Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 18:29, курсовая работа
Зерттеу объектісі: білім беру жүйесіндегі адамаралық қарым-қатынастың эмоциялық негізі.
Зерттеу пәні: мектеп психологінің жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету мазмұны.
Зерттеудің ғылыми болжамы: адамаралық қарым-қатынастың эмоциялық негізі мен эмоционалдық үйлеспеушілігінің себептерін анықтап, одан шығару амалдарын өз уақытында жүргізу арқылы балалардың психоэмоционалдық жағдайын жақсартуға және тұрақтандыруға мүмкіндік туады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Адамаралық қарым-қатынастың змоционалдық негізі
1.1 Жеке адам дамуындағы эмоцияның алатын орны........................................6
1.2 Эмоция теориялары........................................................................................15
1.3. Н.Н.Ланге мен У.Джемстің теориясы..........................................................19
ІІ. Жалпы эмоционалды сферасының ерекшеліктерінің ғылыми әдебиеттердегі зерттелінуі
2.1. Эмоционалды күйлер мен эмоционалды сфера...........................................23
2.2. Қарым-қатынас мәселесінің әдебиеттерде қарастырылуы.........................26
Қорытынды............................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................32
Джемс пен Лангеге
дейінгі психологтардың эмоция
жайындағы түсініктері мынадай
сипатта болған еді: оның
Джемстің эмоцияның
пайда болуы жайындағы ілімі
қазіргі кезде түрлі
Джемс теориясын
материалистік теория деп
У.Джемс, прагматист
ретінде, зерттелген
Егер біз
уақыт мерзімімен өлшем
Егер біз Фрейдтің осы айтқандарынан қорытынды шығарғандай болсақ, онда мәселенің түйінін шешуде оның пікірі қате болса да, мақұлдауға тура келеді. Өйткені Фрейдтін айтуынша қорқыныш нерв ауруына байланысты, жыныстық еліктеу; әлсізденуінен қорқыныш пайда болады, қорқыныш жүйке ауруына ұшырау, мұндай жайт бала тілегінің бірсыпыра жағдайлардан сескеніп басылып қалуы сияқты дейді. Фрейд бала дамуының бастапқы кезінде эмоциясы екі жақты болады де? Фрейдтің бұл анықтамасы қаншалықты жалған болғанымен бастапқы кезде эмоция өзінше пайда болмайды, ол өзек (ядроның) бірсыпыра ажырауы, сол ажыраған бөлшектеі қарама-қарсы сезімдер пайда болады деп түсіндіреді.
Мұндай анықтаманың өзіндік мәні бар сияқты: мұны эмоциялық тіршіліктің дамуын түсіндіру үшін қолданылған қарапайым тәсіл деуге болады. Фрейдтің түсіндіруінше эмоция бастапқыда дәл қазіргі ересек адамдардың эмоциясынан өзгешелеу, баланың бастапқы даму кезеңіндегі эмоциясы сипатында болған. Ол эмоцияны мемлекет ішіндегі мемлекет емес оны адамның жалпы өмірінің дамуымен тұтастыра алып қарастырғанда ғана дұрыс болмақ деп дәлдейді. Осы ретімен танылғанда ғана эмоцияны дұрыс түсінуге болады дейді. Фрейді те Джемс сияқты натуралист. Олар адам психикасын нағыз табиғи заттық процесс деп санап, эмоцияның өзгеріп даму ерекшеліктерін тек осы натуралистік тұрғысынан қарастырады.
ІІ. Жалпы эмоционалды сферасының ерекшеліктерінің ғылыми әдебиеттердегі зерттелінуі
2.1. Эмоционалды күйлер мен эмоционалды сфера
Эмоционалды күйлер мен эмоционалды сфераға байланысты әртүрлі идеялар, теориялар, гипотезалар мен пастулаттар бір-бірімен жарыса отырып ғалымдардың көптеген зерттеу жұмыстарында бәсекелестік ойларды тудырған.
Фрейдтің зерттеулерінде
фрейдтік аффектілер теориясы зерттелінген.
Фрейдтің алғашқы еңбектерінде, аффект
немесе эмоция – бұл психикалық
өмірді тудыратын жалғыз дара күш, ал
кейінгі туындыларында аффектіл
Кейбір зерттеушілер эмоцияларды висцеральді функцияларға жатқызады. Оған байланысты 1974 жылы Баку қаласында 26 халықаралық физиологиялық конгресс эмоция мен висцеральді функцияларға толығымен арналған.
Психиатрлардың көбі психопатологияның әр түрлі түрлерін және адаптация бұзылуын «Эмоционалды сфераның ауруы» ретінде қарастырады.
Адамның мінез-құлық жүріс-тұрыстағы эмоциялардың мәнділігі жайлы Липер жеке адам теориясын зерттеген психолог өзінің алғашқы идеяларын жарыққа шығарған.
Холт өзінің аффектілер мен мотивацияға концепциясын ұсынып, инстинктивті әуестену теориясын жоққа шығарды. Өзінің концепциясын ұсынғанда Фрейд бойынша түсініп отырған «әуес» теориясы (желание) терминін негізге алған.
Хелан Льюис 1971 жылы жарыққа шыққан «Стыд, вина и неврозы» атты еңбегін ұсынған.
Уиткин 1949 жылы эмоцияны санадағы өлшенетін бөлшек ретінде қарастыра бастаған. В. Вундт бұл дәстүрді дамыта келе, сананың эмоционалды (сезімтал) сферасын 3 тұрғыдан:
рахаттану – рахаттанбау,
бос сезіну – қимылда болу,
сабырлықта болу – қозу деген үш өлшем ретінде алып қарастырған.
Даффи, Спенсер мен Вундт концепцияларына сүйене отырып мінез-құлық жүріс-тұрыстағы бір ғана феномен – «ағзалық қозу» (организмическое возбуждение) терминімен атаққа ие болды. Даффи бойынша эмоция – қозу шкаласындағы нүктеше болып табылады.
Цукерман қозудың әртүрлілігіне байланысты өз беттілік ерекшеліктері пайда болды.
Вудвордс эмоционалды экспрессияны шкалалауды ең тұңғыш қолданған ғалым. Негізгі 6 баспалдаққа бөліп сызықтық шкаланы көрсеткен:
Шлоссберг, Вудвордстың классификациялық схемасын қолдана отырып, адамның фотосуреті бойынша бет-әлпеттің әртүрлілігі бойынша белгілі бір шеңберді қарастырып, оның үстінде қанағаттану-қанағаттанбау (P-U) және қабылдау-қабылдамау (A-R) өстерін орналастырады. Артынан Шлоссберг үшінші өлшем ретінде, ұйқы-қысым (напряжение) факторын қосып эмпирикалық тұжырымды 1896 жылы Вудворстың ұсынылған зерттеуіне ұқсастық жағынан жақын болып айқындалды. Шлоссбергтің алғашқы эксперименттерінде зерттелінушілер фотосуреттегі эмоция бет-әлпетін тоғыз балдық екі шкала: «рахаттану-рахаттанбау» және «қабылдау-қабылдамау» факторлары арқылы екі өлшем бойынша орташа баға есептелініп отырған.
Көптеген мәліметтер мен деректерде қарастыратын болсақ, адамның эмоционалды саласын зерттеген авторлар аз. Бірақ эмоциналды сфераны жан-жақты анықтап, бірқатар зерттеу жұмыстарын жүргізіп те үлгерген ғалымдар да баршақты. Мысалы: Кэррол Эллис Изард көптеген ақпаратты өзінің атақты еңбек жұмысында дәлелдейді. Зерттеуде Бартлет-Изард «ШДЭ және ПШ» қолданады, мұндағы ШДЭ (шкала дифференциальных эмоций) - ДЭШ (дифференциалды эмоциялар шкаласы және ПШ (параметрлік шкала).
2.2. Қарым-қатынас мәселесінің әдебиеттерде қарастырылуы
Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-кұлкының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса,ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді, тек ғана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген мысалдар, зерттеулер дәлел бола алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Ол осы уақытта өзінін барлық адамгершілік, психикалық мінез-кұлық қасиеттерін қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі және бұл онтогенезде пайда болады. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады .
Л.С. Выготский, Б.Н. Ананьев еңбектерінде қарым-қатынасты өмір әрекетінің бір формасы, адам дамуының әлеуметтік жағдайы, жеке адамның қалыптасуының түрткісі деп қарастырды.
А.В. Петровский Қарым-қатынас біріккен іс-әрекет туғызатын, адамдар арасындағы қатынасты дамытатын көп жоспарлы үрдіс.
Р.С. Немов бойынша қарым-қатынас барлық тірі жанға тән, бірак адамда күрделі формада, саналы түрде болады.
Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек қателеспейміз. Интеллект және ерік, эрудиция және эмоционалды мәдениет тәрбиелілік – осылардың барлығы; және басқа адамдарды түсіну, яғни психикалық дұрыс бағалау. Екіншіден олардың мінез-кұлық және жағдайына адекватты эмоционалды жауап бере алу, үшіншіден әр адамның өзінің жеке даралық ерекшеліктеріне байланысты стилін, әдіс-тәсілін, формасын таба білу. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші адамды өзара түсінушілігінен басталады. Немқұрайлық қатігездік тұрпайылық сыйламсыздық қарым-қатынасты бұзады. Ал, егер тілек, өзара сұрақтар, өзара келіспеушілік басым болса, онда достық қатынас, яғни ол жанұяға қажетті психологиялық атмосфера болып табылады. Біз білетіндей адамның өзара түсінушілігіне бөгет болатын жағдайлар; оның қайталанбастығы, жеке даралығы, бір-біріне ұксамайтындығы. Өзара түсінушіліктің тағы бір кедергісі қабылдаудың стереотиптілігі. Кейбір адамдар басқаларды терең білмей өз ойларын айта салады. Мысалы; ол – дәрігер, ол – сатушы, сонымен бәрі түсінікті, себебі олардың моделі, шаблоны бейнесі сол адамға беріледі. Адамның басқа адаммен қарым-қатынасы оның жеке күші мен әлсіздігі, өмірлік қайталанбас жеке даралық көріінісі, тәрбиелеу ерекшелігі сияқты мінез-құлқының ерекшелігіне байланысты. Адамға басқа адамдардың бағалауы мен бірге өзіндік ойы, әлеуметтік статусы ұжым да алатын орны сияқты қасиеттер әсер етеді. Қарым-қатынас басқа да іс-әрекет сияқты белгілі бір нәтижемен аяқталады Қарым-қатынас нәтижесін оның өнімі ретінде қарастыруға болады. Өнімі әр түрлі болады. Оның ішінде басты орын алатындары өзара қатынас және өзінің образы. Өзара қарым-қатынас қатынас үрдісіне өзінің әсерін тигізеді. Адамдар арасындағы өзара қатынас таңдау сипатына ие болады. Бұл таңдау адам қажеттілігіне байланыста анықталады. Баланың өз образы өмірлік іс-тәжірибенің әр түрлі түрінде пайда болады: жеке даралық әрекет тәжірибесі және қарым-қатынас тәжірибесі бала дамуындағы шешуші фактор – баланың өзіне қатынасы қоршаған ортаны белсенді өзгерту және әлеуметтік тарихи сипат алады. Өз образын біз аффективті – когнитивті комплекс ретінде қарастырамыз. Оның аффективті жағын өзін-өзі бағалау ал, когнитивті жағын, баланың өзі туралы ойы деп айтуға болады. Бала өмірге келісімен алдымен үлкендермен, одан кейін құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе бастайды. Осының нәтижесінде жаратылысынан берілген адам болу қабілетін іске асырады. Қарым-қатынас баланың психикалық дамуының негізгі факторы және жағдайы. Қарым-қатынаста адамдар өзін-өзі және басқаларды тану қажетттілігін қанағатандырады. Өзін-өзі тану және қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты .
Информация о работе Адамаралық қарым-қатынастың эмоционалдық негіз