Адамаралық қарым-қатынастың эмоционалдық негіз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 18:29, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу объектісі: білім беру жүйесіндегі адамаралық қарым-қатынастың эмоциялық негізі.
Зерттеу пәні: мектеп психологінің жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету мазмұны.
Зерттеудің ғылыми болжамы: адамаралық қарым-қатынастың эмоциялық негізі мен эмоционалдық үйлеспеушілігінің себептерін анықтап, одан шығару амалдарын өз уақытында жүргізу арқылы балалардың психоэмоционалдық жағдайын жақсартуға және тұрақтандыруға мүмкіндік туады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3

І. Адамаралық қарым-қатынастың змоционалдық негізі
1.1 Жеке адам дамуындағы эмоцияның алатын орны........................................6
1.2 Эмоция теориялары........................................................................................15
1.3. Н.Н.Ланге мен У.Джемстің теориясы..........................................................19

ІІ. Жалпы эмоционалды сферасының ерекшеліктерінің ғылыми әдебиеттердегі зерттелінуі
2.1. Эмоционалды күйлер мен эмоционалды сфера...........................................23
2.2. Қарым-қатынас мәселесінің әдебиеттерде қарастырылуы.........................26

Қорытынды............................................................................................................31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................32

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.doc

— 150.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі

Ж.Досмұхамедов атынағы  педагогикалық колледжі

 

 

«Педагогика және психология»

кафедрасы

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

 

«Адамаралық қарым-қатынастың эмоционалдық негізі»

 

 

Пәні: Тіл дамыту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:

Жетекші:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал 2012ж.

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе.......................................................................................................................3

 

І. Адамаралық қарым-қатынастың змоционалдық негізі

1.1 Жеке адам дамуындағы эмоцияның  алатын орны........................................6

1.2  Эмоция теориялары........................................................................................15

1.3. Н.Н.Ланге мен  У.Джемстің  теориясы..........................................................19

 

ІІ. Жалпы  эмоционалды сферасының ерекшеліктерінің ғылыми                             әдебиеттердегі зерттелінуі

2.1. Эмоционалды күйлер мен эмоционалды  сфера...........................................23

2.2. Қарым-қатынас мәселесінің әдебиеттерде қарастырылуы.........................26

 

Қорытынды............................................................................................................31

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................32

 

 

Кіріспе

Зерттеудің  көкейкестілігі. Жеке адамның эмоциялық жағдайының тұрақты болуы оның өмір сүретін ортасына, экономикалық және ғылыми техникалық жетістіктеріне байланысты екені ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балаларға салуатты өмір салтын үйретіп, «әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін» арттыру қажет екендігі көрсетілген. Оқушылардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктерін дер кезінде диагностикалау, олардың эмоционалдық жағдайында нормадан ауытқуы байқалған кезде көмек көрсету көкейкесті мәселердің бірі болып отыр. ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балардың эмоционалдық жағдайының ауытқулары қандай себептермен байланысты екені келесі сөздермен айтылған: «Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы». Эмоцияның теріс көріністері ерекше дамуымен байланысты өзгеге қиянат зорлық көрсету, нашақорлық, токсикомания, адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің бой көрсетуіне алып келетіндігі психологияда дәлелденген.

Жеткіншектердің жас  ерекшеліктерімен байланысты орын алатын эмоционалдық үйлеспеушілікті зерттеушілер А.Бек, Л.С.Выготский, Л.А.Орбели , Г.Селье , К.Роджерс , К.Юнг , В.Франки , Р.Бэрон , Перлз , Изард, З.Фрейд, Қ.Жарықбаев , С.Н.Ениколапов т.б. көптеген ғалымдар еңбектерінде эмоционалдық жағдайлардың анықтамасы мен сипаттамасы, эмоционалдық үйлеспеушіліктің табиғаты, пайда болу себептері және одан шығу жолдары талданған. Осының негізінде мектеп жасындағы балалардың бойында кездесетін эмоционалдық үйлеспеушіліктер түрлері мен көрініс беру ерекшеліктері талданған.

Жеткіншектер ағзасында  орын алатын психофизиологиялық өзгерістер пайда болуымен байланысты кризистік даму кезеңі орын алады және осы ахуалмен байланысты бала мінезінң кейбір көрсеткіштері шамадан артық дамып кетуі, мазасыздануының, агрессиясының орын алуы байқалады. К.Леонгард, Л.В.Личко, Р.Д.Шмишек, Филипс, Басс және Дарки т.б.ғалымдар осы құбылыстардың ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, оның типологиясын, зерттеу әдістемелерін жасаған. Қазіргі кезде жеткіншектердің психоэмоционалдық үйлеспеушілігін болдырмау және осы жағдайдан шығару әдістемелерін тиімді пайдалану жолдары анықталған.

Зерттеу объектісі: білім беру жүйесіндегі адамаралық қарым-қатынастың эмоциялық негізі.

Зерттеу пәні: мектеп психологінің жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету мазмұны.

Зерттеудің  ғылыми болжамы: адамаралық қарым-қатынастың эмоциялық негізі мен эмоционалдық үйлеспеушілігінің себептерін анықтап, одан шығару амалдарын өз уақытында жүргізу арқылы балалардың психоэмоционалдық жағдайын жақсартуға және тұрақтандыруға мүмкіндік туады.

Зерттеу мақсаты: адамаралық қарым-қатынастың эмоционалдық негізінің теориялық негіздерін талдау арқылы анықтау.

Зерттеу міндеттері:

- адамаралық қарым-қатынастың эмоционалдық даму проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау;

- адамаралық қарым-қатынастың эмоционалдық көрініс беру түрлерін және себептерін анықтау;

- мектеп психологінің  эмоционалдық үйлеспеушілік жағдайындағы  балаларды коррекциялау әдістемелерін  пайдалану, нәтижелерін талдау.

Ғылыми зерттеу  әдістері: Зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми зерттеу әдістері пайдаланылды: психологиялық ғылыми еңбектерді теориялық талдау арқылы бастауыш сынып оқушыларының эмоциясына сипаттама жасау, оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеуге «Әлеуметтік мазасыздану шкаласы» т.б. әдістемелер көмегімен балалардың акцентуациясын, мазасыздануын, депрессиясын анықтау, жиналған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша психокоррекциялық жұмыстар жүргізу.

Зерттеу кезеңдері: Жоспарланған зерттеу жұмысы екі кезеңде ұйымдастырылады. Бірінші кезеңде оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты психоэмоционалдық жағдайларын зерттеудің теориялық негіздері талданып, оларды анықтауға арналған психодиагностикалық әдістемелер жинақталды. Екінші кезеңде психологиялық қызмет көрсету жүйесі арқылы мектеп оқушыларының эмоционалдық жағдайлары зерттелінді. Барлық психодиагностикалық зерттеу нәтижелері ережелерге сай талданып келесі кезеңдегі психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізілді.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курс жұмысының белгілі бір құрылымы, құрамдас бөлімдері бар. Ол кіріспеден, теориялық, практикалық бөлімдерден, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

 

 

І. Адамаралық қарым-қатынастың змоционалдық негізі

1.1 Жеке адам  дамуындағы эмоцияның  алатын  орны

Қарым-қатынас мәселесі 2-3 онжылдықта зерттеушілердің  көңілін аударып отыр. Қарым — қатынас табиғаты оның индивидуалды және жастық ерекшеліктерін өту және өзгеру  механизімдері философтар мен социологтардың (Б.Д. Парыгин 1971; И.С.Кон, 1971-1978), психолингвистердің (А.А. Леонтьев, 1979), әлеуметтік психология мамандарының (Б.Ф. Прошнев, 1966; Г.М. Андреева, 1980), балалар және жасерекшелік (В.С. Мухина, 1975; Я.Л. Коломинский 1976-1981). Бірақ зерттеушілер қарым-қатынас түсінігіне біркелкі анықтама бермейді. М.Н. Щелованов, Н.М. Аксарина (Балаларды тәрбиелеу, 1955) – қарым-қатынас деп үлкендердің балаларға бағытталған мейірімді сөйлеуін атайды; М.С. Коган, 1974 – адам қарым-қатынасы ретінде оның табиғат пен және өз-өзімен сөйлесе алуын айтады. Кейбір зерттеушілер (Балл Г.А., Брановицский В.Н., Довгиалло А.М. – Ойлау және қарым-қатынас, 1973), адамның машинамен өзара қатынасының шындық екенін мойындайды, бірақ басқалар жансыз заттармен тілдесу тек метафоралық мәнге ие екендігін көрсетеді (Б.Ф. Ломов «Қарым-қатынас мәселесі», 1981 ж.).

Шетелдерде қарым-қатынастың көптеген дифенициасы ұсынылған Д.Денцстің мәліметтеріне байланысты А.А. Леонтьев (1973), ағылшын тілд» әдебиеттерде  1969 жылдың өзінде қарым-қатынас түсінігінің 96 анықтамасы болғанын көрсетеді.

М.И. Лисинаның пікірінше, қарым-қатынас екі  адамның немесе одан да көп адамдарың өзара әрекеттесуі мен келісушілікке бағытталған  қатынасты орнықтыру мақсатындағы күштердің біріктірілуі және  жалпы нәтижеге қол жеткізуі.

К.Обуховский, А.А. Леонтьев, Абульханова-Славская К.А. бойынша, қарым-қатынас  жай ғана әрекет емес өзара әрекет жасасу: ол қатысушылар арасында жүзеге асады, әрқайсысы белсенділікке ие және өз партнерлерінен соны талап етеді.

Қарым-қатынас жоғарғы  дәрежедегі динамикалық әлеуметтік - психологиялық құбылыс.

Қарым-қатынас фактор ретінде біздің қажетімізге айналса, іс-әрекет пен қылығымыздың себеп болса, басқа адамдармен қатынасымыздың мақсаты мен мазмұны болғанда ғана көріне алады. Ал мұндай жағдайда бұл фактор біз үшін ерекше мазмұнға ие болады және тұлғалық құндылықтардың мазмұны оны аксиологиялық қарау мен зерттеуді көздейді.

Дегенмен, қарым-қатынас  біз үшін басқа адамдарды түсіну мен тану көзі ретінде де құнды.

Қарым-қатынас адамның  бүкіл психикалық өмір-сүру іс-әрекетін түсіндіреді. Кез келген тұлға секілді, қоғам да оның сыртқы және ішкі қарым-қатынасының өнімі, оның коммуникативті іс-әрекетінің нәтижесі. Бұл пәндік іс-әрекетке де жатады., яғни әсерлі жағдайды туғызатын жайлы, қозғаушы қарым-қатынас.

Толыққанды қарым-қатынас  жан-дүниені көтереді, адамның психологиялық  — жанды потенциалдық толық жылуына жол ашады және керісінше қарым-қатынастың жетпеуі, оған деген қажыған қажеттілік адамдардың жалпы психологиялық өзгерісіне әкеледі. Бәрі болмаса да, адамдағы көптеген рухани, психикалық немесе әлеуметтік аномалиялар — толыққанды қарым-қатынастың жетпеуінен деп толық айтуға болады.

Қарым-қатынас адамдар  арасында тұлға аралық және іскерлік қатынастар, сондай-ақ әлеуметтік қатыгнастардың жүйесін құрайды.

Қарым-қатынас  ортақ  нәтижеге жету мақсатында келісілген және бірлескен бағыттағы екі  немесе одан да көп адамдардың бірлескен өзара іс-әрекеті.

Қарым-қатынас актісі адам  басқа адаммен байланысқа түскенде, оны өзі секілді немесе өзімен тең деп санайды, сондай-ақ белсенді кері байланысты, ақпарат  алмасу жағын көздейді.

“Қарым-қатынас” ұғымына  қатысты анықтамалардың әрқилы болуының себебі бұл мәселеге деген  әртүрлі көзқарастар мен қатыстардың әсері. Біз келесі анықтамаларды қолданамыз. Қарым-қатынас- адамдардың іс-әрекеті арқасында, ақпарат алмасу, өзара әрекеттің бірлік стратегиясын, басқа адамды қабылдау және түсіну барысында адамдар арасында дамитын күрделі көпсалалы үрдіс.

Практикада “қарым-қатынас” және “қатынас” ұғымдарын жиі  шатастырады. Бұл ұғымдар мүлдем де бір  мағынаны бермейді. Қарым-қатынас  қатынастарды жүзеге асыру үрдісі.

Қарым-қатынас үшін оның  мүшелерінің  физикалық зат емес тұлға ретінде көріну сипаты өте маңызды. Қарым-қатынастың бұл ерешелігіне А.А. Бодалев 1965, Е.Э. Смирнова, 1973 және т.б. психологтер көңіл аударған.

Б.Ф. Ломовтың пікірінше, қарым-қатынас адамдардың субъект  ретінде көрінетін  өзара әрекеттестігі. Сонымен бірге қарым-қатынас үшін кем дегенде екі адам керек оның әрқайсысы субъект ретінде көрінуі тиіс.Жоғарыда аталған қарым-қатынас ерекшеліктері бір-бірімен тығыз байланысты. Абсолютты өзара әрекеттестіктің қарым-қатынастың басқа сипаттарынан көрінуі интеракционистік позицияға әкеледі, яғни қарым-қатынас жайлы түсінікті  жалпы біріктіру.

Қарым-қатынастың мәнін  тек қана ақпарат алуға бағыттау коммуникацияға айналдырады, ал коммуникация – қарым-қатынасқа қарағанда  тар мағынадағы құбылыс.

Қарым-қатынасқа анықтама берумен тоқталмайды;  ары қарй түсініктеме беру талап етіледі. Қарым-қатынасты психологиялық категория  ретінде қарастыра отырып біз  оны іс-әрекет ретінде интерпретация  береміз. Сондықтан,  қарым-қатынас  синонимі ретінде «коммуникативті іс-әрекет» ұғымы алынады.

Кеңестік психолотер қарым-қатынас феноменіне әртүрлі  көзқараспен қарай отырып бір  ауыздан қарым-қатынас пен іс-әрекеттің  тығыз байланысын атап көрсетеді.

Іс-әрекет категориясы  кеңестік психологияда маңызды орынға ие. Іс-әрекеттің бірнеше теориялары қарастырылған олардың ішінде С.Л. Рубинштейн (1946-1973), Б.Г. Ананьев (1980), Л.С. Выготский (1982-1983), А.Н. Леонтьев (1983) олардың ішінде еңбектері ерекше маңызға ие.

Қарым-қатынасты түсінудің  негізіне  А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет концепциясын және А.В. Запорожец (1979), Д.Б. Эльконин (1960-1978), В.В. Давыдов (1977), П.Я. Гальперин (1978) концепцияларын аламыз. Берілген концепциядағы көзқарас бойынша  іс-әрекет нақты процес, әрекеттер мен операциялар жиынтығынан құралған, ал бір іс-әрекеттің  екіншісінен айырмашылығының негізінде оның заттық спецификасы алынады.

Қарым-қатынас пен  іс-әрекеттің байланысын әртүрлі  түсінуге болады. Г.Э. Андреева пікірінше, адамның әлеуметтік тұрмысының екі  жағын сипаттайтын,   екі  тең  мәнді категория ретінде қарастырылады.

Қарым-қатынас іс-әрекеттің  біржағы ретінде қарастырылады, ал іс-әрекеттің өқзі қарым-қатынас  шарты болып табылады, қарым-қатынас  іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде  интерпретацияланады.

Қарастырып кеткеніміздей  қарым-қатынас – коммуникативті іс-әрекет синонимдер, коммуникативті іс-әрекетке дұрыс түсініктеме беру үшін оның құрылымын тарқата қарастырайық:

Қарым –қатынас пәні:  бұл басқа адам, қарым-қатынас  бойынша субъект ретінде портнер, бұндай  қарым-қатынастың  пәнінің  ұқсас анықтамасын Т.В. Драгунова(1967) береді.

Қарым-қатынасқа қажеттілік: адамдардың басқа адамдарды тануға және бағалауға талпысыны және солар  арқылы олардың көмегімен өзін-өзі  тануға және өзіндік бағалауға ұмтылу.

Адамдар өзі туралды, өзін қоршағандары туралы іс-әрекеттің әр бейнелі түрлеріне байланысты біле алады, өйткені,  адам іс-әрекеттің әрқайсысында көріне алады. Бірақ қарым-қатынас  ерекше рөлге ие, өйткені, басқа адамға  өз пәні ретінде бағытталған екі жақты процесс бола отырып сонымен бірге өзі де тану объектісі болады.

Информация о работе Адамаралық қарым-қатынастың эмоционалдық негіз