Мен кіммін?

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 09:37, реферат

Краткое описание

Кей кездері алағаш рет егіз баланы көргенде ажырата алмай қаласың. Сырт пішіні, сөйлесі, жүрісі, күлісі, дауысы айнымай тұрады. Киіміне қарап ажырата алмасаң «Сен кімсің?» деп сұрауға тура келеді. Арада апталар, айлар, жылдар өтіп егіздер есейгенде түр-тұрпатта айырмашылық көбейіп, екеуі мүлде екі түрлі адамға айналып, орта жастан асқан соң мінездері тіптен бөлектене береді. Біреуі көңілді, ашық жарқын болса екіншісі томаға тұйық, көп ойланғыш адамға айналады. Аумай туған егіздермен ұзақ уақыт істес болған кісілер келе-келе оларды дауысынан, жүрісінен оп-оңай ажырата береді. Ұзын сөздің қысқасы кез-келген жеке адам өз алдына бөлек жанды жаратылыс.

Прикрепленные файлы: 1 файл

men kimmin.doc

— 81.50 Кб (Скачать документ)

Мен кіммін?

Кей кездері алағаш  рет егіз баланы көргенде ажырата алмай қаласың. Сырт пішіні, сөйлесі, жүрісі, күлісі, дауысы айнымай тұрады. Киіміне қарап ажырата алмасаң «Сен кімсің?» деп сұрауға тура келеді. Арада апталар, айлар, жылдар өтіп егіздер есейгенде түр-тұрпатта айырмашылық көбейіп, екеуі мүлде екі түрлі адамға айналып, орта жастан асқан соң мінездері тіптен бөлектене береді.  Біреуі көңілді, ашық жарқын болса екіншісі томаға тұйық, көп ойланғыш адамға айналады. Аумай туған егіздермен ұзақ уақыт істес болған кісілер келе-келе оларды дауысынан, жүрісінен оп-оңай ажырата береді.  Ұзын сөздің қысқасы кез-келген жеке адам өз алдына бөлек жанды жаратылыс. Ол ешкімге  түбегейлі толығымен  ұқсамайды. Сыртқы түр-тұрпаты мен пішінін айтпағанда ішкі дүниесі мүлде басқаша, әлдеқайда терең, тылсым, құпия.

Көне заманның  ақылды адамдары:  «пенденің сыртқы пішіні мен ішкі дүниесінде қандай да бір ұқсастық болу керек қой»-деп, зерттеп, шама шарықтарынша зерделеген. Аристотел: «Адамның бет-бейнесі оның ішкі күйін білдіріп тұрады» деп сенген. Жылмыңдаған  күлмең көздер өтірікшіге тән. Оң қабақ пен иектің көтеріліп тұруы кібіріліктің нышаны. Адамның сыртқы  мимикаларын әбден зерттеген американдық психолог Альберт Мехрабян былай деп түйін жасайды. «Біздің  бір адам туралы  пікіріміз  55%  бет әлпетіндегі көңіл күйіне қарап,  38 % дауыс ырғағына қарай,  7%  пікір  оның сөйлеген сөзіне қарай қалыптасады».

Немістің әдебиетші ғалымы Георг Лихтенберг «Жер бетінде біз үшін ең керемет нәрсе–адамның түрі» депті. Ұлық Алла адамды солай жаратқан. Адамның жүрегінде болып жатқан  өзгеріс оның алақандай бет әлпетінде көңіл-күй боп  сайрап шыға келеді.  Уайымшыл адамның бетінде әжім іздері көп болады. Шекедегі көлденең сызықтар таң қалғыш кісілерге, ал тік түскен әжімдер ұзақ уақыт қадалып отырып ойланатын кісіге тән. Көз бен еріннің айналасына шашырай түскен әжімдер көп күлетін көңілді кісілерге үйір болады. Көзді барлық әулиелер жанның  айнасы деп атаған. Орта ғасырдағы Қытайда тергеу жұмысын жүргізіп  отырған  соттар ішкі-көңіл күйін қылмыскерге  білдірмес үшін көздеріне қара түсті көзілдірік киіп отыратын болған. Қос жанардың түр-түсіне қарап-ақ әулие кісілер адамның хал-ахуалын дәп басып,  тіпті керек десеңіз болашағын дәл болжай алады. Қала берді онша елеусіз секілді екі еріннің өзі адамның мінезі құлқын біршама анықтап тұрады.  

Қалай болғанда да бір кездескен кісілер бірін-бірі  ә дегенде бет әлпетіне қарап бағалайды. Ол туралы алғашқы пікірі де солай қалыптасады.  ХХ ғасырдың адамдарды хирург көмегіне  сүйеніп, түріне өзгерістер жасай  алады. Бет-әлпеті көріксіз  кейбір әйел адамдар өздерін ел  ішінде ыңғайсыз сезініп, өзінен-өзі қысылып, төменшіктеп отырады. Сол үшін   барынша сүйкімді, әдемі, жағымды  болып  көріну үшін пластикалық операциялар жасап, түр-тұрпатын мүлде өзгертіп жібереді. Десек те пластикалық операцияның хас шебері  американдық  дәрігер Максуэл Мольц өзгеше пікір айтады. «Мен талай жыл әдеміліктен  мақұрым қалған әйел дидарын қолдан өзгертіп, талай қыз-келіншектің ажарын ашып бердім. Бірақ одан олардың ашық жарқын, елгезек боп кеткен ештемесі де жоқ. Олар бәрібір іштей өздерін төмен санып, бұғып жүреді» Пұшық мұрын қыздарға  қанша жерден келістіріп пісте мұрын жалғап берсең де олар өздерін адамдар арасында   пұшық сезініп, именіп отырады. Адамның жаны қалай сезінсе сыртқы тән де соған бағынып, иіледі деген сөз. 

Бірақ кез келген өркениет, кез келген мемлекет, кез келген ғалым осы адамның ішкі негізі болып тұрған жанға емес сыртқы пішін боп тұрған тәнге қатты мән беріп соны ғана жөндеумен, емдеумен, жасартумен, жақсартумен айналысқанда «Ұлы Адасу»  басталады. Біз енді күллі дүние ғалымдарының жинақтаған тәжірбиесіне  сүйеніп отырып адамның есейген шағы туралы толғап көрелік.

Әдетте есейген шақ деп 25 пен 65 жастың арасын атайды.Осы шақтың қыр сырын зерттейтін ғылымды «Акмеология» яғни «акме» ең төбесі, шырқау шегі «логос» ғылым. Адам ғұмырының шырқау шегін, ең тәжірбиелі кезеңін зерттейді.

Өкінішке орай қазіргі еуропада жастық шақ культі қатты қарқын алып келе жатыр. Реклама, телевидение, пресса бәрі адамдарды жасартатын дәрілер мен препараттарды, жаттығуларды жарнамалау арқылы барлық адамның миына «қарттық деген өте жаман нәрсе, орта жастан ары қарай ауру, сырқау, торығу, жалғыздық қана күтіп тұрады» деген секілді  үрей ұрығын сеуіп жатыр. «Өмірде жастар ғана оза алады. Қаусаған қартты тек  қарттар үйіне қамап тастап құтыласың» деген пікірдің тамыры жуандап келеді. Психологтар   арнайы сауалнама жүргізгенде  адамдардың  басым көпшілігі керісінше жастық шаққа емес 35 пен  45-тің арасындағы орта жастарына қайтуды армандап, ақылға жеңдіріп, салауатты өмір сүрудің ең күшті мүмкіндігі осы  жаста келеді деп санаған. Ал 50  мен 55-тің арсындағы ел ағалары осы жасымды  ұзарта берер ме еді деп қиялдаған. Ал ұдайы бет әлпетін  ғана бағалап, мамандықты игеру, ана болу, бала тәрбиелеу деген секілді өмірдің басқа негізгі қырларын танып, білмеген   әйелдер беттерін әжім ала бастағанда қатты қайғырады.  Адам өз жасын мойындап,  соған бейімделіп, жасына қарай сөйлеп, жасына лайықты өзін ұстай білмесе ел арасында жиі ұятқа қалып, содан барып көңіл күйі бұзылып, өмірі шиленісе түседі дейді психологтар.     

Қоғамда орта жасар адамдардың тез жетістіктерге жететіні заңды. Нақты өмірдің   тәжірбиесі  есейген  ақылмен дізе қосып қызмет қылғанда адамға шаш етектен пайда  береді. Өмірге деген өзіндік көзқарас қалыптасып, бозбала шақтағыдай  кім көрінгеннің айтқан сөзіне еріп, опық жемейді. Ғұмырындағы  маңызды шешімдерді өзі қабылдайтын қабілетті  тұлғаға  айналады. Заман мен уақыттың сырын біршама ұғынып, оны барынша тиімді пайдаланып қалуға тырысады. Жас адам уақыттың табиғатын түсінбегендіктен көп мүмкіндігін уыстан шығарып алады. Себебі жас адам болашақтан өте көп үміт күтеді. «Оқу бітіріп алайын, кандидаттық қорғап алайын, үй жасап алайын сосын көрсетім» деп ойлайды. Ал орта жасар есті кісі «бұл шаруа міндетті түрде бүгін жасалуы керек, ертең кеш қаламыз» деп шапшаң қимылдайды. 

30-дан   асқан есті азамат жыл өткен сайын психологиялық жағынан нығайып, беки түседі. Ол енді біреуге қызмет етуден ләззат табатын жаңа сезімді бастан кеше бастайды. Бұрынғыдай «елдің бәрі менің алдымда иіліп, құрдай жорғаласын» деген кібір принциптерден аяғын тарта бастайды. Айналасындағы адамдардың қателіктері мен кесір мінездеріне кешіріммен қарап,  сыйласып, сыйысып істеуді меңгере береді.

Осы арада мынадай сұрақ көп адамды мазалайды екен. «Қоғамды орта жастан асқан тәжірбиелі кісілер басқаратын болса не себепті қоғамда   қарама-қайшылыққа толы қиындықтар тым көп? Не себепті көп жағдайда егде кісілер ақылмен,  даналықпен  іс қылып жастарды тәнті қылмайды?» Себебі дейді зерттеуші оқымыстылар, адамның жасы ұлғайғанымен оның ақылы тоқырап, кері кетуі  бек мүмкін. Барлық адам қартаяды, бірақ бәрі бірдей дана қартқа айналмайды.   Ежелгі гректер «Қарт адамның ақ шашы оның даналығын емес кәрілігін ғана білдіреді» деп мақалдатқан екен. Псиохологтар адам өмірін кезеңдерге бөліп, былайша саралайды.

Бірінші есейу кезеңін-экспансия периоды деп атайды. Бұл 20-25  жас аралығы. Күш қуаты бойына симай, миы тың идеялармен қайнап жатқан жас жігіт өзін барлық салада бірдей уақытта, бәрін басынан өткеріп, түгел сынап көргісі келеді. Қызық не бар, соның бәрін тегіс оқып, меңгеріп алғысы келіп жұлқынып тұрады. Уақыт өткен сайын  өзінің не нәрсеге бейім екенін анық біліп, сол  жағына қарай  ойысады.  Бірақ бұл қасиеттің өзі ақылды жігіттерге ғана тән. Көбіне сылқым, сері, жігіттер жасы отызға толғанша өзінің не нәрсеге бейімі бар екенін анық айта алмай далбасалап жүріп алады.

Екінші міндеті өмірлік серік болатын мінсіз жаратылған жар табу.  Өкінішке орай бұл кезде  көп еркек жар таңтап жүріп тазға жолығады. Ал бойжеткендер супер жігітке тұрмысқа шығамын деп жүріп, кәрі қыз болып үйіндед отырып  қалады. 

28 -30 жас арсында адам артына  қарап, өткен өмірін  алғаш рет таразылайтын мінез табады. Алғаш рет өмірінің ең жас, ең балғын, ең қабілетті кезін өткізіп алғанын анық  сезіп іші удай ашитын кез. Енді әр нәрсені барлап, бақылап барып сақ қимылдауға көшеді. Енді жас кездегі тым ұлғайып кеткен арманның «орындалмайды-ау» деген артықтарын жонып, қысқартып, нақты дегендерін ғана қалдыра бастайды. «Бүкіл әлемді өзгертіп жіберемін деген баяғы арын  басылып, Менің   қоғамдағы орным қайсы?» деген сұрақ миына   шаншудай қадалады. Ең өкініштісі  ажырасу осы кезде  өзінің шырқау шегіне жетеді.  35 жасар егде жұбайлар жұптарын қайта қарастырып қателікке ұрынады. Осы кезде «Отбасы деген не? Оның міндеті не? Құдай отбасы құруды не үшін бұйырды? Үйлі-баранды болудың мәні  неде?» деген сұрақтардың жауабын таба алмаса амал нешік жұптар екіге ажырайды. Не болмаса  ерлі зайыптылар   сүйретіліп, сүреңсіз  күй кешеді. Дәл осы жаста мамандығы мен жұмысынан жалығу деген екінші бір «ауру» пайда болады. Жас кезде өте қызықты, өте мазмұнды көрінген жұмысы жүйкесін жұқартып, шабытын шақырмайды.  Мамандық ауыстыруға кеш болғандықтан көбісі далбасалап, жұмыс орындарын өзгертеді. Өмірді басқа қырынан  танып білуге мүмкіндіктің жоқтығынан  топастанған саяз пенделер  ашуланшақ жындыға  айналады.  Пысықтары  бұл кезде алданышпен дүние түгендеп, үйді жихазбен толтыруға талпынады. Үйіне  келсе тез жалығып, ығыр болатын  болғандықтан түн ортасына шейін әрдемені сылтауратып шаршамай шапқылай береді. Нәтижесінде отбасында «әйеліңе, бала-шағаңа көңіл бөлмейсің» деген жанжал тіріледі. Осылайша отбасындағы дағдарыс бәрібір болмай қоймайды.

35-тас асқан соң барып салқын  қандылық пайда болып, әр нәрсені салмақтап барып қолға алатын байсалды мінез табады.  Бес жыл өтіп, жасы 40-қа   тірелгенде торығу, түңілу фазасы жұмыр басты пендеге қайта айналып соғады. Қырықтағы  жігіт ағасын жатса тұрса; «Не үшін  керек осының бәрі? Бала-шағаны несіне көбейтіп, асырап, ақша тауып  өліп жүрмін? Жалпы   өмір  сүріп не керек?» деген сұрақтар ұйқысынан айырады. Бұл енді шешуші кезең. «Мен кіммін?» деген ұлы сұрақтың  жүректе аш қасқырдай ұлып тұрып алатын кезі.  Бұл ең соңғы ышқыныс.  Бұл - барлығын   таразыға салып, өлшеп отыратын сау ақылды рухани өмірмен  алмастыратын кез келді деген соңғы белгі.   Бұл-көкіректе    тұншығып жатқан адамның негізгі «Мені» рух деп аталатын заттың бұлқынысы дейді психолог ғалымдар. Бұл «менді» бұрынғы нәпсани «менмен» шатастыруға мүлде болмайды, себебі бұл «мен»  бұрынғыдай сұлу қыз, үлкен үй, жайлы машина деген секілді дүниелік нығметтерге жұбанбайды. Жанның осы  хәлін  шама-шарқынша зерттеген психолог ғалым Гейл Шихи; «Біз не нәрсемен шұғылданып, қандай жұмыс жасамайық, жасымыз қырыққа келгенде өзіміз  өмір бақи елемегенсіп, қолдан тұншықтырып келген кеудедегі бір күш сыртқа қарай ышқынып ұмтылады» деп аталы сөз айтыпты.  

Көптеген есті адамдар осы жаста өмірлерін қайта  бастайды. Қырық жыл бойы қалыптасқан мінез-құлқы мен көз-қарастарына, әдеттеріне қарсы шығып,  өзін-өзі түбегейлі тәрбиелеп өзгертеді. Бұл жаста ажырасу азайып, ерлі-зайыптылар жұптарына үлкен кешіріммен қарап, тағдырдың жазуына мойын ұсынады.

Психолог ғалымдар; егер осы жаста адам рухани өмірдің өзегін таппай тағы да өзін өзі алдып, әр түрлі жұмыстарға жегіліп, ойын-сауықтың өзге түрлерін ойлап тауып, не болмаса арақ ішіп жұбанатын болса  ол адамды   өмірінің соңына қарай «ұлы өкініш» күтіп тұр-деп ескертеді.  Кәрілік келіп, бар қызықты сілкілеп тартып  алғанда  шалдың   сүйкімсіз түрі мен сиықсыз тәні ғана қалады. Ас-ауқатты шашып-төгіп, әрең жейтін қуыс кеуде шалдардың  абыройсыз өлім сәтін қорқынышпен күткеннен басқа амалы қалмайды.

Осы аса жауапты кезеңді рухани ілімнің күшімен   аман-есен алып өтер болса онда 55 жастан  ары қарай  65 пен  70 жасқа дейін еркін  жететін  тың творчествалық шабыт табады.   Сергек ой мен сау ақылды қолдан шығармаған дана қарттар бұл кезеңде шын тәуба етуге, жастық кездегі босқа кеткен уақыттарға өкінуге, бейім болады. Өмірдің барлық қиындықтары мен азаптарын тәжірбиесінен өткізіп; «Өмірдің негізгі мазмұны  қайырымдылық пен мейірім» деп,  ұлы сезімді бәрінен жоғары қоятын шын даналыққа жақындайды.  Сонда ғана жастар  қайырым мен мейірімнің нұрына малынған қарт адамды жақсы көріп, соның айналасына шоғырлана бастайды дейді.

Енді адамның негізгі менін анықтау деген мәселеге келейік. Ғалымдар мынадай қызық тәсіл ұсынады. Ақ параққа  «Мен кіммін?» деген сұрақты 20 мәрте қайталап қояды. Осы бір мазмұннан тұратын көп сұраққа адамдар толық жауап бере алмай қиналып,   әр қилы  жауап беріп көреді. Әрине көбісі аты-жөнінен, ұлтынан, мамандығынан бастайды. Бірақ алты жеті сұрақтан соң не жазарларын білмей   лақап аттарын жазып  тастайды. 

Енді осы сұрақтарға қазақша   жауап беріп көрелік.

1.Мен кіммін?  Мен Пәленбай Түгенбайұлымын

2.Мен кіммін? Мен қазақпын

3.Мен кіммін? Мен түген деген  Университеттің студентімін.

4.Мен кіммін? Мен Ұлы жүз, Албанмын.

5.Мен кіммін? Мен Пәлен фирманың директорымын.

6.Мен кіммін?  Мен парасат орденінің иегерімін.

7.Мен кіммін? Мен түгенбайдың  келінімін. 

Дәл осы сарында сұрақты соза беруге болады. Бірақ одан пайда жоқ. Себебі бұл анықтаманың бәрі адамның негізгі Менін толық анықтап бермейді.  Сондықтан да адамдар қартайған сайын «Мен кіммін?» деген ең маңызды   сұрақтың жауабын таппай адаса   береді. Себебі адамның есімі шартты атау. Сәби туылғанда үйдегі ағайын-туыс ақылдасып отырып, оған қай ат ұнаса соны қояды.  Не болмаса кейбір адамды ата-анасы бала кезінде  қалай  еркелетсе  сол атпен ел арасына танылып кете барады. Мысалы Абай да, Шоқан да ұлы аталарымыздың шын есімдері  емес. Екеуі де еркелетуден шыққан бөтен  есімдер. Тіпті кейбір кісілер паспорт алатын кезде аты-жөні ұнамаса  ауыстырып алуға мүмкіндігі бар. Яғни бұл қатып қалған анықтама емес.

Ұлтын айтып танылу да негізгі анықтама  бола алмайды.  Себебі кез келген қазақты қалың қытайдың ортасына апарып, қазақ тіліндегі кітап, газет, журнал, радио, теледидардан ажыратап тастаса ол қазақ міндетті түрде қытайланады,    Орыстанған қазақтар да сол секілді.

Студент деген тіптен қысқаша анықтама. Себебі жас жігіт университет қабырғасында ары кетсе алты-ақ жыл оқушы боп жүре алады. Оқуын бітірген соң оны тұрған жұмысына қарай басқаша атауға тура келеді.

Жүз бен руда дәл сол секілді. Кез келген қазақ барлық жүздің не болмаса рудың құрамында қазақ болып жүре алады.

Марапат пен сыйлық пендені тіптен мазақ қылады. Себебі мемлекет ыдырап, не болмаса президент тақтан тайып, режим ауысатын болса барлық орден сыйлықтар мәнін жояды. Мыс; Бауыржан Момышұлына «Советтер Одағының Батыры» атағын алып берісімен артынша КСРО тарап кетті. Енді Момышұлыны қазақтың ұлттық  батыры деп қайта анықтауға тура келеді.

Барлық кәсіп пен мамандық түгелге жуық уақытша болғандықтан адамның кім екенін анық белгілеп, бермейді. Әсіресе қызметіне жүрегі байланған қарт кісілер пенсияға шығып ешкімге керексіз болып қалғанда үлкен депрессияны бастан кешеді. Үйлеріне сыймай, келіндеріне жақпай, бала-шағасына ұнамай бұрынғы коллективіне әр нәрсені сылтау қылып бара бергенді жақсы көреді. Керісінше жастар кәрі шалдардың жұмысқа  келіп, мыжып ақыл айтқанын    иттің етінен бетер жек көреді.

Информация о работе Мен кіммін?