Қиял арқылы образ жасау әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 18:01, курсовая работа

Краткое описание

Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.
Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3

1. ҚИЯЛДЫҢ БАЛА ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ
1.1 Қиял және оның түрлері................................................................................4
1.2 Қиялдың балалық шақта дамуы.......................................................................5

2. ҚИЯЛ АРҚЫЛЫ ЖАҢА ОБРАЗ ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қиял арқылы танымын қалыптастыру әдістемесі................................................................................................................21
2.2 Қиял арқылы баланың образ жасау әдістері.................................................28

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

Киял-курс.docx

— 74.83 Кб (Скачать документ)

В.С. Мухина мектепке дейінгі  шақта балалар ықтиярлы зейінді  меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз  зейін басым болып қала береді. Балаларға өздері үшін бір текті  әрі тартымы шамалы іс-әрекетке зейін  қою қиынға түседі,сонымен бірге  ойын процесінде немесе әсерлі сезімге  бөлерліктей тапсырмаларды шешерде  олар едәуір ұзақ уақыт бойы ықыласты болып жүреді. Мектеп жасына дейінгі  бала зейінінің ерекшелігі мектепке дейін оқыту ықтиярлы зейінге  үнемі күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша құрылуы  мүмкін емес себептердің бірі болып  саналады. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту балалардың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді [10, 77 б.].

Сенсорлық даму, бала заттардың  түсін, пішінін, мөлшерін және олардың  кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады.

Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты (ырықсыз зейін), өйткені  қызықты іске бала көңілі тез ауады. Егер 6 жасар бала ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2, тіпті 3 сағат  ойнай береді. Алайда, бұлай зейінді  шоғырландыру – баланың айналысқан нәрсесіне қызығушылығынан туындайды. Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу  қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра  алады. Оларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізуге және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып  отыруға негізгі себеп болып  табылады [10, 89 б.].

К.Д. Ушинский «Балаға оқуды  қызықты ете білу керек және сонымен  қатар, оларды қызықтыра қоймайтын  тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды  талап ету керек, бұл жұмысты  орындағанда бір жағын басым  етіп жібермей, екі жағын теңестіру  арқылы еріксіз зейінді тудырып  отырумен қатар, балада белсенді зейін  шамалы болғанына қарамастан оны  жаттықтырып отыру керек», - деп  көрсетеді. Оқушылардың зейінін  дұрыс қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің маңызы да зор [5,15].

В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі шақ есте сақтау мен еске түсіру қабілеттілігінің пәрменді дамуымен сипатталады. Адамдар, оқиғалар есте сақталатын кезең мектепке дейінгі шақта  анықталмаған мерзімге ығысады. Шындығында, бізге сәбилік шақтағы оқиғалардан  бірдеңені еске түсіру қиын немесе мүлде дерлік мүмкін болмаса, мектепке дейінгі балалық шақ көптеген әсерлі сәттерді есте қалдырады. Бұл  әсіресе мектепке дейінгі ересектерге  тән. Мектеп жасына дейінгі баланың  есі негізінен ықтиярсыз сипатта  болады. Бұл бала көбіне өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-әрекеттің  сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды. 

Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы, баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет процесінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде өтетіндігіне байланысты. Мысалы, суреттерді жай  ғана қарап шыққанда оларды баланың  есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы суреттерді, өз орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды есінде жақсы сақтайды. Ықтиярсыз есте сақтау баланың орындайтын қабылдау және іс-әрекеттерінің жанама қосымша нәтижесі болып табылады [10, 91 б.].

Мектепке дейінгі жастағылардың  ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз  еске түсіруі – ес жұмысының бірден-бір  түрі. Бала бірдеңені есте сақтау немесе еске түсіру жөнінде алдына әлі мақсат қояды, ал бұл үшін арнаулы тәсілдерді қолдануды білмейді. Мысалы, үш жастағы  балаларға суреттер тобының біреуін  сұрағанда балалардың басым көпшілігі  өзін мүлде бірдей ұстады. Суретке  көз жүгіртіп өткеннен кейін бала оны шетке ығыстырып қойып, үлкен  адамнан басқа суретті көрсетуді  сұрады. Кейбір балалар бейнеленген  заттар жөнінде әңгімелеп беруге тырысты, суретке байланысты өткен  тәжірибенің жағдайларын еске түсірді («Көзілдірікті көзге киеді. Мынау- көбелек, құрт деп аталады». «Қарбыз. Мен, анам және әкем- үшеуіміз үлкен  қарбыз сатып алғанбыз, алқоры одан әлдеқайда кіші», тағы осындайлар). Әйтсе де есте сақтауға бағытталған  балалардың ешбір іс-әрекеттері байқалмады [13,14].

В.С. Мухинаның пікірінше  есте сақтау мен еске түсірудің ықтиярлы формалары мектепке дейінгі естияр шақта қалыптаса бастайды және мектепке дейінгі ересектерде жетіледі. Ықтиярлы есте сақтау мен еске түсіруді меңгерудің неғұрлым қолайлы шарттары ойын үстінде  жасалады, бала өзіне алған рольді жақсы орындап шығу есте сақтау шарты  болған кезде жасалады. Мысалы, сатып  алушының ролін алған бала дүкеннен белгілі заттарды сатып алу жөніндегі  тапсырманы орындаушы ретіндегі  баланың есте сақтайтын сөздерінің саны үлкен адамның тікелей талабы бойынша есінде сақтауға тиісті сөздерден  көп болып шығады. 

Естің ықтиярлы формаларын меңгеру бірнеше кезеңнен тұрады. Олардың біріншісінде әлі қажетті  тәсілдерді меңгере алмай тұрып  бала есте сақтау мен еске түсіру міндетінің өзін бөле бастайды. Мұнда еске түсіру міндеті бұрын бөлінеді, өйткені  бала алдымен дәл еске түсіруді, елестетуді қажет ететін ахуалдарға кездеседі. Бұған дейін ол нені қабылдап, жасағанын көрсететін іс-әрекетті білуі  керек. Есте сақтау міндеті еске түсіру тәжірибесінің нәтижесінде пайда  болады [10, 79 б.].

В.С. Мухинаның айтуынша, есте сақтау мен еске түсірудің жолдарын бала өз ойынан шығара алмайды. Ондай  жолдарды белгілі түрде баланың  есіне үлкендер салады. Мысалы, үлкен  адам балаға тапсырма бергенде оған осы  арада дәл оны қайталап беруді талап етеді. Үлкен адам баладан  бір нәрсе сұрағанда, оның еске түсіруіне  бағыт береді: «Сосын не болады?», «Жылқыға ұқсас сен тағы қандай жануарларды  көрдің?» Тағы сол сияқты. Бала біртіндеп  қайталай білуге, түсіне білуге, материалды есте сақтау мақсатында байланыстыра білуге, еске түсіргенде байланыстарды  пайдалана білуге үйренеді.  
 Мектеп жасына дейінгі балалардың кейбіреулерінде эйдетикалық ес деп аталатын көру есінің ерекше түрі байқалады. өзінің айқындығы мен дәлдігі жағынан эйдетикалық естің бейнелеріне жуықтайды: бұрын қабылданған бір нәрсені есіне түсірген бала соны көз алдына қайтадан көріп тұрғандай болады. Эйдетикалық ес – жас шағының құбылысы. Мектепке дейінгі жаста осындай есі бар бала, кейінірек, мектепке оқыту кезеңінде, әдетте өзінің бұл қабілеттілігін жоғалтады [10, 81 б.].

Мектепке дейінгі жас  – естің қарқынды даму жасы. Ес –  бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жаданда қалдырады және сақтайды.

Сондай-ақ мектепке дейінгі  балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау – тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Ойлау  – сыртқы дүние заттары мен  құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде  сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл-ой жағынан  бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша  көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары  соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау – 6 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Мұның өзі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру және есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты болады [11, 13, 14].

Мектепке түсу балалардың логикалық есін дамытуда үлкен роль атқарады. Оқушылардың есін тәрбиелеуде  де мұғалім олардың жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс  жүргізеді. Кіші мектеп жасындағы балаларды  оқу тәсілін өз бетімен таңдап ала алмайтындықтан мұғалім үйге тапсырма бергенде, материалды қалай  оқу керектігін балаларға ұдайы  ескертуі керек. Бұл жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді қалай оқу, тапсырманы қалай орындау керектігі айтылған. Бірақ баланың назары кейде бұған  жөнді түсе қоймайды. Мұғалім мұны қатты ескерген жөн.

Мектепке дейінгі балалық  шақта заттардың, құбылыстардың, іс-әрекеттердің арасындағы байланыстар мен қатынастарды бөлу мен пайдалануды талап ететін күрделі де сан алуан міндеттерді  баланың шешуіне тура келеді. Ойында, сурет салуда, құрастыруда , жапсыруда, оқу және еңбек тапсырмаларын орындауда бала үйреніп алған іс-әрекеттерді жай ғана пайдаланып қана қоймайды, жаңа нәтижелер ала отырып олардың тұрақты түрін өзгертеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өздерін қызықтырған мәселелерді түсіну үшін өзіндік эксперименттер жасауға кіріседі, құбылыстарды бақылайды, оларды талқыға салып, қорытындылар жасайды. Мектепке дейінгі балалық шақтың соңында кейбір механикалық физикалық және басқа байланыстар мен қатынастарды түсінуді, осы байланыстар мен қатынастар туралы білімді жаңа жағдайларда қолдана білуді талап етеді. Осы жастағы балалардың жылдың соңына дейін абстрактылы логикалық ойлауы жақсы дами түседі. Бірақ тәжірибе түрінде, бала затты көрмей тұрса, берген сұраққа толық жауап бере алмайды. Бала ойлаудың барлық операцияларын жақсы қабылдауға тиіс [11, 13, 14, 16].

Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Бала ойлауын дамыту үшін мұғалім тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс. Ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен ұштасып жатады.

 

 

2.2 Қиял арқылы баланың образ жасау әдістері

 

Қиял  түрлі елестеулердің өзгеріп, өңделуінің арқасында жасалып отырады. Қиялда анализ, синтез әдістері, агглютинация, схематизация түрлі схемалар мен суреттердің акцентировка тәсілдері жиі қолданылады. Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары құрастырылады.

Агглютинация  әдісі ежелгі Мысыр елінде, сондай-ақ, Солтүстік Америка индеецтерінің  өнер ескерткіштерінен үлкен орын алған. Қиял бейнелерін жасауға қатысатын  әдістердің бірі – гипербола. Гипербола  деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері  үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Сөйткенде  образ ашық, мәнерлі болып шығады, гиперболада белгілі бір бейнелердің  алға шығып айқын байқауына жағдай жасалады.

Ертегілерді, қиял-ғажайып бейнелерді жасауда  гипербола көп қолданылады. Мәселен, үнді мифологиясындағы көп қолды  құдайлар мен жеті басты айдаһардың бейнелері осылайша құрастырылған. Қиял бейнелерін жасаудың енді бір  әдісі нәрсенің бір жағын ерекше әсерлей көрсету. Карикатуралар  мен достық әзілдер осылайша жасалынады. Егер заттардың айырмашылықтарын ескермей, оның ұқсастықтарына көбірек көңіл  бөлінетін болса, схематизация әдісі  қолданылады. Сурет өсімдіктер дүниесінің элементтерінен ою қиыстыруы осыған мысал бола алады.

Қиял  образдарының күрделі түрі – типтік образдар жасау. Типтік образдар жасауда  бірінші орында нақты адамның  ортақ бейнелері көзге түседі: «Бір жұмысшының, поптың, дүкенші саудагердің  портретін дұрыс суреттеп жазу үш жүз, екі жүз шамалы поп, жұмысшы, саудагерлерді қадағалап қарауымыз  керек» - дейді М.Горький. Типтік образдар жасау дегеніміз тұтас бірқатар объектілердің барлығына бірдей ортақ белгілері бар бір образ  жасап, жанастыру.

Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар  бөбектерде байқалады. Мұны бөбектердің  қызық ертегілерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертегідегі оқиғаны шын  көріп бар ынтасымен берілуінен көреміз. Бір қарағанда жас бала қиялға өте бай сияқты болып көрінгенмен, ондағы образдар шындықтан өте алыс жатады. Баланың өмір тәжірибесі өсе  келе, қиялы да шындыққа біртабан жақындап отырады.

Төменгі сынып оқушыларында алғашқы кезде  қиялдың дамуы айтарлықтай болмайды. Мәселен, бірінші сыныптағылар суретке  не оқығанға қарап, өз бетімен жаңадан бейне жасай алмайды. Өйткені осы жастағыларда синтездеу қабілеті жөнді дамымаған. Олар оқығанын кездейсоқ, біріне-бірі байланыспаған ассоциациялар арқылы жаңғыртып отырады. Баланың қайта жасау қиялын дамыту үшін алдымен олардың тәжірибесін қорландыра түскен дұрыс. Осы салада мұғалім істейтін іс – ұшан-теңіз. Мәселен, мұғалім балаларды орманға экскурсияға апарған екен дейік. Онда оқушылар әрбір ағашты, өсімдік түрлерін көздерімен көріп, қолдарымен ұстайды, білмегендерін бірінен-бірі сұрап не мұғалімнен біліп алады. Ертеңіне мұғалім оқу сабағында балалардан көрмеген ормандарды айтып беріңдер десе бұл олардың қиялын тәрбиелеуге көп пайдасын тигізеді. Өмір тәжірибесінің артуы білім қорының молая түсуі балалардың қиялын да дамыта түседі. Мәселен, үшінші сыныптағылар сурет сабағында алдында тұрған заттардың бейнесін айнытпай сала алады, оны осындай басқа затпен салыстырып көреді. Бұл балада қайта қиялының қалыптасып келе жатқандығын байқатады.

Бала  қиялы әрекет үстінде дамитындықтан  не нәрсеге болмасын өзін қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып  отыру қажет. Мәселен, сурет салудың, ән айтудың тәсілдері мен техникасын үйренбейінше, баланың осыған орай көрінетін қиялы да шарықтай алмайды. Төменгі сынып оқушыларының қиялын дамыту олардың эстетикалық сезімдерін дамыту олардың эстетикалық сезімдерін оятады. Мәселен, көркем әдебиет кітаптарын оқу, музейлер мен галереяларға бару, кино көру, ұйымдасып музыка тыңдау түседі. Шәкірт қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс. Мұғалім  де, оқушының ата-анасы да бұл жерде  тек ақылға ғана әсер етпей, эмоциясына әсер етерліктей әдістерді іздестіріп отырулары керек. Оқушылардың жас, дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жұмыс жүргізу, өндіріс орындарына экскурсиялар жасау, түрлі тапсырмаларды  оқушыларға дербес орындатып отырғызу оқу барысында кездескен қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т.б. осындай  әдістер бала қиялын тәрбиелеудің түрлері  болып табылады.

Информация о работе Қиял арқылы образ жасау әдістемесі