Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 13:22, реферат
Адамзатқа қарым-қатынастың бір түрден басқа түрге ауысуына мындаған жылдар қажет болды. Қарым-қатынастың алғашқы түрі - ауызша сөйлеу: адамдар ақпаратты бір-біріне ауызша жеткізуді үйренді. Мыңдаған жылдар бойы адамзат жазуды менгерген. Жазу эволюциясы сына жазудан иероглиф жазуы бойынша өткен болатын. Қарым-қатынастың жазбаша түрі б.з.б ХVIII ғасырда пайда болды. ХV ғасырда И.Гуттенберг алғаш баспа құралын ойлап тапты. Осы құрал сол кездегі ақпараттық революцияға әкелді. Алайда Ежелгі Қытайда бұдан бұрын б.з.б V ғасырда жібек маталардың үстіне иероглиф басуға арналған металл иероглифтері қолданылған болатын. Хаттардың көбеюі мен ақпарат жеткізудің жылдамдығы әлеуметтік күйзелістерге әкелген. Себебі хат жеткізудің жылдамдығы адамдарға тікелей тәуелді болатын.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі.
Қазақ экономика, қаржы және
халықаралық сауда
«Экономика, басқару және құқық» факультеті.
«Имиджелогия» пәні бойынша
Аударма жұмысы: «Имидждің теориялық аспектілері»
Дайындаған: Күндізгі бөлімінің 1-ші курс ЭБҚ-104 тобының студенті: Абенов А
Жетекші: Э.ғ.к. PhD докторы Ізтілеуова Л.И.
Астана 2012
Ақпаратты социум имиджінің
әлеуметтік-психологиялық
Адамзатқа қарым-қатынастың бір түрден басқа түрге ауысуына мындаған жылдар қажет болды. Қарым-қатынастың алғашқы түрі - ауызша сөйлеу: адамдар ақпаратты бір-біріне ауызша жеткізуді үйренді. Мыңдаған жылдар бойы адамзат жазуды менгерген. Жазу эволюциясы сына жазудан иероглиф жазуы бойынша өткен болатын. Қарым-қатынастың жазбаша түрі б.з.б ХVIII ғасырда пайда болды. ХV ғасырда И.Гуттенберг алғаш баспа құралын ойлап тапты. Осы құрал сол кездегі ақпараттық революцияға әкелді. Алайда Ежелгі Қытайда бұдан бұрын б.з.б V ғасырда жібек маталардың үстіне иероглиф басуға арналған металл иероглифтері қолданылған болатын. Хаттардың көбеюі мен ақпарат жеткізудің жылдамдығы әлеуметтік күйзелістерге әкелген. Себебі хат жеткізудің жылдамдығы адамдарға тікелей тәуелді болатын.
Ежелден қолданылып жатқан дыбыстық және оптикалық қарым-қатынастың түрлерінің тиімді болмауы бұл түрдің азайтуына әкелді. ХІХ-ХХ ғасырлардың революциялық өзгерулеріне 1858 жылы Еуропа мен Солтүстік Америка арасындағы салынған телеграф кабелін жатқызуға болады. Сонымен қатар 1870 жылы ойлап табылған фотосуреттерді бейне камераларды телефонды,1895 жылы радионы,1922 жылы сымсыз телеграфты, ХХ ғасыр басындағы теледидарды, транзисторлы радиоқабылдағышты жатқызуға болады. ХХ ғасырда ғарышты менгеру құралдары белсенді қолданылды. Халықаралық телерадио қабылдау мүмкіншілігі пайда болды. Ғаламдық ақпаратты қоғамды құру тек ХХ ғасыр аяғында жаңа ақпаратты технологияның дамуынан кейін пайда болды. Халықаралық компьютерлік желінің дамуы аса баяу болды. Алғашқы электро есептеуіш машинасы құрылғаннан бері 50 жылдай өтті, ал есептеу техникасының даму тарихында электронды есептегіш машиналары бірнеше кезеңдерден тұрмысқа еніп, ауысып үлгерді.
1642 жылы Паскаль қосындылағыш құрылғыны ойлап тапты.1643 жылы Лейбниц 4 арифметикалық операцияны орындауға мүмкіндік беретін арифмометрді ойлап тапты. Бұл құрылғылардың жылдамдығы төмен болды және мәліметтер қолмен еңгізілді.
1888 жылы У.Берроу алғаш есептеу машинаны ойлап тапты,бұл қоңдырғы үлкен сандарды қосуға мүмкіндік беретін.
1944 жылы Гарвард университетінде Марк 1атты 4 тонналы есептеу машинасын құрастырылды.
1945 жылы Джон Нейман программалық басқару принципі ақпаратты сақтау принципімен күшейтуді ұсынды.
Барынша ауқымды жартылай
өткізгіштерді қолдану жаңа ақпаратты
есептеу технологиясының
Байланыс технологиялары халықтар арасында әлеуметтік және мәдени тұрғыда жаңа экономикалық қарым-қатынасуына әкелді. Ақпарат алмасу процессі техникалық тұрғыда ақпарат масштабы мен географиялық ара қашықтықтарға тәуелділіктілігін жоғалтты. Серіктік жүйе бір бірінен ара қашықтықта тұрған серіктестер арасында жылдам ақпарат алмасуын қадағалайды.
Қазіргі уақытта дамыған елдердің басты бағыттарының бірі автоматтандырылған шаруашылық құндылықтарды қолдану және бұл беталыс дамып жатыр. Нарықтардың тауарлар мен қызметтердің өсуі адам қажеттіліктерін қанағаттандырады, сол себептен субъектінің әлеуметтік функциясы тауарды тұтыну болды. Егер ол тауармен қызметтерді қолданбаса ол қызықсыз болады және оның құны нөлге теңеледі.Тауар мен қызметтерді қолдану – адамды пассивті, жансыз затқа айналдырып, тауарды өңдеу және қолдану мақсатында адамды механизмнің бір бөлігіне айналдырады. Тұтыну қоғамы индивидтің тұлғалық қасиеттерінің жойылуына әкеледі,оны тауар мен жарнама тұтынушыға айналдырады. Субъектінің басты қалауының бірі тауарды көбірек тұтыну болады. Әлеуметтік жүйе одан басқа қасиеттерді қажет етпейді. Саясат аясында да тауарды билік ретінде қарастырады. Сондықтан оның сол тауарды сатып алудан басқа ойы болмайды.
Қоғам бұл шаруашылықтың қандай проблемаларға әкелетінің түсінді. Бұл проблемаларға тек алкоголь, темекі мен наркотикалық заттар ғана емес, қарулар, вирустар, адам организмің зақымдайтың шаруашылық технологиялар да жатады. Қоғам пассивті және қызықсыз бюргерлер конгломератына айналады. Бұндай қоғамның қасиеттерін Джордж Оруэлл мен Олдос Хакели өз еңбектеріңде жазылған.
Э.Фроммның ойлауынша, біздің заманымыздағы батыс елдер қоғамының басты қасиеттері әлеуметтік жүйені басқару функциясын жоғалту. Қоғамды басқаратындар бүгінгі таңда машиналар мен компьютерлік жүйелер болды. Батыс елдерінің халқының көбісі ХХ ғасыр аяғында қажеттіліктерін қанағаттандырудың дәмін татты.Алайда тұтынудан халық бақыт сезімің сезген жоқ.Бүгінгі таңда қоғам бірнеше принцип бойынша қызмет атқарады.
Бірінші принцип-егер де техникалық мүлкіншілік
болса,зат құрылу қажет. Егер де ядролы
қару жарақ жасауға мүмкіншілігі болса,
оны өмір қауіпсіздігіне қарамай құру
қажет. Сондықтан бүгінгі таңда тұрмыстық
құралдар ғана емес, жерді бірнеше бөліктерге
бөле алатын қарулар шығарылады.
Екінші принцип – техника мен экономика өндіріс максимумның қажеттілігі. Өндірісті максималды түрін талап ету индивидуализацияның азаюына, сонда субъект, адам, тұлға бірлік ретінде қарастырылады.
Бұндай бірліктер бюрократтық ережелермен басқарылады,сол үшін адамдарды тұлғалық қасиеттерінен бөліп,бір әлеуметтік топқа немесе корпорацияларға бөлінуіне үйрету қажет.Адамның субъектілік құны оның төлеу мүмкіншілігімен бағаланады. Қазіргі заманда тұтынушы тауарды көбірек сатып алуға дайын .Бұл үшін тұтынушыны жаңа тауар тұтынуға итермелеуге қажет.
Өнеркәсіп тұтынушының көп тұтыну қалауына негізделген. Тауардың ескерген әсерін қолданып ол жаңа тауар тұтынуға итермелейді. Киімге, тауарларға, тамақ үлгілеріне өзгерістер енгізіп, ол тұтынушыны психологиялық тұрғыда оған қажеті аз заттарды алуға итермелейді. Қазіргі заман қоғамының ерекшеліктерінің бірі – субъектің ойлау қабілетің қолданбай, жұмыс операцияларың жеңілдіру. Жарнама адамға психологиялық тұрғыда зиянды әсер етеді. Адам механизмнің бір бөлігіне айналып, керексіз тауар өндіреді. Адам - затқа айналады.
Адам өз уақыттың керексіз затқа, қызықсыз адамдарға және де керексіз жұмысқа жұмсайды. Ол тауарды өндірмегенде тауарды тұтына бастайды.Төлеу қабілетілігі адамға жалғыз кедергі болды. Алайда әр түрлі тауарлардың құны мен сапасы адамдардың назарын өзіне аударып, санасын бағындырады.
Адамға зиянды әсер ететін факторларының бірі - ол өз өзімен жалғыз ойда қалмаудың орындалмауы мен жанды, тұлғалы, жекелік байланысудың жойылуы.
Өз өзімен жалғыз қалу мүмкіншілігі, өзіндік ішкі дүниеге көшу мақсаты адамның продуктивті дамуының басты шарты болды. Онаша қалу қазіргі замаңғы айқай шудан қорғанудың жалғыз тәсілі.
Қазіргі замаңғы қоғамның басты саясаттық ерекшеліктерінің бірі массаларды көбірек басқару. Бұл ерекшелік адам санасына, оның қажеттіліктеріне, көзқарасына, әдет құлықтарына әсер етеді. Бұқаралық ақпарат құралдары, арнайы технологиялар мен компьютерлік техника тек қалталы қоғамға қол жетімдіге айналған. Стресстер мен жүйке жүйесінің тозуы мегаполис тұрғындарына жиі болатыны белгілі. Бұл көп массалы қоғамда тұруының себебінен пайда болады. Қарапайым адамда онаша қалу мен үлкен мегаполистер әсерінен демалу мүмкіншілігі болмайды. Жан жаққа көшу, автомобиль пробкалары, конфликтер адам психологиясына кері әсер етеді. Адамның басты қажеттіліктерінің бірі өз өзінің қоғамдағы орның табу және өз өзін тұлға ретінде бағалау.
Адамда қайталанатың жағдайларда оның мінез құлқың реттеуге арналған түйсіктер жоқ. Адамға әрқашан өзін ұстау әдістерін талдау қажет, ол бұл оның қате таңданған жағдайларда өмірге қауіпін әкеледі.
Ол таңдау жасаған кезде оның санасында сенімсіздіктер болады. Бұл сенімсіздіктерді жою үшін адамға өз талдауында сенімділік қажет.
Сенімділікке қажеттілік ойлау, сезім, эстетикалық бағалау саласында кездеседі. Ақпарат алу жүйесінің дамуынан адам өзіне керек қандай да болсын ойлардың дұрыстығын, өзін ұстау тиімді тәсілін, қандай сезімдер дұрыстығын анықтауға үйренген. Бүгінгі таңда адамға ең керек нәрселерінің бірі ақпаратты дұрыс алып қабылдау. Егер де ол ақпаратты дұрыс қабылдаса, оның қателік жасау қаупі нөлге теңеледі. Сәнді журналдар қандай сән дұрыс, не кию және не сатып алу, қалай ойлау керектігін көрсетеді. Қазіргі адамның технологиялық қоғамның проблемаларының бірі - бұл қазіргі өмірдің гуманизациялық шартының қажеттілігі.
Адам санасының қажеттіліктерінің бірі адам қабылдаған мінез құлқың шынайы ретінде санау. Субъект өз адамгершілігін өзін қоршаған қоғамның түсініктерімен анықтайды. Бірақ кейбір адамдар бұл түсініктерге сәйкес келмейді. Тарихтың мағлұматтарын алсақ сондай тұлғалар ұлы әулиет қатарына жатқан. Әрқашанда қоғам ішінен батыл және ойлау қабілеті жоғары адамдар шыққан болатын. Олар әрқашан көп ізденіп, өз әлеуметтік интеллектін кеңейтуге тырысқан. Адам өмір сүруінің екі негізгі байланысқан шартың белгілуге болады. Біріншіден, жануарлар эволюциясының шамасымен туа біткен түйсіктерінен тәуелсіз болу. Екіншіден, мидың мөлшерінің өсуі мен салмағына қарай ми жүйесін дамыту. Түйсіктердің болмауы өз шешімдерін өзі қабылдауына мәжбүрлейді.
Ол таңдау қажеттілігіне келіп, дұрыс емес шешімге келуі мүкін. Түйсіктердің орнына оған басқа принциптер бойынша шешім қабылдау қажет. Адам физикалық қауіптерден ғана емес: өлім, ашаршылық, аурулар, сонымен қатар сана ауруларымен күресуге мәжбүрлі. Адам өз өмірін және санасын сақтап, қорғау қажет.
Мыңдаған жылдар бойы адамзат өз өмірін сақтау үшін көп тәсілдерін шығарған. Өйткені адамда дене өмір сақтау қажеттіліктері бар, бұндай қажеттіліктер жануарларға да тән, сондықтан да адамдар өмір сүру мақсаты бар.
Дене әрқашанда өмір сақтауды талап етеді. Сондықтан индивид жұмыс істеу қажет немесе басқа индивидтерді өзіне бағындыру керек. Егер адам өмір қажеттіліктерің қанағаттандырурумен айналысса, өз өмірінде проблемаларды білмеуші еді.
Адамның басты жетіспеушіліктерінің бірі оның жалқаулығы. Әдетте оның өмірі оған ұнамайды, рухани жағынан өз деңгейін көтеру ойлары пайда болады.
Қазіргі адам потенциалды түрде тәуелсіз, оның еш нәрсеге шектеуі жоқ, ол тек тұтынуға үйренген.Ол өз өміріне қатысты ақпаратты ғана емес, сонымен қатар адамзат өмірі түсінігін білгісі келеді.
Қазіргі қоғам жойылмас үшін билік барлық әлеуметтік жүйенің элементтерінің дұрыс жұмыс атқаруын қадағалау қажет. Қазіргі қоғам элементтері:
-Бизнес ішіндегі
-Қоғамның дамуы ішкі
жүйелік жоспарлау мен
-техникалық бақылау
Адамзат алдыңда ашылған мүмкіншіліктер алға жоспарланады. Әдебиетте катастрофалық жағдайының болу мүмкіншілігі жақсы әрі нақты жіктелген. Индустриалды дамыған елдердің тұтыну принциптердін ауысуы термоядролық соғысқа әкеледі. Бюрократтық механизмдері қазіргі адам бастап, өмір сонынан дейін өмірін қадағалайды. Қазіргі қоғамызда дара ынтагерлікке жол жоқ, субъект өмір бойы біреудің бұйрықтарың орындайды.
Қазіргі қоғамның бюрократтық жүйесінің жауапкершілігі индивидтің қажеттіліктеріне, көзқарасына сай келеді. Ол индивидке бюрократтық машинасыз ештеңе ұйымдастыра алмауына иландырады. Соның нәтижесінде ол индивидтің ынтагерлігін жойып, терең әлсіздік сезімін туғызады.
Батыс қоғамы адам қажеттіліктері деформацияға тап болуы мен кездесті. Тұтынушының басты философиялық идеясы болу емес, болғанды көрсету. Халықтың көбісі бай бола алмайды, сондықтан оған бай сияқты көріну ұсынылады. Сол себептен оған шынайы тауар емес, сол тауардың жалғаны ұсынылады. Сондықтан Элвис Пресли сияқты ән айту қажеті жоқ, тек оған сәйкес киіну жеткілікті, сол секілді Дэвид Бекхем секілді футбол ойнау қажеті жоқ, Бекхем аты жазылған киімді кию жеткілікті.