Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 21:35, реферат
Еңбек туралы ғылым – эргономиканың негізін 1875 жылы польша ғалымы В.Ястшембовский салған болатын. Ол гректің эргон – жұмыс және номос – заңдылық деген екі сөзінен тұрады. Бұл «Адам – машина – орта» жүйесінде өтетін үдеріс болғандықтан іс-әрекет ұғымына сипаттама берілгені жөн. Эргономика – адамның еңбек іс-әрекетінің тиімділігін арттыру, ол үшін жайлы да қауіпсіз жағдай тудыру, соның арқасында еңбек өнімділігін арттыру, денсаулық пен еңбек қабілетін сақтау мақсатында «адам-техника-орта» жүйесінде пайда болатын проблемаларды зерттейтін ғылым. Бұл анықтамадан көріп отырғанымыздай, эргономиканың пәні адамның еңбек іс-әрекеті, ал зерттеу нысаны - «адам-техника-орта» жүйесі.