Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 18:31, реферат
Баланың психикалық дамуы жас ішінде бала қимылқозғалыстарының дамуы және психикалық процестері мен қасиеттерінің қалыптасуы жағынан үлкен жетістіктерге жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектеуді, ақырында, тік тұруды және бірнеше қадам жасауды үйренеді. Үш-төрт айлық кезде жармасу қимылдары дами бастайды. Бала өзін қызықтырған жарқырауық затқа ұмтылады, оған қолын созады, ұстауға тырысады. Алғашқыда бұл қимылдар жөнді үйлеспейді: нәресте жиі қателіктер жіберіп, ұстай алмай қалады.
Баланың психикалық дамуы жас ішінде бала қимылқозғалыстарының дамуы және психикалық процестері мен қасиеттерінің қалыптасуы жағынан үлкен жетістіктерге жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектеуді, ақырында, тік тұруды және бірнеше қадам жасауды үйренеді. Үш-төрт айлық кезде жармасу қимылдары дами бастайды. Бала өзін қызықтырған жарқырауық затқа ұмтылады, оған қолын созады, ұстауға тырысады. Алғашқыда бұл қимылдар жөнді үйлеспейді: нәресте жиі қателіктер жіберіп, ұстай алмай қалады. Бірақ біртіндеп қимылдар ұсталынатын заттардың орнына, көлеміне және түріне орай нақтылана бастайды.Бұл тектес қимыл белсенділігінің орасан зор маңызы болады. Солардыд арқасында бала бірсыпыра қажетті қимыл дағдыларын игереді. Мұның үстіне заттардың қасиетіне практикалық икемделу бул қасиеттердің көзбен көріп қабылдауда ерекшелене бастауына алып келеді. Егер бала бастапқыда қолын заттардың касиеттеріне көптеген байқаулар арқылы ыңғайлап, сыртқы бағдарлау кимылдарын жасайтын болса, кейін осы бағдарлау қимылдары интериоризацияланады — көріп қабылдауға ауысады.
Жармасу әрекетінің калыптасуымен қатар заттармен сілкілеу, тақылдату, лақтыру т. б. тәрізді қарапайым қимылдар жасау да дамиды. Мұндай іс-әрекеттерді орындай отырып, бала нәрестенің, заттардың толып жатқан қасиеттерімен танысады. Нәресте үшін өткінші, өзгермелі әсерлер негізінде түрақты, оған тәуелсіз заттардың болатыны байқалына бастайды. Қабылдау заттыққа және түрақтылыққа ие болады.
Баланың психикалық белсенділігінің сипаты өзгереді. Әдейі іс-әрекет жасау тенденциясы көріне бастайды. Балада кездейсоқ кимылдарды қайта жаңғырту мүмкіндігі қалыптасады. Бұл қимылдарды жасаудан бұрын сәби оларды алдын ала болжап қоймаса да, осы қимылға байланысты қоршаған ортаның өзгерісін көру үшін қимылды әдейі қайталауға нәресте кабілетті болады.
Балалық шақтың соңына қарай балалар үлкендердің көптеген іс-әрекеттерін қайталай отырып, үлкен еліктеушілік көрсетеді. Әдейі жасалғаы әрекеттер мен еліктеу ақылдың күшті дамып келе жатқандығын дәлелдейді. Шындығында да, балалар заттармен әдейі (тарсылдатып, сілкілеп, бүрап) әрекеттер жасай бастаған соң, үлкендердің қарапайым әрекеттеріне еліктеуден қайсыбір жетістікке жеткен соң, балалардың әрекеттерінен ойлаудың қарапайым көріністерін байқауға болады. Затпен- қимылдар жасау үстінде бала үшін проблемалық ситуация туады, оны да ол қимылдар жасау жолымен шешуге тырысады. Басқаша сезбен айтқанда, заттық қимылдар үстінде қарапайым проблемалы ситуациялар пайда болып және шешіліп отырады. Сонымен бала өзінің және басқалардың қимылдарына еліктейді отырып ойлауды әрекет үстінде үйренеді.
Ерте сәбилік шақтың аса
маңызды жетістіктері (бір жастан
үш жасқа дейін). Онтогенезде тең
уақыт ішінде адам психикасы дамуы
жағынан әр түрлі «қашықтықтан»
өтеді. Бала психикасында алғашқы үш
жылда болатын сапалық қайта
өзгерістер айтарлықтай қомақты
болады. Сондықтан адамның туған
сәтінен есейгенге дейінгі
Үш жасар бала өзін-өзі
күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен
өзара қарым-қатынас жасай
Бір жастан үш жаска дейінғі балаңың психикасының дамуы бірнеше факторларға байладысты.;
Баланың психикалық дамуына
тік жүруді үйрену едәуір ықпал жасайды.
Нәрестелік шақтың соңында сәби алғашқы
қадамдар жасай бастайды. Тік түру
қалпына ауысу — ол үшін киын
іс.Кішкентай аяқтарымен аттап басу
үлкен күшке түседі. Локомоция
программасы әлі
Қозғалып жүруге қабылеттілігінің
(дене қимылының табысы бола отырып)
псыхологиялық салдарлары. Қозғалып
жүруге қабылеттілік арқасында бала
сыртқы дүниемен неғұрлым еркін де
дербес қарым-қатынас жасау дәуіріне
енеді. Жүруді игеру кеңістікте бағдарлану
кабілетін дамытады. Бұлшық ет сезімі
қашықтық пен заттың кеңістікте орналасуын
есептеу өлшемі болады. Бүл көру,
қимылдау мен сезінудің бірлескен
қызметтері аркылы жүзеге асады. Өзі
қарап түрған затқа жақындай отырып,
бала оның кеңістікте орналасу қалпын
практикалық түрде игереді. Жүру
арқылы бала езінің таным объектісі
болатын нәрселер шеңберін әлдеқайда
кеңейтуге мүмкіндік алады. Ол ата-аналары
бұрын оған ұсынуға болмайды деген
сан алуан заттармен іе-әрекет
жасауға кабілетті болады. Жаңа заттар
тексерудің жаңа тәсілдерін туғызып, сәбиге
нәрселердің осы уакытқа
Баланың психикалық дамуына заттық әрекеттердің дамуы едәуір дәрежеде әсер етеді. Нәрестелік жасқа тән қимылдық іс-әрекет ерте сәбилік шақта заттық іс-әрекетпен алмасады.Заттық іс-әрекеттің дамуы заттармен жұмыс істеудің коғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен байланысты болады. Адам үшін заттардың бекітілген, тұрақты маңызы бар. Адам жануарлармен салыстырғаңда түрақты нәрселер дүниесінде өмір сүреді. Маймылдың да саптаяқтан су іше алатыны әркімге белгілі. Бір-ақ жануарлар үшін заттардың ситуациялық маңызы бар: егер су саптаяққа қүйылған болса, маймыл оны саптаяқтан, егер су шелекте болса, шелектен, ал егер еденде төгіліп жатса, еденнен ішеді. Бала үлкендерден заттардың адам іс-әрекеті арқылы бе-кітілген түрақты маңызын бағдарлауға үйренеді. Баланы қор-шаған заттық дүние — мебель, киім-кешек, ыдыс-аяқ — заттар, олардың адамдар емірінде белгілі бір маңызы бар. Бала ерте сәбилік шақта да бұйымдардың маңызын түсінеді.
Заттың бекітілген мазмұны
балаға өзінен-өзі берілмейді. Ол шкафтың
есігін сансыз рет ашып-жабуы, сол
сияқты ұзақ уақыт қасықпен еденді
тарсылдатуы мүмкін, бірак мұндай
белсенділік оны заттардың
Ерте- сәбилік шақтың соңына
қарай (үш жасқа карай) іс- әрекеттің
жаңа түрлері қалыптаса бастаііды.
Олар осы жас дегенде кең жайылған
формаға жетеді және біртіндеп психикалық
дамуды анықтай бастайды. Бұларға
ойын мен жемісті, іс-әрекет түрлері
(сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау
жатады. Іс-әрекеттің бұл түрлерінің
болашақта мәнді болатынын
Заттық іс-әрекеттен алынып, жииақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында акиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сезді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан-ақ басталған қарым-қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзеге асады. Сөздік карым-қатынас баладан қатынасу кабілетін талап еткен жағдайда, яғни үлкендер оны түсінікті сөйлеп, өз ойын айқын сөздермен құра білуге көндірген жағдайда пайда болады. Егер үлкендер баланың әрбір тілегін қағып алып отырса, онда оның тілінің дамуына ешқандай түрткі болмай қалады. Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті) кезең болып табылады: нақ осы келде сөйлеуді игеру аса тиімді өтеді. Егер бала қайсыбір себептермен осы жылдарда тілді дамыту қажетті жағдайлардан айырылып калса, онда кейін жіберілген қателіктердің орнын толтыру өте қиын болады. Сондықтан екі-үш жаста баланың тілін дамытумен қарқынды шұғылдану қажет.
Үлкендермен бірлескен іс-әрекет
үстінде бала ерте сәбилік шақта-ақ
айтылған сездер мен олардың ар жағында
түрған ақиқат болмыстың арасындағы
байланыстарды аңғара бастайды. Сәздерді
олар белгілейтін заттар мен іс-әрекеттерге
апарып жатқызу бірден бола қоймайды.
Үлкендердің сөзі мен өз іс-әрекетттерінің
арақатынасын белгілеу қабілеті де ұзақ
дамып, оның өмірінің бірінші жылында
қалыптасады. Үш жасқа қарай сәбидің,
үлкендердің сөзін түсінуі
Ерте сәбилік шақтағы баланың ақыл-ойының дамуы. Ерте сәбилік шақтың басында бала айналасындағы заттардың қасиетерін кабылдап, олардьің арасындағы қарапайым байланыстарды аңғарып және оларды пайдалана бастайды. Бұл заттық іс-әрекетті, ойының қарапайым формаларын, сурет салу мен сөйлеуді игеруге байланысты бүдаи арғы ақыл-ой дамуының алғы шарттарын жасайды. Ерте сәбилік шақтағы ақыл-ой дамуының негізін балада қалыптасып жатқан қабылдау мен ойлау әре-кеттетерінің жаңа түрлері құрастырады.
Адам мен жануарлардың
психикасы үздіксіз даму күйінде
болады. Алайда жануарлар дүниесі
мен адамның даму процестерінің
сипаты мен мазмұны сапа жағынан
ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың
психикалық функциялары шығуы жағынан
да, құрылымы жағынан да теңесе алмайды.
Жануарлар психикасы дамуының басты
механизмі — биологиялық
Адамның жоғары формалардағы психикалық іс-әрекеті жанама сипатта болады. Адамдар ежелден-ақ еңбек әрекеті, оқыту процесінде т. б. белгілі бір мәліметтерді жеткізу және сақтау кұралы ретінде ерекше заттарды шартты бейңелеулерде, белгілерді іпайдаланып келген. Белгілер мен сөз адамдардың іс-әрекеті мен оларды оқыту процесін дәнекерлейді. Демек, бүл құралдардың пайда болуы, дамуы, соның ішінде мәдениеттің де дамуы, алдымен, психиканың тарихи даму процесін сипаттайды. Бұл кұралдарды игеру жеке дара даму процесін анықтайды. Бала адамзат тарихында қалыптасқан тәжірнбені игереді. Баланың ойлауы, есі, кабылдауы тілді, іс-әрекеттін, белгілі бір тәсілдерін, білімді т. б. игерумен айтарлықтай сабақтас.
Адамзат тарихында іс-әрекетті жүзеге асыру құралдары ғана дамып коймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене түсті. Бұл ерекше жол — оқыту, ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған және ұйымдастырылған әдісі болып табылады. Оқыту, сонымен, баланың психикалық даму проце-сінде айқындаушы роль атқарады.
Мектеп жасына дейінгі
бала дамуынында әлеуметтік ситуация
ерекшеліктері оған тән іс-әрекет
түрлерінен, алдымен сюжеттік-рольдік
ойындардан көрініп отырадьь Үлкендер
өмірімен араласу талабымен оған
деген білім мем іскерліктердің
болмауыңың ұштасып келуі баланың
сол өмірді өзінің шамасы келетін
ойын формасында игеруіне алып келеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы
үшін айрықша қолайлы жағдайлар
мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие жүйесі
арқылы жасалынады. Мектепке дейінгі
мекемелерде балаларды оқыту
программасы жүзеге асып, олардың
бірлескен іс-әрекеттерінің
Нерв жүйесі барлық мүшелер мен жүйелердің қызмет бірлігін қамтамасыз етіп, организмның сырт ортаға бейімделуін реттейді. Жаңа туған баланың нерв жүйесі өз қызметін толық атқаруға жетілмеген және анатомиялық ерекшеліктерімен өзгешеленеді.
І. Бас миы үлкен, ол баланың өз салмағының 1/8 бөлігіне тең, ересек адамдарда бұл көрсеткіш – 1/40
ІІ. Нерв жүйесі клеткалары суға бай, белок мөлшері аз болады
ІІІ. Ми айғыздары мен зоналары нашар нашар айқындалған.
IV. Мидың сұр заты ақ затынан
айқындалып бөліндеген. Сұр зат
нерв клеткаларына сай, ол
1 жасқа дейін 22 – ½ m , m – айы
1 жастан жоғары 16 – ½ n , n- жасы.
Нерв клеткалары баланың 6-7 жасына қарай жетіледі, сондықтан мектепке осы жастан кейін барады.
Баланың жұлын құрылысы жағынан ересектердің жұлынандай, тек өз денесімен салыстырғанда ұзын болып келеді, сондықтан жұлынның сұйық затын ересектерде 1-2 бел омыртқа аралығынан пукциялап алса, балалардан 3-4 бел омыртқа аралығынан алады. Бас миына қарағанда едәуір дамып жетілген. Мидың қызмет атқаруының негізі рефлекстерге байланысты.
Рефлекс дегеніміз нерв жүйесінің әртүрлі қоздырғыштарға қайтаратын жауабы. Мысалы, дыбыс шыққан жаққа басын бұрып қарайды, ыстық нәрсеге денесі тиіп кетсе тартып алады, қараңғы жерде шырақ жанса көзін жұмады т.б.
Бала ему, жұтыну, кірпік қағу, жөтелу, түшкіру, түзге отыру шартсыз рефлекстерімен туады. Шартсыз рефлекстердің негізінде белгілі бір уақытта шартты рефлекстер пайда болады. Шартты рефлекстер тұрақты қалыптасу үшін әрдайым оларды қуаттандырып (қайталап) отыру керек.
Қоршаған ортаны жас бала сезім органдары арқылы тани бастайды. Шартты рефлекс пайда болу үшін ми қабыршығының жетілуімен қатар сезім мүшелерінің жақсы дамуы шартты. Олар, иіс тану, көру, сезу, есту, дәм түйсігі.
Жаңа туған баланың иіс тану қабілеті жақсы дамыған. Әртүрлі иіске ол түшкіріп, бет әлпетін құбылтады. Нәрестенің туа салысымен көру қабілеті болады. Бірақ, көз қозғалысы үлеспеген және жиі қыли болып келеді. Бұл қылилық бала әртүрлі әсем жылтырақ заттарға көзін тіге бастағанда кетеді. 6 айдан бастап түрлі-түсті ажыратады.
Есту қабілеті. Туа сала нәресте тек қатты дыбыстарды естиді, 2 жұмадан бастап өз анасының дауысын ажырата бастайды, ал 6 айдан бастап дауыстың екпінін ажыратады: зекіп ұрысқанға жылайды, жылы сөзге күледі.