Гиппократ, Галлен, Павлов бойынша темперамент типтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 17:39, реферат

Краткое описание

Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас-тартысты қырлары баршылық. Бірақ мәселеге байланысты көзқарастардың көптігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны: темперамент - жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи іргетасы. Ол жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен, туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын бейнелейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Гиппократ бойынша темперамент типтері
2. Галлен бойынша темперамент типтері
3. Павлов бойынша темперамент типтері
ІІІ. Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Психология.docx

— 36.82 Кб (Скачать документ)

2) Циклотимик – дене құрылымы  пикниктік. Психикасы бұзылғанда  маниакальді – депрессивті психозға  бейім. Шизотимикке қарсы тип.  Қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа тез түседі.

3) Иксотимик – дене бітімі  атлеттік. Психикалық ауытқуларда эпилепсияға бейім. Салмақты, мимикасы  мен жестері ұстамды. Ойлау икемділігі жоғары емес, белгілі жағдайларда орнын өзгерткенді ұнатпайды, қайта қоныстанғанда және ауысқанда қиыншылықпен  бейімделеді.

 

Э. Кречмер конституциялық типология теориясы Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны өзіндік ерекшеліктерімен осы ғасырдың 40-жылдарында АҚШ-та одан әрі жалғастырған У. Шелдон болды. Шелдон колледжде оқитын 4000 жуық студенттердің фотосуреттерін визуалды зерттеуде күрделі антропоскопиялық әдісті қолданды.

   У. Шелдон сыртқы белгілер мен мінез-құлық сиаптамалардың арасында корреляциондық анализ жүргізіп, жеке тұлғаның 3 типін ұсынды:

 

1) Эндоморфты тип - қарны қампиған, майлы тканьдері көп, қарым-қатынаста ашық. Өзінің сезімдерін еркін бейнелейді.

2) Мезоморфты тип – бұлшықет  жүйесі жақсы дамыған. Денесі түзу және нығыз. Сезім және ойларында тұйықтық, тынымсыздықта агрессивті мінез-құлық байқалады.

3) Эктоморфты тип - арық, ішкі  мүшелері әлсіз дамыған. Қол-аяқтары  ұзын, жіңішке, бұлшық еттері әлсіз.  Мұндай адам тұйық,интровертті  және өмірдің қиын жағдайларында  жалғыз болуды қалайды.

 

У. Шелдон құрған типология, конституционалдық  типологиялардың арасында негізделген  және статистикалық дәледенген болып  саналады. Бұл теориялардын көпшілігінде ғалымдар тұлғаның психикалық қасиеттерінің қалыптасуында қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайлардың ескерілмей қалғанын өткір сынға алды.

       Белгілі поляк ғалымы Ян Стреляу  адамның дене құрлымы ерекшеліктерінің темпераментпен байланысын зерттеуді шектемеуді ұсынды, адамның өмірлік жағдайларға және қызметіне бейімделуіндегі темпераменттің қаншалықты маңызды рөл атқаратынын қарастыру керек деп тұжырымдаған. Оның пікірінше, индивидтің өсуі кезінде және ерекше орта жағдайлардың әсер етуінен темперамент белгілі бір өзгерістерге ұшырауы мүмкін деген .

     Ресей елінде 50 жылдардың басында  адамның психофизиологиялық ерекшеліктерін диагностикалық зерттеу бағыты аса қарқындылықпен дами бастады. Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан түсіндірген академик И.П.Павлов болды. И.П.Павлов негіздеген типология темперамент психологиясы саласындағы көптеген лабораториялық зерттеулерге бастама берді.

 

    И.П.Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Мәселен, күшті типтердің бірі – ұстамсыз тип. Ұстамсыз тип – жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу, тежелу процесстері бір-бірімен сәйкес келмейтін (қозуы ылғи да басым келіп отыратын) ерекше қозғалыстағы тип. Күшті типтердің екіншісі – ширақ типтер. Мұнда қозу мен тежелу процестері бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады. Күшті типтің үшіншісі – қозу мен тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасуы сараң, баяу қозғалатын тип. Әлсіз типте қозу мен тежелу процестері баяу көрініп отырады. Күшті тітіркендіргіштердің әсерінен туатын шектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып отырады. Мұндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі әсерлерге төзімді келсе, әлсіз тип морт «сынып» кететін болады. Павлов ашқан жүйке жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді. Павлов сангвиниктерді – ширақ, жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді – ұстамсыз, жүйке жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым; флегматиктерді жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір-біріне тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; меланхоликтерді – жүйке жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады.

 

       И.П.Павлов осы айтылған негізгі  типтерден басқа да аралас, көшпелі типтердің кездесетіндігін айтты. Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қозуы ерекше күшті, тежелуі әлсіз және қозуы мен тежелуі бірдей күшті ( бірақ аз да болса қозуы басымдау тұратын), сонымен қатар, қозу мен тежелудің күші тепе-тең келетін варианттары байқалған.

        И.П.Павлов жануарлардың жүйке жүйесінің типін айыру үшін жасаған тәжирибесінің кейбір қорытындылары адам темпераменттерінің физиологиялық негіздерін түсінуге толық жарайтындығын көрсете келіп, темпераментке мынадай анықтама береді: «Темперамент жануарлар мен  жеке адамның жалпы сипаттамасы, әрбір индивидумның барлық әрекетіне белгілі оң беретін жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы».

 

        Гиппократ іліміндегі темпераменттердің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов төмендігіше көрсеткен.

 

 

                  Жүйке процестерінің

               (қозу, тежелу )қасиеттері

Темпераменттердің

Түрлері бойынша

(Гиппократ терминологиясы  бойынша)

Жүйке жүйесінің типтері(Павлов терминологиясы

бойынша)

 

 

    Күші

 

  Тепе - теңдігі

 

Қозғалғыш-

тығы

 

 Холерик

 

Үстамсыз тип

 

    Күшті

Тең емес қозуы тежелуінен басым

Ерекше қозғалғыш

Сангвиник

Ширақ тип

Күшті

Тепе - тең

Қозғалғыш

Флегматик

Баяу тип

Күшті

Тепе - тең

Баяу қозғалады

Меланхолик

Әлсіз тип

Әлсіз

   

 

  Темперамент типтері:

 

     Холерик – ұстамсыз,күйіп – пісуге әрқашанда дайын тұратын күйгелек адамдар.Күйгелек,тұрақсыз,шыдамсыз,соқпа мінезді, белсенді, пысық,

ашуланшақ.Көбінесе,шап шаң  қозғалатын адамдар.Істі бұрқыратып істегенмен, олардың кейде қолын бір сілтейтін кездері болады.

 И.П.Павлов оларды жылдам,тез  әсерленгіш,жалындап атып тұратын  жауынгер тип деп есептеген.

 

     Сангвиник – ашық,көпшіл,сөзшең,қайрымды,оптимист,өмір сүйгіш,басшылыққа жетістікке құштер, қуатты,тұрлаулы,ширақ тип,ойнақы,еті тірі бірақ кез – келген істі бастап кейін тастап жүре береді.Олар жұмысқа қабілетті,беріліп істейді,адамдармен тез тіл табысады,ұжымда өзін көңілді ұстайды,ақкөңіл,қызу істің адамы.

 

     Флегматик – көбіне сабырлы әрі салмақты келеді.Олар өте сақ,ұяң,байсалды,сенімді,тұрақты,бірқалыпты. Олар кез – келген нәрсеге сезімдерін білдіре бермейді,асықпай, баппен жүретін адам,сезімі сыртқа шықпайды деуге болады.Осы темпераменттің осалдығы – қозғалыстың баяулығы,өмірде болып жатқан жағдайға селсоқ қарауы.Бірақ мұның ұстамдылығы,салқындылығы,адамның бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады.

 

      Меланхолик –Сәл нәрсеге ренжиді,өкпелегіш,пессимист,тұйық,сөзге сараң. Адамдарға әсер етпейтін нәрсе жоқ,бірақ әсер еткен нәрсесінің бәріне өз сезімін білдіре бермейді не де болса ішінде жүреді.Мұндай типтегі адамдар өзге адамдармен онша көп жұғыспайды,бірақ тиісті жерде айтатынын айта алады.Тұйықтық,өз ойына шомылушылық ,орынсыз ибалылық осы темперементтің осал тұсы болып саналады.

 

И.П. Павловтың идеяларын оның шәкірттері В.М. Теплов, В.Д. Небылицын одан ары өрбітіп,адамның жүйке жүйесінің қасиеттерін зерттеудің көптеген әдіс-тәсілдерін ұсынды.

 

 

                                             ІІІ. Қорытынды

 

  Темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.

 Темперамент көбіне адамға  тума берілген әрекет-қылығының  ұдайы қозғалыстағы сипатын бейнелейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер  басқа психикалық құбылыстарға  қарағанда тұрақтанған, өзгеріске  келе бермейді. Назар аударарлықтай  ерекшелік, темпераменттің әрқилы  қасиеттері бір-бірімен кездейсоқ  қосылмай, зандылықтар негізінде  түрлі темпераменттің белгілі  құрылымын түзеді.

     Темпераменттерді  тәрбиелеуге болады тек темпераментті дұрыс анықтай алсақ болды.

    Адамдардың темпераментін  анықтау үшін оны өте мұқият зерттеу  қажет болады. Көпшілік жағдайда темпераменттердің  кейбір ерекшеліктері байқала қоймайды да, осыған орай кейде қате қорытындылар жасалады. Темпераменттер жүйке жүйесінің  тума типтеріне көбірек тәуелді  болғандықтан, оларды тек лаборатория  жағдайында ғана зерттеу жақсы нәтиже береді. Жоғарыда атап өткендей, адамның іске қызығуы әуестенуімен байланыстылығын және істің әр саласында бір темпераменттің өзі әр түрлі көрінетіндерін психология ғылымы дәлелдеп отыр.

Түрлі темпераменттердің  ішінен бұлардың қайсысы жақсы деп  сұрақ қоюға  болмайды. Кез келгенінің де ұнамды, ұнамсыз жақтары бар. Әр адам өз темпераментінің  жақсы жақтарын біліп, нашар жақтарынан арылу жолын  қарастырса, сөйтіп өз темпераментін  меңгере алатын халге жетсе –  бұл осы адамның  сана-сезімінің  жақсы көрсеткіштерінің бірі болып  табылады. Ал керісінше, адам темпераментіне еріп, өзіне-өзі  ие бола алмаса, темпераменттің қайсысы  болсын адамды ұнамсыз етіп көрсететін болады деп есептеймін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         

 

                        Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :

 

  1. Қ. Жарықбаев 2005 жыл, Алматы.

 

  1. С.Бап-баба Жантану негіздері 2005 жыл.

 

  1. Қ.Жарықбаев 2011 жыл, Алматы 493 -504 бет.

 

  1. Кречмер Э. Строение тела и характер //Психология индивидуальных различий. Тексты. М., 1982. бет 219-247.

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Гиппократ, Галлен, Павлов бойынша темперамент типтері