Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2015 в 14:53, лекция
Қабiлет жөнiнде түсiнiк. Адам қабiлеттерiнiң табиғаты осы күнге дейiн ғалым-дар арасында қызған ой-пiкiр таласын тудыруда. Нышан жəне қабiлет.
Нышандардың əртүрлi қабiлеттерге байланысты маңызы бiрдей емес. Көбiне нышандық қасиеттер музыкалық жəне суреткерлiк өнерде қажет. Тума берiлген нəзiк есiту қасиетi - музыкант болудың, ал түр-түс айыра бiлу- болашақ суреткер болудың алғы шарты.
Нышандар дамуы əлеуметтiк процестерге тiкелей тəуелдi. Егер қоғамда белгiлi бiр кəсiпке қажеттiк туып, қандай да адамның сол кəсiпке сай нышандық белгiсi болса (музыкантқа қажет нəзiк есту қасиетi), онда оның нақты еңбекке араласуға болған қабiлетi тез əрi жоғары деңгейде қалыптасып, дамиды.
Нышанiс-əрекеттiң нақты формасына байланыссыз көп мағыналы келедi; сондықтан, белгiлi бiр нышан негiзiндеiс-əрекет талабына орай əртүрлi қабiлеттер қалануы мүмкiн. Осыдан, жақсы есту əрi əуен ырғағын сезiнуден адам күй орындаушы, дирижер, бишi, əншi, музыка сыншысы, педагог, композитор т.б. болары ықтимал.
Сонымен бiрге, болашақ қабiлеттер менiс-əрекеттердiң саналуан болуынан нышан жеке адамның дара таңдамалық қасиетiне негiз бередi.
4. Қабiлет жəне тұлға даралығы
Адам қабiлетiндегi айырмашылықiс-əрекеттiң нəти-жесiнен, яғни оның сəттi не сəтсiздiгiнен байқалады. Қызығу-шылық адамда объектi жан-жақты танып бiлуге ұмтылудан туындайды. Ал бейiмдiлiк нақтыiс-əрекеттi орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейiмдiлiк сапаларының үнемi өзара үйлесiм тауып, бiр бағытта тоғысып отыруы мүмкiн емес. Оған түрлi жағдайлар себепшi, мысалы, адам көркем-өнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бiрақ ол осы саладағы өнер түрлерiмен шұғылдануға бейiмсiз болуы мүмкiн. Дегенмен, белгiлi бiрiс-əрекет түрiне қабiлетi бар адамдардың қызығушылығы мен бейiмдiлiгi бiр-бiрiмен үйлесiм таба алады.
Iс-əрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуi үшiн қабiлет, қызығушылық, бейiмдiлiктен тыс оның мiнез-құлқында келесi сапалық көрiнiстер болуы қажет: ең алдымен- еңбексүйгiштiк, табандылық, батылдық. Бiрақ, осындай ерекше қабiлетi бар адамның өзi де айтарлықтай өнiмге қол жеткiзе бермейдi. Негiзi, адам өзiнiңiс-əрекетiне, жеке басына сын көзiмен қарап, мiнезiнiң ұнамды, ұнамсыз сапа-ларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.
Адам қабiлетiнiң даралық ерекшелiктерiне дарынды-лық, шеберлiк, талант, данышпандық, шабыт кiредi. Əртүрлi iс-əрекеттер аймағына қажет бiлiм, ептiлiк-дағдылар бiрлiгiн жеңiл əрi нəтижелi игерудi қамтамасыз етушi жалпы қабiлеттер ерекшелiгiн дарындылықдеп атайды. Дарындылық əрбiр адамның ақыл-сана, оқу, шығармашы-лық, көркемөнер, адамаралық қатынастар түзу жəне психо-моторлық қызметтерiнде көрiнiс бередi.
Дарынды адамдарға тəн қасиеттер: зейiндiлiк, жинақылық, тұрақтылық, əрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар, сонымен бiрге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды бiлмейдi, басқалармен салыстырғанда интеллекттiк деңгейi анағұрлым жоғары.
Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлылық таныта алады. Бұл қасиеттiң адамдағы көрiнiсi - 2-3 жасар баланың бiрiспен үзбей шұғылдана алу уақыты. Басқа қатарларымен салыстырғанда дарынды бала өзiн қызықтырғанiспен бiрнеше сағат шұғылданып, қажет болса, оған бiрнеше күндер бойы қайта оралып, көздегенiне жет-пейiнше, əрекетiн тоқтатпайды.
Дарындылық дəрежесiнiң артуы қажеттi бiлiмдер мен ептiлiк, дағдыларды игерiп əрi жетiлдiрiп баруға тiкелей тəуелдi.
Дарындылықтың өзiндiк ерекшелiгi ең алдымен қызығушылық бағдарға байланысты. Осыдан, бiреу матема-тикаға құмар, екiншi тарихқа, жəне бiреулер қоғамдық жұмыстарға бас(лидер) болуда өз дарындылығынiске қосып, оны нақтыiс-əрекетте кейiн дамыта түседi. Мысалы, мұғалiм дарындылығының көрсеткiштерi келесiдей: 1) оқу материалын шəкiрттерге түсiнiктi күйге келтiру; 2) оқушы көңiл-күйiн қалтқысыз тану; 3) жұмыста шығармашыл болу; 4) балаларды өз еркiне көндiре алу; 5) балалар ұжымын бiрiктiруге қабiлеттiлiк; 6) сөз мəнерлiгi мен мазмұндылығы; 7) сөйлеу көркемдiлiгi мен нанымдылығы; 8) педагогикалық əдептiлiк; 9) оқу материалын тұрмыспен байланыстыра алу; 10) шəкiрт-терге қаратылған байқағыштық; 11) педагогикалық талапшаңдық(Ф. Н. Гоноболин).
Қабiлеттер өз деңгейлерi мен ауқымы жағынан ажыра-тылады. Нақтыiс-əрекет аймағында өте жоғары деңгейге көтерiлген қабiлет- шеберлiк деп аталады. Шеберлiк, яғни бiрiс-əрекет аймағында жоғары жетiлгендiк үлкен де қажырлы еңбек негiзiнде пайда болады. Шеберлiк көбiне өндiрiстiк қайта жасау қызметтерiмен байланысты келедi.
Алайда, бұл шеберлiктiң дайын ептiлiктер мен дағдылар бiрлiгiнен туындайтынын бiлiдiрмейдi.
Əрқандай кəсiптегi (мұғалiм, дəрiгер, ұшқыш, спортшы т.б.) шеберлiк кез келген жаңа мəселелердi шешуге қажет болған психологиялық дайындықты қажет етедi. Шебер маман үшiн шығармашылық мiндеттi түсiну мен оны орындау жолдарын табу, екеуi өзара байланыста қабылданады, iске асады, яғни"неiстеу" жəне"қалайiстеу" арасында жiк болмайды.
Шеберлiк деңгейi - өзгермелi, дамудағы құрылым. Iс-əрекет барысында адамның қабiлет түзiлiмi, тұлғалық мəнi қалыптасып, бiр деңгейден екiншiсiне көтерiлумен ұдайы ауысып барады. Өте дарынды адамдар да қарапайым елiктеуден бастап, кейiн бiрте-бiрте тəжiрибе жинақтаудан жасампаздық дəрежесiне көтерiледi.
Адам қабiлетiнiң ерекше даралық сипатын көрсететiн психологиялық құбылыс-талант. "Талант" сөзiнiң төркiн мəнi: ежелгi грек қауымында бай-манап өзi жоқта жұмыстан қашқақтамасын деп ерiншек құлына беретiн күмiс ақша бiрлiгi - талант аталады екен, ақылдан жұта құл оны алудан, пайдалы айналымға жiберудiң орнына, топыраққа көмiп, жасыратын болған. Осыдан халықта"таланты құм болды", "таланты көмiлдi" деген ұғымдар сақталып қалған. Қазiргi күнде талант арнайы қабiлеттердiң(музыкалық, суреткерлiк, əдеби шығармашылық т.б.) жоғары деңгейлi дамуын бiлдiредi. Қабiлеттер сияқты талант таiс-əрекетте көрiнiп, өрiстейдi. Талантты адамның қызметi өзiнiң жаңашылдығымен, қайта-ланбас мəнерiмен ажыралады.
Таланттың оянуы тiкелей қоғамдық болмысқа тəу-елдi. Қай бағыттағы дарындылықтың жол алуы дəуiр қа-жеттiгi мен əлеумет алдында тұрған нақты мiндеттерге байланысты. Мемлекеттiң дамуы инженерлiк жəне кон-структорлық таланттардың жетiлуiнен, мемлекеттiң көркейген кезеңiнде əн-күй, əдебиет таланттары шығады, ал соғыс уақытында- талантты əскери қолбасшы дүниеге келедi. Осыдан, қазақ арасынан шыққан Қ. Сатпаев, М. Əуезов, Б. Момышұлы, Қажымұқан, Р. Рымбаева- əрбiрi өз дəуiрi-нiң саңлақтары.
Талант- көптеген қабiлеттердiң байланысы, бiртұ-тастығы. Өте жоғары дамыған, бiрақ оқшауланған бiр қабiлет талант дəрежесiне көтерiле алмайды. Мысалы, кейбiреулер 10 қаналы не оданда көп санды лезде көбейтедi не бөледi, бiрақ математик емес, бола алмайды да.
Қабiлеттердiң даму барысындағы ең жоғары, шыңдалу деңгейi – данышпандық деп аталады. Шығармашылық қызметi қоғам өмiрiнiң бiр дəуiрiнде, адамзат мəдениетiнiң тарихында белгiлi iз қалдырған адам ғана данышпан бола алады. Өркениеттiң 5000 жылдық тарихында мұндай шыңға400 кемеңгер көтерiлiптi (Котс). XX ғасыр саңлақтары атанған, арамызда жүрген замандастарымыз ақын Олжас Сүлейменов, сынаушы-ұшқыш, ғарышкер Тоқтар Əубакiров қазақ данышпан-дарының бiрiншi ондығынан.
Адамның шығармашылықiс-əрекетiнiң аса табысты болуына себепшi рухи көтерiңкiлiк пен ерекше күш-қуат туындайтын кезеңдер болады. Бұл жағдайдағы адамды жаңа идеяларға жетектеп, олардыiске асыруға ынталандыратын психологиялық қалып-шабыт деп аталады. Шабыт шығарма-шыл тұлғаның жоғары белсендiлiгiнен, оныңiс-əрекетiнiң жемiстiлiгiнен, жасампаздық ептiлiгiнен, жаңалық ойлап табу қызметiне толық берiлуiнен көрiнедi. Өмiрнамашыларының айтуынша, И. С. Тургенев шығармаларын жазуды өзiн-өзi зорлап, көндiруден емес, iшкi ниет қалауымен қалай бастағанын бiлмей қалады екен.
Шабыт пен еңбек- екеуi егiз, бiр-бiрiнсiз асамайды. Осыдан, шабыт- қажырлы еңбек пен орасан бай бiлiм қоры негiзiнде туындайтын мүмкiндiк. "Шабыт- ерiншектерден қашатын, шақырғанға баратын қонақ" (П. И. Чайковский). Сана айқындығы, ой мен бейнелер кернеуi; ес, зейiн өткiрлiгi, мақсатқа бағыттайтын арнасына симаған ерiк күшi -шабыттанудың алғы шарттары.
Қайталау жəне бекiту сұрақтары