Адам қабілеттерінің табиғаты. Қабілет және әрекет. Дарын, оның шығу тегі және құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2015 в 14:53, лекция

Краткое описание

Қабiлет жөнiнде түсiнiк. Адам қабiлеттерiнiң табиғаты осы күнге дейiн ғалым-дар арасында қызған ой-пiкiр таласын тудыруда. Нышан жəне қабiлет.

Прикрепленные файлы: 1 файл

раздат мат 16.docx

— 40.83 Кб (Скачать документ)

Пән:«Психология және іскерлік қарым-қатынас этикасы»

Курс тақырыбы: «Қабілеттер»

Сабақ тақырыбы: Адам  қабілеттерінің табиғаты. Қабілет және әрекет. Дарын, оның шығу тегі және құрылымы.

1. Қабiлет жөнiнде түсiнiк

Əрқандайiс-əрекетке байланысты адам қандай да қызметтi орындауы қажет жəне солiстiң тиiмдi  нəтижесiн қамтамасыз етуге жəрдем беретiн сапаларға ие болуы тиiс.

Мұндай дара психологиялық ерекшелiктер мiндеттi түрде, бiр жағынан, өзiндiк психикалық табиғатына ие болудан, екiншi-ден- əркiмде өз алдына, қайталанбас көрiнiсiнен жеке адам қабiлетi деп аталады. Адам болғанның барлығы тiк жүру, сөйлеу мүмкiндiктерiне ие, бiрақ бұлардың бiрi де шын қабiлет тобына кiрмейдi, себебi, бiрiншiсi – психологиялық құбылыс  емес,  екiншiсi -  баршада  бiрдей  көрiнетiн  əрекет.  Қабiлеттердiң  табыстыiс-əрекетпен  байланыстылығын  баса  айтумен,  тиiмдi  нəтижеге  негiз  боларлық  дара-өзгермелi  адам  қасиеттерiнiң  шеңберiн  тарылта  қарастыру  керек.  Қабiлетсiз-дерге қарағанда,  қабiлеттi  адамiс-əрекеттi  тезiрек  меңгередi,  қажеттi,  мол  нəтижеге  оңай жетедi. Қабiлет өзiшiне əртүрлi психофизикалық қызметтер мен психикалық процестердi ғана емес, сонымен бiрге жеке тұлғаның барша даму деңгейiн қамтыған əрi оларға тəуелдi күрделi бiрiгiм. Адамның сыртқы бiлiм, ептiлiк, дағды əрекеттерiнде көрiнгенiмен, қабiлет табиғатыiс-əрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалық жəне бiлiм жағынан күштi бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбiреулер арнайы оқып, үйренбей-ақ күрделi қызметтердi атқарып, тиiмдi нəтиже беруге шебер.

Нақты көрiнетiн бiлiм, ептiлiк жəне дағдылар қатарында қабiлет адамның жүзеге асуы  мүмкiн  қасиеттерiнiң  бiрi  ретiнде  бағаланғаны  жөн,  яғни  қабiлет  жерге  тастаған дəнмен  бiрдей:  қолайлы  жағдай  болса  өнедi,  керi  жағдайда  көрiнбей-ақ  жойылады.

Осыдан, қабiлет- бiлiм, ептiлiк жəне дағдыларды игерудiң мүмкiндiк көзi, ал оныңiске асу, аспауы көп жəйттерге тəуелдi. Мысалы, балада керемет математика-лық қабiлет болуы ықтимал,  бiрақ  ол  сол  баланың  ғұлама-математик  боларының  кепiлi  емес.  Арнайы шарттар(бағдарлы оқу, шығармашыл педагог, отбасы мүмкiндiктерi т.б.) орындалмаса, қабiлет  дамымай  жатып,  өшедi.  Қоғам  қолда-мауынан  қаншама  даналардың  болмай жатып, құрдымға кеткенiн кiм санапты? Ал мектепте"үштiк" бағаға ептепiлесiп жүрген Альберт Эйнштейн əлемге əйгiлi ғалым-физик болыпты.

Бiлiм,  ептiлiк  жəне  дағдылардың  игерiлуiмен  олардың  қабiлетпен  тiкелей байланысы көрiне бастайды, яғниiс-əре-кеттi игеру барысында қатыса отырып, қабiлет одан əрi дами-ды, iс-əрекетке жаңа мазмұн мен сипат бередi. Математиканы оқымаған адамның математикалық қабiлетi  ешқашан  да жарыққа  шықпайды:  оны тек сандарды танып, олармен есеп құрап, мəселе шешу барысында ғана қалыптастыру мүмкiн.

Сонымен,  қабiлет  бiлiм,  ептiлiк  жəне  дағдылардың  өздерiнде  көрiнбей,  танып үйренуге орай нақты əрекеттi игеру динамикасында(тез-шабан, оңай-қиын) байқалады. Iс-əрекеттiң нəтижесi, орындалу деңгейi мен тəсiлдерiнiң тиiм-дiлiгi қабiлетке тəуелдi.  Қорытындылай келе, "қабiлет" түсiнiгiнiң бүгiнгi ғылым қабылдап отырған үш негiзгi көрсеткiшiн(Б. М. Теп-лов) атайық:

1. Қабiлет- бiр адамды екiншiсiнен ажырататын дара психологиялық ерекшелiк. Баршаға бiрдей тəн қасиеттерi  қабiлет бола алмайды.

2. Қабiлет- барша тұлғаға тəн болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бiр не бiрнешеiс-əрекеттi табысты  орындауға  жарайтын  өзара  ептiлiк. 

3. Қабiлет-  нақты  адамда топталған бiлiм, ептiлiк жəне дағдылардан оқшау, қажет əрекеттi  игеру желiсiнде ғана көрiнедi.

Қабiлет  пенiс-əрекет  арасындағы  қатынасты  сөз  ете  отырып,  егер  адамiс-əрекетке байланысты талаптарды орын-дай алмаса, оның қабiлетiнiң жетiмсiздiгiн атап өткен  жөн.  Мұндай  тұлға  қажеттi  бiлiм  қорын  жинақтап,  ептiлiктер  мен  дағдыларды қалыптастыруы үшiн талай күш салып, ұзақ уақыт жаттығуы тиiс, ал тəрбиешi-педагогтар оны  оқытып,  үйрету  үшiн  үлкен  шеберлiк  пайдалануы  лазым.  Əйгiлi  режисер  В. Немирович-Данченко"Кiм болса, сол режисер бола алады ма?" деген сұраққа"Əлбетте, əркiмде болады, бiрақ бiреуге ол үшiн3 жыл оқып, тəрбиеленуi қажет, ал екiншiге- 30 жыл, үшiншiге- 300 жыл да аз" - деп жауап берiптi. Сонымен бiрге, адам қабiлетi уақыт өтумен пайда болып, немесе қандай да қызметке орай қалыптасуы мүмкiн.

Көрiнгенiс-əрекет жеке адам қабiлетiн дамыта алмай-ды. Адам тiршiлiгiнiң жалпы құрылымына  назар  аудара  отырып,  қабiлет  дамуына  ықпалсыз,  керiсiнше,  көрiнген қабiлет  нышандарын  тежеп,  олардың  жойылуына  себепшi iс-əрекеттер  барын  байқау қиын емес. Мысалы, егер əн-күй не шығармашылық қабiлетi бар адам ауыр, қарапайым дене жұмыстарымен шұғылдануына тура келсе, əрине, кейiнгi iс ондағы табиғи қаланған қабiлеттердiң дамуына оң əсер етуi екiталай.

Жеке  тұлғаға  байланысты  дамытушыiс-əрекет  жайында  əңгiме  қозғалғанда, алдымен маңызды болуынан төңiрегiне адамның барша мүмкiндiктерiн жинақтай алатын iс-əрекет ескерiлуi қажет. Сондықтан, нақты əрекеттiң дамытушылық қасиетiн тану үшiн, оны  жеке  адаммен  байланыстыра  сипат-тау  керек.  Бұл  жағынан  бүкiл  адам  өмiрiмен қабысқан  кəсiби  қызметтiң  өзi  де  иесi  үшiн  аса  мəндi  де  маңызды  болмауы  мүмкiн.  Өндiрiстiк тапсырыстар мен қызметтiк мiндеттер адам-ның шығармашылық мүмкiндiктерi мен тұрмыстық бай тəжiри-бесiн толық жəне жан-жақты ашып бере алмайды.

Iс-əрекет адам қабiлетiн ұдайы дамыта бермейдi, оның себебi - қабiлет пенiс-əрекет арасында белгiлi сəйкестiктiң болмауы. Бұл сəйкессiздiктiң мəнi: əрқандай қабiлет өзiнде  қалағанiс-əрекет  мүмкiндiктерiн  қамтуынан  қай  бiр  жағынан  нақты  орындалып жатқанiске қарағанда ауқымда да кең мағыналы. Екiншi жағынан, нақтыiс-əрекет өзiне қатысты  қабiлеттен  кеңiрек  болып,  басқа  да  қабiлеттердi  қажетсiнуi  мүмкiн. "Қалыпты адам өзiнiң дене жəне ақыл қабiлеттерiнiң он пайызын ғана пайдаланады. Қолданған жəне онда пайда-ланбай қалған мүмкiндiктер айырмашылығы- адамның кiм болып танылғаны мен əлi де кiм болатынының көрсеткiшi" (Коупленд П.)

Осыған орай қабiлеттер нақты жəне мүмкiн болып екiге бөлiнедi. Мүмкiн болар қабiлеттер нақтыiс-əрекеттiң қандай да түрiнде көрiне бермейдi, алайда белгiлi  əлеуметтiк жағдай-лардың өзгеруiмен қызмет желiсiне қосылуы мүмкiн.

Нақты қабiлеттер қатарына жалпы қызмет бабындаiске асатыны ғана емес, сонымен бiрге дəл бiр уақытта жəне нақты шақтағы əрекетке қажет болғандары да кiредi. Мүмкiн болған  жəне  нақты  қабiлеттердi  тұлға  қабiлетiнiң  дамуына  ықпал  етушi  əлеуметтiк жағдайлардың  жанама  көрсеткiшi  ретiнде  тануға  болады.  Себебi  қоғамның  əр  тарихи даму кезеңiнде қалыптасқан əлеуметтiк жағдайлардан мүмкiн болар қабiлет-тер өрiстей түседi не кедергiлерден сөнiп кетедi, нақтыiс жүзiнде көрiнiп не пайдалану сəтi болмай қалады.

2. Қабiлет теориялары

Адам қабiлеттерiнiң табиғаты осы күнге дейiн ғалым-дар арасында қызған ой-пiкiр таласын  тудыруда.  Солардыңiшiнде  өз  басымдылығын  танытқан,  тарихы  Платоннан бермен қарай жалғасып келе жатқан қабiлеттердiң биология-лық негiздi екендiгi жəне олардың  нəсiлдiкке  тəуелдiлiгiн  дəрiптейтiн  көзқарас.  Бұл  бойынша,  оқу  мен  тəрбие қабiлет-тердiң  пайда  болу  қарқынын  өзгертуi  ғана  мүмкiн,  ал  олар-дың  көрiнiс  беруi бiрыңғай емес. Мысалы, Моцарттың музы-калық дарыны3 жаста белгiлi болған, Гайдн- 4, Дина  Нүрпейiсованың  күйшiлiк  өнерi 8  жасында  байқалған.  Сурет  жəне  сəулет  өнерi қабiлеттерi  кейiндеу бiлiнедi: Рафаэл- 8 жаста, Ван-Дейк- 10 жаста, Дюрер- 15 жаста өнермен айналыса бастаған.

Қабiлеттердiң  нəсiлдiкке  тəуелдiлiгi  туралы  ғылыми  зерттеулер  əр  адамның қабiлетiн  оның  миының  көлемi  жəне  салмағымен  байланыстыра  түсiндiредi.  Белгiлi  болғандай, ересек адамның ми салмағы орташа1400 г. Ұлы тұлғалардың, мысалы, И. С. Тургеневтiң миi - 2012  г., Д. Байрон- 1800 г., аталған көрсеткiштен бiршама жоғары болған. Мұндай дəлелдер бiршама баршылық. Бiрақ қабiлет пен ми байланы-сына орай басқаша,  керi  дəлелдердi  де  келтiруге  болады:  Ю.  Либихтiң  миi - 1362  г.,  А. Франстың- 1017 г. Ал ең ғажайыбы, өте ауыр ми3000 г. артық ақыл-есi кем адамда байқалған. Солайда болса, кең қауым арасында"миы көп- ақылды" деген ұғым көбiрек жайылған, осыдан маңдайы биiк, жазық маңдай адамды сыртынан данаға баламалап, одан келелi ой-пiкiр күтемiз, ал екi елi, тар маңдайлы адамның қабiлетiн күнiлгерi жоққа шығарып, одан ешбiр негiзсiз үмiтiмiздi үземiз.

Қабiлетiне байланысты нəсiлдiк идея Франц Галль-дың "Френология"(phrenos -ақыл, logos - бiлiм) деп аталған психологиялық тағылымында дəрiптеледi. Френологтар адам-ның  психикалық  ерекшелiктерiн  оның  бас  сүйегiнiң  сыртқа  формасымен ұштастыруға талпынды. Мұндағы тұжырым мəнi: бас миының қабығы белгiлi қабiлеттерге мекен болған(локализация) бiрқанша орталықтардан құралады. Осыдан, мидың тиiстi бөлiгiнiң ауқым-көлемiнен онда мекен алған қабiлеттiң даму деңгейi анықталатын көрiнедi.

Арнаулы зерттеулер негiзiнде əрқайсысы белгiлi дара қабiлетке сай келетiн бас сүйегiнiң 27 учаскесi анықталып, картаға түсiрiлген. Осы картадан музыка, поэзия, сурет өнерiне сай"қабiлетiсiктерiн", менмендiк, сараңдық, батырлық"қабiлет дөңестерiн" т.б. айыруға болады екен. Дегенмен, кейiнгi дəуiрде əдейi медициналық ашып көрумен тексергенде, бас сүйегi  ми қабығының формасын тiптi  де қайталамайтын болып шықты. Сондықтан адамның ақыл жəне адамгершiлiк қабiлеттерiн бас сүйегiнiң"дөңестiгi" не"сайларымен" анықтау ғылым тұрғысынан ерсi əрi негiзсiз.

Солай да болса Ф. Галль ұсынған мидың мекендiк қызметi жөнiндегi жорамалы ғылым  үшiн  өте  маңызды  болды.  Бұл  идея  кейiн  Фрич  жəне  Гитциг  еңбектерiнде  өз дəлелiн тауып, дами түстi. Аталған бағытты зерттегендер арасында  Ч. Ф. Дарвиннiң эволюциялық теориясына негiздеп, қабiлеттiң тұқым қуалаушылыққа байланысты екенiн тұжырымдаған Ф. Гальтон есiмi өз алдына. Əлемге əйгiлi тұлғалар өмiрнамаларын талдай отырып,  Гальтон  адам  табиғатын  жетiлдiруде  аса  дарындылардың  нəсiлдiк  заңды-лықтарын ашу жəне пайдалану қажет деген қорытындыға келдi. Осы идеяны жалғастыра отырып, ХХ ғ. Котс жоғары қабiлеттiлiгi бiрнеше əулетте байқалған400 адам тiзiмiн түздi.

Бұл қатарда аса белгiлi болған немiс музыканттарының тобын ұлғайтқан Бах отбасынан шыққандар. Бах жанұясындағы-лардың алғашқы əн-күй қабiлетi 1550 жылы көрiнiс берген. Əулет атасы В. Бах қарапайым наубайшы күй тартып, əн салғанды сүйген. Оның екi баласынан  өрбiген  Германияны  екi  ғасыр  бойы  дүркiреткен  музыканттар  легi  үздiксiз жалғасып барған. Бах жанұясынан60 музыкант шыққан, солардың20-сы аса көрнектiлерi, ал осы əулеттi əлемдiк өшпес даңққа бөлеген əйгiлi композитор Иоганн Себастьян Бах.

Осындай  ғажайып  қабiлет  кұбылысын  қазақ  əн-күй  өнерiн  дамытуда  көзге  түскен жерлесiмiз Төлеген Момбеков шықкан əулет тарихынан да байкауға болады(Р. Бердiбай) Əлбетте,  мұндай  əулеттiк  жоғары  қабiлеттiң  нəсiлдiкпен  байланыстылығын ешкiмде жоққа шығара алмас, дегенмен бұл арада қабiлет негiзi ретiнде əлеуметтiк тəр-биенiң  өте  маңызды  екенiн  мойындамауға  болмайды.  Бесiгi-нен  əн-күй  теңiзiнде шарықтап,  шалқып өсуiне қолайлы жағдай қалыптаспағанда,  сол бағытта ана сүтiмен қосып үлкендердiң музыкалық тəрбиесiн алмағанда, ол баланың кiм болары бiр Аллаға аян.

Жоғарыда  аталған  тұқым  қуалаушылық  идеяларына  тiкелей  қарсы  шыққан ғалымдар тобы оқу мен тəрбие маңызын бiрбеткей əсiрелеумен болды. ХҮIII ғасырдың өзiнде-ақ К. А. Гельвеций адамды тəрбие арқылы дарынды-лыққа жеткiзуге болатындығы туралы ғылыми еңбектерiн жариялады. Бұл бағыт тарапындағылар дамуы өте кешеуiл-деген  тайпа  балалары  оқу,  тəрбие  нəтижесiнде  Европа  зиялы-ларының  деңгейiне көтерiлгенiн дəлелдейтiн кейбiр деректердi тiлге тиек етiп, өз идеяларының дұрыстығын негiздеп бақты. Сонымен бiрге, бұл еңбектер əлеуметтiк тəрбие аймағынан мүлде тыс қалған жағдайда жастардың орны толмас зиянға ұшырап, қоғамдық қасиеттерден жұрдай "маугли", "тарзан" болатынын бетке ұстады. Белгiлi мəдениет аймағында ерекше арнайы қабiлеттердiң  орнығатыны  да  осы  зерттеулерге  негiздеме  ретiнде  келтiрiлдi. (А.  А. Леонтьев, О. Н. Овчинникова, Ю. Б. Гиппенрейтер). Мұндай тұжырымдардыңiзiмен əрқан-дай адамда оқу мен тəрбиенiң негiзiнде қалаған қабiлеттi дамытуға болатыны жөнiнде қорытынды жасалды. Осы көзқарасты қолдаумен американ ғалымы У. Ушби қабiлет ең алдымен  балалық  шақтан  қалыптасқан  ақыл-сана  əрекеттер  бағдарламасына байланысты екенiн дəлелдеп көрсетедi. Қазiргi күнде бұл идеяны ұстанғандар АҚШ-та өз дарынды балаларын"өсiретiн" арнайы орталықтар ұйымдастырып жатыр (Филадельфия институты), Қазақстанда арнайы"Дарын" орталығыiске қосылды.

 

Оқытушы ____________________________Аскарова А.Е.

3. Нышан жəне  қабiлет

Өмiр бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабiлеттiң табиғи берiлетiнiн қалтқысыз дəлелдеп отыр. Қабiлеттердiң тума берiлмейтiнiн мойындаумен бiрге психология белгiлi  iс-əрекеттi табысты орындаудың шарты болатын ми құрылымы-ның тума ерекшелiктерiне шек келтiрмейдi. Қабiлеттер дамуының табиғи негiзi болған мидiң құрылымы, сезiм мүше-лерi мен қозғалыстардың анатомиялық-физиологиялық нəсiлдiк ерекшелiктерi нышандеп аталады.  Шын  мəнiнде,  адамдар  арасындағы  табиғи  айырмашылықтар  оларда қалыптасқан дайын қабiлеттерде емес, дəл осы нышандар көрiнiсiнде. Нышандар қабiлет дамуының бастауы болғандықтан, адам-ның барынша жетiлiп, кемелдену жолу осы екi құбылыстың  өзара  ұштасып,  байланысқа  келуiнен  болады.  Нышанның  арқасында дамығанымен,  қабiлет  сол  нышанның  өзiндiк  қызметiнен  туындамайды,  ол  нышаннан бастауын ғана алған даму процесiнiң нəтиже жемiсi.

Мысалы, ақыл-ес қабiлеттерi ең алдымен ми қызметiнен- қарқынды не бəсең қозулардан, жүйке процестерiнiң қозғалмалылығынан, уақытша байланыстар түзiлiмiнiң шапшаң  не  баяулығынан  т.б.  яғни  И.  П.  Павлов  генотип(жүйке  жүйесiнiң  тума ерекшелiктерi) деп атаған құбылыстан көрiнедi. Мидың қанмен қамтамасыз етiлуi де ақыл-сана қабiлетiне  ықпал  жасайды.  Толық  қан  айналымы- ми  қызметiнiң  ақыл-ой,  зейiн шоғырландыру,  жақсы  есте  қалдыру,  жүйке  байланыстарының  тез  жүруiнiң,  сана жұмысымен шаршамай, мүлтiксiз жоғары тиiмдiлiкпен орындалуының кепiлi.

Мидың  тума  қасиеттерi  адамның  типологиялық  ерекше-лiктерiнде  екi  түрде көрiнедi (И.  П.  Павлов): 1.  Жоғары  жүйке  жүйесiне  тəуелдi; 2.  Бiрiншi  жəне  екiншi сигналдық жүйелердiң арақатынасына байланысты.

Адам қабiлеттерiнiң дамуында жоғары жүйке жүйесi қызметiнiң типi (күшi, тепе-теңдiгi, қозғалмалылығы т.б.) үлкен маңызға ие. Осыдан, жүйке процестерiнiң күшi, тепе-теңдiгi  жəне  қозғалмалылығымен(белсендi  тип)  байланыса  отырып,  адамның ұйымдастырушылық қабiлеттерiнiң қалыптасуына қажет көптеген ерiктiк жəне тiлдестiк қасиеттердiң түзiлiп, орнығуына жəрдемiн тигiзедi.

Өздерiне тəн бейнелеу мүмкiндiктерiне орай бiрiншi не екiншi сигнал жүйелерiнiң аз немесе көп əрекетке қатысуынан қабiлеттердiң 3 типi(И. П. Павлов) ажыра-тылады:  көркемөнерлiк (көбiне бiрiншi сигналдық жүйеге негiзделген); ой-саналық (көбiне екiншi сигналдық  жүйеге  негiзделген);  аралас  (екi  жүйе  де  бiрдей  қатысқан).  Осыдан, "суреткерлер" - объектi тұтас бейнелеуге бейiм, "ойшылдар" - талдаумен, элементтерге ажырата тануға шебер, ал"аралас" қабiлеттер қалыпты дамыған адамдардың бəрiне тəн құбылыс.

Информация о работе Адам қабілеттерінің табиғаты. Қабілет және әрекет. Дарын, оның шығу тегі және құрылымы