Қабылдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 10:41, реферат

Краткое описание

Психикалық тіршілікте ассоциация заңына негізделген басты түсініктердің бәрі ес процесіне қатысты және естің кызметіне тіректелген. Осындай түсініктерге тірекгелген қабылдауды да ассоциация психологиясындағы түйсікгердің жиынтығы деп санайды. Ес процесі де ассоциация байланыстарына сүйене отырып жекелеген елестер мен еске түсірулер белгілі жүйелі ізбен жасалып отырады дейтін пайымдау жасалады. Міне осындай жәйттердің байланысты болуына қабылдау да жатады деген түсінік қалыптасты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Психология реф2гот.docx

— 42.79 Кб (Скачать документ)

Г.Гельмгольц осы мәселенің тоқырап қапуына өкініш білдіріп, қабылдау процесін бақылау негізгі әдіс емес, оның дамуына орай пайда болған көзқарас деген-ді. Қабылдау процесінің өзге де қасиеттері жайында Гельмголыцтік өзіндік пікірлері мен идеялары болды. Алайда оның зерттеулеріңде қабылдауды тікелей бақылау нәтижесі деп санауы шындыққа сай келе бермейтін жағдай еді. Өйткені қабылдау бастапқы порцесс емес, ол пси-хикалык дамудың жемісі деп санау керек еді. Мұңдай шындыққа сай келетін кесімді пікірді Гельмгольц өз кезіңде ғылыми талапқа орай көтере алмады. Бұл бірінші.

Екінші, қабылдаудың тұрақтылық қасиеті оның ішкі құрылысының өзгеруі және өзіндік ішкі қасиеттерінің дамуы жеке процесс шенберінде тұйықталып қалмай, ол басқа да психикалық кызметтердің, жүйесімен байланысты түрде әрекеттесіп отыратындығын жете түсіну қажет еді.

Гельмгольцтің санасыз ой қорытындысына сілтеме жасауы бұл мәселені ұзақ жылдар бойы іздестіруге кедергі болған сәтсіз болажамы еді. Дегенмен қазіргі зерттеушілердің айтуынша көру қабылдауының пайда болуы күрделі тітіркендіргіштердің әсерімен жасалып, олар сонан соқ өзара бірігіп отырады дейд.і Мен сіздерге Гельмгольц жорамалына сәйкес қаламды көз алдымнан 5 есе қашықтатсам, онда ол 5 есе кішіреюі керек қой. Егер біздің көз алдымызда қалам болмай, оның әсер еткен бейнесін көрсетіп,. заттардың өзін алып кетсе, бейнесі түскен экранды бізден 5 есе қашықтатса, онда Эмарттың заңы бойынша қаламның бейнесі 5 есе ұлғайған болар еді. Бірақ экранды көз алдымыздан әрі қарай жылжытып әкеткенде заттың шамасы өзгермеуі тиіс. Демек, мен бұл орайда затты қабылдау мен оның адамның көз қабы торына түскен бейнесі біріне-бірі тең болуға тиісті еді демекпін. Бейне экраннан алыстаған сайын 5 есе үлғаюы керекті, ал зат 5 есе кішірейеді, бірақ бұл зат бірізділік бейнемен ұласуға тиісті, соған орай тітіркенудін өзгеріссіз пайда болатындығы айқын нәрсе.

Бейнелерді тұрақтандыру ниетімен жүргізілген батыл тәжірибелер затгар мен олардың қашықтығы арасындани қатынас Эмарт заңына қайшы кері пропорциялы болатындығын көрсетеді. Егер бұл жорамал акикат болса, оңда заттарды біздерден неғүрлым ашықтатқан сайын олардың кішірейіп көрінуін. түсіндіру қиын болар еді. Сондыктан мұндай тәжірибені үйлесімді етіп жүргізу үшін мынадай тәсіл қолданған тиімді болар еді. Заттар біздің көз алдымыздан өте тез шапшаңдықпен қозғалып, әкетілуі керек. Сонда біздер көз алдымыздан әкетілген заттардың өзгеріп кішірею шамасын аңғармай қалар едік. Қабылдаудың биологаялық тұрғыдан тұрақтылығы мен өзгергіштігінің зияны бірдей деуге болады. Егер дүниедегі заттар үнемі өзгеріп тұратын болса, онда біз өмір сүрген ортаға бейімделе алмай, алыс-жақынды ажырата алмас едік. Марбург мектебінің зерттеушілері мұңдай тәжірибелерді одан әрі іздестіре отырып, қабылдау бейнелерінің өзгеріштігі эйдетикалык (айқындық) сипатга болады деді. Эйдетикалық бейне Эмарт заңына бағын-байды. Өйткені заттар көзден қашықтаған сайьш шамасынын кішіреюі бірден өзгермей, баяулап барып өзгереді.

Осы әдіспен жүргізілген тәжірибелер (нәрселердің түсінің өзгеріп қабылдауы мен эйдетикалық бейнемен қабысуы) шындықты дұрыс бейнелей алатындығын көрсетті. Осы зерттеудегі шындықтан ауытқу 1/10 бөлікке тең болса, ал теориялык есептеу мен нақты тәжірибе арасындағы алшақтық 1/5 бөліктей болып шықты.

Бұл мәселені жүйелеп теориялык жағынан қорытындылаудын мынадай өзара ұштасты екі түрлі мәселенің мәніне тоқталып өтуді қажет деп санаймын.

Оның бірі – мағыналы қабылдау. Бұл ерекшелік бір-қалыпты дамып, ой-өрісі жетілген адамға тән қасиет.

Қабылдаудағы тағы бір ерекшелік – ересек адамдардағы тұрақтылык пен мағыналық Мысалы, менің қолымдағы жазу дәптерім төрт бұрышты, ақ қағаздан жасалып, жазуға арналған. Ассоциация психологиясының түсінігінше де бұл жазу дәптерінің аты мен мәнін бейнелейді. Оның үстіне жазу дәптерін пай-даланушы өз пікірін қосып қабылданған заттың мәнін толық-тырады.

Г.Роршахтың тәжірибесін бірсыпыра зерттеушілер жал-ғастырып, оны соңғы кезде жас зерттеуші Э.Блейлер жүйеге келтіргенін сіздер білесіздер. Олардың тәжірибесі А.Бинеден бас-талатын сия тамшысының мағынасыз данын қабылдауға арналған. Бұл тәжірибеде қабылдаудын мағыналық ерекшелігіне мән берген Бине сияның қағазға түскен тамшысын бір бет қағазға түсіріп, оны ортасынан бүктеп екінші бетпен беттестіргенде дақтан белгілер пайда болған. Осы бейнелерді оқушыларға көрсеткенде олар мұны сия тамшысы демей, бірі иттің, екіншісі сиырдың үшіншілері аспандағы бұлттың бейнелері деп қабылдаған. Өйткені балалар бұрын-соңды сия тамшысынан пайда болған мағынасыз бейнелерді көріп, оларды талдамаған.

Мен қазір алдымда жатқан бірнеше заттардың жеке белгілері мен сипаттарын көріп отырмын. Олардың ішінен бір заттың мән-жайын барлап, оны айқынырақ қабылдаймын. Мен шамды, үстелді, адамдарды көріп отырмын. Міне, осындай жәйттердің бәрі, Бюлердің айтуынша, қабылдау адамның көрнекі ойлауының бір бөлігі. Осы көріп отырған заттардың бәрі бір мезгілде әсер ететін болса, бұл қабылдаудың көлемін құрайды. Осы бағытты ұстанған бірсыпыра зерттеушілердің пікірінше адамның ойлау Үстінде қабылдауында алдану (иллюзия) пайда болады дейді. Ойдың құбылмалы болу салдарынан қабылданған нәрселердің бейнесі бүрмаланады. Бұл – аддану.

Тағы бір мысал ретінде ІПарпантье алдануын қарастырайық. Біз цилиндр формасындағы затты қолымызға алып салмақтап көреміз. Формасы кіші цилиңдрдің салмағы ауырлау болып қабылданады. Өйткені кіші цилиндрдің массасы біздің, түйсінуімізше тығыз. Біз сол заттардың көлемі мен салмағы жайында мағыналы қабылдаудан әлі арыла қойған жоқпыз. Сондықтан біздер заттардың сыртқы түріне қарап алдану пайда болып, тікелей қабылдауымызда қателесеміз. Ересек адамдар осы цилиндрлердін. салмағын анықтау үшін екі көзін жұмып колына алып көрсе екеуінін де салмашнъщ бірдей екенін анықтай алады, Мұндай тәжірибені соқыр адамдарға жасатқанда олар цилиндрлерді көре алмаса да сипап біліп, келемі кіші цилиндрді салмақтырақ дейді. Сонымен мағыналық қабылдауда цилиндрлердің көлемін салыстыру нәтижесінде тікелей түйсіну арқьшы алдану пайда болады.

 

Баладағы дүниені қабылдау ерекшеліктері мен дамуы


Қабылдаудағы алдану туралы теориялык қорытынды жасау үшін тағы да бірнеше тәжірибе нәтижелерін келтірейік. Мылқау балалармен жүргізілген тәжірибеде олар көздері көрсе де Шарпантье алдануьша берілмеген, Одан әрі қарай жүргізілген зерттеулер алданудың бұл түрінің диагаостиқалык маңызы бола-тындығын байқатқан. Бұл – Демор симптомы деп аталған. Оның мәні ақыл-ойы мешеу қалған балалардың қабылдауы мағынасыз болғандықтан кіші цилиндрді салмақты деп қабылдамаған. 9-10 жастағы балалармен жұмыс істегенде олардың акьш-ой кемістігінің дәрежесін анықтау ииетімен Демор симптомын қолдану маңызды өлшем болып саналады. Демор тәжірибелерін тексеріп көру үшін Э.Клапаред мынадай пікір айтады: бала қабылдауын дамытуда алданулар тамаша симп-томдык қызмет атқарады дейді. Бұдан былайш зерттеунәтижелері көрсеткендей иіркалыпты дамыған 5 жасқа дейінгі балалар Шарпантье алдануьша берілмейді.

Шарпантье тәжірибелері баланың жас даму ерекшелікгеріне орай өзгергді. Ақыл-ойы мешеулеп қалған балаларда ондай алдану болмайтындығын байқадық. Мұндай алдану мылқау балалардың көпшілігінде кездеспейді. Демордың өз пікірінше бұлл тәжірибе ақыл-ой кемістігінін дәрежесін анықтауда диагаостикалық өлшем бола алады.

Бұл тәжірибенің неге келіп тірелетінін қысқаша анықтау үшін мен жоғарыда баяндалғандай қабылдаудың дамуына қатысты екі түрлі жәйттің мән-жайына тоқталдым.

Жүргізілген тәжірибелер бір жағынан қабылдаудың мағыналығы ересек адамдарға тән қасиет екенін көрсетсе, ал мұндай қаснет балаларда байқалмайды. Қабылдаудың мағаналығы адамда жүре пайда болатын психикалық дамудың жемісі. Екінші жағынан алғанда бұл тәжірибеде айқындалған нәрсе – қабылдаудың тқрақтылық қасиеті эйдетизм құбылысы-мен байланысты болуы. Бұл орайда көрнекі ойлаудың қабылдаумен бірігіп кететіндігі. Көрнекі ойлау мен қабылдаудың өзара айырмашылықтарын арнайы тәжірибе арқылы ғана айыруға болады.

Үшінші мәселе – қабылдаудың мағыналығы өзіндік тиянағы бар мәселе. Бұл мәселені зерттеу әуел бастан-ақ белгілі болып, суреттерді қабылдау тәжірибесімен анықталған-ды. Бұл жәйт балалардың мағаналы қабылдауының сырын ашты. Балалардың жас даму ерекшелігіне ыңғайланып жүргізілген мың сан тәжірибелер статистикалық әдістер арқылы қорытылады. Осы тәжірибелерге балалардың жасына қарай сан алуан сурет көріністерін түрлі мағынада қабылдау деңгейін көрсетті.

Балалардың қабылдау деңгейі түрліше болатындығын көптеген мамандар зерттеді. Солардың бірі белгілі психолог В.Штерн қабылдаудың дамуын әр қилы деңгейлерде топ-тастырады. Нақтылы зерттеу тәжірибелеріне қарағанда авторлардың басым көпшілігі балалардың – қабылдауы негізінен төрт түрлі сатыдан құралады дейді. Алғашқы сатысы – дара заттарды қабылдау, бұл заттың басқышы; екінші сатысы – заттармен жасалатын әрекет; үшінші сатысы – балалардың нәрселерінің белгі қасиеттері мен сапасын көрсетуі; төртіншісі – заттардың бөліктерін біріктіріп тұтас түрінде қабылдауы. Осындай тәжірибелерге сүйене отырып (Германиада Штерн, Рессейде П.П.Блонский), балалар қабылдауының дамуындағы мағыналық қасиетін анықтауды кездейді. Блонскийдің пікірінше бала картиналарды көріп қабылдап, нәрселердің жиынтығын байқайды, одан әрі оның кимыл-қозғалысы мен әрекетін көреді, ең соңында бұл суреттердің тұтастығын қабылдап, болмыстағы шындықты біледі. Блонский тәжірибелерінің шындығы шетел психологтары Штерн, Нейман, М.Роллоф, М.Мухова т.б. зерттеу қорытындыларымен айқындала түсті.

Бұдан 15 жыл бұрын бұл жайттар балалардың қабылдау заңдылығы деп саналған еді. Дегенмен, соңғы 15 жыл бойы із-дестірілген тәжірибелер мұндай заңдылықтарды тұбегейлі өзгертіп, олардың мазмұнын жойды.

Біз қабылдау процесінің әуел бастан біртұтас құрылым екенін білеміз. Осы орайда біздер қабылдау жайындағы ассоциациялы атомистік психологияның, құрылым психологаясының да анықтамаларын естен шығармауымыз керек. Егер бала дамуының кезендеріне сәйкес қабылдаған нәрселерінің мағынасын 10-12 жасқа келгенде ғана білетін болса, олардың даму мүмкіншіліктері кешеуілдеп қалмай ма? Мұндай сұрақ біздерді сезсіз толғантады. Біз ілгеріде тәжірибелік зертгеулер арқылы байқаған нәрселердің қимыл-қозғалысын, әрекеттерін қабылдау заттарды қабылдаудан әлдеқайда ерте пайда болған. Бұл пікірден мынандай зандылықтарды тәжірибе арқылы зерттеп, екі мәселені анықтауды қажет етеді. Бірінші, біздер балалар қабылдауының даму сатыларын қалай түсімдіреміз? Екінші, егер бұл зандылық қабылдау сатыларын дұрыс белгілей алмаса, онда балдырған кезенінен бастап сан алуан суреттерден нәрселердің қимыл-әрекеттері мен белгілерін қалайша ажырата алған?

Мұндай мәселелердің сырын ашып көрсету мақсатымен көптеген еддердің мамандары түрліше әдістерді қолдана отырыл зерттеулер жүргізген. Солардың арасында әсіресе Ж.Пиаже мен В.Элиасберг зерттеулерінің маңызы ерекше. Элиасберг зерттеулерінің маңызы ерекше. Элиасберг зертгеулері балдырған шақтағы баланың қабылдауы жеке нәрселерден құрылмай, ол ажыратылмаран байланыстардан тұрады дейді. Ал Пиаже зерттеулері бойынша балалардың қабылдауы біртұтас, заттар өзара топтасқан сипатта болады дейді.

Демек, Штерннің қабылдау жайындағы бастамасы дұрыс емес. Ал өзге зерттеушілердің айтуынша қабылдаудың сатылы түрісын көтере алмайды.

Енді анықтауды қажет ететін екі мәселе бар. Штерннің көзқарасын бекерлеу жеткіліксіз, өйткені мынандай жәйттің мәнін ашып көрсету керек еді: бала қабылдауының дамуы оған ұсынылған суреттерді түсіруден басталып, оның басқа нәрселерді қабылдауына қарсы қойылады. Мұны дөрекілеу екпінмен айтқанда анықталута тиісті мәселе – бала қабылдауы тұтастықтан бөліктерге қарай дамиды, ал картиналарды қабылдау жеке бөліктерінен тұтастыққа қарай дамымай ма? Штерн бұл фактіні қабылдау процесінің дамуына орай құрылым заңына сүйене отырып түсіндіруді көздеп, қабылдау тұтастықтан оның бөліктеріне қарай дамиды, ал шындық-тың біздер баяндаған реттік сипаты қабылдаудың мағынасын анық-тауға тән дейді, немесе қабылдаудың көрнекілік оймен бірігуі деп сипаттайды. Элиасберг тәжірибесі бойынша зерттеу нәрселерді мағынасыз тұрде бейнелеп, кейін ол мағыналық қасиеттермен ашастырылады, одан алынған нәтиже де сол сипатга қала береді. Элиасберг материалдар неғұрлым мағыналы болса, олар Штерн зерттеулеріне соғұрлым қарсы болатындығьш айтты.

Москвада өткен психотехниктердің конгресінде біздер Элиасберггің соңғы зерттеу нәтижелерің онын Штернмен пікір тартысын тыңдадық. Штерн дәйектері сәтсіз шықты. Тәжірибе қорытындылары аталған мәселені шешуге Штерннің пайым-дауымен салыстырғанда, әлдеқайда қарапайым және күрделі түрде щешімін табатынын көрсетті. Істің шындығы мынадай жәйттерді анықтады: қабылдау басқыштары (заттығы, сапасы, қатынасы) балалардың қабылдауын сипаттауда жарамсыз көз-қарас екеңдігін көрсетті. Мұндай пайымдаулар балалардың сөйлеу әрекетінің даму сатыларына лайықты екен.

Баланың сөйлеуі әдетте жеке сөздерді атаудан басталады. Бала сөйлеуінің бастапқы кезінде зат есімді білдіреді; одан әрі зат есімді етістікпен байланыстырып, оның сөйлеуінде екі мүшелі сөйлемдер пяйда болады. Үшіңші кезеңінде сын есімдерді қолданып, ең соңында өздері көрген бейнелерді ажыратып, сөздік қорын дамытады. Бала психикасындағы мұңдай кезендер қабылдау сатыларынан айрықша бала тілінің шығып, сөйлеу әрекетінің даму кезендері.

Бұл фактінің мәнін тәжірибе арқылы зерттеп, оны талдайтын болсақ біздерді одан да қызықты жәйттерге жетелейді. Бұл мәселенің мәніл біз арнайы зерттеген болатынбыз. Біз балаға сурет салынған бейнені ұсынып, осы суреттен көргенін айтып беруді талап ететін болсақ онда бала сөйлеуіндегі көптеген зерттеушілер анықтаған сатыларды айқын байқаймыз. Айталық, бала жасына лайықты оған өзі түсінетін картинканы көрсетіп, осы суретте көрсетілгендерге ұқсап ойнашы десек, ол суреттегі жеке кейіпкер болып ойнамайды. Бүл суретте аңды шынжырлап алып, оны жетектеп бара жатқан адам және оны қоршап алған балаларға ойын көрсетін жатқан сәті бейнелеген. Бала суретте бейнеленген кейіпкерлерді даралап ойнамай, ондағы қамтылған нәрселерді тұтас қамтып ойнайтьш болады. Бине зерттеулерінде қамтылған көпшілікке мәлім сурет (қарт кісі мен баланың қол арбамен жүк тасуы) Нейманның Штерннің, Мухованын осыған ұқсас мазмұңдағы зерттеулерімен салыстырып көргенде бала ойындарының мазмұны өзгеше сипатта болған.

Мен баяндалған мазмұңдардан қажетті қорытынды жасау үшін адамның қарапайым қабылдауына қатысты біршама жаңа зерттеулерді атап айтқым келеді.

Соңғы кезде эксперименттік психология иіс, дәм сияқты мә-селелердің мән-жайьш зерттеумен шұғылданады. Нәтижеде гене-тикалық тұрғыдан елеулі табыстарға жетті. Қабылдау мен көрнекі ойлау тікелей байланысты қарапайым сипаттағы қабылдау болмайтындықтан, біздер иіске қатысты қабылдау жайында ғылыми теориямен ұштасатын қорытынды жасай алмаймыз. Осы ретте балалардың алғашқы даму кезеңінде қызыл тұс туралы жалпы түсінігі болмайды, олар қызыл түстің нақты көріністерін ғана біледі. Сол сияқты, біздер иістің бәрін жалпылап түсіндіре алмаймыз, бірақ оны алғашқы қоғамдары адамдар сияқты нәрселердін жеке түр-түсін белгілейтіндей етіп қана анықтаймыз.

Информация о работе Қабылдау