Қазақстандық психолог ғалымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 08:43, реферат

Краткое описание

Ұлы Қазан социалистік революциясына дейін Қазақстан артта қалған ел еді. Материалдық игіліктің бірден–бір дерлік және үстем түрі болған мал шаруашылығын жабайы тәсілмен жүргізу, осымен байланысты көшпелі тұрмыс, патриархалдық-феодалдық қарым-қатынас, содан туған өзара қырқыс-тартысының бәрі Қазақстанның мәдениет жағынан мейілінше артта қалуына себеп болды. Қазақстанның өз еркімен Ресейге қосылуы 1731 жылы басталып, оның оған түгелдей қосылуы ХIХ ғасырдың орта шенінде аяқталды.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ж. Аймауытов – жантанушы
2. Т. Тәжібаев – қазақтың тұңғыш психолог – ғалымы, академик
3. Ә. Сембаев – қазақ мектебінің тарихын тұңғыш зерттеген ғалым
4. Қ. Бержанов – «Педагогика тарихы» оқулығын қазақ тілінде тұңғыш жазған ғалым
5. Г. Уманов – Қазақстан педагогикасын дамытушы ғалым
6. Қ. Жарықбаев – Қазақстанның көрнекті психологы
7. Р. Лемберг – Қазақстан педагогикасын дамытуға үлес қосқан ғалым
Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Киханова_Ж,_Ханхожаева_С_МХм-11_М_Ж-6.doc

— 138.50 Кб (Скачать документ)

1966 жылы Ғылым докторы дәрежесін, 1967 жылы профессор атағын алды. Ол СССР Педагогикалық ғылымдар академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды. Сембаев Ә. І. Қазақ Совет мектебінің қалыптасуын зерттеуге үлкен еңбек сіңірген ғалым. Оның 80-ге тарта ғылыми еңбектері жарық көрді. Әсіресе, оның ішінде «Қазақ-совет мектептерінің тарихы» атты докторлық еңбегін атауға болады. Оның бұл еңбегі көп жылдар бойы жүргізілген зерттеу жұмысының жемісі болып табылады. Монографиялық еңбекте Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстандағы оқу-ағарту жұмысының жайы, кеңестік дәуірдегі қазақ мектептерінің өсіп-өркендеу жолдары баяндалады.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ұлт мектептерінің «Барлығы да майдан үшін, барлығы да жауды талқандау үшін» ұранымен еңбек етуі, жау уақытша басып алған қалалардан жетім балаларды Қазақстанға әкеліп, балалар үйлерін ұйымдастыру, кешкі жұмысшы жастар мектептерін ашу, жалпыға бірдей сегіз жылдық және орта білім беруге көшу, ұлт мектептеріндегі орыс тілін тереңдетіп оқыту, жастарға политехникалық білім беру, білімнің сапасын жақсарту, аттестат беру, мектеп-интернаттар ұйымдастыру, т.б. мәселелердің ғылыми-әлеуметтік негіздерін ашуға барынша күш жұмсаған.

Қазақстанда кадрлар даярлау, мұғалімдердің білімін жетілдірту саласындағы соңғы 35-40 жыл ішіндегі табыстарға да кеңінен тоқталып, 1929 жылы Қазақстанда бір ғана жоғары оқу орны (Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік университеті) болса, оның санының 1965 жылы 41-ге жеткені айтылады.Оның ішінде өзі он шақты жыл еңбек еткен бүгінгі Әл-Фараби атындағы Қазақ университеті мен Абай атындағы Қазақ педагогика институтының оқу ісіне кеңінен тоқталған. Педагог кадрлары мен ғалымдар даярлауда осы оқу орындарында ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен академиктер мен профессорлар М. Әуезов, О. Жәутіков, Қ. Жұмалиев, М. Ғабдуллин, т.б. еңбектерін ыстық ықыласпен ерекше атап өтеді. Қазастанда педагогика ғылымын дамытудағы ғалым-педагогтар: Т. Тәжібаев, Қ. Бержанов,                  Ә. Сыдықов, И. Хмелевский, И. Ұйықбаев, т.б. еңбектері де автордың назарынан тыс қалмаған. Олардың ғылыми-зерттеу еңбектеріне жан-жақты терең талдау жасап, мән-мағынасын аша түскен.

Ол үлкен қоғам қайраткері бола жүріп, Қазақстандағы педагогика ғылымының өркендеп өсуіне қазақ-ұйғыр, орыс-қазақ мектептеріне байланысты К. Д. Ушинскийдің, Н. К. Крупскаяның педагогикалық мұраларын жан-жақты зерттеген ғалым.

Профессор Ә. Сембаев «Жастарды еңбекке саналы түрде жауаптылықпен қарап, ұйымшылдық және қоғамдық борышты сезіну рухында тәрбиелеуде, білім беру мен тәрбие ісінде кеңес мектептерінің көп жылдық бай тәжірибесін пайдаланудың қажеттілігін баса айтқан. Бүгінгі қоғамды қайта құру, нарықтық экономикаға көшу кезінде адамның жеке қабілетін тәрбиелеп жетілдіруде, кадрлар даярлауда оқыту мен тәрбие беру ісінің өткендегі бай тәжірибесіне сүйенбей жан-жақты жетілген саналы азамат тәрбиелеу мүмкін емес. Олай болса, профессор Ә. Сембаевтың Қзақстандағы ұлт мектептерінің бай тәжірибесіне сүйене отырып жазған «Кеңес мектептерінің тарихы» атты монографиясының педагог ғалымдар үшін тарихи мәнді, ғылыми маңызы зор аса құнды еңбек екені даусыз.

 

Қартбай Бержанов – «Педагогика тарихы» оқулығын қазақ тілінде тұңғыш жазған ғалым (1924-1976)

Педагогика ғылымының докторы, профессор Қ. Бержанов үлкен педагогикалық мұра қалдырған, Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуына қосқан өзіндік үлесі бар көрнекті ғалым.

1947 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының тарих факультетін бітірісімен институт қабырғасындағы қоғамдық және педагогикалық іске қызу араласып, студенттерге тәлім–тәрбие береді. Кейіннен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында проректорыболып қызмет атқарған ол 1967 жылдан өмірінің соңына дейін Әл–Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі болды. Қ. Бержанов бірнеше оқулық пен монографиялық еңбектің, 200-ге тарта мақаланың авторы. Оның бірі «Қазақстан мұғалімдерінің қоғамдық және мәдени ағартушылық ісі тарихынан» атты монографиясы Қазақстандағы тұңғыш жазылған еңбектердің қатарынан орын алады. Сонымен бірге, «Халық ағарту саласындағы орыс-қазақ ынтымағы», С. Мусинмен бірге жазған «Педагогика тарихы», «Тәрбие мен білім берудің бірлігі» т.б.ғылыми еңбектерін ерекше атауға болады. Ғалым   туындыларының өзегі педагогика тарихының мәселелері болып саналады. Ол оқу–ағарту және жалпы мәдениет саласындағы халықтар ынтымағы мен достығын өз еңбегіне ұдайы арқау етіп отырады.Оның «Оқу ағартудағы халықтар достығы» атты ғылыми педагогикалық туындысы осы тұрғыда жазылған маңызды еңбек. Қ. Бержанов «Тәрбие мен білім берудің бірлігі» атты еңбегінде «Тәрбие, білім беру, оқыту» ұғымдарының бір-бірімен байланысы, мағынасы жайлы теориялық тұрғыдан баяндайды. Автор жастарға білім беру ісін тәрбиемен тығыз байланыстыра жүргізуді қуаттап, «жастарды біліммен қаруландыра отырып, оларға бұрынғы ұрапқтардың тарихи тәжірибесін меңгеруді үйрету керек. Тәрбие мен білім бір-бірін осылай толықтыратын және кеңіте түсетін бір процестің екі қанаты» деген қорытынды жасайды. Қ. Бержанов жастарды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеудегі халықтық тәжірибенің мән-мағынасын да зерттеп, ғылыми ой-пікірлер түйінін жасаған болатын.Оған автордың 1964 жылы «Қазақстан мұғалімі» газетінің 2-санында жарияланған «Алтынсарин ашқан тұңғыш қазақ мектебіне 100 жыл»атты мақаласы мен өзінің аспиранты Қ. Сейталиевпен жариялаған «Жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары» атты мақаласы дәлел бола алады. Ғалымның ұзақ жылдар бойғы зерттеулері нәтижесінде жазылған бағалы еңбектерінің бірі – «Педагогика тарихы» оқулығы. Бұл жоғары оқу орындары оқытушыларының, мектеп мұғалімдерінің, студенттердің қолтума кітабына айналды Қ.Бержановтың  кеңес педагогика ғылымының дидактика, эстетика, этика саласында жазған еңбектері де өзінің ғылыми дәйектілігімен ұстаздар қауымын сүйсіндірген еді.

 

Григорий Уманов – Қазақстан педагогикасын дамытушы ғалым (1931)

Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университеті тарих факультетінің түлегі бүгінде педагогика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбек сіңірген қайраткер Г. А. Уманов белгілі ғалым, ұлағатты ұстаз, сондай–ақ өзі еңбек ететін Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Ұлттық университетінің педагогика кафедрасының профессоры. Сонымен бірге кафедра жанындағы педагогикадан кандидаттық және докторлық ғылым дәреже беретін ғылыми кеңес мүшесі, Ташкент ғылыми кеңестің мүшесі т.б.

Ол жергілікті халық тарихын, ұлттық дәстүрін, тілін, мәдениеті мен әдебиетін үйренуді өзінің борышы деп біліп, бүкіл отбасымен қазақ театрына барып, ұлттық өнерден сусындай бастады. Сол кездері ер жетіп қалған Григорий де мұндай мәдени демалыстардан қалыс қалмайтын. Кейін ол Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түскенде осы бағытынан таңбады.

Шынында да, Г. А. Умановтың студенттік өмірі тек ізденіспен өтті. Оқуда озат болуымен қатар, университеттің қоғамдық жұмысына да белсене араласты. Өнемі білсем деген талпыныста жүретін оған кезінде тарих ғылымының докторы, атақты академик Серікбай Бейсенбаев, белгілі тарихшы ғалым Е. Бекмахановтар дәріс беріп, ұстаздық етті.

Университетті 1954 жылы бітірген ол еңбек жолын Алматы медицина училищесінің тарих пәнінің мұғалімі болудан бастады. Кейін Алматыдағы еңбек колонналары мектептерінде мұғалім және директор болып еңбек етті. Міне, осы кезден бастап ол қиын балалар тәрбиесін зерттеумен айналысты. Ол 1960 жылдардың басында «СССР-де кәмелетке жетпеген балалардың қылмыс жасау себептері» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Бұл еңбек кейін монографиялық кітап болып шықты.

Негізі, әр ғалымның өзіндік зерттеу ерекшелігі бар. Оның еңбектеріндегі еркшелік-теорияның тәжірибемен тікелей байланысы. Мысалы, 1968 жылы «Жеке оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының мәселелері», 1969 жылы жарық көрген «Кәсіптік-техникалық училищелердегі тәрбие жұмысының жүйесі» атты монографиялары соның айқын айғағы. Қазақстандағы кәсіптік-техникалық оқу орындарының, әсіресе, училищелердің озат тәжірибесін жинақтаған бұл дүниелерді оқушылар оқулық ретінде пайдаланып келді. Ал, 1970 жылы Г. Уманов «Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім дамытудың педагогикалық проблемалары» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ол көп кешікпей үлкен кітап болып шықты. Мұны педагог ғалымдар, сол кездегі көрнекті педагог Р. Г. Лемберг Қазақстан педагогикасына қосылған үлкен үлес деп бағалады.

Ол өзінің «Бала бақыты» атты кітабында баланы жасынан еңбекке үйретудің тәрбиелік жүйесін жасаған. Тәрбие ісінде орынсыз ағаттықтар жіберуден сақтандырады. Сондай-ақ, ол Мәскеуде орыс тілінде шыққан «Мы и наши дети» атты еңбегін В. Сухомлинскийдің «Балаға жүрек жылуы» атты кітабы негізінде жазғанын автор мақтаныш тұтады.

Г. А. Уманов зерттеулерінің тағы бір ерекшелігі барлық проблеманы, кез-келген объектісін жергілікті халық топырағынан іздейді. Өзінің өскен ортасының табиғатын, ғылыми-техникалық прогресін, мәдениетін, оқу-тәрбие ісін, әдебиетін, тарихын өз зерттеулерінің берік компоненттері етіп ала білді. Соңғы оншақты жылдар ішінде жазылған «СССР-де оқушыларға кәсіптік бағдар беру» Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беруді дамытудың педагогикалық проблемалары, «Жеке оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының жүйесі», «Қиын балалармен жүргізілетін тәрбиенің маңызды мәселелері» атты еңбектерінде және Қазақстандағы оқу-ағарту, тәрбие мәселелеріне арналған теориялық танымды мақалаларында егжей-тегжейлі баяндалған.

Сондай-ақ Г. Уманов – қазақ әдебиетінің даму тарихымен де айналысқан ғалым. Ол тарих, әдебиет, педагогиканы біртұтас деп қарады. Оған көптеген педагогиканың зерттеулері дәлел. Мысалы, «Бала бақыты» атты кітаптары тәрбиенің түйінді мәселелерін шешуде қазақ балаларының жүріс-тұрысы, қазақ отбасының күй-жайы, дәстүрі, халық педагогикасының мұралары жан-жақты талданып жазылған.

Сондай-ақ, Уманов өте қайырымды да парасатты, зиялы ғалым. Себебі оның жетекшілігімен 100-ден астам адам педагогика ғылымының кандидаты және докторы дәрежесіне ие болды. Ол толып жатқан диссертацияның оппоненті болып сөйледі. Бүгінгі Қазақстан педагогикасының көш бастаушылардың бірі. Умановтың бастамасымен Абай атындағы педагогикалық институттың барлық факультеттеріне «Мектеп күнін немесе үзіліссіз педагогикалық тәжірибе» енгізілген болатын. Оның мақсаты педагогикалық практиканың мерзімін ұзарту, яғни студенттер бірінші курстан бастап әр жылы 35-40 сағаттан педагогикалық тәжірибеден өтеді. Көп ұзамай бұл бастама Алматы қаласының барлық педагогикалық оқу орындарында қолдау тапса, ал 1989- 90 оқу жылында бұл тәжірибе республиканың барлық педагогикалық оқу орындарының оқу-тәрбие жоспарына енгізіліп, жүзеге асырылды. Соңғы кездері ғалымды еліміздегі оқу-ағарту ісін қайта құру, ондағы басты проблема жаңа адамды дамыту, қалыптастыру және тәрбиелеу қатты толғандыратын болды. Ізденіс тағы да іс жүзінде көрініс тапты. Оның бірі – ғалымның бастамасымен Алматы қаласындағы 36, 31, 65 мектептердің жанынан ғылыми оқу-әдістемелік комплекс құрылуы. Ол үш бағытта: «Оқушылардың танымдық іс-қимылын белсендендіру», «Оқушыларды идеялық-адамгершілік рухта тәрбиелеу», «Қиын балалар тәрбиесін жетілдіруде» жүйелі жұмыс жүргізуді көздейді. Мұндағы түпкі мақсат - қайта құру негізінде жоғары оқу орындарының қызметін мектепке жақындату, оқу тәрбие процесінің тиімділігін арттыру еді. Бұл іс өзінің жалғасын табуда. 

 

Құбығұл Бозайұлы Жарықбаев – Қазақстанның көрнекті психологы (1929)

Қ. Б. Жарықбаев – педагогика ғылымдарының докторы (1982), психология ғылымдарының докторы (2003). ҚазҰУ-дың этникалық және педагогикалық психология кафедрасының профессоры, Акмеологиялық ғылымдардың Халықаралық Академиясының толық мүшесі (1995), Қазақстан Педагогикалық ғылымдар Академиясының құрметті академигі (2005), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1998), академик Т. Т. Тәжібаев атындағы этнопедагогика және этнопсихология орталығының директоры, психологиядан докторлық диссертация қорғайтын Д. 14 А02.32 ғылыми кеңес төрағасының орынбасары.

Қ. Б. Жарықбаев «Қазақ психологиясының тарихы», «Развитие психологической мысли в  Казахстане», « Ж. Аймауытовтың психологиялық ой-пікірлері» еңбектері арқылы Қазақстандағы психологиялық ой-пікірдің дамуын, оның әртүрлі тарихи кезеңін тереннен тартып талдайды. Осы жоғарыдағы еңбектердің барлығында Қ. Бозайұлы сан ғасырлық тарихы бар қазақ халқының көне заманнан бергі тәлім-тәрбиесін, психологиялық және педагогикалық оқу ағарту туралы ой пікірдің қалыптасу бағыттарын саралап та сараптап, бүгінгі өмірдің талаптарына сәйкес зерттеп жазды.

Қ. Жарықбаевтың ғылыми-ізденіс бағыттарының негізі- ағартушылықты, тәрбие, оның ішінде психологиялық ілімді зерттеуді өзінің биік межесі етіп ұстаған. Ғалым жаңа рухта жас ұрпақ тәрбиелеу, адамгершілік, жақсы мінез-құлық қалыптастыру қажеттіліктерін тек қана тәжірибеде іске асырып қоймай, бұл мәселелерді теориялық тұрғыдан да терең зерттеген.

2003 жылы «Қазақ психологиясының дамуы мен қалыптасуы» туралы психология ғылымының докторы дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

 

Раиса Лемберг – Қазақстан педагогикасын дамытуға үлес қосқан ғалым (1883-1965)

Соғыстан кейінгі жылдарда дидактиканың әр түрлі бағытында зерттеу жүргізді. 40 жылдары «Сабақтың құрылысы проблемасы», «Білімді бекіту және сабақтағы біліктілік» т.б. сабақ өтудегі мұғалім білімі мен оның шеберлігіне үлкен мән берді, оның дидактикалық негізін қалады.

Ал, 50-60 жылдары «Оқыту әдістемесі», «Дидактикалық очерктер» т.б. мақалаларында Лемберг Р. Г. оқу процесін психологиялық негізде талдайды және сипаттайды. Оның оқу құралы оқыту жолдарын айқындайды, оқыту әдістемесінің творчесволық жолын белгілеп берді. Раиса Григорьевна елімізде бірінші болып психология-педагогикалық тоқыраудың салдарын жою жаңадан оның тиімді жолдарын іздеудің жаршысы болды. Оқудың тұрпайлығын жою, сабақты көрнекілікпен өткізу проблемаларын бірінші кезекке қойды. Оның ғылыми мектебінің шәкірттері – Г. А. Уманов пен Н. Д. Хмель Лембергтің ілімін жалғастырып, өздері оның білімін таратты.

 

 

 

 

 

Информация о работе Қазақстандық психолог ғалымдар