері жәйләп белгі береді. Өмір бойы өзіне өзі дән риза болып келе жатқан жолы болғыш жігіт орта жасқа жеткенде өзінен өзі күманданып, секемденіп, мазасыздана беретін, істеген нәрселерінен бұрынғыдай терең қанағат ала алмайтын қызық түсініксіз хәлді бастан өткере бастайды.  Осы қанағатсыздық сезімі білдірмей басталып кенеттен қарқын алып, өрішігенде  адам ашуланшақ, өзімен өзі тұйықталып қалатын көңілсіз кісіге айналады. 

Мыс: Кабинетінде жинаған кітаптарына қарап тұрып еріксіз; «Ия, енді маған бұл кітаптың бәрін оқып шығу мұмкін емес» деп таусылады.  Жас маманның  жұмыста  өсіп бара жатқанын көріп; «Бұлар осылай өсе беретін болса біз далада қалатын шығармыз» деп уайымға салынады.  Көшеде кетіп бара жатқан  қыз бен жігітті көргенде; «Ия, мен енді бүйтіп ешқашан да жүре алмаспын» деп өзінен өзі көңілсіз отырып мүжіле бастайды.  Орта жаста осылай рухани күйзеліп жүрген кісілермен  жеке сөйлескенде көбісі мынадай сезімдерді бастан кешкендерін жазады.

Жұмыста отырып; «мен осы жерде неге отырмын?, Бұл кабинетте не істеп отырмын?, Кімге, не үшін телефон соғайын деп  жатырмын?, Офистегі үйілген мына қағаздарды неменеге аударып төңкеріп отырмын?»  деген сияқты түсініксіз сұрақтар аяқ астынан көңілді торлап алады.  Күн сайын он бес жыл отасқан әйеліме қарап, «бұл кім менің қасымда жатқан?  Бұл әйел қашаннан бері маған серік болып  келе жатыр? Тоңазытқыштың ішінен айран  іздеп жүрген ана ересек бала кім? Ол менің үйімде емін еркiн не істеп жүр?   Kүнделігіне қарап отырып, бір заманда өте маңызды деп белгі соққан шаруаларының енді түк те маңызды емес екенін көріп таң қалады».

Алғашқыда мұндай көңілсіз ойлар   көбінесе төсекке құлап, ұйықтар алдында  үдейді.   Ертеңгісін ол сұрақтарды тағы да қағып тастап, ит тіршілікке белшесінен батып кете береді. Бірақ   күндіз де «Бұл менің өмірім бе?», «Менің таңдап алған   жолым дұрыс па?», «Мен не үшін тіршілік етемін?», «жалпы барлығы не үшін өзі?» деген сұрақтар  қайта-қайта кеудені түртпектеп, оңаша қалғанда  да тыным бермей мазалай береді.    Рухани тоқырау үдеген  сайын адамға өмірі күн санап  күйреп, мәнсізденіп бара жатқандай көренеді. Бұрынғы аса құнды, бағалы, маңызды деп санап келген  істерінің бәрі бір сәтте мағына, мазмұннан жұрдай болады.   Бұрынғы құмарлықтар мен дос-жарандар өткен заманда келмеске кеткендей алыстай береді.   Күні кеше іш-бауырын елжіретіп тұрған әйел, бала-шағасы соншалықты ыстық болып көрінбейді. Пенде дағдарған сайын бала-шағасы өзіне бөтен адам секілді көрінеді. Керісінше Алла амандығын беріп, бұл рухани тоқыраудан құтылып шығатын болса әйел, бала-шағасымен бақытты қарым-қатынас орнатады.


Информация о работе Мен кіммін?