Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 18:01, курсовая работа
Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.
Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса
КІРІСПЕ.................................................................................................................3
1. ҚИЯЛДЫҢ БАЛА ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ
1.1 Қиял және оның түрлері................................................................................4
1.2 Қиялдың балалық шақта дамуы.......................................................................5
2. ҚИЯЛ АРҚЫЛЫ ЖАҢА ОБРАЗ ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қиял арқылы танымын қалыптастыру әдістемесі................................................................................................................21
2.2 Қиял арқылы баланың образ жасау әдістері.................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................................33
Сонымен, қорытындысында осы тақырыпқа қатысты мәселелерді қарастыра отырып, бірсыпыра мәселелердің мен мұңына тоқталып өтейік. Дұрысында ойлау мен қиял, қиялдану мен елікпе ойлау арасында өзара бітіспейтіңдей қайшылық бар ма деген мәселенің мәнін айқындау керек сияқты. Егер ойдың сөздер арқылы бейнеленуін алатын болсақ, онда сөйлеу, нақты ойлау мен қиялға бірдей тән қасиет екендігін байқаймыз. Ал ойлаудың бағдары мен мақсатын алып қарастыратын болсақ онда шындықты бейнелейтін ой мен елікпе ойлау да белі бағдарда дамып отыратындығын айқын аңғарамыз. Бұл жайт керісінше де алып қарастыратын болсақ, адам шындық жайындағы ойлауының мақсат-мүлдесінің ақиқатгығын аяғына дейін толық түсіне бермейді.
Егер біз киял мен ойлаудың байланысты болуын аффектік жағынан алып қарасак, онда бұл ерекшеліктің екі процеске бірдей тән екендігін көреміз. Сол сиякты бұл екі процестің сезімге байланысты дамып отыратындығы шындық және бұл процестер арасында біріне-бірі қайшылықтар болады деген пікір де шындыққа сай келмейтіндігін аңғартады. Бұл мәселені тереңірек іздестіріп көрген ондай қайшылық абсолюттік сипатга емес, қатынасты сипатта ғана болатындығын көреміз.
Осы баяндалған жайттармен бірге ойлау мен қиял арасындағы қатынастың мынадай екі түрлі мәнді ерекшеліктері атап көрсетуді қажет етеді. Біріншіден, бұл екі процесс өзара тығыз байланысты Бұл процестердің пайда болу төркіні де бір. Олардың жемісті болуы тілдік материалға, сөйлеу әрекетіне тіректеледі. Балалардың ойлауы мен қиялының дамуындағы күрделі өзгеріс оның тілінін шығуы және сөйлей бастаған кезеңіне тұспа-тұс келеді. Соған орай мектеп жасындағы балалар дамуында ойлауы мен елікпе ойлауы олардың сапалы өзгерістерге ұшырау кезеніне сай келеді. Ал қиялдың творчестволық ерекшелігі ойлауымен тығыз ұштасып, ойлау мен қиял арасындағы айырмашылық өшіп кетеді де қиял ойлаудың тұрақты қасиетіне айналады.
Осы орайда заттардың нақты қасиеттері мен жағдайларына байланысты қайшылықтар да тууы ықтимал. Өйткені шындықты танып білу қиялдың қатынасынсыз мүмкін емес, шындықтың жекелеген ерекшеліктері мен даралык әсерлері бөлшектер ретінде біздің санамызда бейнеленеді. Мысалы, біз өнертапқыштық пен көркем шығармалардың туындыларын жасауға байланысты мәселелерді алып қарастыратын болсақ, мақсатты мәселелердің түйінін шешуде адам қиялында ойлау шексіз роль атқарады. Бұл процестер үнемі бірлікте дамиды.
Алайда, қиял мен ойлаудың арасындағы айырмашылық ерекшеліктерді көрмей қалу және бұл екі процесті біріне-бірі тепе-тең деп санау әділеттік болмас еді. Бұл екі процесс арасында өзіндік қайшылықтар да бар. Мұңдай қайшьшық киялдағы сезім мен эмоцияға, саналылық пен болмысқа да тән. Бұл қайшылықтар ойлаудың түрлі даму сатыларында да кезеседі.
Қиялдың өзіне тән ерекшелігі сол, ол өзіндік психикалық процесс ретінде, шындықтан алыстап кетіп, сана дербестік сипат аңғандай болады. Мұңдай сипат болмысты тікелей танып білуден оқшауланып тұрады.
Адам тікелей танымы арқылы бейнелер жасайды. Сондай-ақ ол қиялы арқылы да танымық бейнелер құруға қабілетті. Адам ойлау арқылы болмыста жоқ жаңа туынды бейнелер жасайды. Бұл ерекшеліктер ойлау әрекеті мен қиялдың жоғары деңгейде дамуы. Бала ақыл-ойы өсіп, өзі өмір сүргеп ортада маңындағы нәрселер мен кұбылыстардың мән-жайын түсінеді. Ол жасы өскен сайын тереңдеп, сапалы өзгерістерге ұшырайды. Баланың өмір тәжірибесінен көріп-білген ұғым-түсініктері кеңейіп, әрбір зат пен құбылыстың себепті байланыстарын да барлап ұғыну деңгейіне дейін көтеріледі.
Баланың тікелей таным
процесі нәрселердің сыртқы көрініс-сипаттарын
білуден олардың өзара шартты
байланыстарын ұғынуына қарай ойысып,
мағыналық жағынан барынша
Киял мен ойлау арасындағы ішкі байланыс ерікті түрде танып-білген мағлұматтармен толығады. Сөйтіп, заттардың мазмұн-мәнінің сыры барған сайын ашыла береді. Жалпы айтқанда танымдық процестің дамуында қиялдың атқаратын қыз ерекше және ол сана мен шындық арасында өзіндік сипаты байланыс орнатады.
Біздер бұл мәселеде қазіргі балалар психологиясына қатысты үш түрлі келелі мәселелерді сөз етіп көтердік. Олар ойлау проблемасы, қиял мәселесі және ерік әрекет жайындағы мәселелер.
2. ҚИЯЛ АРҚЫЛЫ ЖАҢА ОБРАЗ ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қиял арқылы танымын қалыптастыру әдістемесі
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы:
1. Зердесін дамыту;
2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту;
3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту;
4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту;
5. Танымдық үрдісін дамыту;
6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту;
7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту [1, 33-35 б.].
А. Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін [2, 132 б.].
В.С. Мухина бойынша мектеп
жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы
балаларда мiнез-құлық
Т. Рибоның айтуынша, баланың шығармашылық қабілеті тәжірибелілігіне байланысты дамиды деп тұжырымдайды. Мектеп жасына дейінгі кезең – қиялдың тез дамитын уақыты [8]. Сондықтан қиялдың дамуын төрт ерекше кезеңдерге бөлуге болады (2 жастан 6-7 жасқа дейінгі аралықта):
1. Бірінші кезең баланың
қабылдауының ерекшелігіне
2. Екінші кезең – қиялдың
ойыншықтарды жандандыру
3. Үшінші кезең – ойындағы рөлдерге байланысты өзгеруі;
4. Төртінші кезең –
бала қиялында өзіндік
О.М. Дьяченко мен А.И. Кирилованың тәжірибелік зерттеулерінде бала дамуында қиялдың екі түрі (сезімдік және танымдық) жүзеге асады. Танымдық қиялдың басты міндеті – ақиқат өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі. Сезімдік қиял, белгілі бір жағдайға байланысты қайшылық болғанда, баланың өзіндік «Мені» қалыптасқанда және оның құрастырудағы бір механизм болады. Е.Е. Кравцованың зерттеуінде қиялдың даму қызметінде үш түрлі компонентті бөліп көрсетті:
1. Көрнекілікке сүйену;
2. Өткен тәжірибесін қолдану;
3. Ерекше ішкі позицияны қолдану.
Осы үш компоненттің қолдануында
халық ертегісінің айрықша
Мектеп жасына дейінгі
кезеңде қиял – қоғамдық тәжірибені
меңгерудегі алғышарттары болып
келеді, өйткені балалар қоршаған
ортаны, адамгершілікті, эстетикалық
идеяларды өзіндік көзқараспен
қабылдайды. Баланың қиялы ересектерге
қарағанда әлсіз. Л.С. Выготскийдің
тұжырымына сүйенсек, «Бала қиялының
дамуы біртіндеп, шамасына қарай
қабылдауынан басталады. Қиялда болатын
барлық образдар, қаншама таңғажайып
болып көрінгенмен де, баланың
өмірден көрген-білгенінен негізделеді.
Кейде бала өмірде кездескен кейбір
жағдайларды өзіндік
С.Л. Рубинштейннің айтуынша «Қиял – бұл образдық форманы іске асыру, өзгеріске енгізу» деп түсіндіреді. Л.С. Выготский мен А.Н. Леонтьев қиялдың ерекшелігіне қарай оған арнайы психикалық процесс деп қарауға мән береді [4].
Атақты психолог Л.С. Выготский баланың қиялы біртіндеп өмір тәжірибесінің молаюына байланысты қалыптасады деген қорытындыға келеді.
Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтар баланың жеке басының дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста көрсету, үйрету, көркемдік әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмыс жасауына жағдай жасау, яғни, еркіндік беру керектігін айтады. Сонымен қиялдың дамуы төмендегідей үш компоненттен тұрады:
Бірінші дәрежеде қиял қоршаған болмыспен байланысты, дайын нәтижені ойластыруға мүмкіндік береді.
Екінші дәрежеде баланың
өткен тәжірибесімен
Үшінші дәрежеде қиялдың дамуы балаға ақиқаттан қиялдың қозғалысының жоғарғы формасы – ой – пікірден оның іске асуына байланысты.
Сонымен, қорыта айтқанда, біздің тәжірибемізге негіз болған 5-6 жастағы балалардың құрастырған ертегілері мен қызықты әңгімелері ұйымдасқан түрде мағыналы, жүйелі, өз бетінше еркін жүргізілген жұмыс, қиялдың дұрыс дамуына апаратын көп жолдың бірі болды деп есептейміз. 6 жасар бала өз қиялында алуан түрлі жағдайлар құра алады және баланың өзі сонда әртүрлі жағынан көрінеді. Ойын барысында қалыптаса отырып, қиял басқа да іс-әрекет түрінде өте алады. Тілі және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжетті тез арада жанынан ойлап шығара алады. Қиялдың үздіксіз жұмысы – баланың айналадағы әлемді танып-білуінің және игеруінің маңыздылығы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың әдісі [4, 41 б.].
В.С. Мухина теориясы бойынша өзінің бастамалары жағынан баланың қиялы сәбилік шақтың соңында пайда бола бастайтын сананың белгілер функциясымен байланысты. Белгілер функциясын дамытудың бір желісі заттарды басқа баламалармен және олардың бейнелеулерімен алмастырудан тілдік, математикалық және басқа белгілерді пайдалануға, ойлаудың логикалық формаларын меңгеруге әкеледі. Екінші желі нақтылы бұйымдарды, оқиғаларды қиял арқылы толықтыру мен алмастыру мүмкіндігінің пайда болуы мен кеңеюіне, жинақталған түсініктердің материалынан жаңа бейнелер құруға жетелейді.
Баланың қиялдауы ойын үстінде
қалыптасады. Алғашқы кезде қиял
заттарды қабылдаудан және ойын іс-әрекеттерін
орындауынан ажыратылмайтындай. Ойын
үстінде қалыптасқан қиял мектепке
дейінгі бала іс-әрекеттерінің түрлеріне
де ауысады. Бала сурет салғанда, ертегілер
мен тақпақтарды ойлап
Сондай-ақ мектепке дейінгі
шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында
ұқсастықтар бар. Егер сәбилік шақта
өзінде қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері
ретінде анықтауға болатын
В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың алдында бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау және оны жаңғырту, ойынның, суреттің т.б ой желісін құру сияқты жаңа ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады. Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қандай да біреуін пайдаланады. Міне, сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса бастайды [10, 91 б.].
Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталынады. Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа бір нәрсе пайда болысымен-ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.
Д.Б. Эльконин пікірінше, мектепке
дейінгі кезеңде балалар іс-
Бірақ мектепке дейінгі кезеңде зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде. Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталады. Сонымен, баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады.