Интернет-тәуелділік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 18:51, контрольная работа

Краткое описание

1. Бүгінгі күні өмірімізге дендеп енген интернет жүйесін қолданудың көлеңкелі тұстарын анықтау;
Интернет- аддикция ұғымына талдау жасау;
Сауалнамалар арқылы өз замандастарымның интернет- тәуелділік дертіне қатысының деңгейін байқау
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Интернет- аддикция немесе интернет- тәуелділіктің зиянын түсіндіре отырып, аталмыш дерттен алдын-алуға шақыру

Содержание

КІРІСПЕ
Интернет- тәуелділіктің негіздері.
Интернет- тәуелділік ұғымы қалай пайда болды?
Интернетке тәуелділік ауру ма?
Цифрлар сөйлесе…
Аурудың алдын алсақ…
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

негізгі текст.doc

— 96.00 Кб (Скачать документ)

  Ал Австралияда ата-аналар Facebook, Twitter іспеттес әлеуметтік желілер жас жеткіншектерді ақымақ қылады деп дабыл қағуда. Осы елдегі кибер-қауіпсіздік жөніндегі зерттеулермен айналысатын Telstra компаниясы ата-аналардың қатысуымен сауалнама жүргізді. Нәтижесінде, сауалнамаға жауап бергендердің 65% әлеуметтік желілерді пайдаланатын балалар үй шаруасына немқұрайлы қарап, оқуы нашарлап, интелектік дамуы төмендейдін айтады. Ата-аналар осының салдарынан балаларының болашағына алаңдаулы. Ал кибер-қауіпсіздік жөніндегі маман Мартин Уайльд бұл жағдай ата-аналардың балаларға дұрыс көңіл бөлмеуінен туындап отыр дейді. Сонымен қатар психолог мамандар ата-аналар жеткіншектердің интернетті қалай, не мақсатпен пайдаланатынын қадағалап, интернетке жұмсайтын уақытын өздері белгілеген абзал екендігін алға тартады.

  Қазақстанда интернет пайдаланушылар саны 3,16 миллионға жетті, бұл жалпы халық санының 19,8% құрайды. Бұл туралы ICT-Marketing тәуелсіз зерттеу компаниясы анықтаған.

Осыдан біраз  уақыт бұрын Парламент депутаты Майра Айсина Үкімет басшысы Кәрім  Мәсімовке депуттаттық сауал  жолдады. Онда еліміздегі компьютерлік клубтар жұмысына қадағалау енгізу керектігі жөнінде айтылған. «Компьютерлік клубтарға баратын 12-13 жастағы мектеп оқушыларының 80 пайызында физиологиялық биоритмдердің бұзылуы байқалады, олардың 10 пайызында жүйке күйзелуі, әрбір бесіншісінде бас ауруы, ұйқының қалыпсыздығы, әрбір үшіншісінде көз көруінің нашарлауы бар» деген деректер келтірген.

Елімізде 698 компьютерлік клуб бар екен, олардың 51-і тәулік бойы, қалғандары күнделікті сағат 10.00-24.00 аралығында жұмыс істейді. Бұл клубтарға  күніне 7500-ден аса бала барады. Бұл психиатрлар мен наркологтардың республикалық ғылыми-практикалық орталығының және балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитеттің зерттеу жұмыстары кезінде анықталған. Депутат М.Айсина осы мәліметтерді келтіре отырып, бұл бағытта балалар денсаулығын, моральдық-этикалық дамуын қорғау мақсатында нақты шаралар қолға алынуы тиіс екенін айтады. Оның дабыл қағуы да негізді. Интернет тәуелділікті талқыламағанда компьютер өзінен электромагнитті сәулелер мен радиация бөледі, ал ол ағзаға белгілі бір дәрежеде зиянды екен. Компьютер алдында жиі отыру жүйке жүйесіндегі ауытқушылыққа, кей жағдайда инфаркт пен инсультқа соқтыратын психопатиялық кеселдерге ұрындыруы мүмкін.

Менің өз замандастарымның интернет-тәуелділігін сөз етер болсам, олар «Майл. ру агент», «Мобильді агент», «Мой мир»  бағдарламаларының тұтқыны дер едім. Бұл ұғымдар артық жарнаманы, түсіндіруді қажет етпейді. Өйткені оны қазір екінің бірі біледі. Дегенмен, түсіндіре кетейік. Мail.ru Агент – онлайн жүйесінде қарым-қатынас жасауға арналған ең танымал ресейлік бағдарлама. Мобильді агент – сол майл ру агенттің телефонға қондырылған нұсқасы. 2003 жылы mail.ru компаниясының хабарласуға оңтайлы болу үшін ойлап тапқан байланыс құралы бүгінде жастардың іш пыстырмайтын ермегіне айналған тәрізді Түсініктірек айтсақ, интернет желісіне қосылған кез келген адам осы м-агент арқылы әлемнің түкпір-түкпірімен көп шығындалмай-ақ байланыс жасап, тіпті монитордың төбесіндегі камера арқылы тікелей сөйлесе де алады. Ол үшін Мail.ru сайтына тіркеліп, өз поштаңызды ашып алсаңыз, жеткілікті. Бұл жобалар — интернеттің жемісі. Ал қандай да бір жеміс аузы-мұрнынан шыққанша емес,  дәмін алып жегенде ғана пайдалы. Бұлардың бәрі жақсы-ау, бірақ агентті пайдаланушылардың көбі өз-өзіне бақылау жасай алмай, осы агент деген құрғырдың құлына айналып бара жатыр. Әсіресе, мектеп оқушылары, студенттер, жастар. Мail.ru компаниясының мәліметінше, Мail.ru агентті айына 11 миллион адам пайдаланса, бір минутта бір мезгілде оны  2 млн. адам қолданады екен. Елбасы Н.Назарбаев бір сөзінде «2010 жылы Қазақстандағы интернет желісін пайдаланушылардың саны 3,5 миллион адамға дейін өседі» деген болатын. Бұл көрсеткіштің жетістік екені рас, бірақ соның көбі агент деп аталатын ауруға шалдықса, жұмыс пен оқу жайына қалатын шығар.

«Компьютерді  қойып, ұялы телефонға дейін еніп алған бұл байланыстың тиімділігі айтпаса да белгілі. Одан түсетін қаражат та ұшан-теңіз. Бір өкініштісі, осы қаражаттың барлығы көрші елдің қалтасына кетіп жатыр. Тіпті қаражатты былай қойғанда, қаншама біздің маңызды ақпараттарымыз өзге елдің сүзгісінен өтіп, соларға тәуелді болып отыр. Ойлап қарасақ, ондай байланыс әлемін құрастыру біздің мамандардың да қолынан келеді», — дейді «Алтынсофт» компаниясының құрылтайшысы А.Әбішев. Удың бетін у қайтарады демекші, тыюсыз кеткен М-агенттің бетін қайтару үшін өзіміздің осындай байланыс түрін шығарып алу жөнінде ұсыныстар айтылып жатыр. Әйтпесе бұл агент қазақ тілін әбден қорлап болды. М-агенттің ағылшын, орыс, украин, өзбек, түрік, қазақ тілдеріндегі нұсқасы бар. Басқасы басқа, қазақша нұсқасына қарның ашады. Әрі майл-агентте көп отыратын жастардың қазақша жазғанда тілімен қоса, саусағы да «сақауланып» барады. Өйткені, біздің Ақпарат және байланыс агенттігі әлі күнге дейін mail.kz-бен қазақшасы тәуір м-агент жасай алмай отыр. Қазақ тіліндегі төл әріптерімізді кейбір компютерлер мен ұялы телефондарда таңбалау мүмкін емес. Мүмкін болғанның өзінде хабарламаны алушыда көбіне ол әріптер оқылмайды. Агентке таңылған жастар ертеңгі күні ауызекі сөйлесуде де: «Кал калай? Не истеп жатсин?» - деп жүрмесе болғаны.

  Психологтың пікірінше, ғаламторда қысқа хабарламалар арқылы тілдесіп үйренген адамның ауызекі сөйлесу қабілеті төмендейді екен. Әрі агентте жазу арқылы тілдесуге бейімделіп қалған адам ауызекі сөйлескенде де ойын қысқа жеткізуге бейімделіп кететін көрінеді.

  Компьютердің алдында көп отыру, біріншіден, адамның көзіне әсер ететіндігін, үздіксіз экранға қадалып отыру - көздің көруін әлсіретіп, құлақтың есту қабілетін азайтатынын, екіншіден, экраннан таралатын электромагнитті толқындар денсаулыққа зиян екенін ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. Ұялы телефонның зиянды екенін айтып, денеден барынша алыс ұстау қажеттігін ескерткен де. Оған құлақ асатын жастар жоқ. М-агент жүйесімен тілдесу - жастардың сүйікті ісіне айналып, бұл жолда алтыннан қымбат уақытын да, ақшасын да аямауда.  Ең өкініштісі, сол шығынның өзге елге кетіп жатқандығы.

 

Аурудың алдын алсақ...

  Әлем елдерінде интернет кеңістігін реттеу, қадағалау туралы бастамалар да көтеріліп, оны заңнама аясында шешу жолдары талқылануда. Мәселен, Еурокомиссияның бастамасы бойынша жыл сайын Еуропада Қауіпсіз Интернет күні өтеді. Бұл атаулы күннің мақсаты - Дүниежүзілік ғаламтордың ең алдымен өскелең ұрпаққа әкелетін қауіп-қатерін түсіндіру. Сондай-ақ әлем елдерінің ішінде ғаламтор көзін пайдаланушылар саны жағынан екінші орынға шыққан Қытайдың өзі «жастарды интернетке тәуелділіктен қорғау» мақсатында арнайы шараларды қолға алмақ. Яғни, сарапшылардың айтуынша, Интернеттен толассыз келіп жатқан теріс ақпараттар ағынынан ең алдымен жасөспірімдер қорғалмай отыр.  
 Интернет тәуелдік, және, жалпы, кез-келген тәуелдік аталатын патологиялық ауытқу адамның психикасына өте терең әрі қайғылы әсер етуі мүмкін екен. Ал Қазақстанда интернет-қолданушылар саны күн санап көбеюде десе болады. Бүгінде 3 млн-ға жақын интернет-қолданушы бар деп есептесек, олардың қанша пайызында интернет-тәуелдік патология ретінде тіркелгені туралы, өкінішке орай, дерек жоқ екен.

Бірақ, бүгінгі  қазақстандық әлеуметтік желілердің тұтынушыларының  өздерін ұстауы мен араласу ерекшеліктеріне  қарап, олардың бұл ауытқудан еш алыс жатпағандығын ғана айтуға болатын сияқты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. ru.wikipedia.org
  2. www.psyhelp.ru/internet/
  3. www.psyhelp.ru/internet/test.php
  4. www.narcom.ru/ideas/common/15.html
  5. www.psyline.ru/inzav.htm
  6. www.inetomaniya.ru/
  7. comp-doctor.ru/psi/psi.php
  8. pncz.ru/prakticheskaja-dejatelnost/8
  9. www.internet-kontrol.ru/zdorove/profi
  10. user.lvs.ru/vita/doclad.htm
  11. www.sympaty.net/20090115/internet
  12. www.medkrug.ru/community/show/551

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Интернет-тәуелділік