Баланың денесі мен психикасының даму акселерациясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2014 в 17:28, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының мақсаты
- Бала дамуы жайлы, оның ішінде дене дамуы мен психикасының дамуы туралы түсінік беру;
- Баланың психикалық дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен таныстыру, ой – пікірлерін талдау;
- Бала ағзасының дамуындағы акселерацияны қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеті:
- Акселерация, баланың психикалық даму ерекшеліктерін теориялық тұрғыда тұжырымдау;
- Баланың психикалық, танымдық процестерінің дамуына жағдай жасау жолдарын қарастыру;
- Баланың психикалық дамуын эксперименттік жолмен анықтау.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………........…… 3
І Баланың денесі мен психикалық дамуының акселерациясының теориялық мәселелері.............................................................................................5
1.1Акселерация және оның әлеуметтік - педагогикалық мәні................................6
1.2 Баланың психикалық дамуын зерттеуге үлес қосқан ғалымдардың ой – пікірлері....................................................................................................................10
ІІ Баланың денесі мен психикасының даму жолдары....................................14
2.1 Баланың денесі мен психикасының даму жолдарына байланысты жүргізілетін жұмыс түрлері......................................................................................16
2.2 Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қабілетін дамыту.............................17

ІІІ Баланың денесі мен психикасының даму акселерациясын эксперименттік жолмен анықтау........................................................................20

ІҮ. Қорытынды.......................................................................................................21
Ү. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................22
ҮІ. Қосымшалар.....................................................................................................23

Прикрепленные файлы: 1 файл

баланың даму акселерациясы.docx

— 91.55 Кб (Скачать документ)

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы

«М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

 

 

 

 

 

 

Педагогика – психология пән бірлесітігі

Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

 

Тақырыбы: «Баланың денесі мен психикасының даму акселерациясы»

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Абзолдина Ж.

404 «Ә» топ білім алушысы

Мамандық: 0111013 «қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»

Ғылыми жетекші: Карымсакова  Э. Ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей 2014 – 2015

Мазмұны

 

Кіріспе……………………………………………………………………........……  3  

І Баланың денесі мен психикалық дамуының акселерациясының теориялық мәселелері.............................................................................................5

1.1Акселерация және оның әлеуметтік - педагогикалық мәні................................6

1.2 Баланың психикалық дамуын зерттеуге  үлес қосқан ғалымдардың ой – пікірлері....................................................................................................................10

 

ІІ Баланың денесі мен психикасының  даму жолдары....................................14

2.1 Баланың денесі мен психикасының даму жолдарына байланысты жүргізілетін жұмыс түрлері......................................................................................16

2.2  Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың  қабілетін дамыту.............................17

 

ІІІ Баланың денесі мен психикасының даму акселерациясын эксперименттік  жолмен анықтау........................................................................20

 

ІҮ. Қорытынды.......................................................................................................21

 

Ү. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................22

 

ҮІ. Қосымшалар.....................................................................................................23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Курстық жұмысының көкейтестілігі: Қазіргі кезеңде арнайы білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар жан – жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Сондықтан оқушылардың дербестігін және танымдық қабілеттерін дамытып, өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білуге үйретудің қажеттілігі туындайды. Соңғы жылдары психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін дамыту – түзету (коррекция) жұмыстарының, сондай – ақ арнайы мамандарды дайындаудың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар тобы, соңғы көрсеткіш бойынша

35  % - ға жуығын нервтік – психикалық сферасы зақымданған мектепке дейінгі балалар құрайды. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар категориясын 50 жылдардың аяғынан бастап зерттеу кеңінен қолға алына бастады. Проблеманы зерттеумен айналысқан ғалымдар: М. С. Певзнер, Т. А. Власова, К. С. Лебединская, В. В. Ковалев, П. Е. Сухарева, В. И. Лубовский т.б. бала дамуы ерекшеліктеріне қарай өз пікірлерін ұсынды.

Қазақстан Республикасының «Білім беру заңының» 20 – шы бабында мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім беру мәселелері қарастырылған:

  • Арнаулы білім беру бағдарламаларын білім беру ұйымдары жүзеге асырады;
  • Дамуында әртүрлі ауытқулары бар балаларды емдеуге және психикалық – педагогикалық тұрғыда түзетуге, оған диагноз қоюда арнайы ұйымдар, бала бақшалар, психикалық – медициналық – педагогикалық консультациялық ұйымдар құрылады.
  • Ұзақ емдеуді қажет ететін балалар үшін, сондай – ақ білім беру ұйымдарында оқытуда кедергісі бар мұмкіншіліктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арнаулы түзету мекемелері ұйымдастырылады. Балалар мен жасөспірімдер бұл ұйымдарға ата – аналарының, психологиялық – медициналық – педагогикалық консультациялар негізінде жіберіледі.

Сонымен қатар, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2002 жылдың 11 – шілдеде «мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары мен олардың әлеуметтік қамсыздандыру туралы» заңы қабылданды.

Бұл заңда: «Барлық мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың ерекше түрін ескере отырып, оларды арнайы мекемелерге орналастыру, оларға жағдай жасау, психологиялық – педагогикалық консультациялар арқылы балаларды үйде оқыту мен тәрбиелеуді қолға алу, әрбір мүмкіндігі шектеулі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңы бойынша білім алуға құқығы бар» делінген. Сонымен қатар:

  • кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепілдікті тегін алуға;
  • мемлекеттік медициналық ұйымдарда психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияларда тегін тексерілуге және тегін медициналық көмек алуға;
  • дене немесе психикалық кемістіктері байқалған сәттен бастап, оның көріну дәрежесіне қарамастан, психологиялық медициналық – педагогикалық консультация қорытындысына сәйкес тегін психологиялық – медициналық – педагогикалық түзетуге;
  • медициналық айғақтамалары бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен протез – ортопедия бұйымдарымен және аяқ киіммен, арнайы қарпі бар баспа басылымдарымен, дыбыс күшейткіш аппаратурамен және сигнал бергіш құралдармен, компенсаторлық техникалық құралдармен тегін қамтамасыз етілу;
  • психологиялық – медициналық – педагогикалық консультациялардың қорытындысына сәйкес білім беру ұйымдарында немесе мемлекеттік жалпы білім беретін оқу орындарында тегін білім алуға;
  • мемлекеттік оқу орындарында мемлекеттік білім беру бағдарламалары шегінде конкурстық негізде тегін кәсіптік білім алуға;
  • оқу бітіргеннен кейін алған біліміне және (немесе) кәсіби даярлығына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жұмысқа орналасуға құқығы бар;
  • бюджеттен қаржыландыру арқылы мемлекеттік тегін білім алу, білім беру бірдей болған жағдайда, медициналық – әлеуметтік сараптау бөлімдерінің қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұймдарында білім алуға болатын І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінде мүгедектер басым құқыққа ие болады;
  • жетімдер қатарындағы ата – анасының қамқорлығынсыз қалып, толықтай мемлекет қамтамасыз ететін кемтар балалар арнаулы білім  беру ұйымдарында болуын аяқтағаннан кейін және кәмелет жасқа жеткен соң, жергілікті атқарушы органдар оларды заңдарда белгіленген тәртіппен тұрғын үймен қамтамасыз етеді.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата – аналарының және өзге де заңды өкілдерінің:

  • Баланы психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияларда куәландыру кезінде қатысуға;
  • Баланы тексерудің нәтижелері, жеке әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың мақсаттары мен нәтижелері туралы дұрыс ақпарат алуға, медициналық арнаулы білім берумен және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетумен айналысатын органдар мен ұйымдардан консультациялар алуға;
  • Өз балаларының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуына;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен және мөлшерде, мүмкіндігі шектеулілер қатарындағы кемтар баларын жеке оқыту жоспарына сәйкес үйде тәрбиелеу мен оқытуға жұмсаған шығындарының өтемін алуға құқығы бар.

Қазіргі өркениетті заманымызда қоғамдағы алға қойылып отырған ең өзекті міндеттердің бірі – арнайы білім беру жүйесіндегі жетістіктерді дамыта отырып, оны жаңаша бағытта ұйымдастыру нәтижесінде жан – жақты жетілген тұлғаларды қалыптастыру болып отыр.

Курстық жұмыстың зерттеу нысаны:

Мектептегі біртұтас оқу – тәрбие процесі.

Зерттеу пәні: баланың психикалық дамуы

Зерттеу жұмысының мақсаты

- Бала дамуы жайлы, оның ішінде  дене дамуы мен психикасының  дамуы туралы түсінік беру;

- Баланың психикалық дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен таныстыру, ой – пікірлерін талдау;

- Бала ағзасының дамуындағы акселерацияны қарастыру.

Зерттеу жұмысының міндеті:

  • Акселерация, баланың психикалық даму ерекшеліктерін  теориялық тұрғыда тұжырымдау;
  • Баланың психикалық, танымдық процестерінің дамуына жағдай жасау жолдарын қарастыру;
  • Баланың психикалық дамуын эксперименттік жолмен анықтау.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:

Егер баланың денесі мен психикасының дамуына әдіс – тәсілдерді тиімді қолданса, онда баланың психикалық дамуы өз деңгейінде жүреді.

Зерттеу жұмысының көздері:

  • Қазақстан Республикасының заңдары, нормативті құжаттар, кешенді бағдарламалар;
  • Бала психикасының дамуына байланысты педагогикалық – психологиялық ғылыми зерттеу еңбектері;

Зерттеу жұмысының зерттеу әдістері:

Салыстыру, жинақтау, ғылыми әдебиет көздеріне талдау, бақылау, сауалнама, тест, эксперимент.

Зерттеу базасы: Семей қаласының №34 орта мектебі

Зерттеу жұмысының құрылымы:

Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектілігі, зерттеудің мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні, зерттеу базасы, әдістері, теориялық және практикалық мәні, негізділігі беріледі.

Акселерация және оның әлеуметтік - педагогикалық мәні атты бірінші бөлімінде баланың психикалық дамуының ерекшеліктері, баланың психикалық дамуын зерттеуге  үлес қосқан ғалымдардың ой – пікірлері қарастырылады, «Баланың танымдық процестерінің даму жолдары» атты екінші бөлімінде баланың танымдық процестерінің даму жолдарына байланысты жүргізілетін жұмыс түрлері, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ойлау қабілетін дамыту жолдары қарастырылады. «Баланың денесі мен психикасының даму акселерациясы эксперименттік  жолмен анықтау» атты үшінші бөлімінде оқушылармен жүргізілген, оқушылардың танымдық процестерінің дамуы бойынша жүргізілген тәжірибелік – эксперименттік жұмыстар нәтижелері айқындалды. Қорытынды және зерттеу барысында пайдаланылған әдебиеттер тізімі ұсынылды.

Зерттеудің теориялық мәні:

  • Акселерация, баланың психикалық даму ерекшеліктерін  теориялық тұрғыда тұжырымдалды.
  • Баланың психикалық, танымдық процестерінің дамуына жағдай жасау жолдарын қарастырылды.

Зерттеу жұмысының іс жүзіндегі маңызы:

Мектеп мұғалімдері, машықкерлер мектеп іс – тәжірибесінде қолдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Акселерация және оның әлеуметтік - педагогикалық мәні

    1. Баланың психикалық дамуының ерекшеліктері

 

Акселерация; латынша (accelarae) - жылдамдық деген сөзден шыққан. Акселерация қазіргі замандағы адамдардың биологиясындағы жалпы қарқындылықты көрсетеді, табиғаты көп факторлы болып келеді. Көптеген гигиенистердің пікірлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің қызмет функцияларының үйлесімді дамуын бұзатын болғандықтан және қызмет қаблетін азайта-тындықтан акселерация балалар организмі үшін қолайсыз болып табылады. Сондықтан, өсіп келе жатқан балалардың дене бітімінің дамуын бақылауға ерекше көңіл бөлінуі керек.

Организмнің өсіп, даму заңдылықтары балалар мен жасөспірімдердің қалыпты өсіп, дамуы үшін, қоршаған орта факторларын гигиеналық нормаландырудың теориялық негізі болып табылады. Бұл заңдылықтарды білу, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің дәрігеріне жеке органдар мен жүйелердің баланың әртүрлі жас кезеңдерінде бүтін организм ретінде қызмет етуін, оның қоршаған ортамен байланысын анықтауға және осы жағдайдың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын, даму жағдайын бақылау кезінде жиналған мәліметтерге, санитарлық дәрігер, өсіп келе жатқан организмнің жас ерекшеліктерін терең ескеру негізінде ғана дұрыс анықтама бере алады.

Яғни, осы заңдылықтарды терең түсініп алмайынша балалардың күн тәртібін ұйымдастыру, тәрбиелеу, оқыту процесстеріне, тамақтану жағдайына ғылыми негізделген талаптар қою және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу мүмкін емес.

Акселерация – жасөспірімдердің денесінің дамуының уақыттан бұрын, тез қарқынмен үдеп жүруі; балалармен жас өспірімдердің жыныстың жетілуінің өсуі мен дамуының күрт жылдамдануы.

Планетаның магнит денесінің кернеуі төмендеген кезде жануарлардың көптеген түрінің денелерінің салмағы мен көлемінің ұлғаюы. Аккселерацияның ең айқын көрнісі ержеткен балалардың денесінің өздерінің ата-аналарының денесімен салыстырылғанда іріленуі.

Ю.К. Бабанский акселерацияны балалардың денесі мен психикасының аса ерте дамуы деп анықтады.

Акселерация оның әлеуметтік және педагогикалық мәні. Адамның өсіп жетілуінде белгілі заңдылық болады. Ал, бұл заңдылық әр балада әр қалай болады. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін олардың жас және дара ерекшеліктерін білу қажет.

Мектептегі кезеңнің өзі бастауыш (6-10 жасқа дейін), тоғыз жылдық (10-15-ке дейін), орта мектеп оқушылары (15-18-ге дейін) болып үшке бөлінеді. Баланың дене дамуындағы ең маңыздысы - орталық жүйке жүйесі, өйткені адамның психикалық әрекеттері осы орталық жүйке жүйесіне байланысты болады. Балалардың дене және психикалық дамуында соңғы жылдары айқындалған күрделі өзгерістердің бірі - ағзаның жедел дамуы. Бұл құбылыстарды акселерация (латынша "дәлелдеу") деп аталады. Акселерацияға тән ерекшелік: балалардың бойының, салмағының бұлшық еттерінің жедел түрде өсіп жетілуі. Акселерация құбылысы түрғысынан қарағанда қазіргі жеткіншек балалардың бойы биік, иықтары қысыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді. Күні бұрын тез жетілген ағза ауруға, суыққа және дене салмағына төзімсіз келуі анықталуда. Ересек жастағы балалар жыныс мүшесі жетілу кезінде тез шаршайды. Осындай тез өсетін ағзада жүрек тамыр жүйесінің дамуы бірнеше есе қалыс қалады да, өз міндеттерін атқара алмайды. Ал баланың психикалық жетілу денгейі артта қалады. (соңдықтан ер немесе қыз бала қоғам, отбасы алдындағы өзінің борышын ар-намысын, міндеттерін, жауапкершілігін түсіне көрмейді. Осы мәселені ата-аналар, мұғалімдер ескеріп отыруы қажет.

Информация о работе Баланың денесі мен психикасының даму акселерациясы