Қабылдаудың тұрақтылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2015 в 16:23, реферат

Краткое описание

Біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері , түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

БИЛЕТ ПСИХОЛГИЯ.docx

— 35.79 Кб (Скачать документ)

Жүйке жүйесінің жұмысқа қабілеттілігі артады. Бірінші жартыжылдықта балалар 3-4 сағатқа белсенді сергейді, екінші жартыжылдықта – 4-5 сағатқа.

Балалардың психикалық және дене дамуының қарқыны өмірдің бірінші жылына қарағанда,екінші жылда өте қарқынды.

1 жылдан бастап – 1 жыл 2 айда бала өз еркімен қасықпен  тамақтануды үйренуі қажет. 2 жылда  ол өз еркімен тамақтану машықтарын  жақсы меңгере алуы қажет. 1 жылда  балаға өз еркімен киініп, шешінуді, керек киімді тауып әкелуді және т.б.  үйрету қажет.   1 жыл 9 айда бала үлкендердің аздап көмектесуімен жартылай шешінуді білуі қажет (колготки, бәтеңке, құлақшын шешуді). 2 жылда ол ересектердің көмегінсіз өз киімінің жартысын киіне алуы қажет.

Өмірдің екінші жылында балаларды тәрбиелеу процесінде сергектену процесіндегі олардың әрекеттену маңызына үлкен назар аудару қажет. 

Оқыту процесінде балаларды дамыту. Балалардың назары үйренген және өз еркімен орындай алатын – құрылыс материалдарына, көпшілік дидактикалық ойыншықтр – пирамида, матрешка, салынбалы кубик және т.б. ойыншықтар мен материалдарға түседі.

Әрекет  ету балалармен үлкендердің қарым-қатынасын орнатуға көмектеседі. Әрекет етуді  меңгеру процесінде балалар сенсорлы дамиды, мәні мен құрамын қабылдау жетіледі  (нысаны, түсі, көлемі, кеңістіктегі орны). Бала тәрбиешінің тапсырмасын басында үлгі бойынша, кейін өз еркімен орындайды (2-3 түсті шарлардан белгілі түсті таңдау және т.б.).

Сенсорлы тәрбиелеу тапсырмаларды шешуде, түсі, формасы бойынша ойыншықтарды, құралдар мен материалдарды таңдауда маңызды рөл атқарады.

Бір белгілері бойынша қарама-қарсы, бірақ басқаша жағынан ұқсас (мысалға, бір түсті, бірақ көлемі әртүрлішарлар) заттарды таңдауы тиіс.  Сюжетті ойындр үшін қуыршақтар және көлемі орташа бейнелі ойыншықтар, ірі ыдыс-ақ жиынытығы, қуыршақ жиһазының кейбір заттары  (үстел, орындық, керует) қажет. Балалар ірі және мықты ойыншық жиһаздарға өздері отырып алады.

Жинақтама ойыншықтарды дұрыс орналастыру: қуыршақтың жанына көрпе қою және үстелге ыдыстарды жинап қою және т.б. Бұл балаға ойын ойнауда бір емес, бірнеше заттарды қолдануға көмектеседі, яғни ойынды қиындатады.

2 жылдың соңында балалардың  әрекетінде сюжетті ойындардың  элементтері байқалады. Ойында ойыншықты  ғана емес, орнын ауыстыратын  нақты заттарды қолдана бастайды. Балалардажүйке-психикасы дұрыс  дамыған кезде бір-бірімен қарым-қатынас  жасау талабы қалыптасады. Қарым-қатынас  жасау элементтері ең алдымен, балалар әрекетке түскенде пайда  болады (теңдесін қайталау, онымен  ойнау – допты тебу).

Алайда балалардың арасында төбелесу жиі туындайды, себебі балалар сөйлей алмағандықтан, өз талаптарын түсіндіре алмайды. Теңдесінің  ойыншығы төбелесудің себебі болуы да мүмкін. Балаларды сүйіспеншілікке, нәзіктікке үйрету керек: басынан сипау, балаға аяушылық таныту.

Өмірдің 2 жылында балаларда қозғалыстың басты түрі жүру болып табылады.  Бала одан үлкен қажеттілікті сезінеді, сондықтан да ол балаға бағдарлай алу мүмкіндігін береді. Төңірегіндегілерді кеңінен бағдарлай алудағы баланың белсенді қозғалысы психикалық іс-әрекеттің дамуынасебепші болады (сезіну, қабылдау, көрнекі-әсерлі ойлау). Бұған қоса, баланың жүруі аса автоматтандырылып, қолдың белсенді әрекетіне алғышарт жасайды. Ол тепе-теңдікті жоғалтып, құлап қалудан, қолға заттарды алып, әкетіп жүруден қорықпайды. 

Бос кеңістікті қамтамасыз ете отырып, балада қимыл белсеңділігінің әртүрлі түрлерін қалыптастыру үшін арнайы құрал-жабдықтады алу қажет (баспалдағымен төбешік, ылди алаңы және т.б.).

Аяқ пен қол қимылының үйлесімділігін дамыту үшін балалар қолда таси алатын (ірі жұмсақ ойыншықтар, қуыршақтар, себеттер), тесмамен сүйрейтін (машина), алдынан итеріп сүйрейтін (сырғанау) ойыншықтар жиынтығы болуы керек

Қимыл белсендігін реттеу – бала дене дамуының маңызды жағдайы.

Қимыл ойындарын міндетті жүргізу керек. Қимыл ойындары кезінде балалармен сезінген қуану, таңқалу сезімдеріқимылды жақсы меңгеруге себептеседі. Баланың жалпы дамуындағы маңызды бағалылық әнмен сүйемелденген қимыл ойындарын, ән ырғағында орындалтын қимылды, қимыл үйлесімділігін, ырғағын тәрбиелеуге көмектеседі. Гимастикамен айналысу белсенді қимылды қалыптастыруда маңыды рөл атқарады.

Өмірдің  2 жылында белсені сөйлейді.

1-ші жартыжылдықта сөзді  түсіну аса қарқынды дамыса, ал                                     2-ші жартыжылдықта белсенді сөйледі.  Сөзді түсіну тез дамиды. Зат  және әрекет сөздерін бірнеше  рет айтудан кейін, оны бала  қалай есте сақтағанын байқау  жеткілікті.

Өмірдің  2 жылында балалардақарым-қатынас қабілеті қалыптасады. Бұл заттар мен құбылыстардағы жалпы ойдағы бөлінісі, бұған негізделген олардың ой бірлестігі.Басында балалар заттарды сыртқы айқын белгілері бойынша жалпылайды: кез келген жұмсақ, үлпілдек ойыншықтарды мысық деп атайды.

Балаларда заттар мен ойыншықтардың айырмашылығын жаттықтыруда

- ең алдымен таныстар  арасында  үлкендермен айтылатын  затты тануды үйрету керек;

- сосын бөгде адамдар  арасында;

- бір белгісі бойынша  жақын (көлемі, түсі);

- көп белгісі бойынша  ұқсастар арасында (бір түсті, бір  көлемді қоңыз және тасбақа).

Түсі, формасы, ұзындығы, материалы бойынша ерекшеленетін біркелкі ойыншықтардың топта бар болуы қарым-қатыныс қызметтерін дамытуға көмектеседі. 

Баламен сөйлескен кезде үлкендер заттардың сипатты белгілерін көрсетуі керек (құстар ұшады, доп сырғанайды және т.б.).

Өмірдің  2 жылында жеке сөздерінің дамуы баяу болады..

1 жыл 6 айында сөздік қорында  барлығы 20-30 сөзғана болады.

Балалардыың сөзі үлкендердің сөзіне ұқсамайды, оны автономды деп атайды. Бұл айтылыс жетілмеуінен туындаған жеңілдетілген сөздер  (би-би, сү (сүт)).

Жеке сөздердің пайда болуынан қарым-қатынас мүмкіндігі артып, бұл сөздік қорын кеңейтеді. 2 жылда 300 сөзге дейін жетеді. Өмірдің  2 жылының аяғында балалар 3-4 сөзден тұратын сөйлем құра бастайды.

Баланың белсенді сөзі үлкендермен қарым-қатынаста қажеттілік туындағанда дамиды. Баланың ыммен, ишарамен көрсетілген өтінішін қанағаттандырмау керек.  Алайда оның мүмкіндігін есепке алу қажет

 


Информация о работе Қабылдаудың тұрақтылығы