Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 17:39, реферат
Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас-тартысты қырлары баршылық. Бірақ мәселеге байланысты көзқарастардың көптігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны: темперамент - жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи іргетасы. Ол жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен, туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын бейнелейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Гиппократ бойынша темперамент типтері
2. Галлен бойынша темперамент типтері
3. Павлов бойынша темперамент типтері
ІІІ. Қорытынды
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы : Гиппократ, Галлен, Павлов бойынша темперамент типтері.
Орындаған: Мақсұт Ә.А.
Топ :120 ЖМФ.
Тексерген: Жакупбекова Э.А.
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Гиппократ бойынша темперамент типтері
2. Галлен бойынша темперамент типтері
3. Павлов бойынша темперамент типтері
ІІІ. Қорытынды
Темперамент – 25 ғасылдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тінінің биологиялық және физиологиялық құрылымымен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында.
Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас-тартысты қырлары баршылық. Бірақ мәселеге байланысты көзқарастардың көптігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны: темперамент - жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи іргетасы. Ол жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен, туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын бейнелейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір-бірімен кездейсоқ қосылмай, зандылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді.
Сонымен, темперамент - әр адамның психологиялық қызметінің қозғалысын (психологиялық динамикасын), немесе мінез-құлќын сипаттайтын ерекшелік.Бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және себеп түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.
Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды қасиеттеріне ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетуге қаратылмай, нақты іс-әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден-ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер бірігімін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері деп атаған. Темпераменттердің бұл бірігімдік (тилологиялық) жүйесі өмірлік іс-әрекет тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның болашақ әрекет-қылығын күні ілгері пайымдауға әбден болады.
Темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.
Темперамет туралы алғашқы ой – пікірлер өте ертеден айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы , дәрігер Гиппократтың (б.з.д 460 -356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша,әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт сұйық заттарға байланысты болмақ деген.Олар : денені жылытып тұратын – қан,салқындататын – шырын ,құрғататын – сары өт және де оған дықылдық беретін – қара өт. Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше «красис» деп атаған. Ал латын тілінде бұл терминді «темпераментум» деп атап кеткен.
Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір – бірінен аз - көптігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса , ол сангвиник (латынша «сангиус» - қан), ал шырын басым болса флегматик (грекше «фрегма» - шырын ),ал қара өт басым болса , ол мелонхолик (грекше «мелайнехоле» - қар өт),организмде сары өт басым болса , ол холерик (грекше «холе »-өт ) темпераменті деп атаған.
Гиппократ организмдегі сұйықтықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды деді .Ол мидың рөлін түсіне білді, оны бездердің бірі деп санады.Бұл – адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Ежелгі Римнің ойшылы Гален (б.д.д. I ғасыры) философияның, биологиялық және медицинаның жетістіктерін ұсынықты ұштастырып бір арнаға бұра білді. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін жоғарыда аталған шырындырдың бірінің басымдылығымен байланыстырды.
Ол біздің заманымызға дейін
жеткен темперамент атауларын
Ол кезде адам денесін анатомиялауға тыйым салынған болатын. Тек маймыл мен сүтқоректілер арқылы органдардың құрылымы мен қызметі зерттеледі. Гладиаторлардың хирургы болған соң Гален өзінің анатомиялық білімін жетілдіру мүмкіндігінен айырыла қойған жоқ. Ол жан – сезімнің органдары – ми, жүрек және бауыр деп есептеді. Рим дәрігері Гален (129—199) темпераменттің санын он үшке жеткізді. Оның пікірінше, организмде жылылық неғұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор, өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжірибеге көңіл аудара бастау сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді.
Олардың әрқайсысы Платон (б.д.д. IV ғасыр) ұсынған жан – сезім бөлігіне сәйкес түрліше психикалық қызметке ие болатын еді: айталық, бауыр – құштарлықты, жүрек – ашу мен батылдықты, ми - ақылды тұтады. Темпераменттің физиологиялық негіздері туралы ілімнің медициналық практика аясындағы психологиялық типологиядан өрбіп шыққандығына шүбә жоқ. Түрлерді бейнелейтін элементтерге қатысты тізбектерді түсіну үшін аса бас ауыртудың қажеті жоқ, өйткені ол деректердің жиынтығы емес, тайға таңба басқандай белгілі төрт «түбір» туралы ілім ғана. Тек Демокрит сананы психологиялық талдау жасаудың нәтижесінде төрт дәмдік қасиеттерді — тәттілікті, кермектікті, қышқылдықты және ащылықты ажырата білді. Бұл жаңалықты екі мың жылдан соң эксперименталды психология ғылымы да растап отыр.
Ежелгі психология тындырған маңызды шаруалардың бірі — темпераменттер туралы ілімді аяғынан қаз бастыру еді. Тіпті, әлі күнге дейін осы ілімнің «холерик», «флегматик», «меланхолик», «сангвиник» атты түсінік-атаулары тілімізде өзгеріссіз қолданылып келеді. Әрине, Гиппократ пен Галеннің іліміндегі осы түрлердің сипаттамасы қаз-қалпында қалды дей алмаймыз. Қазіргі зерттеушілер нақты психологиялық және физиологиялық ізденістер аясында көне ілімнің тек жалпылама принциптерін ғана пайдаланып жүр. Адамдардың арасындағы жекелеген ерекшеліктер немесе негізгі түрлер ұштаса келіп, дене бітімінің кейбір өзгешеліктерін құрауға ықпал етеді деген идея әлі күнге дейін дифференциалды психофизиологияның басшылыққа алар қағидасы екенін мысал етуге болады.
Бір ғажабы, ежелгі дәуірде ғылыми
психофизиологиялық ойлаудың негізгі
категориялары қалыптаса
Көне дәуірдегі
Содан бір жарым ғасыр өткенде барып, Әбу әли Ибн Сина (980—1037) Галеннің психофизиологиялық іліміне ден қоя бастайды. Ол екі психологияны пайдалана отырып, жан-сезімі туралы екі ілім жасайды. Әсіресе, «Канон» атты еңбегінде дәрігердің көзқарасын бейнелейтін ілімді өрбіте келе, көптеген адами құбылыстарды материалистік тұрғыдан бағалайды; психиканың бүтіндей миға тәуелді екенін мәлімдейді. Уайым-қайғының денсаулыққа тигізер әсерін зерттеу тәсілі де оның жаңашылдығы еді. Ол бір жас жігіттің арықтап кетуінің жан-сезімдік себебін қалай анықтағанын әңгімелейді: оған бірнеше сөз айтып, қайсысы ауруын меңдете түсетіндігін тамырын басу арқылы біліп алған. Сөз жоқ, тап осының өзі психофизиологиялық днагностика саласында алғашқы қадам болуы мүмкін.
Психофизиологиялық әсерге (эмоцияға) тікелей қатысы мынадай бір тәжірибені де Ибн Синаның атына таңып жүрміз: екі тоқтыға бірден мөлшерде азық береді. Тек біреуін еркін, оңаша жағдайда бағады да, ал екіншісінің маңайына қасқырды әкеп, байлап қояды. Сонда, соңғысы ішіп-жемі жеткілікті болғанына қарамастан, күннен - күнге арықтап, ақырында, өліп қалыпты. Тәжірибе арқылы қарама - қарсы сезімдік жағдайдың «орға жығарлық» ролін жете ұғынуға мүмкіндік туды. Сөйтіп, емшілік ғылымының атасы атанған Әбу әли Ибн Сина эксперименталды психофизиологияның да негізін қалады.
Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организмнің түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне, яғни, қан жолы жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т.б. байланысты деген пікірлер де тарады. Неміс философы Иммануил Кант (1724-1804) өзінің «Антропология» деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама ұсынды. Ол сангвиник пен меланхолик өміріндегі барлық маңызды жағдайларды эмоционалды уайымдайды, ал холерик ашуланшақтық, белсенділік танытса, флегматикті өмірге аса бейімделген адамдар деп санады.
Ал А.В. Вундт темпераменттің әрбір түрін эмоционалдық әрекетіне және олардың тұрақтылық деңгейіне байланысты бейнеледі.
Шындығында темперамент тек эмоциялық жағдайлардан ғана байқалмайды, ол ақыл-ой және ерік процестерінен де көрініп жатады.
19 ғасырдың аяғында темперамент туралы теориялардың дамуы жаңа бағыт алды. Неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Н.Л. Зеланд (1833-1902) ми қабықшасындаєы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті орыс педагогы П.Ф. Лесгафт (1837-І909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады.
Ерте кезден бастап зерттеушілер адамдардың мінез-құлықтарын, күйзелістерін бақылай келе, адамдардың дене бітімі және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетіндігін байқаған. Демек, жеке физикалық немесе психикалық қассиеттері бойынша өзара ұқсас көп түрлі әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтірудің нәтижесінде темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты.
Клиникалық жағдайларында әртүрлі дене құрлымды адамдардың мінез-құлқын бақылау жағдайларында Э. Кречмер темпераменттің негізгі мазмұнын құрайтын психикалық қасиеттердің негізгі топтарын ұсынды. Бұл біріншіден, психастезия (психикалық тітіркендіргіштерге қатынасы аса жоғары немесе төменгі сезімталдылық), екіншіден, көңіл-күй фоны (көңіл көтеруге немесе қайғыруға бейім), үшіншіден, психикалық қарқын (психикалық үрдістердің тежелуі немесе тездететуі), төртіншіден, жалпы қозғалыс қарқыны немесе психомоторлық сфера (қозғалыс траекториясының қозғалмалылығы немесе тежелуі). Әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшеліктері бар және дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде т.б.) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық типтерді ұсынды:
1) Лептосоматик - (грек – нәзік дене). Дене құрылымы нәзік, бойы ұзын, кеудесі тегіс, бет әлпеті сопақ. Иықтары кішкентай, қол-аяқтары жіңішке ұзын.
2) Пикник – (грек – толық, нығыз). Майлы тканді, бойы орташа немесе қысқа, денесі жалпақ, қампиған қарын, қысқа мойын, басы дөңгелек және быртиған саусақтары бар.
3) Атлетик – (грек – күрес). Бұлшық еті жақсы жетілген, денелері мығым, бойы орташа немесе ұзын, иықтары кең, бет сүйектері шығыңқы.
4) Диспластик – (грек – нашар қалыптасқан). Дене бітімінде нақты форма жоқ, бұл типтегі индивидтер дене құрылымының әртүрлі деформациясымен сипатталады.
Аталған типтердің ішінде лепто-соматиктер мен пикниктер психикалық ауруларға бейім екендігі анықталды. Шизофрениямен ауыратындардың көпшілігі лептосоматиктер құрайды. Пикниктер маниакальді-депрессивті психозбен ауыруға, ал атлетиктер эпилепсия ауруына бейім келеді. Сонымен конституционалдық типологияның ірге тасын қалаған неміс психиатры Э. Кречмер адамның дене бітімі мен психикалық аурулар арасындағы байланыстың бар екенін көптеген клиникалық бақылау нәтижелері дәлелдей түсті. Дене құрылымының типі мен психикалық аурулар арасындағы байланысты Кречмер былайша түсіндіреді: дене құрылымының типі сияқты темпераменттің де себебі бар. Олар қанның химиялық құрамына байланысты және гормональді жүйенің белгілі ерекшеліктеріне тәуелді.
Кречмер дене бітімінің аталған типтеріне сәйкес темпераменттің 3 типін ажыратады:
1) Шизотимик – дене құрылымы лептосоматикалық немесе астеникалық. Психикасы бұзылғанда шизофренияға бейім болып келеді. Тұйық, тік мінезді, көзқарасын өзгертпейді. қоршаған ортаға қиындықпен бейімделеді.
Информация о работе Гиппократ, Галлен, Павлов бойынша темперамент типтері