Конфликтные ситуаций

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 14:55, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың өзектілігі. Конфликтік жағдайлар – қазіргі қоғамның әлеуметтік және саясаттық өмірінің маңызды құбылыстарының бірі болып саналады. Адамның қоғамдағы өмірі күрделі және жеке индивидтердің, сонымен қатар үлкен және кіші әлеуметтік топтардың қызығушылықтарының қақтығысынан жиі алып келетін қарама-қайшылықтарға толы екендігі баршамызға анық.
Конфликт (лат. conflіctus – қақтығыс) – екі немесе бірнеше жақтардың қарым-қатынасы барысында мақсаттары мен көзқарастарының өзара қарама-қайшылығы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломдық жұмыс.docx

— 29.42 Кб (Скачать документ)

  Мақсатты функциялар ұжымға белгілі  бір құрылымды береді:

  • іскерлік өндірістік функциясы, мектепте – оқу-тәрбие процессін ұйымдастыру;
  • әлеуметтік-психологиялық құрылым – психологиялық табиғатты бейнелейтін байланыс, (симпатия, антипатия, сыйласымдылық, сыйламау, рухани байланыстық басқа формалары)

Ұжымының  беріктілігі оған енетін тұлғалаларға байланысты. Сондықтан олардың ерікті дамуы, олардың дарындылықтарының  ашылуы.

  Педагогикалыц ұжымдағы келіспеушілік 
Жағымды психологиялық климат қалыптастыруға кедергі жасайтын факторлардын катарына ұжымдағы келіспеушілікті немесе "климаттык ауытқуды" атауға болады. Әлеуметтік-психологиялык келіспеушілікті көптеген мамандар адамдардың тікелей қарым-қатынасы саласында пайда болатын карама-қайшылықтың шиеленіс кетуі ретінде қарастырады. Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушіліктер өз табиғатында тұлғааралық келіспеушілік болып табылады. Ондай жағдайда адамдар іс-әрекеттің мақсатына келіспейді немесе оған қол жеткізудің әдістері мен құралдары туралы әртүрлі пікірде болады. 
Келіспеушіліктер әртүрлі себептердің салдары болуы мүмкін. Педагогикалық ұжымдағы тұлғааралык келіспеушіліктер бірлескен педагогикалық әрекет процесінде орныққан өзара байланыстың бұзылуына байланысты туындайды. Ол педагогикалық қызметке байланысты мұғалімдер, басшылар арасыңдағы іскерлік сипаттағы байланыс болуы мүмкін. 
Педагогикалық ұжымда орын алатын келіспеушіліктің негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады. Бірінші топ - кәсіптік-педагогикалық әрекетті максатқа жетуге кедергі келтіретін, іскерлік байланыстардың бұзылуынан туындайтын кәсіптік келісіпеушіліктер. Бұндай келіспеушіліктер жұмыстағы ынтасыздықтан, мүғалімдердің әрекет мақсатын түсінбеуінен және өз ісін жете білмеуінен туындайды. Екінші топ - педагог мінез-құлқының өзара қатынас нормасына сай келмеуіне, сол сияқты мінез-құлық пен іс-әрекеттің ұжым мүшелерінің бір-бірінен күткен талаптарына сай келмеуінен туындайды. Ол педагогтың өз әріптестеріне жене оқушыларға көрсеткен әдепсіздігі, көсіптік этика нормаларының бұзылуы, ұжым талабын орындамау және т.б. түрінде көрініс береді. Үшінші топ — педагогикалық процестерге қатысушылардың мінез бен темпераменттік ерекшеліктері негізінде тұлғалық сәйкессіздіктен туындайтын келіспеушіліктер. Бұл топты негізінен ұстамдылық, өзіне деген бағасы мен пікірінің аса жоғары болуы, эмоциялық тұрақсыздығы, шамадан тыс өкпешілдік сияқты сапалар құрайды. 
Келіспеушілікті реттеу мынадай қисынды әрекеттердің бірізділігінен тұрады: келіспеушіліктің алдын алу; пайда болған жағдайда келіспеушілікті үйлестіру, жою; келіспеушілік ахуалды шешудің ең оңтайлы келісімін қабылдау; келіспеушіліктің түйінін шешу. Келіспеушілікті    алдын алу кезінде сол адамның неге осылай жасағандығын анықтаудың маңызы зор. Мектеп басшысы қалыптасқан келіспеушілік ахуалға немқұрайлы қарамауы тек, сондықтан ол келіспеуші жақтарды ашық әңгімеге тартып қалыптасқан жағдайды бірге талдап, талқылауы тиіс. Келіспеушілікті басқару кезеңінде басшы жеке әңгімелесіп, келіспеуші жақтарды алдағы кездесуге, араласуға психологиялық тұрғыдан дайындауы тиіс.

  А. А. Урбановтың тұжырымы бойынша: бәсекелестіктің түбіндегі қарама -қайшы ойлардың қақтығысуы (мақсаттың, ұстанымның, көзқарастың) түрлі өткір эмоционалды толқулармен байланысты өзара түсініспеушіліктің болуы.

Конфликті жағдайдың жағымды жақтары:

Көптегн мәселелердің шығуына, олардың шешілуіне  көмектеседі

Іс- әрекеттіңтиімді жолдарынның пайда  болуына 

Кейде ұжымныңсыртқы қысымдарға бірігіп  қарсылық көрсетуіне себеп болады.

Кері жақтары:

Әлеуметтік  психологиялық климаттың нашарлауына  алып келеді

Адамның жүйке жүйесінеәсер етіп, күйзеліске ұшыратады.

Көптегн адамның тікелей жұмысындағы  міндетін орындауда көлінің бөлінуі.

Сондықтан, конфликт – бұл кездейсоқ күрделі  және қарама – қайшылық тудыратын  психологиялық құбылыс.

Конфликттің негізгі құрылымдық компаненттері: конфликт объектісі, конфликт мүшесі (оппонент), конфликтті жағдай, инцидент (қақтығыс).

   Ең кең таралған деп М. Дайчпен  ұсынлған конфликттің типологиясын  қарастырайық.

1. Шынайы  жанжал. Бұл «объективті өмір  сүретін және адекватты қабылданатын»  жанжал.

2. Кездейсоқ  не шартты жанжал. Жанжалдың бұл  түрінің өмір сүруі «екі жақты  мойындалмайтын немесе игерілмеген  жеңіл өзгеретін» жағдайларға  тәуелді.

3. Ауыстырылған  жанжал. Мұнда, «анық жанжал» айтылады, оның артында қандай да бір  басқа, латентті жанжал жатыр.

4. Қате  тіркелген жанжал. Бұл «қате түсінген  екі жақтың нәтижесі ретінде»  яғни қате талданған мәселелер  бойынша болады.

5. Жалған  жанжал. Бұл «объективті себептердің»  болмаған кездегі жанжал жағдайы,  соңғысы тек қабылдаулар мен  түсіндірулердің қате болғанында  ғана орындалады.

Конфликттің пайда болу ағымы  және шешілу жолдары.Конфликт ағымы туралы айтқанда, конфликт қатысушылыадан басқа мінездемелерден  жеке сыртқы жағдайлармен анықталады. Ол сол ортада пайда болып, дамиды.

Конфликт процесінің шарттары:

уақытша кеңістігі (кикілжіңнің шешілу мекені, уақыты, жағдайы)

әлеуметтік  – психологиялық (кикілжің топтың климаты  және олардың өзара қатынасы, конфронтация деңгейі сонымен қатар крнфликт мүшелерінің қал - жағдайы).

Әлеуметтік (түрлі әлеуметтік топтардың: жыныстық, отбасылық, кәсібилік, этникалық) және т.б. мүшелердің қатысы.

Конфликті жағдайдың көрінісі- бұл конфликт мүшелерінің қарама- қарсы жақ пен конфликт ортасына деген жеке өзіндік көзқарасы.

Конфликт мүшелерінің мүмкін іс- әрекеттері:

мінез- құлықтың «іс- әрекеті (шабуыл, қорғану, бейтараптық)

іске  асуының деңгейі (активті – пассивті, ынталылығы т. б.).

Конфликттің шығу мүмкіндігі:

біреудің  толық немесе жартылай бағынуы

ымыраға келуі (компрамисс)

конфликтті  іс- әрекеттің үзілуі

интеграция  және т.б.

1.1.Отандық ғылыми еңбектерінде  конфликт түсінігінің зерттелінуі.


Информация о работе Конфликтные ситуаций