Интернет-тәуелділік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 18:51, контрольная работа

Краткое описание

1. Бүгінгі күні өмірімізге дендеп енген интернет жүйесін қолданудың көлеңкелі тұстарын анықтау;
Интернет- аддикция ұғымына талдау жасау;
Сауалнамалар арқылы өз замандастарымның интернет- тәуелділік дертіне қатысының деңгейін байқау
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Интернет- аддикция немесе интернет- тәуелділіктің зиянын түсіндіре отырып, аталмыш дерттен алдын-алуға шақыру

Содержание

КІРІСПЕ
Интернет- тәуелділіктің негіздері.
Интернет- тәуелділік ұғымы қалай пайда болды?
Интернетке тәуелділік ауру ма?
Цифрлар сөйлесе…
Аурудың алдын алсақ…
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

негізгі текст.doc

— 96.00 Кб (Скачать документ)

 БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Өскемен қаласының № 45 бейімделген орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

 

Тақырыбы: Интернет-тәуелділік

 

 

 

 

Орындаған: Сағынғанов Мағжан Сағынғанұлы, 2 «б» сынып,

Өскемен қаласының  №45 бейімделген орта мектебі,

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ.

Жетекшісі: Мағзумова Күләш Айтбекқызы, мұғалім,

Өскемен қаласының  №45 бейімделген орта мектебі

 

 

 

Өскемен, 2012

МАЗМҰНЫ

   

КІРІСПЕ

  1. Интернет- тәуелділіктің негіздері.
  2. Интернет- тәуелділік ұғымы қалай пайда болды?
  3. Интернетке тәуелділік ауру ма?
  4. Цифрлар сөйлесе…
  5. Аурудың алдын алсақ…

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының мақсаты:

1. Бүгінгі күні  өмірімізге дендеп енген интернет  жүйесін қолданудың көлеңкелі  тұстарын анықтау;

  1. Интернет- аддикция ұғымына талдау жасау;
  2. Сауалнамалар арқылы өз замандастарымның интернет- тәуелділік  дертіне қатысының деңгейін байқау

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Интернет- аддикция немесе интернет- тәуелділіктің зиянын түсіндіре отырып, аталмыш дерттен  алдын-алуға шақыру

Зерттеу жұмысының әдістері:

1.Аталмыш мәселе бойынша материалдармен танысу;

     2. Сауалнамалар жүргізу;

3.Қорытынды  жасау

Зерттеу жұмысының болжамы:

1.Интернетке  шамадан тыс әуестік – болашақ

    ұрпағымыздың  денсаулығына   төнген қауіп;

2.Мектеп бағдарламасына интернетті сауатты

    пайдалану  туралы курстарын енгізу қажет;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интернет- тәуелділіктің негіздері

Барлығымыз  үшін компьютер молшылық белгісі  емес, бірінші қажеттілікке айналды  десем қателеспеген болармын. Интернет- ресурстарды қолданудың өте тиімді екеніне қарамастан, әрқайсысымыздың өмірімізге жаңа проблемалар да енуде. Оның себебі әр құбылыстың екі жағы болатынына байланысты. Компьютердің пайда болғанына бар- жоғы 50 жыл ғана болса да, қазір өмірімізді онсыз елестету мүмкін емес. 

Қазіргі таңда  Интернет ақпарат жеткізудің ең қолжетімді және жедел көзі болып табылады. Расында да, әзірге Интернеттен өзге дәл осындай аса мол мүмкіндікке  ие ақпарат алу-тарату құрылымы болмай тұр.  Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол - бүкілғаламдық желі - Интернет деп санар едім.  
   Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос-Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір-бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін жеке телефон арқылы өзара байланыстырады. Содан соң ARPANET дамып-жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды». (Дерек «Уикипедия» еркін энциклопедиясынан алынды).

Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл  әлем бойынша 1,5 млрд адамнан асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.

 
Интернет- тәуелділік ұғымы қалай пайда болды?

   Алғаш рет интернет-тәуелділік проблемасын 1995 жылы дәрігер Иван Голдберг көтерген болатын. «Шектен тыс интернетті пайдалану негативті стресстік күйге шалдықтырады; шамадан тыс интернетті пайдалану физикалық, психологиялық, экономикалық және әлеуметтік статусқа зиян келтіреді.» деген болатын Голдберг.

1994 жылы психиатр  Кимберли Янг өз сайтында интернет  тәуелділікті анықтау мақсатында  тест-сауалнама жүргізеді. Сауалнамаға  500 жауап алады. Сауалға жауап бергендердің көпшілігі интернетке тәуелді болып шығады. Нәтижесінде интернет тәуелділікті құмар ойындарға салынуға ұқсас келетіні анықталды. 1997-1998 жылдары интернет тәуелділік тақырыбына байланысты консультативтік-диагностикалық қызметтер пайда болды. Ал 1998-1999 жылдары осы проблемаға арналған алғашқы монографиялық шығармалар жарық көрді.

 

Интернетке  тәуелділік ауру ма?

   Қазір дәрігерлер тәуелділік тобына жататын аурулар қатарына интернет- тәуелділікті қосу туралы ұсыныс айтуда. Әзірге бұл аурулардың Халықаралық классификация бөліміне нашақорлық, маскүнемдік және темекіге құмарлық жатқызылған екен. Соңғы жылдары осы қатарға дәріге тәуелділік пен қомағайлық қосылыпты. Енді әңгіме виртуалды нашақорлық туралы болмақшы.

  Бұл сұрақ бойынша да ғалымдар екі жақты тұжырым айтады.  
Бірінші жақ Интернетке тәуелділік терминін жақтаушылар. Бұл теория бойынша Интернетті шамадан тыс көп пайдаланудың нәтижесі Интернетке тәуелділікті тудыратыны айтылған.

  Ал екінші жақтың өкілдері Интернетке тәуелділікті ауру ретінде санауға нақты дәлелдер жоқ екенін алға тартады, яғни алғашқылардың  тұжырымдамаларына қанағаттанбайды. Себебі, оған тән ешқандай да синдром көрсетілмеген және Интернетке тәуелділік кезінде нендей жағдайлардың орын алатындығы да анық айтылмаған екен.  
 Компьютерсіз күн көре алмайтындар интернетті жұмыста ғана емес, бос уақытында да жиі пайдаланады, олар көңіл көтеретін ойындарға тым әуес, тіпті интернет арқылы анайы тірліктермен де айналысады екен. Олар бірте-бірте өзге адамдармен араласуды қояды. Соңында интернетсіз уақыт өткізе алмайтын халге ұшырайды.

Интернет-тәуелділік әлемдік денсаулық сақтау орындарын  толғандыратын қауіптердің біріне айналды. «American Journal of Psychiatry» журналында белгілі американдық дәрігер  Джеральд Блок шамадан тыс интернетке құмарту компульсивті-импульсивтік ауытқуға әкеп соқтыратыны туралы жазады.

  Интернетке тәуелділік проблемасы ғаламторға деген қызығушылықтың өсуімен пайда болды. Кейбір адамдар виртуалды кеңістікке қызыққаны соншалық, олар үшін шынайы өмірден гөрі интернеттегі өмір маңыздырақ болды. Интернетке тәуелді жандар бір күнде интернетте 18 сағат өткізеді. Интернеттен бірден бас тарту осындай адамдарда қорқу және эмоционалды тұрақсыз күйге душар етеді. Психолог мамандар бұл күйді құмар ойындарға салынумен салыстырады.  
 Шын мәнінде интернет пайдаланушылардың ішінде кімді интернетке тәуелді, кімді қарапайым қолданушы деп қалай анықтауға болады. Интернет қолданушалырдың барлығы «интернет тәуелді» деп қарауға болмайды. Электронды ашық энциклопедия «Уикипедияда» «интернет тәуелділік» ұғымына мынадай анықтама берілген: «Интернет тәуелділік- психикалық ауытқу, үнемі интернетке қосылғысы келіп тұру және уақытында интернеттен ерікті түрде шыға алмау».  Адам мүмкін болған мезетті қалт жібермей, интернетке қосылуға тырысады. Компьютер алдына отыра салысымен өзге дүниені, жұмысты, жеке істерін жиып қойып, виртуалды әлемге кіреді. Компьютер ойындары оны нақты өмірден алыстатып, қияли дүние ортасына тарта түседі. Бұл құмарлық асқына келе тәуелділікке ұласады. Ол біртіндеп достарынан, туыстарынан алыстап, көңілі тек интернетті қалап тұрады. Егер де мұндай адамды интернеттен мәжбүрлеу арқылы ажыратса, ол өзін өте жайсыз сезініп, мазасы кетеді, қашан интернетпен табысқанша жаны жай таппайды. Оның оқуға, жұмысқа ынтасы жоғалады, онда ешқандай да негізсіз, бос ойлар, ұйқысыздық, тіпті ұйқыдан бас тарту пайда болады. Нәтижесінде интернет құмарлық адамның психикалық және физикалық саулығына кері әсерін тигізеді.

 

Интернет- тәуелділіктің белгілері мен  нышандары

  • Өз поштаңызды өте жиі тексеруіңіз;
  • Үй тірлігі мен тамақтануға уақыттың аз болуы, монитор алдында ас қабылдауыңыз;
  • Жұмысына қатысы болмаса да интернетке кіруіңіз;
  • Айналадағы адамдардың сіздің компьютер алдында көп отыратыныңыз туралы шағымдануы;
  • on-line байланысы кезінде уақытты сезінбеуіңіз;
  • Адамдармен жеке кездесуде емес,  on-lineжүйесінде көбірек қарым- қатынасқа түсуіңіз;
  • Кезекті on-line сессиясы туралы үнемі ойлап, қуанып жүретініңіз;
  • Отбасылық, жұмыстағы,, ғылыми қызметтегі міндеттеріңіз бен өз денсаулығыңыз туралы ойламауыңыз;
  • Интернет жүйесіндегі уақытыңызды қысқарта алмауыңыз;
  • Интернет үшін тамақтануды, оқуды, іскерлік кездесуді, ұйқыны  ұмытуыңыз;
  • Интернетке проблемалардан қашу, жабыраңқылық, шарасыздық сезімдерінен  қашу мақсатында енуіңіз;
  • Интернет жүйесінде болмаған сәтте ашушаңдық, кейігіштік, шаршау сезімінде болып, көңіл-күйіңіздің төмендеуі, компьютерге оралуды қалауыңыз; 
  • Жанұя мүшелерінен тығылып интернетке кіруіңіз;
  • Өзіңіздің интернет- тәуелділігіңізді мойындамауыңыз;
  • Интернет жүйесінде болғаныңыз үшін шығындардың көбеюі;
  • Интернет жүйесінде шын мәнінде отырған уақытыңызды жасыруыңыз;

Ең алғаш  рет инернет-тәуелділік қаупімен американдық психотерапевтер танысады. Олардың көмегіне талай жылдар бойы тамаша жұмыс істеп келген қызметкелеріне шағым айта келген бірнеше ірі корпорациялар өкілдері келіп жүгінеді. Еңбек тәртібін толық сақтағанымен бұл қызметкерлер артынан анықталғандай жұмыс уақытының соңында ұзақ уақыт Интернет жүйесінде отыруды әдетке айналдырыпты.

  Бұл құбылысты «Жүйеде тұтқындалғандар» кітабының авторы Питсбург университетінің профессоры, доктор Кимберли Янг толығырақ зерттеді. Доктор Янг интернет- тәуелділікті интернет- аддикция деп атап, интернет- тәуелділіктің типтерін бөліп көрсетеді:

  • Онлайндық құмар ойындарына құштарлық;
  • Сайттарды армансыз аралап, мәліметтер іздеу серфингі;
  • Компьютерлік ойындарға құмарлық;

  Доктор Янг интернет- тәуелді адамдарды екі топқа бөледі. Олар мәліметерге шамадан тыс құмартушылар мен қарым- қатынас жасауға шамадан тыс құныққандар. Ол Интернет- аддикцияның пайда болуына жағдай туғызатын төмендегі факторларды бөліп көрсетеді.

  • Мәліметтердің қолжетімділігі (86%), ; 
  • Жүйедегі қарым- қатынастың жасырын түрде болуы (анонимность) (63%);
  • Қолдану қарапайымдылығы (58%);
  • Онлайн қарым-қатынасқа санадан тыс, түйсіксіз сенім (37%);

 

  Аддикция дегеніміз - бір нәрсеге деген тәуелділік. Бұл бүгінде қоғам үшін де, ата-ана үшін де, жеке тұлға үшін де үлкен проблемаға айналып бара жатыр. Психологиялық тұрғыдан алып қарасақ, интернетке тәуелділіктің көп негативті жақтары бар. Біріншіден, виртуалды әлеммен өмір сүретін жандар өзгелермен тікелей, тірі қарым-қатынасқа түсуден шығып қалады.

Адам жасанды  жолмен өзінің эмоциясын, психологиялық күйін өзгерткісі келеді. Өйткені виртуалды әлемде отырған адам, қанша әңгіме айтса да, арғы жақта отырған адамды тірідей көрмегендіктен, өзгеше бір иллюзияға кіреді. Бұл күй уақыт өте келе өзіне қатты ұнай бастайтыны соншалық, одан арыла алмай қалуы мүмкін. Адаммен тікелей, бетпе-бет сөйлескен кездегі күй өзгеше де, ал сырттай, субъективті түрде байланысқа түскендегі күй тіптен басқа. Біз отбасында, жұмыста, оқу орнында адамдармен араласқанымызда, түрлі шиеленісті жағдайлар туындап, бірде жеңіліп, бірде жеңіп жатамыз. Компьютер арқылы байланысқа түсу адамға көптеген жеңілдіктер береді және өзін қауіпсіз жағдайда ұстауға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, егер бала бұрын достарының алдында өзін дәлелдей алмаса, өзін таныта алмай жүрсе, компьютер арқылы адамдармен «араласу» оған жеңіл тиеді де, өзі соған сеніп, қалайша виртуалды әлемнің шырмауына түскенін байқамай қалады. Сөйтіп, интернет оның эмоциясын, қуатын, уақытын алады.

  «Интернет аддикция» қазір тек жастарда емес, үлкен адамдарда да бар. Өз ортасында өзін дәлелдей алмай, қарым-қатынасқа түсе алмай жүргендер интернетті алданыш көреді. Таза психологиялық тұрғыдан алып қарасақ, мұндай виртуалды әлемдер- адамзат баласына өте қауіпті нәрсе. Бұл ауытқушылыққа әкеліп соғады. Басында жай қызығушылық туындағанымен, уақыт өте келе, ол тәуелділікке айналады», - дейді психология ғылымдарының докторы Светлана Бердібаева. Маманның айтуынша, виртуалды әлеммен өмір сүру адамды жалғыздық сезіміне бөлеп, ол қоғамнан бөліне бастайды. Адамға әркез психологиялық жайлы жағдай керек. Интернет-өмір осы «жайлылықты» сыйлағанымен, ол әлеуметтік-психологиялық бейімделуден алыстап кетеді. «Виртуалды әлемде адамдар өзінің психологиялық жай-күйін жасанды түрде өзгертеді, - дейді психолог. - Жасанды түрде алған жағымды эмоцияның барлығы да уақытша, ғұмыры қысқа дүние. Бұл әлем адамның уақыты мен күш-қуатын алған сайын, жеке өміріне, жұмысына кері әсерін тигізеді. Мәселен, оқушының оқу үлгерімі нашарлап, тұлғалық «Мен» концепциясы бұзылады да, өзін-өзі бағалауы төмендейді, сыни көзқарас жойылады. Желінің арғы жағында отырған адамда да жасандылық басым. Сондықтан өз кемшіліктері мен артықшылықтарын көре алмайды».

  Әрине, бізде батыстағыдай интернетке тәуелділердің қатары көп емес. Бірақ та жылдан-жылға интернет пайдаланушылардың саны өскен сайын, виртуалды әлеммен өмір сүретін жандардың қатары да қалыңдай бермек. Сондықтан оған көз жұма қарауға болмайды. Әсіресе, бұл өскелең ұрпақ үшін қауіпті. Бүгінде үйінде интернеті бар отбасыларда балаларының айналдыратын ермегі - компьютерлік ойындар мен әлеуметтік желілер. Мамандар жастайынан виртуалды әлемге бойы үйреніп кеткен бала есейгенде ерік-жігері мықты тұлға болып қалыптасады деу қиын екендігін айтады. Осы орайда ол психологиялық, медициналық тұрғыдан зерттеп, қоғамда оған белгілі бір статус беру керек екендігін алға тартады. «Ал интернет тәуелділікке түспес үшін, адамның қолы бос болмауы, виртуалды емес, шынайы достарды іздеуі керек» - дейді.

 

Цифрлар сөйлесе...

  Психиатрлардың айтуынша Интернет- тәуелділіктен зардап шеккен пациенттер саны күн санап артуда. 1999 жылдың тамыз айында 83 млн американдық Интернет жүйесіне тіркелген екен.

  Қазіргі күні Оңтүстік Корея мемлекетінде «интернет тәуелділік» қоғам денсаулығына аса зиянды қауіптердің бірі саналады. Осы мемлекетте шамамен 210 мың балалар интернет тәуелділік ауруына шалдыққан және медициналық көмекті қажет етеді. Психологиялық аутқудың осы түріне шалдыққан балалардың 80%-ына мидың жұмысын жақсартатын дәрілерді пайдаланып, арнайы емханаларда ем қабылдау керек. Көрші Қытайда интернент қолданушы 13,7% жеткіншектерді интернетке тәуелділер қатарына жатқызуға болады. Яғни, бұл 10 миллион жеткіншек ғаламтор тұтқыны деген сөз. Бүкіл әлем бойынша интернет тәуелділіктен емдейтін арнайы мамандандырылған клиникалар ашылуда. Қытайда интернет-тәуелділіктен жеткіншектерді электрошок қолданып емдейтін клиника бар екен. Өз балаларын осындай сорақы емдеу түріне апарған ата-аналар еш қымсынбайды. Электрошокпен ем қабылдаған балалардың жандары қиналғаны соншалық, интернет деген сөзді ауызына да алмайтындай болып шығатын көрінеді. Бірақ осындай ем қабылдаған балалар кейін басқа психикалық ауытқуға ұшырамайтына кім кепіл бола алады.

Информация о работе Интернет-тәуелділік