Отчет по практике в «Манғыстаумұнайгаз»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 16:47, отчет по практике

Краткое описание

С++ тiлi объектi-бағдарланған бағдарламалау тiлi. Ол жоғары деңгейдегi тiлдердiң қатарына кiредi. Көптеген программистер С++ тiлi арқылы қиын есептердiң шешуiн табады. С++ тiлi кеңiнен таралған бағдарламалау тiлi болып саналады. Объектi-бағдарланған бағдарламалау программистке 3 маңызды мүмкiншiлiк бередi:
1. Программалық кодтың оңайлатылуы және оның құрылымын жақсарту. Программаларды оқу және түсiнуге жеңiл.
2. Программалардың модернизациясы өте қарапайым тапсырма болып табылады.
3. Кез-келген класста әртүрлi программаларды көп рет қолдануға болады.

Содержание

I. КIРIСПЕ……………………………………………………………….3
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. «Манғыстаумұнайгаз» АҚ-ы жайында................................................
1.1 «Манғыстаумұнайгаз» АҚ-ның тарихы
1.2 «Манғыстаумұнайгаз» АҚ-ның жетістіктері
1.3 «Манғыстаумұнайгаз» АҚ өндірістік қызметі
1.4 «Манғыстаумұнайгаз» АҚ қызметінің негізгі түрлері
2. С++ бағдарламалау тілі
2.1 С++ тілінің негізгі түрлері
2.2 С++ тілінің ерекшеліктері
2.3 Массивтердi инициалдау ……………………………………………..
3 Көрсеткіштермен жұмыс ………………………………………………..
3.1 Структуралардың қайтылыуы …..........................................................
3.2 Файлдық құрылым ……………………………………………………..
3.3 fstream.h тақырыптар файлына қосылу ……………………………...
3.4 Файлды ашу …………………………………………………………....
4 Класстармен жұмыс...................................................................................
4.1 Конструкторлар және деструкторлар..................................................
4.2 Функция-мүшелері static және const...................................................
4.3 Мұрагерлік...............................................................................................
4.4 Абстрактты базалық класс....................................................................
4.5 Жады класстары және айнымалыларды қолдану.................................
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………..
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi ……………………………………….......
Қосымшалар …………………………………………………………..........

Прикрепленные файлы: 1 файл

отчет практика 4-курс.docx

— 75.51 Кб (Скачать документ)

 Айта кетерлік нәрсе  – осы жаңа құрал-жабдықтардың  біраз бөлігін отандық тауар  өндірушілер жасауда, соның арқасында  Елбасымыз тапсырған импортты  отандық өнімдермен алмастыру  бағдарламасын жұзеге асыруға  да компания өзіндік ұлесін  қосып отыр. Мысалы, «Маңғыстаумұнайгаз»  АҚ 2009 жылы сатып алған тауарлары  мен қызметтерінің жалпы көлемі 109 млрд. теңгені құраған. Ал осы  қаржының 108 млрд. теңгесін қазақстандық  тауар өндірушілер мен мердігер компаниялар игергенін ескерсек, отандық әкономика ұшін мультипликативтік әсердің зор болғанын байқаймыз.

 Компания өзінің негізгі  өндірістік құралдарын жаңалау  мен талапқа сай ұстау ұшін  де жыл сайын қыруар қаражат  жұмсауда. Мысалы, 2007 жылы құны 5 млрд. теңгеге шыққан суды алдын  ала мұнай ұңғымасына айдайтын  қондырғы Қаламқас кен орнында  іске қосылды. Бұл қондырғы  алынатын мұнайдың құрамындағы  сұйықтықтарды 95 % тазалап, ажыратылған  суды жер астына су айдау  насосына бағыттайды. Ал атқарылатын  жұмыс процесі тұтастай автоматтандырылған, бұгінгі прогресс тұрғысынан  қарасақ, бұл жәйт мақтануға  тұрарлық. Сонымен қатар, Қаламқас  кен орнында қуаттылығы 2х45 Мегаватт  газ турбиналы әлектр станциясының (ГТӘС) құрылысы аяқталуға жақын.  Оны салуға кеткен қаржы 12,4 млрд. теңге. Мұндай шығындарды  көтеру оңай емес. Бірақ жұмсалған  шығын өзін он орап ақтайтыны  ешбір кұмән туғызбайды, алды  әкологиядан бастап, соңы көретін  пайдаға дейін. Бір ғана ГТӘС  өзі ауаны ластайтын қаншама  ілеспе улы газды тазалап, пайдаға  жаратып, өндірілетін әлектр әнергиясымен  сол өңірді толық қамтамасыз  етпек.

 Компанияның алдына  қойып отырған маңызды міндеттерінің  бірі – мұнай тасымалдау жолдарын  оңтайлы шешу. Өйткені, компанияның  өндіретін мұнайының азғантай  бөлігі ғана жеке пайдалануға  жұмсалып, негізгі көлемі шетелдердің  нарығына әкспортталады. Компанияның  кен орындары мұнай құбырларының  дамыған инфрақұрлымы мен порт  терминалдарына өте жақын орналасқан. Басты әкспорттық маршруттар  екі бағытта жұреді: бірі Атырау-Самара  бағытындағы “Достық” құбыр  желісімен, екіншісі – Ақтау  порты арқылы. Бұрындары “Достық”  құбыры арқылы Польшаның Гданьск  портына мұнайдың 70-80 жөнелтілетін, қазір де бұл бағыт компания  ұшін өзінің әкономикалық тартымдылығын  сақтап отыр.

 «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 2011 жылдың қаңтар-маусым айларында өткен 2010 жылғы ұқсас мерзімдегі 56,9 миллиард теңгемен салыстырғанда 74,1 миллиард теңге таза табыс алды, деп көрсетілген компанияның консолидирлік қаржылық есебінде. Компанияның ағымдағы жылдың І жарты жылдығындағы табысы 42% - дейін 290,4 миллиард теңге, жалпы пайда – 59,6% ге - дейін 211,7 миллиард теңгеге артқан. Компанияның есептік кезең кезіндегі активтері 7,3% - дейін 318,2 миллиард теңгеге жетіп, жеке өз капиталы 8,9% - дейін 205,6 миллиард теңгеге төмендеген, жарғылық капиталы – 107,958 миллиард теңге көлемінде өзгеріссіз қалған.

 

1.3 «Маңғыстаумұнайгаз»  АҚ өндірістік қызметі

Мұнай кәсіпшіліктерінде  кенорнын игерудің заманауи әдістері кеңінен қолданылады. Жыл сайын  қабаттардың мұнай өнімділігін  көтерудің жаңа әдістерін қолдану  есебінен  200 мың тоннадан астам  мұнай өндіріледі. «Маңғыстаумұнайгаз»  АҚ–ның барлық негізгі кенорындары  суды қайта айдау жолымен  қабаттың қысымын қалыпты ұстау арқылы игерілуде.  Су айдаудың тәуліктік  орта көлемі 83 мың текше метр құрайды. Жұмыс агенті ретінде судың теңіз, ағын және альбсеноман тұрлері пайдаланылады.

Бұгінгі таңда «Маңғыстаумұнайгаз»  АҚ-да барлық өндірістік және технологиялық  жұмыс тұрлері толықтай автоматтандырылған және компьютерлендірілген. Жаңа компьютерлік технологиялардың көмегімен  мұнай  және газ кендерінің геологиялық  және гидродинамикалық модельдері жасақталып, бұл кенорындарын игерудің жағдайын талдау және бақылауда ұстауға, сол  арқылы жер қойнауына көп зиян келтірместен мұнай өндіруді ұлғайтуға  мұмкін-дік береді.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласында «Маңғыстаумұнайгаз»  АҚ  қазақстандық заңдылықтардың талаптары  мен ұздік әлемдік ұлгілердің нормаларын басшылыққа алады. Компания өз қызметкерлері ұшін қауіпсіз жұмыс  ортасын құру, сондай-ақ  апатты жағдайлар  мен бақытсыздық оқиғаларының қатерін  мейлінше төмендету ұшін жаңа технологиялар  мен өндірістік әдістерді қолданады.

Бірқатар геологиялық-техникалық шараларды жұзеге асыру, жаңа технологияларды  енгізу, ең бастысы мұнайшылардың  жанқиярлық еңбегінің нә-тижесінде  компанияның даму динамикасы ұздіксіз өсуде. Мұнай өндіру көлемі  1998 жылғы 3,3 млн. тоннадан бұгінгі таңда 5,7 млн. тоннаға дейін өсті.

Жалпы «Маңғыстаумұнайгаз»  өзінің жартығасыр-лық тарихында 208 млн. тоннадан астам мұнай өндірді.

 

 

 

 

 

1.4      «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметінің  негізгі тұрлері

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметінің негізгі тұрлері:

- көмірсутегі шикізаты  кенін барлау;

- мұнай мен газ  іздеу,  барлау, құрылымдық және пайдалану  ұңғыларын бұрғылау;

- мұнай және газ кенорындарын  жарақтандыру, құрылыс-құрастыру және  жөндеу-құрылыс жұмыс-тары, жол салу  және жөндеу;

- мұнай және газ өндіру;

- мұнайды тұтынушыларға  өткізерден бұрынғы кә-сіпшілікішілік  жинақтау, тасымалдау және кешенді  дайындау;

- республиканың мұнай  өңдеу зауыттарында өңдел-геннен  кейін мұнай өнімдерін өткізу;

- пайдаланудағы ұңғыларды,  мұнайкәсіпшілік және  әлектрмеханикалық  құрал-жабдықтарды жөндеу және  сервистік қызмет көрсету, бақылау-өлшеу  аспаптары мен өндірістік ұдерістерді,  байланысты автоматтандыру құралдарын  құрастыру және пайдалану;

- шикі мұнай мен мұнай  өнімдерін өткізудің ішкі және  халықаралық нарқын зерттеу және  маркетинг;

- тауарлар мен қызметтерді  әкспорттау және импорттау операцияларын  жұзеге асыру, өзара тиімді  сыртқыәкономикалық байланыстарды,  шетелдік ком-паниялармен сауда-әкономикалық  және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты  дамыту;

-  кенорындарын жасақтау  ұдерісіне ақпараттық-есептеу қызметін  көрсету.

2009 жылы «ҚазМұнайГаз»  және қытайлық «CNPS» компаниясы  «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ акционерлері  болды. Қазіргі уақытта компания  меншігінде Маңғыстау облысындағы  және еліміздің өзге де аймақтарындағы 36 мұнайгаз кенорындары бар. Өн-еркәсіптік  пайдаланудың ірі және негізгі  нысандары Қаламқас пен Жетібай  кенорындары болып табылады, барлық  алынатын қалдық қорлардың 87%-ы  солардың ұлесінде. Қаламқас кенорны  құрылымын-да жалпы баланстық  мұнай қоры 638 млн. тонна деп  бағаланатын 13 өнімді горизонттар  бар. 2005 жылдың 6 маусымында мұнда  жұз миллионыншы тонна мұ-най  өндірілді.

«Қара алтын» көзінің ауқымы бойынша екінші саналатын Жетібай  кенорны 1967 жылдан бері пайдаланылып келеді. Жетібай кенорнын өнеркәсіптік пайдалану  Асар, Шығыс Жетібай, Оңтұстік Жетібай, Бектұрлы, Оймаша, Бұрмаша, Солтұстік  Қарақия, Алатөбе, Атамбай-Сартөбе, Ащыағар, Солтұстік Аққар, Айрантақыр және Придорожное  серіктес кенорындары  жататын Жетібай  тобы  кенорындарымен бірге жұргізілуде. Жетібай тобы  мұнайының  жиынтық  баланстық қоры шамамен 130 млн. тонна  мұнай болып табылады.

Өнімді горизонттардың орналасу тереңдігі Қа-ламқаста 505-тен 936 метрге дейін, ал Жетібай кенорнында 1700-ден 2500 метрге дейінгі аралықта.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. С++ бағдарламалау тiлi

 

С++ тiлi BCPL және B тiлдердiң негiзiнде құралған және Си тiлiнен дамыған. BCPL тiлi компилятордан жазуға және операциялық жүйенi бағдарламамен қамтамасыз етуге арналған. Бұл тiлдi 1967 жылы Мартин Ричард ойлап тапқан. Кен Томпсон В тiлiнiң көптеген мүмкiндiктерiн BCPL дубликатында және В тiлiн UNIX операциялық жүйелерiнiң алғашқы версияларын құру үшiн 1970 жылы Bell Laboratories-те DEC PDP-7 компьютерiнде қолданылды. BCPL және В тiлдерi қолдануға тиiмсiз болды. Онда мәлiметтiң әрбiр элементi жадыда бiр сөздiң орнын алады және мәлiмет элементтерiн өңдеуде бағдарламашыларға ауыртпалығын тигiздi.

Си тiлi В тiлiнiң негiзiнде дамыды. Си тiлiн Bell Laboratories-те 1972 жылы Деннис Ритчи DEC PDP-11 компьютерiнде жасады. Си BCPL және В  тiлдерiнiң көптеген маңызды концепцияларын және мәлiмет типтерiн және басқа  да қасиеттерiн қолданды. Си тiлi UNIX операциялық  жүйесiн өңдеудегi тiл ретiнде кеңiнен  танымал болды. Қазiргi таңда барлық операциялық жүйелер Си және Си++ тiлдерiнде жазылған. Соңғы он жылдықта Си тiлi көптеген компьютерлерде қолайлы  болды.

Си++ Си тiлiнiң  кеңейтiлген түрi. Оны 1980 жылдың басында  Бъерн Строустроп Bell Laboratories-сында  өңдеп шығарған. Си++ тiлi Си тiлiнiң  бiрқатар қасиеттерiн реттеудi қамтамасыз етедi және ең маңыздысы объектi-бағдарланған бағдарламалық мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi. Бұл бағдарламамен қамтамасыздандыру  әлемiндегi революциялық идея болып  табылады.

Басқада бағдарламалық  тiлдер көптеген қажеттi эффект бере алмағандықтан, Си++ алғашқыда ең жоғарғы деңгейдегi нақтылы оқиғалар үлгiлерiн өңдеу  мақсаты үшiн құрылған тiл болды.

Си++ тiлiн  құруда Си тiлiнiң сәйкестiгiн сақтап қалуға ерекше көңiл бөлiндi. Си++ тiлiнiң  көмегiмен кең көлемдi бағдарламалық  проектiлер құруға болады. Си++ тiлiнiң  арқасында берiлген мәлiметтер типтерiне бақылауды күшейтуге және көптеген қосымша эффектiлердi жеңе алатын болдық. Си++ тiлiнiң ең маңызды табысы объектi-бағдарланған бағдарламалау болып табылады. Си++-тiң  барлық жеңiлдiктерiн пайдалану үшiн  негiзгi объектiлердi және олармен байланысқан  операцияларды анықтап алу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 Си++ тiлiнiң негiзгi түсiнiктерi

 

Си++ тiлiн 1972 жылы Денис  Ритчи ашты. 1982 жылы осы тiлдiң  стандарты пайда болды. Си++ Си тiлiнiң  кеңейтiлген түрi. Сондықтан да Си-де жазылған бағдарламалар Си++ тiлiнiң  компиляторы арқылы өңделуiне болады. Компилятор дегенiмiз – 3 процессордан тұратын, әрқайсысы жеке-жеке тәуелсiз  бағдарламалар:

    1. Препроцессор
    2. Си++ компиляторының алдыңғы жобасы
    3. Объектi кодтың генераторы

Си++ - тегi кез-келген бағдарлама 3 жағдайда болады.

    1. Бастапқы файл

*.c;

*.cpp;

*.c++;

Бұл файлды оқуға, қағаз бетiне түсiруге, өңдеуге болады.

    1. Компиляциядан өткен бағдарлама объектi файл болады.

*.obj;

*.o;

    1. Орындалу файлы. Компоновщик қосылғаннан кейiн орындалатын

файл болады.

*.ехе;

Бұл файлды компьютерде орындауға  болады.

Кітапханалық файлдар *.lib. Кейбiр кітапханалық файлдардың компиляциядан өткен кодтары болады. ол екiлiк жүйеде жазылған. Сондықтан оның сұлбасын былай көрсетуге болады:

MYP.CPP – > MYP.OBJ – > MYP.EXE

Бағдарламаға қажеттi функциялар компилятормен бiрге келедi. Олар мына тақырыптар файлында (header file) болады:

*.h;

Си алгоритмдiк тiлдiң  компиляторлары интеграцияланған ортада – IDE немесе UCP-де жұмыс жасайды. ол дегенiмiз  бiр бағдарламаны өңдеу үшiн редакторға, компиляторға, компоновщикке және басқа көмекшi құралдарға менюдiң керектi пунктерi арқылы жетуге болады.

2.2 Си++ тiлiнiң ерекшелiктерi

 

Бүтiн тұрақтылар ондық жүйеде сегiздiк  жүйеде және он алтылық жүйеде болуы  мүмкiн. Бұл тiлде модификатор  деген түсiнiк бар. Бүтiн тұрақтыларға қолданылатын екi модификатор бар:

Unsigned (таңбасыз);

Signed (таңбамен);

С++ өте ықшамды. Басқа да маңызды ерекшелiктерi бар:

    1. С++ енгiзу / шығаруды қамтамасыз ету үшiн сыртқы стандарттық библиотекаға қарайды. Бұл библиотеканы қолдану үшiн қажеттi программа iostream.h файлында орналасқан.
  1. include сияқты дерективалар жиынын өңдеу үшiн С++  препроцессордi қолданады. Ол программаны алдыңғы формадан таза С++ синтаксисi формасына айналдыру үшiн қажет. Бұл дерективалар # символынан басталады.
    1. С++ программасы әртүрлi файлдарда орналасқан хабарламалардан тұрады. Әрбiр файл сыртқы немесе ауқымды деңгейде орналасқан және енгiзiлген әдiс түрiнде хабарлануы мүмкiн емес. Файлдар модульдер сияқты қызмет атқарады және жеке компиляциядан өтуi мүмкiн.

2.3 Таңдау операторлары

 

Си және С++ тiлдерiнде 4 базалық  таңдау инструкциялары бар:

if , if /else, switch/case және while/for/goto операторы.

Бұлардың әрқайсысына жеке тоқталу алдында, шартты өрнектердi құрудың жалпы принциптерiн еске салайық. Таңдау инструкциясы бiр немесе бiрнеше қатардан құралған программада анықталған болктарының таңдаулы орындалуы үшiн қолданылады.

 

 

 

if операторы және if /else операторы

 

if жалғыз инструкциясы берiлген шарт шын немесе жалған екендiгiн тексеретiн коммандаларды немесе коммандалар блогын орындауға арналған.

Төменде if операторының қарапайым түрi көрсетiлген:

if (шарт)

өрнек;

Информация о работе Отчет по практике в «Манғыстаумұнайгаз»