Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2015 в 16:23, реферат
Краткое описание
Біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері , түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.
ҚАБЫЛДАУ - сыртқы
дүниенің сезім
мүшелеріне әсерінен туған заттың тұтас бейнесі.[1]
Физиологиялық негізі
Қабылдаудың физиологиялық
негізіне мидың аналитикалы және синтетикалы
қызметі жатады. Өйткені сырттан әсер
еткен тітіркендіргіштерге анализ жасамасақ,
оның ерекшеліктерін толық анықтай аламыз.
Толық анықтау үшін анализденген затты
синтездеу керек. Қабылдау процессінде
бірнеше анализатор қызмет етеді. Кез
келген жаңа затты қабылдау бұрыннан бар
тәжірибеге және білім негізінде жүзеге
асады. Сондықтан қабылдау процессінде
бұрын қалыптасқан уақытша байланыстың
кейбіреулері жанданып отырады. Қабылдағанда
адам миындағы болып жатқан процесстерді
физиологиялық негіз деп атайды. Қабылдаудың
түрлері түйсіктің түрлеріне ұқсас болып
келеді.
Ерекшеліктері
1. Қабылдаудың тұтастығы.
Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден,
бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей
тұтас қабылдаймыз.
2. Қабылдаудың тұрақтылығы. Біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері , түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.
3. Қабылдаудың таңдамалылығы. Бізге қабылдау кезінде бірнеше заттар немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат қабылданғанның объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны деп аталады
4. Аперцепция. Қабылдаудың тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің нәтижесіне және мамандыққа тәуелді болуын аперцепция деп атаймыз. Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты және уақытша.
Тұрақты түрі - адамның дүниеге көзқарасын,
мамандығына, іс-әрекетіне және табандылық
көрсетуіне байланысты.
Уақытша түрі – адамның қабылдау кезіндегі
көңіл-күйіне және психикалық қалпына
тәуелді болады. Аперцепция жеке адамның
қабылдауына белсенділік сипат береді.
Қабылдау кезінде кейде қате қабылдауларда
кездеседі. Мұны психологияда элюзия деп
атайды. Элюзияның ішінен көру элюзиялары
көбірек, жиі кездеседі. Көру элюзиясы
деп – заттардың алыстығын , түрін, көлемін
қате қабылдау.
Кеңістікті және
уақытты қабылдау
Біз дүниедегі заттар мен құбылыстарды
белгілі бір уақытта және кеңістікте қабылдаймыз.
Уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан нәрсе
болмайды.Кеңістікте қабылдау деп – дүниедегі
заттар мен құбылыстардың белгілі бір
орнын, мөлшерін, көлемін, алыс-жақындығын
санамызда бейнелеуін айтамыз. Кеңістіктегі
заттарды қабылдау адам көзінен олардың
қаншалықты қашық немесе жақын екендігіне
байланысты. Қашықта тұрған затқа адам
көз қысып қарайды, бұны көздің конвергенциясы
деп атайды. Егер зат жақын болса, онда
адам көз қабағын ашып қарайды, бұны көздің
дивергенциясы деп атайды. Кеңістіктегі
қабылдауда, оның қашықтықты бағалауда
иіс және есту түйсіктері үлкен роль атқарады.
Уақытша қабылдау]
Уақыт дегеніміз – дүниедегі
заттардың өзгеріп, бір қалыптан, екінші
қалыпқа көшіп, ескі заттардың өшіп жаңа
заттардың оның орнын басып отыратынын
айтамыз. Уақыттың кеңістік сияқты шегі
болмайды. Уақыт - өткен шақ, осы шақ, келкр
шақтарға байланысты. Уақытқа байланысты
түрлі сөздерді қолданамыз: кеше, бүгін,
ертең. Адамдардың адамды қабылдауы адам
өмірінде үлкен роль атқарады. Адамның
бет әлпетіне сүйене отырып оның қоршаған
ортаға, оқиғаға қатынасы қандай екендігін
айтуға болады.
Байқағыштық — адамның қандай да бір нысанаға назарын
аудара білуі, құбылыстар мен заттардың
елеулі, өзіне тән, сонымен бірге аса елеулі
емес қасиеттерін байқай білу және қабылдау.[1] Адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Ол көп аңғарылмайтын,
мән берілмейтін нәрселерге ерекше зейін қою түрінде көрініс береді.
Оған ие болу жіті көру мен қалтқысыз естуді,
бір зат пен екінші заттың байланысын
аңғара білуді қажет етеді. Байқағыштық қасиет адамның өмір сүрген ортасына, алған тәлім-тәрбиесіне, мамандығына, айналысқан кәсібіне
де байланысты. Мысалы, аңшылықты кәсіп еткен адамдар басқаларға
қарағанда аң-құстың ізіне қарап, оның
түрін, дене бітімін, т.б. қасиеттерін жақсы
ажыратады. Байқағыштық — өмірдің әр саласы
үшін өте қажет. Ол, әсіресе, ғылыми жұмыста, ақын-жазушының өмірінде, әскери және мұғалімдік
қызметте ерекше орын алады.
Aдамның жақсы қасиеттерінің бірі. Байқағыштық кез келген
уақытта көзге ілінбейтін, ілінсе де оған
көбінесе мән берілмейтін нәрселерге ерекше зейін қоюшылық.. Мұндай сөздерді
осы нәрсені өте жетік білетін адам ғана
айта алады. Байқағыштық жаңа фактілерді білуге құмарлықты, олардың
егжей-тегжейін білуді, адамның әрдайым
қабылдауға даярлығын тілейді.
Сонымен қатар жіті көру мен
қалтқысыз естуді, бір зат пен екінші заттың байланысын
аңғара білуді қажет етеді. Байқағыштық қасиет – адамның өмір сүрген ортасына,
алған тәлім-тәрбиесіне, мамандығына, айналысқан кәсібіне байланысты.
Осы айтылғанды да көптеген фактілер дәлелдейді . Байқағыштық –
өмірдің әр саласы үшін өте қажетті қасиет.
Байқағыштық әсіресе ғылыми жұмыста, мұғалімдік
қызметте, ақын-жазушының өмірінде ерекше
орын алады. Қабылдаудың кейбір түрлері (көру,
есту, қозғалыс, сипай сезу) түйсіктердің түрлеріне
қарағанда күрделі болады. Демек, қабылдауда
бірнеше анализаторлар бірлесіп жұмыс
істейді. Мәселен, қозғалыс анализаторының
қабылдаудың барлық түрінде де кездесетіндігі
біздің осы айтқанымызға дәлел бола алады.
Педагогикалық психология - жалпы, жас ерекшелік, әлеуметтік
психология, тұлға психологиясы, теоретикалық
және практикалық педагогикаға негізделінген
білімнің пәнаралық дербес саласы болып
табылады. Оның өзінің жеке пайда болу
және даму тарихы бар, оны талдау бізге
оның зерттеу пәнінің мәні мен ерекшелігін
түсінуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық психология - жалпы, жас
ерекшелік, әлеуметтік психология, тұлға
психологиясы, теоретикалық және практикалық
педагогикаға негізделінген білімнің
пәнаралық дербес саласы болып табылады.
Оның өзінің жеке пайда болу және даму
тарихы бар, оны талдау бізге оның зерттеу
пәнінің мәні мен ерекшелігін түсінуге
мүмкіндік береді.
Педагогикалық
психологияның міндеттері
Жалпы, педагогикалық психология оқу-тәрбие
беру қызметінің, білім беру процесінің
әртүрлі жағдайларында адамның интеллектуалдық
және тұлғалық дамуының психологиялық
ерекшеліктері мен заңдылықтарын жүйелеп
баяндап, зерттейді. Педагогикалық психологияның
нақты міндеттеріне:
оқушының интеллектуалдық және тұлғалық
дамуына оқытушылық және тәрбие берушілік әсердің механизмдері мен
заңдылықтарын ашу;
оқушының әлеуметтік мәдени тәжірибені
меңгеру механизмдері мен заңдылықтарын
анықтау, оның оқушының жеке санасында
сақталынуы (нығаюы) және әртүрлі жағдайларда
пайдалануы;
оқушының интеллектуалдық және тұлғалық
даму деңгейі мен оқытушылық және тәрбие
берушілік ықпалдың (еңбектестік, оқытудың
белсенді формалары және т.б.) формалары
мен әдістері арасындағы байланысты анықтау;
оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру
мен басқару ерекшеліктерін және осы процестердің
интеллектуалдық, тұлғалық даму мен оқу-танымдық
белсенділікке әсерін анықтау;
педагог қызметінің психологиялық негіздерін,
оның жеке-психологиялық және кәсіби сапасын
зерттеу;
дамыта оқытудың, атап айтқанда, ғылыми,
теоретикалық ойлаудың механизмдері
мен заңдылықтарын анықтау.
Балалық шақ кезеңінің
ерекшелігі.
Балалық шақ кезеңінің (1-3 жас)
бір қатар сапалы, физиологиялық және
психикалық ерекшеліктері бар, ол тәрбиелеудің
әдістері мен маңызын анықтайдыжәне осы
жастағы балалар үшін арнайы жағдайларды
жасауды талап етеді.
Балалық шақтың ерекшелігі:
1) Дене және психикалық
дамудың қарқындылығы. Бала өмірдің
бірінші кезеңінде өз салмағын еселейді,бойы
орташа 25 см. өседі, кейінгі 2 жылда
салмағы мен бойының өсу қарқыны қысқарады:
екінші жылда ол 11см өсіп, салмағы 2,5-3
кг артады; үшінші жылда бойы 8см, салмағы-
1,5-2 кг артады.
11-12 айда бала өз еркімен
жүре бастайды, 6-10 сөз айтады,
2 жасында – 200 - 300 сөз, 3 жасында 1200-1500
сөзге дейін. Бала қарапайым мінез-құлық
ережесінмеңгеріп, оның құштарлығы,
дағдысы,талғамы қалыптасады.
2) Бала организмі қамкөңілдігінің
артуы, органдар мен жүйенің жеткіліксіз
морфологиялық жетілуі. Дамудың тез
қарқыны, қолайсыз фон күйінде болады
– организм дамымаған кезде, бұл оның
ренжігіштігін арттырады. Көп жағдайда
балалар ішкі органдар іс-әрекетінің жетілмеушілігіне
шалдығады. Бұған қоса, олар тез шаршайды,
бір әрекеттен басқа әрекетке ауысуы қиын,
жоғары қозғыштықтарымен ерекшеленеді.
3) Дене және психикалық
дамудың өзара байланысы. Бұл кез келген
жасқа тән жалпы заңдылық, бірақ балалық
шақта ол ерекше айқын, байқалады, себебі
бұл кезде организмнің барлық іс-әрекеті
қалыптасады. Өмірдің бірінші жылында
баланың ақылы мен адамгершілігінің дамуы
оның дене жағдайы мен көңіл күйіне тәуелді.
Жүйке процестері салмақтылығының жеткіліксіздігіне,
оның құбылмалылығына балалар арасындағы
жанжал мен еркелік себеп болады. Денсаулықтың
нашарлауы төңірегіндегілердің қатынасына
әсер етеді: әсерге алғырлығы төмендейді,
бағдарлау реакциясы мұқалады, балалар
бастапқы білгенін, сөйлеу және қозғалу
икемін ұмытады. Бұл ерекшіліктерді білу
балалардың денсаулығына мұқият қарауды,
олардың жүйке жүйесін сақтауды талап
етеді.
4) Сыртқа әсер қажеттілігі
бірінші 3 айда байқалады. Оны қанағаттандыруда
балада жағымды сезінуді, барлық төңірегіндегілерге
қызығушылық тудырады. Бала ересектермен
ұйымдастырылған және бағытталған әсерді
неғұрлым көп алса, ол соншама оған мұқтаж.
Ересектердің әсер етуінен осылай оның
белсенділігі қалыптасады. Қозғалыс белсенділігі
дене және ақыл-ой дамуын сәйкестендіреді.
Қозғалыс жетіспеушілігі, тапшылық және
төңірегіндегілердің бірсарынды әсер
етуі психикалық дамудың тез төмендеуіне
әкеледі.
5) Жоғары жүйке іс-әрекетінің
ерекшелігі – жүйке жүйесінің төзімділік
және функционалдық жетілуінің жетіспеушілігі,
ми қабығы жүйке клеткаларының жұмысқа
қабілеттілігінің баяу дамуы және т.б.
Жүйке процестерінің жетіспеушілігі
(тежелу қалпы басымдылығы) балалар мінез-құлқының
ерекшелігінде байқалады: олар тез қозады,
көп қозғалады, күтуге қабілетсіз. Жүйке
процестері қозғалғыштығының жетіспеушілігі
ұйқыдан сергектенуге және сергектенуден
ұйқыға, мерзімі ұзартылған реакциядан
іске немесе басқа да жағдайларға ауысу
қиындығынан туындайды.
Ми дамуы сыртқы ықпалдың, тәрбиенің
әсеріненоның қарқынды қарекетін қамтамасыз
етеді. Егер сыртқы әсер болмағанда немесе
ол жетіспегенде орталық жүйке жүйесінің
дамуы тежеледі. Н.М. Щеловановпен жоғарылатылған
бұл ереже, кеңес үкіметі кезінде балабақша
мекемелерінде орын алған психикалық
госпитализмнің себебін ашу мүмкіндігін
берді.
Госпитализм жабық түрдегі балабақша мекемелерінде
тәрбиелетін балалардың дене және психикалық
дамуын тежейтін теріс әрекеттер жиынтығын
анықтайды. Балалар мінезінің және дұрыс
даму барысының өзгеруі балабақша мекемелерінде
балалардың өмірін дұрыс ұйымдастырмау,
тәрбие рөлін (медико-гигиеналық күтімді
және қозғалысты шектеу) дұрыс бағаламау
нәтижесінде болады.
Өмірдің бірінші жылында
балалардың бастапқы білуі.
Әрбір жас ерекшілік кезінде
даму жетістігін анықтайтын, сол және
басқа жас кезеңде ғана емес, келесі
дамуға қолайлы негіз болатын маңызды
бастапқы білу байқалады.
Өмірдің бірінші жылында
балалардың бастапқы білуі:
1) Бірінші 3 айда көру, есту және эмоционалды
реакция дамуы жүзеге асырылады.Баланың
көру зейіні 8-14 күнде туындайды. Басында
заттың қозғалған ой өрісіне. 1 айдың
соңы –2 айдың басында ол қозғалмайтын
заттарға, онымен сөйлесіп отырған адамның
бетіне зейін қояды. 2-2,5 айында бала
ілулі тұрған ойыншыққа ұзақ қарайды және
төңірегіндегілердің қозғалысын бақылайды.
Дыбысқа құлқ түру 9-10 күнде байқалады.
1 айында өте ұзақ құлақ түреді. 3 айында
бала жалпы ортадан қабылданған ашулы
үнді айыра бастайды. 3 айдың соңында
баладыбысты ойышықтар мен сөйлеген ересектердің
дыбыс көзін іздей бастайды. Осылай, көру
және есту анализаторларының арасында
байланыс туындайды.
2,5 айдан бастап 5-6 айға
шейін көру және есту қабылдауы
жетіледі, дауыс реакциясы мен
қолдың ұстап алу қозғалысы
дамиды.
2) 5-6 аптада үлкендерге
жауап ретінде бірінші күлімсіреу
байқалады. Сондықтан да жымию
әлеуметтік реакция болып саналады.
3) 2,5-3 айында «жандану кешені»
(Н.М. Щеловановтың термині) байқалады.
Баланың эмоционалды көрінуіне рекцияның
бірнеше түрі кіреді: эмоционалды (жымию),
дауыс (былдырлау), қозғалыс (қол, қозғалысы).
4) Алғашқы 3 айдабаланың ақылы
дамиды, одан жылдың соңында қозғалыс
қалыптасады: еңбектеу,жүру. 3-5 аптада
ішімен жатып, басын көтеріп, ұстап
тұруға талпынады. 2,5-3 айында
бірнеше минут ішімен жатып, басын
жоғары көтереді.
5) Дауыс реакциясының тууы.
2-4 айында «былдырлау» туындайды.
4-6 айында –гуілдейді, 6 айында
- былдырлайды.
Екінші жартыжылдықта дауыс
реакцисы жетіледі: балалардакейбір дыбыстарды
қайталап сөйлеу талпынысы пайда болады.
Бірінші жылдың аяғында алғашқы ойланып
айтылған сөздер шыға бастайды.
6) Негізгі қозғалыстардың
дамуы: еңбектеу -7 айында, отыра білу
– 8 айында, өз еркімен тұру– 11 айында,
өз еркімен жүру – 12 айында.
Сәби жастағы балалар үшін тәртіпті
құру қағидасы:
1) жұмысқа қабілеттілік
шегіне сәйкес сергіту ұзақтығын
қамтамасыз ету;
2) күндізгі және түнгі
ұйықтату санын қажетінше қамтамасыз
ету;
3) емізу арасында белгіленген,
тиісті жас аралығын сақтау;
4) ұйықтату, емізу, сергітудің
тиімді алмасуын қамтамасыз ету.
Бала ұйықтап тұрғаннан кейін,
сергітудің алдында тамақтанған кезі
аса тиімді саналады.
Өмірдің екінші жылында
балаларды дамыту және тәрбиелеу.
Өмірдің екінші жылында келесі
қасиеттермен сипатталады: бала сөйлеп,
жүре бастайды, сөзі қарым қатынас құралы
болады;