Қабылдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 10:41, реферат

Краткое описание

Психикалық тіршілікте ассоциация заңына негізделген басты түсініктердің бәрі ес процесіне қатысты және естің кызметіне тіректелген. Осындай түсініктерге тірекгелген қабылдауды да ассоциация психологиясындағы түйсікгердің жиынтығы деп санайды. Ес процесі де ассоциация байланыстарына сүйене отырып жекелеген елестер мен еске түсірулер белгілі жүйелі ізбен жасалып отырады дейтін пайымдау жасалады. Міне осындай жәйттердің байланысты болуына қабылдау да жатады деген түсінік қалыптасты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Психология реф2гот.docx

— 42.79 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

 

Қарағанды «Болашақ» университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Реферат

 

Қабылдау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Ботагарина Г.Б.

                                             группа: зИН-2С-13

Тексерген: Дианова Р.Т

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2014ж

Қабылдау және оның балалық кездегі дамуы.

Сонғы 15-20 жыл ішінде казіргі психологияда қабылдау мәселесінің түбегейлі өзгерістерге ұшырағанын сіздер жақсы білесіздер.

Осы тақырып төңірегінде бұрынғы бағыт пен қазіргі тәжірибелік зерттеу арасында қызу талас-тартыстың болғанынан да хабардарсыздар. Психологиядағы эксперименттік зерттеулер қабылдау туралы ілімді құрылым (гештальт) психологиясы тұрғысынан іздеетіріп, бұрынғы ассо-циация психологиясында ірге тепкен дәстүрлі әдістерге қарсы қойылды. Қабылдауға қатысты тәжірибелік зерттеулер арқылы жинақталған материалдардың молдығы соншалық психояогияның өзге тақырыптарымен салыстырғанда, қабыдау толық іздестірілген мәселелер қатарына жатады.

Зертгеу нәтижелерінің мәнін сіздер жақсы түсінесіздер. Дегенмен мәселенің мазмұнын бір-екі сөзбен еетеріңізге түсірейін.

Қабылдау: теориялар, зерттеген ғалымдар


Психикалық тіршілікте ассоциация заңына негізделген басты түсініктердің бәрі ес процесіне қатысты және естің кызметіне тіректелген. Осындай түсініктерге тірекгелген қабылдауды да ассоциация психологиясындағы түйсікгердің жиынтығы деп санайды. Ес процесі де ассоциация байланыстарына сүйене отырып жекелеген елестер мен еске түсірулер белгілі жүйелі ізбен жасалып отырады дейтін пайымдау жасалады. Міне осындай жәйттердің байланысты болуына қабылдау да жатады деген түсінік қалыптасты.

Жекелеген бытыраңқы нүктелер мен бөлшектер тұтас дене, не көрнекті тұлға қалай пайда болады? – деген қисынды сұрақ туьш, сол нәрселер мен тұлғалар бейнесін біз қалайша танып білеміз, әлде қалай қабылдай аламыз? деген мәселенің мәнін түсіну керек болады. Мұнлай сұрақтар психолотиядағы ассоциация бағытына тән болатын.

Осындай сұрақтарға сәйкее қабылдау процесі де жекелеген нәрселердің бөлшектерінен өзара мөлшерлес шашыраңқы бөлшектерінің жинақталып көз кабығының торына әсер етуі арқылы көзбен көріп қабылдау процесін тудырады. Қабылдаудың бұл сипаты бойынша көз алдымызда тұрған нәрсенің бөлшектері көзге әсер етіп, олар мидың алаптарында қозу тудырады, өзара байланысып тұтасады да, орталық жүйке жүйесі арқылы бірігіп қабылдау процесін жасайды.

Қабылдау туралы ассоциация теориясының дәрменсіздігі бекерленіп, ол құрылым психологиясы тарапынан сыналады. Бұл бағыт – психикалық процестердің мәнін тәжірибе арқылы зерттеп, адам тіршілігіндегі психикалық кұбылыстардың бәрі де құрылымдық сипатта болады, нәрселерді көріп қабылдау тұтас түрде бейнеленеді. Сөйтіп дәстүрлі ассоциация психологиясының басты принциптеріне қарсы шықты. Құрылым психологиясын жақтаушылар қабылдаудың түйсіктен, елестен сапалы айыр-машылығы бар екенін және олардың жиынтығы емес екендігін көрсетті. Құрылым психологиясындағы мұңдай принцип пси-хикалық тіршшіктің өзге де процестеріне қатысы бар деген пікірді қолдап, бұл көзкарастың шындығын тәжірибеде зерттеу нәтижелерімен анықтады.

Осы орайда В.Келердің қолда өсірген тауыққа жасаған тәжірибесімен танысып көрейік. Тауық екі түрлі түсті нәрселердің қарапайым ассоциациялы қосындысы ретінде емес, олардың арасындағы айырмашылықты көрсететін жиекті тұтас түсірілген жарыққа лайықты қабылдаған. Түстердің шегі жарык беру арқылы өзгертілгенімен қабылдау жиегі бұрынғыша қалпын сақтап өзгермеген. Тәжірибенің бұл тәсілдері алдымен төменгі сатыдағы хайуанаттарға, одан кейін адам тектес маймылдарға, ақырында бұл тәжірибенің тәсілін өзгертіп балалардын қабылдау процесін анықтауға қолданған. Тәжірибе қорытындылары қабылдаудағы тұтастық сипаты оның бөліктерін өзгерткенмен бұрынғы қалпын сақтап қалған. Осы тәжірибе керісінше тұтастық құрылымды өзгертіп жүргізгенде де қабылдаудың пайда болуындағы тұтастық сақталатыны белгілі болған.

Енді осы бағытта Г.Фолькельттің өрмекшіге жасаған тәжірибесімен танысайық. Өрмекші ұясына шыбынды өзі ұшып келғендей етіп тастайды. Осы мезетте өрмекші шыбынды ұстап жеуге әрекеттеніп, оған ұмтылады. Ал сондай шыбынды бөлшектеп өрмекші ұясының шегіне қойғанда өрмекші оған реакция да жасамаған. Бұл өрмекшінің өз жемісін тұтас түріңде қабылдайтындығын көрсетеді де, ал бөлшектенген шыбын оған қажетсіз нәрсе болып қалған.

К.Готгшальд тәжірибелеріне назар салайық. Зерттеуші сыналушыға күрделі заттың бөлшектеріи жекелеп алып, оларды сыналушыға жүздеген рет көрсетеді де, осы көргендеріңді ұмытпау үшін жаттап ал дейді. Басқа бір жағдайда сыналушыға сол күрделі заттың бөлшектерін өзгеше түрінде жинап әкеп көрсеткенде, бұрыңғы жаттап алған бөлшектерді және затты танымай қалады. Демек, бұл орайда бұрыңғы тұтас түрінде қабылданған затгың құрылымы өзгерген сон оны сыналушы тани алмаған.

Мұндай тәжірибелердін, мән-жайы белгілі болғандықтан, оларды тәптіштеп талдап жатудың қажеті бола қоймас деймін.

Балалар психикасының даму ерекшеліктерін түсіну үшін қабылдау процесін жаңа құрылым теориясы тұрғысынан қарастырудың қаншалықты маңызы бар?

Қабылдау жайындағы ассоциация теориясының мәні баланың жалпы психикалык даму ерекшеліктеріне ұксас деуге болады. Мұндай түсінік баланың туған күнінен басталып, оның бүкіл өміріндегі психикалық дамуымен тығыз ұштастырылып, оның бойында сол ассоциация байланыстары негізінде жаңа қасиеттер қалыптасады. Дәстүрлі ассоциация психологиясының принциптеріне сәйкес бөбектің қабылдауы бастапқы кезінде нәрселердің бытыраңқы бейнесі (түйсік) сипатында болып, ол К.Бюлердін айтуынша шашыраңқы түсініктердің тағылык бейнесіне ұксайды дейді.

Мен университетте оқып жүрген кезімде бөбектің қабылдауына қатысты ерекшеліктерді былайша түсіндіруші еді бөбек нәрселердің ащы, қышқыл дәмін ажыратуға қабілетті және ол жылылық пен суықтықты қабылдай алады, дүниеге келген соң біраз уақыттан кейін дыбыстарды, заттардың түр түстерін де қабылдай алады. Бірақ мұның бәрі де бытыраңқы түйсіктер дейтін. Осы бағытта түйсіктердін бірсыпыра түрлері белгілі бір нәрсенің қасиеттері, сол белгілерді бала бір мезгілді комплексті түрде түсініп, соның нәтижесінде қабылдауы пайді болады дейтін-ді. Бөбектің комплексті сипаттағы қабылдауға жекелеген түйсіктерден ерекшеленіп тұруын кейбір зерттеушілер бір жастағы бала дамуын айлық мезгілдерге бөліп қарастыруы мен салыстырып көрген. Олар 4 айлық баланың қабьшдауы нәрселердің өзара байланысы түрінде тұтас сипатта болады деп, санайды. Ал сол зерттеушілердің кейбіреуінің айтуынша қабылдау бөбектің 7 не 8 айлығында пайда болады.

Құрылым психологиясының көзкарасы бойынша баланың қабылдауы жайындағы түсініктерге сын көзбен карап, жалпы қабылдау өзара байланысыз бытыраңқы бөлшектер жиынтығынан құралады дейтін идеяға қарсы шығып, қабылдаудың дамуы төменгі сатысынан бастап нәрселердін тұтас түріндегі бейнесі деген пікірді қостайды.

Кёлер «Адамның қабылдауы» деп аталатын еңбегінде адамның қабылдауы да нігізінен хайуанатгардың қабыллау заңдылығына ұқсас, бірақ адамның қабылдау қасиеті хайуанаттармен салыстырғанда әлдекайда нәзік, нақты әрі айқын сипатта болады дейді. Сонымен бірге, Келер адамның қабылдауы жануарларға қарағанда жоғары дәрежеде тұратындығын айтады.

Құрылым психологиясының өкілдері, даралап айтқанда, Фолькельттің балалардың қабылдау процесіне қатысты зерттеу-лерінде қабылдаудың тұтастық қасиеті нәрестелік кезеңнен басталады және сол сипатта қалыптасады деген пікірі бұл ағымды тығырыққа әкеп тірегендей болды. Өйткені құрылым психологиясы өкілдерінің қабылдауды баланың нәрестелік кезеңнен басталып, оның мәні тұтас сипатта болады деп санауы сынар жақты қорытынды еді. Осы жағдайда мынадай мәселенің мән-жайын анықтау кажет болды.

Егер қабылдау нәрестелік кезеңнен бастап нәрселердің тұтас бейнесі ретінде қальштасатын болса, онда балалар мен ересек адамдардың қабылдауы арасында кандай айырмашылык бар?

Бұл мәселені шешуде құылым психологиясының өкілдері өздерінің осалдығын байқатты және өздері іздестірген фактілер мен теориялық тұжырымдарын дәйектей алмады. Құрылым психологиясының қабылдау процесі жайындағы дәрменсіздігі бір жағынан, бұл ағымның зерттеу жүргізудегі методологиялық саяздығын көрсетсе, екінші жағынан,тұтастық деген ұғымның мәнісін түсіндіруде метафизикалық көзқарасқа ұрынғанын байқатты. Нәтижеде біздер құрылым исихологиясы ағымындағы бірімен-бірі сабақтас екі пікірмен ұштастық. Оның бірі – Қ.Готтшальд пен К.Коффка зерттеулері. Бұл екеуі де қабылдаудың адамның даму кезеңдеріне орай қалайша даму сипаттарын ажыратыи көрсете алмады. Ал екіншісі – Фолькельт зерттеуі. Бұл зерттеуде қабылдау адамның барлық даму сатыларында нәрестелік кезеңінде қалыптасқан біртұтас құрылымды сипатта болады деп анықталады. Ол барлық нәрсе өзгеріссіз өз күйін сақтайды деген пікірге сүйенді.

Мен құрылым психологиясының қабылдау процесіне қатысты тығырыққа тірелген жағдайынан шығу үшін, балалар қабылдауы-ның дамуын дұрыс жолға салып іздестіру ниетімен, олардың табиғи даму кезеңдерін қарастырған тиімді болар деп санаймын. Бұл мәселе бұрыннан келе жатқан біздерге мәлім жағдай. Бұл мәселенің шешімін табуды алғ;аш рет ойластырған психофизиолог мамандар, атап айтқанда Г.Гельмгольц қолға алып зерттеген еді. Алайда бұл мәселе одан әрі іздестірілмеді. Ал соңғы екі он жылдың ішінде бұл мәселені іздестіру қайтадан су бетіне қалқып шықты. Мәселенің түпкі мәні мынада: қазіргі ересек адамдардың қабылдауын түсіндірудің өзіндік қиындығы бар және өзге психикалық процестерден айырмашылығы бар екендігі даусыз.

Олай болса, біздің қабылдау ерекшелігіміздің миы зақымдальш, ауруға душар болған адамдардан айырмашылығы неде? Біз маңымыздары кез-келген нәрсеге зер салып қарайтын болсақ, өзара байланысты, ретті бейнелерін тұтас күйінде қабылдаймыз.

Бұл мәселенін. аржақ-бержағын ой жүгіртіп, оны тәжірибе арқылы іздестіретін болсақ мынадай қаситеттерді аңғарып білеміз.

Бірінші – заттың шамасын қабылдаудың тұрақтылығы. Егер мен ұзындығы бірдей екі затты (екі қаламды) ұстап тұрып көз алдыма жақындататын болсам, көз қабының торына сол екі заттың бірдей бейнесі түседі, Егер сол қаламның бірі екіншісінен 5 есе ұзын болса, онда осы екі қаламның әр қайсысының шамасы түрліше болып бейнеленеді. Демек қаламның ұзын-қысқалы болуы екі түрлі тітіркендіргіш тудыратын болғаны. Бұл тәжірибені одан әрі жүргізіп, сол қаламның ұзынын көз алдымнан 5 есе қашықтатсақ онда екі түрлі қаламның көз қабығындағы торға түскен бейнесі шамалас болар еді. Бірақ осы ұзындығы екі түрлі қаламның ұзынын қашықтатып, оның екеуін де қатар қабылдасақ олардың ұзындығы түрліше екендігі айқын байқалады.

Мүндай көріністің психологиялық мәні неде? Не себептен мен бұл қаламдардың шамасы түрліше деп қабылдаймын?

Осы қабылданған екі түрлі заттың түрліше қашықтықта тұрғанымен олар өз қалпында қаңдай болса, дәл сондай болып бейнеледі. Бұл – қабылдаудың тұрақтылык қасиеті. Осы ретте заттардың биологиялық қасиетін де ескеру керек. Мынадай мысал келтірейік. Жыртқыш аңдардан қорқатын хайуанаттар өздерінің. жауымен арасы 100 қадам қашықтықта тұрып өзінің табиғи тұрқынан 100 есе кішірейіп көрінсе де, оны хайуандар сол күйінде қабылдап одан қауіптеніп секем алады. Заттар мен жыртқыш аңдар белгілі қашықтықта орналасқанымен олар сол өз қалпында қабылданбаған болса, онда хайуандар жыртқыштардан қауіптеніп сескенбенген болар еді” Мұндай биологиялык заңдылық заттардың өзіндік тұлғасының тұрақты түрде бейнеленіп отыратыңдығын көрсетеді.

Демек, осындай мысалдардан біздер биологиялмк механизмнің заттардың шама-шарқы мен мөлшері, кеңістікте орналасуы түрлі жағдайға сәйкес орнын өзгерткенмен, олардьщ тұрақты қасиеттері үнемі сақталып отыратындығына толық көзіміз жетеді. Енді нәрселердің түс-тірін (реңін) қабылдаудары тұрақтылықты іздестіріп көрейік, Э.Геринг өз тәжірибелерінде бордың сынығы түс кезінде кас қарайған мезгілмен салыстырғанда күн сәулесін 10 есе артық қабылдап жарқырай түсетінін айтады. Ымырт кезінде бор ақ түсті, ал көмір қара түсті больш қала береді. Өзге де нәрселердің түр -түстеріне қатысты зерттеу нәтижелері де әртүрлі жарықтың түсуіне қарамастан өңдерін өзгертпей бір қалыпта қала береді. Дегенмен нәрселердің тұр-түсі әр түсті жарықпен шаталысқаңда сапасын өзгертіп, адамда әр қилы тітіркендіргіштер тудырады.

Нәрселердің шамасы мен түр-түсінің тұрақтылығы сол заттгардың тұлғасының да тұрақты екенін көрсетпей ме? Мысалы, мына менің алдымда жатқан зат портфель ғой. Осы портфельді жоғарыдан да, жанынан да қарасаң сол портфель күйінде өзгерместен жата береді. Осы орайда Гельмгольц сурет пәнінің оқытушысы өз шәкірттеріне сурет салдыру үшін нағыз столдың толық тұлғасын емес, сол столдың кесіндісін көріп отырғанын айрықша етіп түсіңдіру әлдеқайда қиьш болатындығына баса мән берген.

Нәрселердің шама-шарқы мен түр-түсінің тұлғасының тұрақтылығына қатысты өзге де қасиеттерімен толықтыруға болар еді. Бұл мәселенің бәрі тікелей бақыланатын қасиеттер құрылымы деп аталады. Тікелей бақылаудың өзі тағы да заттарды дұрыс қабылдай білу. Соңдықтан біздер тікелей бақылау нәтижесінде нәрселер мен құбылыстардың құлпырып өзгеруі кеңістікте орналасу жағдайына қарамастан, оларды бұрмаламай дәл сол күйінде тұрақты жағдайында қабылдаймыз.

Біздің нәрселерді айқын қабылдап, оларды реттеп отыруға байланысты көптеген өзекті мәселелерді қарастыруда басты мақсатымыз – балалардың қабылдау процесін дамытуға арналған. Бұл мақсатты жүзеге асыру жолында қажетті проблемалардың шыңдығын ашып беретін тиісті зарттеулерді іске асыруда ассоциация психологиясы мен құрылым психологиясының өкілдері кедергі жасап, оларды іздестіруді өрістетуге тосқауыл болды.

Информация о работе Қабылдау