Эргономика және психология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 21:35, реферат

Краткое описание

Еңбек туралы ғылым – эргономиканың негізін 1875 жылы польша ғалымы В.Ястшембовский салған болатын. Ол гректің эргон – жұмыс және номос – заңдылық деген екі сөзінен тұрады. Бұл «Адам – машина – орта» жүйесінде өтетін үдеріс болғандықтан іс-әрекет ұғымына сипаттама берілгені жөн. Эргономика – адамның еңбек іс-әрекетінің тиімділігін арттыру, ол үшін жайлы да қауіпсіз жағдай тудыру, соның арқасында еңбек өнімділігін арттыру, денсаулық пен еңбек қабілетін сақтау мақсатында «адам-техника-орта» жүйесінде пайда болатын проблемаларды зерттейтін ғылым. Бұл анықтамадан көріп отырғанымыздай, эргономиканың пәні адамның еңбек іс-әрекеті, ал зерттеу нысаны - «адам-техника-орта» жүйесі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Эргономика және психология.ppt

— 1.48 Мб (Скачать документ)

Эргономика және психология.

 

п.ғ.д., профессор: Торыбаева Жәмиля Заханқызы .

МКМ -211 Утепов Абдубатыр  Сабырұлы

 

  • Еңбек туралы ғылым – эргономиканың негізін 1875 жылы польша ғалымы В.Ястшембовский салған болатын. Ол гректің эргон – жұмыс (еңбек) және номос – заңдылық деген екі сөзінен тұрады. Бұл «Адам – машина – орта» жүйесінде өтетін үдеріс болғандықтан іс-әрекет (қимыл) ұғымына сипаттама берілгені жөн.
  • Эргономика – адамның еңбек іс-әрекетінің тиімділігін арттыру, ол үшін жайлы да қауіпсіз жағдай тудыру, соның арқасында еңбек өнімділігін арттыру, денсаулық пен еңбек қабілетін сақтау мақсатында «адам-техника-орта» жүйесінде пайда болатын проблемаларды зерттейтін ғылым. Бұл анықтамадан көріп отырғанымыздай, эргономиканың пәні адамның еңбек іс-әрекеті, ал зерттеу нысаны - «адам-техника-орта» жүйесі.

                Эргономика

 

 Жалпы пәндер:

 

Экономика

Әлеуметтану

Философия

Политология

Педагогика Техникалық

ғылымдар

 

Әлеуметтік пәндер:

 

Еңбек әлеуметтануы

Еңбек философиясы

Еңбек гигиенасы

Еңбек психологиясы

Техникалық эстетика

Жүйелердің жалпы теориясы

 

 

 Зерттеу нысандары:

 

Дизайн

Еңбекті ғылыми ұйымдастыру

Сапаны басқару

Еңбекті қорғау

Өмір қауіпсіздігі

 

   Эргономиканың өзге ғылымдармен байланысы

  • «Адам-техника-орта» жүйесіне эргономикалық баға беруді жекелеген эргономикалық көрсеткіштер пайдаланылатын дифференцияланған әдіспен немесе жинақталған бір эргономикалық көрсеткіш анықталатын кешенді әдіспен жүзеге асыруға болады. Жүйені бағалаудың дифференциалды әдісі эргономикалық бөлімдердің (антропометрикалық, гигиеналық, физиологиялық, психофизиологиялық және психологиялық) әрқайсысын бір көрсеткіші арқылы анықтайтын топтық көрсеткіштер бойынша жүргізеді.

               Эргономика

 

Гигиеналық

 

Физиологиялық

 

Психофизиология

 

Психологиялық

 

Антропологиялық

 

 

         Эргономика бөлімдері

  • Психологиялық топтық көрсеткіш машинаның онымен жұмыс істейтін адамның қабылдау, есте сақтау, ойлау мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне сәйкестігін, «адам-техника-орта» жүйесіндегі басқарудағы өзара іс-әрекеттегі тұлғааралық қарым-қатынастардың, топтық өзара ықпалдардың дәрежесі мен деңгейін көрсетеді. Бұл ерекшеліктер жекелеген көрсеткіштер түрінде көрінеді.

          Психологиялық

  • Эргономика тиімді іс-әрекет пен адамның жайлы тұрмысын қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет үдерісіндегі адамның қызметтік 10 қабілетін зерттейді. Басқаша айтқанда, әңгіме адамның мінез-құлқы мен ортаның сипатының үйлесімділігі туралы болып отыр.
  • Эргономиканың міндеті – машинаның қазіргі сәттегі ең қажетті сипаттарын бейнелейтін және, сонымен бірге, оператордың есі мен жадына артық салмақ түсірмей ақпараттарды қателеспей қабылдауы және өңдеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық модельді қамтамасыз ету. Бұл – өте күрделі міндет. Оператор жұмысының қауіпсіздігі, дәлдігі, сапасы, еңбек өнімділігі осыған байланысты болады. Басқаша айтқанда, ақпараттық модель адамның психофозиологиялық мүмкіндіктеріне сай болуы керек. Сондықтан, ақпараттық үйлесімділік талаптары осыған байланысты болады.

Іс-әрекет қауіпсіздігінің  психологиясы

 

  • Іс-әрекет дегеніміз – адамның алдына қойған мақсатына жету үшін қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы болып есептелінеді. Ал адамның өмір сүру ортасы табиғи, жасанды және аралас болып келеді. Әрбір зат кеңістік арқылы өзара әрекет етеді, өз кезегінде кеңістік: магниттік, электростатикалық, электромагниттік және қоскеңістік болып бөлінеді. Тәжірибеге енгізілетін эргономикалық зерттеулер нәтижесі айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық тиімділік пен еңбек өнімділігін арттыратыны белгілі. Бұл жерде адам факторын сауатты пайдалана білген жағдайда жеке- дара емес оның қоғамдық өндіріс тиімділігін арттыра түсетін көзге айналуы қажет.
  • Қауіпсіздік психологиясы дегеніміз – адамның қызметінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін психологиялық білімдерді қолдану.
  • Қауіпсіздік психологиясында еңбек қызметі процесіндегі психикалық процестер, психикалық қасиеттер және, әсіресе, психикалық көңіл-күйдің түрлі формалары егжей-тегжейлі талданады.
  • Адамның психикалық қызметінің құрылымында негізгі үш құрауыш қарастырылады: психикалық процестер, қасиеттер мен көңіл-күй.
  • Психикалық процесс психикалық қызметтің негізін құрайды. Онсыз білім қылыптастыру және өмірлік тәжірибе жинақтау мүмкін емес. Танымдық, эмоциональдық және еріктік психикалық процестер (сезіну, қабылдау, ес, т.б.) ажыратылады.
  • Психикалық қасиеттер (тұлға сапасы). Тұлға қасиеттері – бұл оған тән ерекшелік (бағыттылық, мінез, темперамент). Тұлға қасиеттері іштей интеллектуальдық, еріктік, моральдық, еңбек қасиеттері болып бөлінеді. Қасиет орнықты және тұрақты.
  • Психикалық көңіл-күй әр алуандылығымен және уақытша болатынымен ерекшеленеді. Нақты сәттегі (кезеңдегі) психикалық қызметтің ерекшелігі және бүкіл психикалық процесс ішіндегі оң және теріс әсері анықталады. Еңбек психологиясы міндеттері мен еңбек қауіпсіздігі психологиясы проблемалары тұрғысынан өнеркәсіптік психикалық көңіл-күй мен өнеркәсіптік жарақат алу апатының алдын алуды ұйымдастыруда маңызды рол атқаратын айрықша психикалық көңіл күйді бөліп көрсеткен дұрыс.
  • Адам қызметінің (жұмыс қабілетінің) тиімділігі психикалық күйзеліс (стресс) кезінде көрінеді. Біздің ғасырымыздың басында Р.Иеркс пен Дж. Додсон адам қызметінің өнімділігінің (жұмыс қадбілетінің) эмоциональдық белсенділікке тәуелді екенін айтқан болатын.
  • Психикалық күйзеліс белгілі бір шекте еңбек нәтижесіне оң ықпал етеді. Белсенділіктің сыни деңгейінің мейлінше көтерілуі еңбек нәтижесінің төмендеуінен жұмыс қабілетін толық жоғалтуға дейін апарып соғады. Психикалық күйзелістің шамадан тыс түрі шектен шығу болып табулады. Оператордың қалыпты жүктемесі (эмоциональдық стимуляция) максимальды жүктеменің 40-60 %-нан аспауы, яғни жұмыс қабілетінің төмендеу шегінен аспауы керек.
  • Писхикалық күйзелістің шамадан шығу формасы психологиялық қызметтің түрлі көріністегі дизинтеграциясына соқтырады, ол ең алдымен адамның өзіне тән психикалық еңбек қабілетінің төменгі деңгейіне алып келеді. Психикалық күйзелістің ең жоғарғы көрінісі ширақтық пен әрекетті үйлестіруді жоғалтып, мінез-құлықтың ұнамсыздығы мен басқа да жағымсыз іс-әрекеттерге әкеп соғады. Қоздырғыш және тежегіш процестердің басымдық алуына байланысты, шамадан шыққан психологиялық күйзелістің екі түрін атап көрсетуге болады: тежегіш және қоздырғыш.
  • Тежегіш тип – қозғалыстың бөгелуі мен бәсеңдеуімен сипатталады. Маман кәсіби әрекетін бұрынғыдай ширақтығымен орындай алмайды. Жауаптық реакциялар жылдамдығы кемиді. Ойлау процесі бәсеңсиді, еске түсіру нашарлайды, бұл адамның бойында қалыпты жағдайында болмаған зейінсіздік пен басқа да жағымсыз белгілері етек алады.

 

  • Қозғыш тип жоғары белсенділік танытады, көп сөзділікке ұрынады, қолының қалтырауы, даусының дірілдеуі болады. Операторлар көп санды, біреу айтып тұрмайтын нақты қажет әрекеттерді жүзеге асырады. Олар приборлардың жағдайын тексереді, киімдерін түзейді, қолдарын сүртеді. Айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасағанда олар ашуланшақ, қызба болып кетеді, оларға жат болатын тік айтып қалуға, дөрекілікке, ренжігіштікке бой алдырады.

Эргономика қандай негізгі  проблемаларды қарастырады?

Психикалық процесс психикалық  қызметтің негізін құрайды. Сіздер  қалай түсінесіздер?


Информация о работе Эргономика және психология